Отандық эстраданың жарық жұлдызы, әнші Қайрат Түнтеков алғаш рет жеке өмірі туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Saltanat Live” youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Бүгінде әнші өнер ордасы Алматыдан кетіп, Шымкент қаласында тұрып жатыр. 

“Өздеріңіз білесіздер, отбасымды ешкімге айтпаймын. Әлеуметтік желіде жарияламаймын. Келіншегім босанған кезде, досым жариялап жіберген. Бірақ ол қоғам назарын аударған жоқ. Үш жасар қызым бар. Тәтті болып өсіп келеді, Өзім сияқты талантты. Дауысы, қабылдауы да жақсы. Өнер адамы болғысы келетін сияқты. Өзім таңғаламын. Бірақ өнерді таңдағанын қаламаймын. Дәрігер болады-ау. Қайда барса да, дәрігерлердің ойыншығын жинап жүреді”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі шығармашылық тоқырауға ұшырағанын да жасырмады. Ел алдына көп шыға бермеуінің себебін айтты. 

"Шымкентке көшіп келдім. Өзімнің туған жерім. Алматыда бірнеше жыл тұрдым ғой. Әр түрлі жағдай болды. Шығармашылық тоқырауға ұшырадым. Өзімнің кәсібім де болды. Мейрамханалар желісімен айналысқан едім, карантин кезінде жабылып қалды. Өнердегі сырласатын достарымның дені де Шымкентте тұрады. Еркін Нұржанов, Заттыбек ағаларыммен байланысып тұрамын. Осы қаңтар айынан бастап шығармашылыққа қайта кірісемін. "Ораламын" деп айтып жүремін де, экраннан көрінбей кетемін. Оның себебі көп. Өзімді тастай салдым. Сонымен жұмысым да жүрмей қалды. Әр тыңдарманыма "Осы жылы оралам" деп айтамын",  – дейді өнер иесі. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от @saltanat__live


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.