Алматы облысы,Талғар ауданы



Дата20.02.2022
өлшемі20.34 Kb.
#170973
Байланысты:
Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім


Алматы облысы,Талғар ауданы,

Жалқамыс ауылы, «№15 жалпы білім беретін

орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің матемтика және информатика

пәнінінң мұғалімі Есмагамбетова Жулдыз Таубаевна
«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім»
«Ұстаз – ұлы есім » Мұхтар Әуезов.

Мен үшін «Ұстаз» ұлағатты ұғым.Ұстаз жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Ұстаздық мамандықты таңдауыма себепкер болған ,ол менің асқар тауым әкем болды.Әкем ұлағатты ұстаз болды. Әкемнің бойындағы асыл қасиеттерді бойыма сіңіріп өстім.Әке жолын басып ұстаз болдым. 1986 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығына келіп оқуға түсіп, 1991 жылы бітірдім.Математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша қосымша оқып ,осы университетте оқып бітірдім. Мұғалім болуды балалық шағымнан армандадым,сол арманыма жетіп ,қазіргі таңда математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін.Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осы мамандықтың шынайы иесі болу үшін көптеген жұмыстар жасап, іске асыра алдым. Мұғалім әр баланың жанын түсініп, сезіп,білім нәрімен сусындатып,оларды аялап,тәрбиелеп ,қанаттарын қатайтып, өмірге көз қарасын қалыптастырып, құшарлықығын арттып, үлкен өмір жолына ұшырады. Бойындағы асыл қасиеттерін болашақ ұрпақ бойына сіңіріп жан- жақты тұлға етіп қалыптастыруға үлкен үлесін қосады.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» Ыбырай Алтынсарин. Мұғалім барлық маман иелелерін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін,мамандықтың қыр - сырымен таныстыратын, мейрімді, күн сәлесі сияқты нұрын шашатын ,адамгершілігі мол жандар . Мұғалімнің мақсаты әр сабағыңа тиянақты жоспар жасап, оны жүзеге асыру, балалардың алған білімдерін тереңдетіп, алға басатын сұрақтар дайындау, жаңа әдіс- тәсілдер қолдану арқылы заман талабына сай, ақпараттық сауаттылықты меңгерген ,біліктілігі қалыптасқан адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету үшін талапқа сай білім беру үшін сындарлы оқыту модулін меңгеруді қолға алдым. Сындарлы оқыту – оқушының терең түсіну қабілетін дамытады,алған білімін өз өмірінде қолдана алуын қамтамасыз етеді.

Өз іс тәжірибеме сүйенсем, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтары арттып,өз-ара қарым – қатынасы нығая түсті, сабақтарда оқушылардың белсенділіктері артты.

«Ұстаз қандай болса ,мектебі һәм сондай болмақ», деп Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсын ұлы айтқанындай қазіргі таңда мұғалімнің алатын орыны үлкен. Жас ұрпақтың білім деңгейін халық аралық дәрежеге көтеру, жан- жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.Осы бағытта өз білімімді жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы педагог қызыметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасының үшінші деңгейілік курсын оқып бітірдім.Курстан алған білімдерімді әріптестеріме үйрете отырып, жаңаша сабақтар, коучингтер өткіздім. Қазіргі таңда мұғалім рухани жағынан дамыған, өз пәнін терең меңгерген, педагогикалық құралдырдың түрлерінжетік игерген болуы қажет.Сондықтан мен өз бетімше білімімді жетілдіруде үнемі ізденісте жұмыстар жасаймын. ХХІ ғасыр ақпараттық техногия заманы.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқанындай ұстаз тәрбиесі болашақ алдымызда отырған оқушының азығы болмақ.Осындай ұстаздан тәлім тәрбие алған оқушы алдағы өмірде өз жолын таңдап, дұрыс бағыттай отырып, үлкен жетістіктерге жете алады.

«Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»Ж.Ж.Руссо айтқанындай уақытпен санаспайтын,болашақ ұрпақ үшін еңбек ететін ұстаздардың еңбегі еш кетпейді деп ойлаймын.



Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді.Сондықтанда , бәсекеге қабілетті, дені сау, жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеп қалыптастыру әр бір ұстаз алдағы міндет деп санаймын.Осы орайда ,мұғалім оқушының білім алу белсенділігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды жетік қолданулары қажет.Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру технологиясына сын тұрғысынан ойлау,жобалау, проблема туғызу,топтық қарым қатынаста оқыту жатады.

Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс тәсілдерін белсенді жүргізгенде оқушылардың оқуы тиімді және зияткерлік қасиеттері жоғары болатынын байқадым.Оқушылар өз ойларын тұжырымдайды, еркін ойлап,өз пікірін жеткізе алады, сөздік қоры молаяды.Жұппен, топпен жұмыс ,жеке жұмыс жасауға дағдыланады.оқылған материалды талдайды және қорытынды жасай алады.Математика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде оқушылар математикалық тілде дұрыс сөйлеуге үйренді. Бір -біріне сұрақтар қоя білді.

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек» деп Ж.Айтмауытов айтқанындай сабақты жаңаша түрде өткізуге тырысамын. Сабақтарымда жаңа әдіс тәсілдер қолданамын., «Ой қозғау», «миға шабуыл», «Ыстық орындық» «Кубизм» сияқты әдістерді қолану арқылы оқушылардың білім сапасы арата түсті.Нәтижеде, оқушыларда белгілі түсініктер қылыптасты, әр сабақта оқушылар топқа бөліну, шаттық шеңбер құру, рефлексия жасау сәттерін меңгерді. Оқу материалын меңгере отырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастырады. Қазіргі білім берудің басты шарты оқушы өзі іздеп,  қажетті мәліметтерді табуы,өзі ізденуі ,білуі болып табылады. Сондықтан тапсырмалар бере отырып, оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамытуға, өзі ізденуіне, өз беттерімен жұмыс жасауға ықпал етемін. Өзіндік тапсырмалар беремін. Өзіндік тапсырмалар беру арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында көбінесе жеке тапсырмалар , деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы өзіндік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасаймын.

Өз сабақтарымда және сыныптан тыс уақытта ұйымдастырылған пәндік шараларымда қол жеткізген жетістіктерім: оқушыларым пәндік олимпиада математика пәні бойынша қатысып,дипломдар мен сертификаттарға ие болды.



Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру үшін әр бір ұстаз жаңа техногогияларды жетік меңгере отырып, әр бір сабағын жаңаша түрлендіріп, жүйелі ұйымдасытуы қажет. Біздің ғасыр ақпараттық технология ғасыры.Алдымыздағы міндет бұл жан -жақты зерделі, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Еліміздің болашығы білімді ұрпақ қолында.






Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет