Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»


ІШКІ ОРГАНДАР ТУРАЛЫ ІЛІМ – СЛАНХНОЛОГИЯ



жүктеу 1.39 Mb.
бет3/6
Дата07.03.2018
өлшемі1.39 Mb.
1   2   3   4   5   6

ІШКІ ОРГАНДАР ТУРАЛЫ ІЛІМ – СЛАНХНОЛОГИЯ
Ас қорыту өзінің қалыпты немесе өзгерген қызметі туралы, басқа жүйелерге қарағанда, аңығырақ білдіріп тұрады, сондықтан оларға өте ұқыпты түрде қөңіл бөлген абзал. Аштық сезім және ішекті босату, міне, осы екі сезімге кім де болса көп шыдай алмайды. Бұл жүйге қатыса бар ағзалардың кең тараған аурулардында, атап айтқанда, гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары, ішектердің қабынулары, тоқ ішектің тітіркену синдромы, көбінесе пситхологиялық компонент болады. Осы себептен ас қорыту жүесінде байқалатын аурулардың жиі кездесуі және оларды емдеу тек физикалық емес, сонымен қатар психологиялық әсерді қажет етуі таңғаларлық құбылыс емес. Ас қорыту жүйесіндегі бұзылыстардың зерттеу нәтижелері кейінгі 20-30 жылда көп меліметтерге көз жеткізді. Мысалы, клетчаткаға бай тағамның іш қату мәселесінің маңыздылығын төмендетті. Екінші бір жетістік: ол асқазан мен он екі ел ішектің ойық жараларының микробын ашу, оларға қарсы дәрі жасап, қолдануға жол ашты. Бүгінгі лүні ас қорыту жүйесін анықтауда қолданылатын гастроэнтерологтарға белгілі аспаптардың түрлері түбегейлі өзгерді. Бүгінгі таңда эндоскопия, яғни ас қорыту жүйесі ағзаларын арнайы тармақталған шыны оптикадан жасалған және иілмелі аспаптармен зерттеу негізгі зерттеу түрінде айналып отыр.

Ас қорыту жүйесінің негізгі қызметі – тағамды физикалық және химиялық әсермен ыдырату. Қажетті энергия мен бастапқы материалдар организмге тағам мен сұйықтық арқылы жетеді. Жұтылғаннан соң тағам мен сұйықтықтың ас қорыту ағзаларында өте ұсақ коректі заттарға ыдырап, ішек эпителийлерінде қанға сіңеді де, дененің барлық аймақтарына тарайды. Сіңбей қалған тағам қалдықтары шлактар мен нәжіске айналып, дефекация актісімен сыртқа шығарылады. Ас қорыту процесі тағам гипоталамуспен, гормональдық және жүйке жүйелерімен реттеліп отырады. Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат.digestoria — асқорыту) организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі.

Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.

Ас қорыту жолдарын құрайтын ағзалар: ауыз, қөмекей, өңеш, асқазан, ащы ішек, тоқ ішек және артқы жүріс жолы. Олардың жалпы ұзындығы шамамен 9 метр. Қосалқы (көмекші) ас қорыту ағзаларына мыналар жатқызылады: үш пар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр және өт жолдары. Аталған әрбір ағза ас қорыту үрдісінде өзіндік өте маңызды рөл атқарады. Аппендикс жалғаса орналасады. Оның организмдегі рөлі толық анықталмаған.

Ауыз – Ауыз арқылы тағам мен сұйықтық асқазан, ішектерге жетеді. Ауыз қуысында тістердің көмегімен тығыз тағамдар ұсақталып, үгітіледі, ал олардың ауыз қуысында жылжуы бұлшық етті тіл арқылы іске асырылады.

Тістер – жоғарғы және төменгі жақтардың альвеолалық өсінділерінің ұяшықтарында жайғасады. Тістер механикалық қызмет атқарады.

Тіл – Адамның тілі көлденең салалы бұлшық еттен тұратын, нервке бай және кілегейлі қабықшамен қапталған қозғалғыш орган. Алуан түрлі қызмет атқарады. Шайнау, жұту процесіне қатысады, сонымен бірге сезім, дәм, сөйлесу органы.

Сілекей бездері – Осы бездер шығаратын сілекей тағамды дымқылдатумен қатар құрамында болатын ферменттер арқылы ас қорыту үрдісіне қатысады. Көмекей – Ас жұтылғанда ол көмекей арқылы өңешке түседі. Өңеш – Бұл ұзындығы шамамен 25 сантеметрдей, қабырғасы қалың, жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын бұлшықеттік түтік. Перистальтикалық деп аталатын жиырылулардың толқындары тағамды өнештің бойымен төменге қарай итереді. Асқазан – Бұл пішінді бұлшық етті қапшықта ас араласады, қорытылады және белгілі бір уақыт аралығында сонда сақталады.

Бауыр – Бұл ірі ағзада коректі заттар сіңіріледі. Зиянды заттар залалсыздандырылады және ол өте сұйығын бөліп шығарады.

Өт қуығы – Баурдан шыққан өт сұйығының бір бөлігі өт куығында сақталады. Ұйқы безі – Негізгі қызметі – ферменттер (энзимдер) бөліп шығару.

Ащы ішек – Ас қорыту үрдістері жүретін астың қорытылуы мен сіңірілуіндегі негізгі орын.

Тоқ ішек – Бұл ағзада тағамдар қорытылып, сіңген соң қалатын су сіңіріледі және нәжіс құралып, сақталады.

Аппендикс (құрт тәрізді өсінді, соқыр ішек)

Тік ішек – Бұл ағзаға түскен нәжіс артқы жүріс арқылы сыртқа шығарылады.

Ас қорыту жолдары – ауыз қуысынан басталып, артық жүріске дейін созылып жатқан бұлшық етті түтік. Оның қызметі – тамақты бөлшектерге ыдырату. Ол бөлшектер қанға сіңіп, ағзалардың жасушаларына жеткізіледі. Екіншіден, керексіз заттар мен шлактарды сыртқа шығару. Сілекей бездері, ұйқы безі және өт сұйығын түзу мен оны бауырдан тыс шығару арнайы түтіктер арқылы ас қорыту жүйесімен байланысады. Аталған қөмекші жүйелердің бәрі қалыпты ас қорытуын қамтамасыз ететін заттар бөліп шығарады.

Ауыз куысы мен өңеште. – Тағам тістердің көмеғімен уатылады, ал сілекеймен дымқылданады. Сілекейдегі амилаза ферменті крахмалды қарапайым қанттарға дейін ыдырата бастайды. Дымқылданған, жұмсақ тағам түйіні ауыздан өнешке түседі, ал өңеш өзінің бұлшық еттерінің күшімен оны асқазан жаққа қарай итеріп, түсіреді.

Асқазан. – Асқазанның ас қорыту ферменті, пепсин, белсендірілмеген пепсингеннен жаралады. Ол үшін оған асқазан сөлі әсер етуі кажет. Пепсин белокты одан қысқа шынжыр тізбегіне ыдыратады. Оларды полипептид және пептид деп атайды. Липаза – асқазан ферменті. Ол майда глицеринге және майлы қышқылдарға дейін ыдыратады. Тұз қышқылы асқазанның кілегей қабатындағы арнайы жасушалармен бөлініп шығарылады.

Он екі елі ішекте. – Липаза ұйқы безінің ферменті майда глицерин және май қышқылдарына дейін ыдыратады. Амилаза, ұйқы безінің тағы бір ферменті. Ол крахмалды мальтоза дисахарид молекуласына дейін ыдыратады. Трипсин мен химотрипсин ұйқы безінің күшті ферменттері. Олар белоктарды полипептид және пепидке дейін ыдыратады.

Ащы ішекте. – Мальтоза, сахароза және лактаза – ащы ішектің кілегей қабатындағы арнайы бездерден шығатын ферменттер. Олар дисахаридтерді моносахаридке айналдырады. Пептидаза – ішек қабырғасындағы арнайы бездер бөліп шығаратын тағы бір фермент. Ол ірі полипептидтерді ұсақ пептидтерге айналдырады да, одан соң дербес амин қышқылдарың құрайды.

Тоқ ішекте. – Қорытылмаған тамақ қалдықтары тоқ ішекке өтеді. Оның кілегей қабатында су мен тұз сіңіріледі, ал басқа қалдықтардан нәжіс түзіледі де, өлген жасушалар, бактериялармен бірге организмнен шығарылады.

Тағамның ыдырауы

Кейбір қоректік заттар, мысалы, тұздар, органикалық емес молекулалар ас қорыту жолдарына түсісімен қаңға сіңе бастайды. Ал белок, май көмірсулардың қанға сіңуі олар ұсақ молекулаларға ыдырағаннан кейін ғана іске асады. Тағамның ыдырауы механикалық күштердің және ферменттердің әсерінен туады. Майлар глицеринге және май қышқылдарына, ал қөмірсу – моносахаридке, ал белоктар – амин қышқылдарына дейін ыдырайды.

Тағам құрамы көмірсутегілер, майлар және белоктар болады. Сонымен қатар витаминдер, минералдар, су мен клетчаткалар бар. Құрамында крахмал мен қант бар азықтар қөмірсутегіге бай келеді. Олар майлармен қосылып, организмге қажет қуат көзін құрайды. Майлар мен белоктарды организм жасушалардың өсуі мен оларды қалыпқа келтіруге қолданады.

Организм тағамнан энергияны қалай алады.

Қолданылатын азықтардың ыдырауы дене жасушаларын отынмен қамтамасыз етеді. Ол жасушалардың өсуі мен қалыпқа келуге қажет энергия шығарады. Жасушаларда қүрделі биохимиялық реакциялардың әсерінен Кребс циклі энергия босайды да, фосфаттық байланыс күйінде жасушалар сақталады. Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер.



Асқорту жүйесінің диаграммасы


Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.
Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ьщыратады. Қорытьиған заттардың мономерлері — амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырларына (капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары — лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.

Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиологияғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.

Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері


Асқорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінетін мәлшері

рН

Құрамы

1. Сілекей

50-2 000 мл

5,6-7,6

Су және амилаза

2. Қарын сөлі

2,0-3,0 л

1,49-1,8

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин

3. Панкреатин сөлі

600-700 мл

8,6-9,0

Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

4. Өт

500-1200 мл

5,6-8,5

Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.

5. Аш ішек сөлі

1 000 мл

5,05-7,07

Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б.

6. Тоқ ішек сөлі

270-1 550 мл

6,1-7,31

Су

Асқорыту ферменттері

Ферменттерхимиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.


Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакциясыәлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.

Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.

Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.

Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.


ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
Өкпе, рulmones (грекше - рneumon, осыдан өкпенің қабынуы -пневмония), кеуде қуысында, саvitas thoracis, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа бағанасының алдыңғы бетінен, кеуде қабырғасының артқы бетіне дейін созылатын көкірекаралықпен, бір-бірінен бөлінген өкпе қабында орналасады. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді (шамамен 10%), әрі біршама қысқа және кең. Бұл біріншіден, көкеттің оң күмбезінің сол күмбезінен жоғары тұруына (бауырдың көлемді оң үлесінің әсерінен), екіншіден, жүрек солға ығысыңқырап орналасып, сол өкпенің енін азайтуына байланысты. Әрбір өкпе, ри1то, бұрыс конус пішінді, оның төмен қараған негізі, basis рulmones және дөңгелектенген ұшы, ,apex рulmones, деп аталады. Ол алдыңғы жағында I қабырғадан 3 - 4 см жоғары немесе бұғанадан 2 -.1 см жоғары тұрады, артқы жағында VII мойын омыртқасы деңгейше жетеді. Өкпенің ұшында осы жерден өтетін бұғанаасты артериясы қысымынан пайда болатын кішкене жүлге, sulcus subclavius, байқалады. Өкпенің үш бетін ажыратады: төменгі беті, facies diapgradmatica, жанасып жататын көкеттің жоғарғы бетінің дөңестігіне сәйкес ойыс келеді, кең қабырғалық беті, facies costalis, араларында жатқан қабырғааралық бұлшықеттермен қоса кеуде қуысы қабырғасы құрамына енетін қабырғалардың ойысына сәйкес дөңес келеді, медиалды беті, facies medialis, ойыс, көп жерінде жүрекқаптың бедерін сақтайды. Ол көкірекаралыққа жанасатын алдыңғы бөлікке, pars mediastinalis, және омыртқа бағанасына жанасатын артқы бөлікке, pars vertebratis , белінеді. Беттер жиектермен бөлінген: негіздің төменгі үшкір жиегі, margo inferior, ал facies medialis пен costalis бір-бірінен бөлетін жиегі, margoanterior, деп аталады. Әрбір өкпенің медиалды бетінде оның ортасынан жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы, hilum pulmonis, орналасады. Ол арқылы бронхтар мен өкпе артериясы (сондай-ақ нервтер) өкпеге енеді, ал екі өкпе венасы және лимфа тамырлары өкпеден шығады, барлығы қосылып өкпе түбірін, radix pulmonis, құрайды. өкпе түбірінде бронх дорсалды орналасады, өкпе артериясының орналасу қалпы оң және сол жақтарда бірдей емес. Оң өкпе түбірінде а.pulmonalis бронхтан төмен, ал сол жағында бронхты қиып өтіп, одан жоғары жатады. өкпе веналары екі жағында да өкпе түбіріндегі өкпе артериясы мен бронхтан төмен орналасқан. Артқы жағында, өкпенің қабырғалық және медиалды беттерінің бір-біріне ауысатын жерінде үшкір жиек түзілмейді, әрбір өкпенің дөңгелектелген бөлігі бұл жерде кеуде қуысында омыртқа бағанасының жанында орналасады.

Әрбір өкпе саңылаулар, fissurae interlobares, арқылы үлестерге, lobi, бөлінеді.

Екі өкпеде де болатын бір қиғаш саңылау, fissura obliqua, едәуір жоғарыдан (ұшынан 6-7 см төмендеу) басталып, одан қиғаш көкеттік бетіне түсіп, өкпе затына тереңдей енеді. Ол әрбір өкпеде жоғарғы үлесті төменгі үлестен айырып тұрады. Бұл саңылаудан басқа оң өкпеде тағы да екінші, горизонталды, IV қабырға деңгейінде өтетін саңылау, fissura horizontalis, орналасады. Ол оң өкпенің жоғарғы үлесінен ортаңғы үлесті құрайтын сынатәрізді бөлікті айырады. Сөйтіп, оң өкпеде үш үлес болады: lobi superior, medus et inferior. Сол өкпеде тек екі үлесті ажыратады: жоғарғы, lobus superior , және төменгі үлес, lobus inferior , ол жоғарғы үлеске қарағанда көлемді болып келеді. Оған бүкіл көкеттік беті және өкпенің алдыңғы жиегінің төменгі бөлігінде жүректік тілік, fissura carbiaca pulamonis sinistra , жатады, ол жерде өкпе жүрекпен ығыстырылып, жүрекқаптың едәуір бөлігін жабусыз қалдырады. Төменнен бұл тілік, сол өкпенің тілшігі, lingual pulamonis sinistra, деп аталатын алдыңғы жиек өсіндісімен шектеледі. Lingula және оған жанасып жатқан өкпенің бөлігі оң өкпенің ортаңғы үлесіне сәйкес келеді (13-сурет).

Өкпенің құрылысы. Бронхтардың тармақталуы. Өкпенің үлестерге бөлінуіне сәйкес екі басты бронхтардың, bronchus principalis, әрқайсысы өкпе қақпасына келіп, үлестік бронхтарға, bronchi lobares, бөліне бастайды. Оң жоғарғы үлестік бронх жоғарғы үлес орталығына бағытталып, өкпе артериясы үстінен өтеді және артерия үстілік деп аталады; оң өкпенің қалған үлестік бронхтары мен сол өкпенің барлық үлестік бронхтары артерия астынан өтеді және артерия астылық деп аталады. Үлестік бронхтар өкпе затына өніп, окпенің бөлгін бір бөліктерін - сегменттерін желдететін болғандықтан, сегменттік bronchi segmentales деп аталатын ұсақ, үшінші бронхтар бөліп шығарады. Сегменттік бронхтар өз кезегінде дихотомдық жолмен (әрқайсысы екіге) одан да ұсақ 4-ші, 5-ші, т.с.с, шамамен 10-11 реттік соңғы және тынысалу бронхшаларына дейін бөлінеді.

Бронхтар қаңқасы өкпенің сырты мен ішінде олардың қабырғаларына ағзалардың әр түрлі механикалық әсеріне қарай түрліше түзілген: өкпеден тыс бронхтар қаңқасы шеміршекті жартылай сакиналардан тұрады, ал өкпе қақпаларына жақындағанда шеміршекті жартылай сақиналардың арасында шеміршекті байланыстар пайда болып, олардың қабырғасының құрылысы торға ұқсайды.

Сегменттік бронхтар мен олардың тармақтарында шеміршектер жартылай сақиналы пішінін жоғалтып, жекелеген табақшаларға ыдырайды, ал олардың шамасы бронхтардың ені кішірейген сайын кеми береді; соңғы бронхшаларда шеміршектер болмайды. Оларда шырышты бездер де жоғалады, бірақ кірпікшелі эпителий қалады.

Бұлшықетті қабат шеміршектерден ішке қарай дөнгеленіп орналасқан бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бронхтардың бөлінетін жерлерінде ерекше дөңгелек бұлшықет будалары орналасады, олар қайсыбір бронхтарға кіреберісті кішірейтіп, кейде оларды жауып тастауы мүмкін.

Өкпенің макро- және микроскопиялық құрылысы. Өкпе сегменттері олардың шетңн қалыңдығы 4 см қабатпен алып жататын екінші үлесшелерден, lobuli pulmonis secundarii, тұрады. Екінші үлесіне - диаметрі 1 см-ге жететін өкпе паренхимасының пирамида пішінді бөлігі. Ол дәнекер тінді қалқалар арқылы көршілес үлесше­лерден белінеді.

Үлесшеаралық дәнекер тінде веналар мен лимфа капиллярлары торы бар және ол өкпенің тынысалу қимылдары кезінде үлесшелердің қозғалмалы болуына жағдай жасайды. Көп жағдайда онда жұтылған көмірқышқыл тозаңы жиналады да, соның салдарынан үлесіне шекаралары айқын байқалады.

Әрбір үлесшенің ұшына қабырғаларында әлі де шеміршегі бар бір ұсақ (диаметрі 1 мм) бронх (орташа 8-реттік) енеді (үлесшелік бронх). Әр окпедегі үлесшелік бронхтардың саны 800-ге жетеді. Әрбір үлесшелік бронх үлесшенің ішінде 16-18 жіңішке (диаметрі 0,3-0,5 мм) соңғы бронхшаларға, bronchioli terminales тармақталады, оларда шеміршек пен бездер болмайды.

Басты бронхтардан бастап сңғы бронхшаларды қоса барлық бронхтар дем алып, дем шығарғанда ауа ағынын өткізуге арналған тұтас бронх тармақтарын (бронх ағашын) құрайды; оларда ауа мен қан арасында тыныстық газ алмасу жүрмейді. Соңғы бронхшалар дихотомдық жолмен тармақталып, тынысалу бронхшаларының bronchioli respiratorii, бірнеше ретіне бастама береді, бұлардың айырмашылығы қабырғаларында, өкпе көпіршіктерінің немесе альвеолалардың, alveoli pulmonis, пайда болуында. Әрбір тынысалу бронхшаларынан тұйық көпіршіктер қапшаларымен, sacculi alveolares, аяқталатын көпіршіктер жолдары, ductuli alveolares, радиалды шығады. Олардың әрқайсысының қабырғасын қан капиллярларының қалың торы шырмап жатады. Көпіршіктер қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді.

Тынысалу бронхшалары, көпіршіктер жолдары мен кепіршіктер қапшалары көпіршіктермен бірге бірегей көпіршіктер тармақтарын (ағашын) немесе өкпенің тынысалу паренхимасын құрайды. Бір соңғы бронхшадан пайда болатын аталған құрылымдар, оның ацинус, шок, деп аталатын өкпенің қызметтік-анатомиялық бірлігін түзеді

Соңғы реттікк бір тынысалу бронхшасына жататын көпіршіктер жолдары мен қапшалтар бірінші үлесшені құрайды. Олардың ацинустағы саны 16-ға жуық.

Екі өкпедеп ацинустар саны 30 000-ға, ал көпіршелер (альвеолдар) мөлшері 300-350 млн-ға жетеді. Өкпелердің тынысалу бетінің ауданы дем шығарғанда 35 м2-ге, ал терең тыныс алғанда 100 м2-ге жетеді. Ацинустар жиынынан үлесшелер, үлесшелерден - сегменттер, сегмент-терден - үлестер, ал үлестерден тұтас өкпе құралады.

Өкпенің қызметтері өкпенің негізгі қызметі - газ алмасу (қанды оттегімен байытып, одан көмірқышқыл газын бөліп әкету).

Өкпеге оттегімен қаныққан ауаның келуі және көмірқышқыл газымен байыған ауаның одан сыртқа шығарылуы, кеуде қуысы қабырғалары мен көкеттің белсенді тынысалу қозғалыстары және өкпенің жиырылғыштық қабілетінің тыныс жолдары қызметімен ұштасқан әрекеті нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Бұл кезде төменгі үлестердің жиырылғыштық қызметі мен желденуіне көкет пен кеуде торының төменгі бөлімдері үлкен әсер етеді де, ал жоғарғы үлестердің желдетіліп, көлемінің өзгеруі, негізінен кеуде торының жоғарғы бөлімінің қозғалыстары арқылы іске асырылады.

Бұл ерекшеліктер хирургтерге өкпенің үлестерін алып тастағанда, көкет нервін кесіп алмауына мүмкіндік береді.

Өкпедегі кәдімгі тынысалудан басқа жанама тынысалуды, яғни ауаның бронхтар мен бронхшаларды айналып қозғалуын ажыратады. Ол құрылысында өзіндік ерекшеліктері бар ацинустар арасында, өкпе көпіршіктері (альвеолалары) қабырғаларындағы тесіктер арқылы іске асырылады. Ересектердің, көбіне қарттардың өкпелерінде, негізінен өкпенің төменгі үлестерінде үлесшелі құрылымдармен қатар альвеолдық мен альвеолалы жолдардан тұратын, өкпе үлесшелері мен ацинустарға айқын бөлінбеген және соғылған қалқашықты құрылыс түзетін құрылымдық кешендер болады. Осы көпіршіктер тартпалары (созылмалары) жанама тынысалуға жағдай жасайды. Мұндай өзгешеленген көпіршіктер кешендері жекелеген бронх-өкпе сегменттерін байланыстыратындықтан, жанама тынысалу олардың ауқымымен шектелмей, кеңірек таралады

Өкпенің физиологиялық рөлі газ алмасумен шектелмейді. Оның күрделі анатомиялық құрылысына қызметтерінің көптігі сәйкес келеді. Тынысалу кезіндегі бронхтар қабырғасының белсенділігі, секрет бөліп шығару қызметі, зат алмасуға қатысу (су, липидті және хлорлы балансты реттейтін, тұз алмасу), бұның организмдегі қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтауда маңызы бар.

Өкпеде фагоцитарлық қасиет көрсететін күшті дамыған жасушалар жүйесі бар екендігі әбден анықталған деп есептеледі.

Өкпенің қан айналымы. Газ алмасу қызметіне байланысты өкпе артериялық қанды ғана емес, веналық қанды да алады. Веналық қан өкпе артериясы тармақтары арқылы ағып келеді, олардың әрқайсысы тиісті өкпе қақпасына кіріп, бронхтардың тармақталуына сәйкес бөлінеді. Өкпе артериясының ең ұсақ тармақтары альвеолаларды шырмайтын капиллярлар торын құрайды (тыныс алу капиллярлары). Өкпе артериясы тармақтары арқылы өкпе капиллярларына ағып келетін веналық қан альвеоладағы ауамен осмостық алмасуға (газ алмасуға) түседі, ол альвеолаларға өзіндегі көмірқышқыл газын бөліп, оның орнына оттегін алады. Капиллярлардан оттегімен байыған (артериялық) канды өткізіп және содан соң ірілеу вена сабауларын түзетін вена тамырлары пайда болады. Вена сабаулары одан әрі қосылып vv. pulmonales құрайды.

Артериялық қан өкпеге гг. Вronchiales арқылы қолқадан, аа. Intercostals posteriores-тен және а. subclavia-дан келеді. Олар бронхтар қабырғасы мен өкпе тінін қоректендіреді. Сөйтіп, өкпе және бронхтық веналар жүйесі өзара жалғасады.

Өкпенің сегменттік құрылысы. Өкпеде 6 түтікті жүйе бар: бронхтар, өкпе артериялары мен веналары, бронхтық артериялар мен веналар, лимфа тамырлары.

Бұл жүйелер тармақтарының кебюі өкпенің ішкі топографиялық негізін құрайтын тамыр-бронх будаларын түзе бір-бірімен параллелді етеді. Тамыр-бронх будаларына сәйкес өкпенің әр үлесі бронх-өкпе сегменттері деп аталатын жеке бөліктерден тұрады.

Бронх-өкпе сегменті, - бұл үлестік бронхтың бірінші тармағы мен оған қосарланған өкпе артериясы тармақтары және басқа тамырларға сәйкес келетін өкпе бөлімі. Ол басқа көрші сегменттерден сегменттік веналар өтетін біршама айқын білінетін дәнекер тінді қалқалармен бөлінген. Бұл веналар бассейні әр көрші сегмент аумағының жартысын құрайды. Өкпе сегменттерінің пішіні, ұштары өкпенің қақпаларына бағытталған, ал негіздері өкпенің сыртқы бетіне қараған бұрые конус немесе пирамида тәрізді құрылымдар. Бронх-өкпе сегменттері - бұл өкпенің қызметтік-құрылымдық бірліктері, бұлардың ішінде алғашқы кезде кейбір патологиялық үрдістер жинақталады, сондықтан өкпенің тұтас бөлігін немесе тұтастай өзін кесіп алмай, сол сегментті алып тастаумен шектелуге болады. Сегменттерді жіктеудің көптеген түрі бар. Түрлі мамандық өкілдері сегменттер санын түрліше көрсетеді.

Халықаралық анатомия номенклатурасы бойынша оң және сол жақ өкпеде 10 сегменттен ажыратады. Сегменттердің атауы олардың топографиясына сәйкес берілген. Мынадай сегменттер бар:

Оң өкпе. Жоғарғы үлесте үш сегментті ажыратады: segmentum apicale жоғарғы үлестің жоғарғы - медиалды бөлігін алып жатады, кеуде торының жоғарғы тесігіне кіреді және өкпеқап қүмбезін толтырады;

Segmentum posterius (SП) негізі сыртқа және артқа қарай бағытталған, сол жерде П-1У қабырғалармен шектеседі; ұшы жоғарғы үлестің бронхқа бағытталған;

Segmentum anterus (SШ) I және IV қабырғалар арасында негізімен кеуде торының алдыңғы қабырғасына қарап жатады; ол оң жүрекшеге және жоғарғы қуыс венаға жанасады.

Ортаңғы үлесте екі сегмент бар: segmentum laterale (S) негізі алға және сыртқа қарай, ал ұшы жоғары және медиалды бағытталған; segmentum mediale (Sу) төс маңында кеуденің алдыңғы кеуде қабырғасымен IV - VI қабырғалар арасында жанасады; ол жүрек пен көкетке түйісіп жатады.

Төменгі үлесте 5 сегментті ажыратады: segmentum apicale(Svп) төменгі үлестің сынатәрізді ұшын алып, омыртқа маңында орналасады. Segmentum basale mediale (Svп) негізімен төменгі үлестің медиастиналды және ішінара төменгі үлестің көкеттік бетін алып жатады. Ол оң жүрекше мен төменп қуыс венаға жанасады;

Сол өкпе. Сол өкпенің жоғарғы үлесінде 5 сегмент бар:

Segmentum apicoposterius пішіні мен орналасу қалпы бойынша он өкпенің жоғарғы үлесінің seg. apicale және seg. рosterius-іне сәйкес келеді. Сегмент негізі Ш-V қабырғалардың артқы бөліктерімеи жанасады. Медиалды жағынан сегмент қолқа доғасы және бұғанаасты артериясымен жанасады. Екі сегмент түрінде болуы мүмкін;

Segmentum anterius (SШ) ең ірі сегмент болып табылады. Ол 1-1V қабырғалар арасында жоғары үлестің қабырғалық бетінің едеуір бөлігін, сондай-ақ көкірекаралық бөліктің бір бөлігін алып жатады.

Segmentum lingulare superius (Sv) алдынан III - V қабырғалар арасындағы және қолтык аймағында IV - VI қабырғалар арасындағы жоғарғы үлестің бөлгі болып табылады.


Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> Төлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> Сейсенбаева Ж. М., Балабекова Д. Б. Банктердің есебі және аудиті оқУ ҚҰралы шымкент, 2017
kitap -> Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»
kitap -> Таќырыбы: Гидросфера жјне јлемдік су ќоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет