Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»



жүктеу 1.39 Mb.
бет4/6
Дата07.03.2018
өлшемі1.39 Mb.
1   2   3   4   5   6

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Бүйрек, rеп (грекше nephros), іш қуысының артқы қабырғасында, ішастардың артында жататын жұп экскреттік несеп шығаратын ағза. Бүйректер омыртқа бағанасының бүйір жақтарында соңғы кеуде және екі жоғарғы бел омыртқа деңгейінде орналасады. Оң бүйрек сол бүйректен орташа 1-1,5 см (бауырдың оң үлесінің қысымына қарай) төмен жатады. Бүйректің жоғарғы шеті XI қабырға деңгейіне жетеді, төменгі шеті мықын қырынан 3-5 см қашыкта тұрады. Бүйректердің бұл көрсетілген орналасу шекаралары жеке адамдарда өзгеріп отырады; көбіне жоғарғы шекарасы XI кеуде омыртқасының жоғарғы жиегі деңгейіне дейін көтеріледі, төменгі шекарасы 1-1,5 омыртқаға төмен түседі. Бүйрек сопақша пішінді келеді. Оның заты бет жағында тегіс, қою қызыл түсті. Бүйректе жоғарғы және төменгі шеттерін, extremitas superior et inferior, латералды және медиалды жиектерін, margo lateralis et medialis және алдыңғы және артқы беттерін, fades anterior et posterior, ажыратады. Бүйректің лате­ралды жиегі дөңес, медиалды жиегі ортасында ойыс; медиалды ғана емес, сәл төмен және алға қарайды. Медиалды жиектің ортаңғы ойыс бөлігі қақпасы, hilus renalis, болып табылады, ол арқылы бүйрек артериялары мен нервтері кіріп, вена, лимфа тамырлары мен несепағар шығады. Қақпа бүйрек қойнауы, sinus renalis деп аталатын, бүйрек затына еніп тұратын тар кеңістікке ашылады; оның бойлық білігі бүйректің бойлық білігіне сәйкес келеді. Бүйректің алдыңғы беті артқы бетіне қарағанда дөңес.

Құрылысы. Бүйректердің бойлық кесіндісінде бүйректі тұтастай алғанда, біріншіден, бүйрек тостағаншалары мен түбектің жоғарғы бөлігі орналасқан қойнаудан, sinus renalis, екіншіден, қақпаны есептемегенде қойнауды барлық жағынан қоршап жататын меншікті бүйрек затынан құралатындығы көрінеді. Бүйректе қыртыс затын, cortex renis, милы затты, medulla renis, ажыратады.

Қалыңдығы 4 мм-ге жуық қыртыс зат ағзаның шеткі қабатын алып жатады. Милы зат конус пішінді түзілістерден бүйрек пирамидаларынан, pyramides renales, тұрады. Пирамидалардың кең негіздері ағзаның бет жағына, ал ұштары синус жаққа карайды. Екі немесе бірнеше ұштары бүртіктерге, papillae renales, бірігеді, сирек жағдайда бір ұшына жеке бүртік сәйкес келеді. Барлық бүртіктер саны орташа алғанда 12-ге жуық. Әрбір бүртікте ұсақ тесіктер, foramina papillaria, бар. Foramina papillaria арқылы несеп жолдарының бастапқы бөлігіне (тостағаншаларға) шығарылады. Қыртыс зат пирамидалар арасынан өтіп, оларды бір-бірінен бөледі; қыртыс заттың бұл бөлігі бүйрек бағаналары, columnae renales деп аталады. Пирамидалар оларда тура бағытта орналасқан несеп өзек-шелері мен тамырларға байланысты жолақ сияқты түрде болады. Пирамидалардың болуы жануарлардың көбіне тән бүйректің үлесті құрылысын көрсетеді. Жаңа туған нәрестеде бұрынғы бөлінудің іздері тіпті сыртқы бетінде де сақталады, онда жүлгелер (құрсақтағы нәресте мен жаңа туған нәрестедегі үлестенген бүйрек) байқалады. Ересек адам бүйрегі сырт жағынан тегіс, бірақ іші, бірнеше пирамида бір бүртікке қосылғанымен (пирамидалар санынан бүртіктер санының аз болуы осымен түсіндіріледі), үлестерге - пирамидаларға бөлінген күйде қалады. Милы зат жолақтары қыртыс затына өтіп (pars radiata, pars convoluta), қыртыс үлесшелері, lobulus corticalis деген атпен біріктіріледі.

Бүйрек күрделі экскреттік (шығарушы) ағза болып табылады. Онда бүйрек түтікшелері, tubuli renales, болады. Бұл түтікшелердің тұйық шеттері қос қабырғалы қапшық түрінде қан капиллярлары шумақтарын қамтиды. Әрбір шумақ, glomerulus, терең тостағанша тәрізді қапшықта, capsula glo­meruli, жатады, капшықтың екі жапырақшасы аралығы оның қуысын құрап, несеп түтікшесінің басы болып табылады. Glo­merulus оны қаусыратын қапшықпен бірге бүйрек денешігің, corpusculum renis, құрайды. Бүйрек денешіктері қыртыс заттың бүктелген белігінде, pars convoluta-сында орналасқан, бұл жерде олар қызыл нүктелер түрінде жай көзге көрінеді. Бүйрек денешігінен қыртыс затының тарамдалған бөлігінде pars radiata-сына орналасқан иреленген өзекше - tubulus renalis contortus шығады. Содан кейін өзекше пирамидаға түсіп, ол жерде нефрон ілмегін жасай кері бұрылып, қыртыс затына қайта келеді. Бүйрек өзекшесінің ақырғы бөлігі - бірнеше өзекшелерді қабылдап, қыртыс затының pars radiata-сы мен пирамида арқылы тура бағытпен жүретін (tubulus renalis rectus) жинаушы түтікшеге құяды. Тік түтікшелер бірте-бірте бір-бірімен қосылып 15-20 қысқа түтіктер, ductus papillares түрінде, бүртік ұшында area cribrosa аймағында foramina papillaria-та ашылады.

Бүйрек денешігі мен оған жататын өзекшелер бүйректің құрылымдық - қызметтік бірлігін - нефронды, nephron, кұрайды. Нефронда несеп түзіледі. Бұл үрдіс екі кезеңде іске асады: бүйрек денешігінде капилляр шумағынан капсула қуысына қанның сұйық бөлігі сүзіліп өтіп, алғашқы несеп түзеді, ал бүйрек өзекшелерінде - реабсорбция - судың көп бөлігін, глюкозаны, амин қышқылдарынан және кейбір тұздарды сіңіру үрдісі жүріп, соның нетижесінде ақырғы несеп түзіледі.

Әрбір бүйректе миллионға дейін нефрондар болады, олардың жиынтығы бүйрек затының негізгі массасын құрайды. Бүйрек пен оның нефрон құрылысын түсіну үшін оның қантамырлар жүйесін ескерту керек. Бүйрек артериясы қолқадан басталады және оның калибрі едәуір үлкен, бұл қанды "сүзумен" байланысты ағзаның несеп айыру қызметіне сәйкес келеді.

Бүйрек қақпасында бүйрек артериясы бүйрек бөліктеріне сәйкес жоғарғы полюс артериялары, аа. polares superiores, төменгі полюс артериялары аа. polares inferiores және бүйректің орталық бөлігіне баратын артериялар, аа. centrales, болып бөлінеді. Бүйрек паренхимасында бұл артериялар пирамидалар арасынан, яғни бүйрек үлестері арасынан өтеді, сондықтан аа. interlobares renis деп аталады. Пирамидалар негізінде милы зат пен қыртыс зат шекарасында олар доғалар аа. arcuatae түзеді, бұл доғалардан қыртыс зат қабатына аа. interlobulares шығады. Әрбір а. interlobularis-тен әкелуші тамыр vas afferens шығады, ол шумақ қапшығымен қамтылған, капиллярлар шумақтарына, glomerulus, тарамдалады. Шумақтан шығатың әкетуші артерия, vas efferens, екінші рет бүйрек өзекшелерін шырмап, тек содан кейін веналарға ауысатын капиллярға бөлінеді. Соңғылар (веналар) аттас артерияларға қосарланып, бүйрек қақпасынан v. cava inferior-ға құятын бір, v. renalis арқылы шығады.

Веналық қаны қыртыс затынан алдымен жұлдызды веналарға, venulae stellatae, содан кейін аттас артерияларға қосарланатын vv. inter-lobulares-ке және vv. arcuatae-re ағады. Милы заттан venulae rectae шығады. V. renalis-тің ірі салаларынан (құйылыстарынан) бүйрек венасының сабауы құралады. Sinus renalis аймағында веналар артериялардың алдында орналасады.

Сөйтіп, бүйректе капиллярлардың екі жүйесі болады: бірінші жүйе - артерияларды веналармен байланыстырады, екінші жүйе - арналуы сипатты, тамырлары шумақ түрінде, онда қан қапшық қуысынан - жалпақ жасушалардың тек екі кабатымен бөлінеді: капиллярлар эндотелиімен және қапшық эндотелиімен. Бұл қаннан су мен алмасу өнімдерінің бөлінуіне қолайлы жағдай жасайды. Foramina papillaria аркылы бөлінетін несеп өз жолында несеп қуыққа дейін кіші тостағаншалар, үлкен тостағаншалар, бүйрек түбегі, несепағар арқылы өтеді.

Кіші тостағаншалар, calyces renales minores, саны 8 - 9-ға жуық, бір шетімен бір-екі, кейде үш бүйрек бүртігін қамтиды, екінші шетімен үлкен тостағаншалардың біреуіне құйылады. Үлкен тостағаншалар, ca­lyces renales majores, әдетте екеу болады: жоғарғы және төменгі. Бүйрек қойнауында үлкен тостағаншалар бір бүйрек түбегіне, pelvis renalis (грекше pyelos, осыдан бүйрек түбегінің қабынуы - pyelitis) қосылады, ол қақпа арқылы бүйрек тамырлары артынан шығып, төмен бұрылып, бүйрек қақпасынан төмендеу дерлік несепағарға ауысады.

Әрбір бүйрек тостағаншасы қосқабырғалы бокал сияқты конустәрізді бүйрек бүртігін қамтиды. Осы себепті тостағаншаның бүртік негізін қоршайтын проксималды бөлімі күмбез, fornix, деп аталады. Күмбез қабырғасында бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары, т. sphincter fornicis, жайғасады, олар осы жердегі дәнекер тінмен және оған жанаса жатқан нервтер және тамырлармен (қан және лимфа тамырларымен) бірге форникалдық аппарат құрайды. Бұл аппарат несепті бүйрек паренхимасынан бүйрек тостағаншаларына шығаруда үлкен рөл атқарады, несептің тостағаншалардан несеп өзекшелеріне кері ағуына кедергі жасайды. Тамырлардың күмбез қабырғасына жақын жатуынан басқа жерлерге қарағанда бұл жерде оңай қан кетіп, несеп қанға араласады (пиеловеналық рефлюкс), бұл инфекцияның өтуіне жағдай жасайды. Бүйрек тостағаншаларының қабырғасында күмбезден жоғары (т. levator fornicis), оның айналасында (т. sphincter fornicis) тостағанша бойында (т. longitudinalis calycis), тостағанша айналасында (т. spiralis calycis) орналасқан төрт бұлшыкетті ажыратады. М. levator fornicis пен in. longitudinalis calycis тостағанша қуысын кеңейтіп, несеп жиналуына (диастола) жағдай тудырып, ал m. sphincter fornicis пен т. spiralis calycis тостағаншаны тарылтып, оны босатады (систола). Тостағаншаның жұмысы бүйрек түбегінің сондай қызметімен байланысты.

Тостағаншалар, түбек және несепағар бүйректің экскреттік жолының жай көзге көрінетін бөлігін құрайды.

Экскреттік тармақтардың үш түрі кездеседі (М. Г. Привес):


  1. эмбрионалдық, бұл кезде кең қапшықтәрізді түбек болады, оған тікелей кішкене тостағаншалар құяды; үлкен тостағаншалар болмайды;

  2. феталдық, бұл кезде тікелей несепағарға ауысатын көптеген кішкене және үлкен тостағаншалар болады; түбек болмайды;

  3. толысқан түрі, бұл кезде екі үлкен тостағаншаға қосылатын біраз кішкене тостағаншалар болады, екі үлкен тостағанша несепағарға құятын түбекке ауысады. Бұл жерде экскреттік тармақтардың барлық төрт компоненті де бар: кішкене, үлкен тостағаншалар, түбек және несепағар. Бұл түрлерді білу тірі адамда (пиелография кезінде) көрінетін экскреттік тармақтардың рентгенограммалық көрінісін түсінуді жеңілдетеді.

Несепағар, ureter - ұзындығы 30 см-ге жуық түтік. Диаметрі 4-7 мм. Несепағар түбектен тікелей ішастардың артқы жағымен төмен және медиалды жүріп, кіші жамбас астауға, сол жерден несеп қуық түбіне келіп, оны қиғаш бағытта тесіп отеді. Несепағарда pars abdominalis - осы terminalis арқылы, оның кіші жамбас астау қуысына иілетін жеріне дейін және pars pelvina - осы соңғыдағыны ажыратады. Несепағардың қуысы барлық жерде бірдей емес, мынадай тарылатын жерлері бар: 1) түбектің несепағарға ауысатын жерінде; 2) partes abdominalis және pelvina аралық шекарасында; 3) pars pelvina бойында және 4) несеп қуық қабырғасы қасында. Әйелдерде несепағар еркектердің несепағарына қарағанда 2-3 см қысқа және оның төменгі бөлігінің ағзаларға қатынасы басқаша. Әйел жамбас астауы қуысында несепағар анабездің бос жиегі бойымен жүріп, содан соң жатырдың жалпақ байламының негізінде жатыр мойнынан латералды жайғасып, қынап пен несепқуық аралығына өтіп, оның қабырғасын еркектердегі сияқты қиғаш бағытта тесіп өтеді.

Құрылысы. Несепағар қабырғасы түбек пен тостағанша сияқты үш қабықтан тұрады: сыртқы - дәнекер тіннен, tunica adventitia, ішкі - шырыш бездері бар ауыспалы эпителимен жабылған tunica mucosa: tunica adventitia мен tunica mucosa арасында tunica muscularis орналасады. Соңғы қабық екі қабаттан (ішкі - бойлық және сыртқы көлденең) тұрады, олар несеп қуық бұлшықетімен байланыспаған және несептің куықтан несепағарға кері ағуына кедергі жасайды.

Несепағардың несепқуыққа құяр жерінде үшінші, ең сыртқы бойлық бұлшықеттер қабаты бар, ол несепқуық бұлшықетімен тығыз байланысқан және несептің қуыққа ағып келуіне катысады.

Несепағар рентгенограммада бүйректен несепқуыққа келетін ұзын және жіңішке көлеңке тәрізді. Оның контурлары айқын әрі тегіс. Несепағар екі - сагитталды және фронталды жазықтьщтарда иілімдер түзеді. Фронталды жазықтықтағы иілімдердің (бел бөлімінде медиалды жаққа, ал жамбас астауы бөлігінде латералды жаққа қараған) практикалық маңызы бар. Кейде несепағар бел бөлігінде түзу келеді. Жамбас астау бөлігіндегі иілім тұрақты болады.

Жоғарыда сипатталған анатомиялық тарылған жерлерден басқа несепағар бойында перисталтика кезінде пайда болып, жоғалып кететін бірқатар физиологиялық тарылатын жерлер байқалады.

Несепқуық, vesica urinaria, дүркін-дүркін несеп шығаратын өзек арқылы шығарылатын несеп жиналатын орын болып табылады. Оның сиымдылығы орташа алғанда 500-700 мл және әр адамда өзгеріп отырады. Несепқуығының пішіні мен оның өзін қоршаған ағзаларға қатынасы толуына қарай едәуір өзгермелі келеді. Несепқуығы бос кезінде тұтасынан кіші жамбас астау қуысында symphysis pubica артында жатады және еркектерде оны артында rectum-нан шәует қуықшалары мен шеует шығаратын өзектердің ақырғы бөліктері, ал әйелдерде - қынап пен жатыр бөледі.

Несепқуығы толғанда оның жоғарғы бөлігі пішіні мен көлемін өзгертіп, қасағадан жоғары көтеріліп, қатты созылған жағдайда кіндікке дейін жетеді. Несепқуық несеппен толған кезде жұмыртқа пішінді және оның төменгі, кең бекіген бөлігі - түбі, fundus vesicae, төмен және артқа, тік ішек немесе қынап бағытына қарайды; ол мойын, cervix vesicae, түрінде тарылып, несеп шығаратын өзек жолына ауысады, алдыңғы жоғарғы жағындағы үшкір ұшы, apex vesicae, іштің алдыңғы қабырғасының төменгі жағына жанасып жатады.

Apex пен fundus арасында жатқан ортаңғы бөлігі денесі, corpus Vesicae, деп аталады. Ұшынан кіндікке қарай іштің алдыңғы қабырғасының артқы бетімен оның ортаңғы сызығына дейін фиброзды тәж, fig umbilicale medianum, өтеді.

Несепқуығының алдыңғы, артқы және бүйір қабырғалары болады. Ол алдыңғы бетімен қасаға симфизіне жанасып жатады, одан қуықалды кеңістігі, spatium prevesicale, толтыратын борпылдақ шелмаймен бөлінеді. Несепқуықтың жоғарғы бөлігі төменгі бөлігінен козғалғыш, өйткені төменгі бөлімі fascia pelvis есебінен түзілетін байламдармен, ал еркектерде оның үстіне қуықасты безімен тұтасуы арқылы нықталған. Еркектерде несепқуықтың жоғарғы бетіне ішек ілмектері, ал әйелдерде жатырдың алдыңғы беті жанасып жатады. Несепкуық несеппен керілген кезде, оның жоғарғы бөлігі жоғары қарай көтеріліп, дөңгеленеді, әрі несепқуық қасағадан жоғары шығып, өзімен бірге оған іштің алдыңғы қабырғасынан ауысатын ішастарды да қоса көтереді. Сондықтан ішастарға тиіспей-ақ іштің алдыңғы жабындысы арқылы керілген несепқуық қабырғасын тесуге болады.

Артқы жағынан ішастар несепқуығының жоғарғы артқы бетінен еркектерде тік ішектің алдыңғы бетіне өтіп, тік ішек-қуық ұңғылын, excavatio rectovesicalis, әйелдерде жатырдың алдыңғы бетіне өтіп, қуық-жатыр ұңғылын, excavatio vesicouterina, түзеді.

Ішінара ғана несепқуық қабырғасының құрам бөлігі болып, оның артқы қабырғасы мен ұшын жабатын tunica serosa-дан басқа несепқуық қабырғасын бұлшықетті қабық, tunica muscularis (бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары), tela submucosa және tunica mucosa құрайды. Tunica muscularis-те айқаса өріліп жаткан үш кабатты ажыратады: 1) stratum externum бойлық талшықтардан тұрады; 2) stratum medium дөңгелек немесе көлденең талшыктардан; 3) stratum internum бойлық және көлденең талшықтардан тұрады. Бірыңғай салалы бұлшықеттердің үш қабаты несепқуығының ортақ бұлшықетін құрайды, ол жиырылған кезде несепқуықтың қуысын тарылтып, одан несепті айдап шығады (несеп шығарушы бұлшықет, m. detrusor urinae).

Ортаңғы қабат, әсіресе несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, ostium urethrae internum, аймағында, күшті дамыған, ол жерде қуық қысқышын, т. sphincter vesicae, түзеді. Әр несепағардың құятын жерінде де, ішкі бұлшықет қабатының дөңгелек талшықтарының күшеюі есебінен сфинктертәрізді құрылым түзіледі.

Несепқуықтың ішкі беті шырышты қабықпен, tunica mucosa, жабылған, ол несепқуық бос болғанда жақсы дамыған шырышасты негізі, tela submucosa, арқасында қатпарлар түзеді. Несепқуықтың төменгі бөлігінде іш жағынан несеп шығаратын өзекке апаратын тесік, ostium urethrae internum, байқалады. Тікелей ostium urethrae internum артында үшбұрыш пішінді тегіс алаң, trigonum vesicae, орналасқан. Үшбұрыштың шырышты қабығы астыңғы жатқан бүлшықет қабатымен тұтасып өседі де, ешуақытта қатпар түзбейді. Үшбұрышты ұшы жоғарыда айтылған несеп шығаратын өзектің ішкі тесігіне қарайды, ал негізінің бұрыштарында несепағар тесіктері, ostia ureteres, жатады. Несепқуық үшбұрышы негізін екі несепағар құяр жері арасынан өтетін қатпар -plica interureterica шектейді. Бұл қатпарлардың артқы жағында шұңқыр бар - fossa retroureterica; ол қуықасты безі ескен сайын үлкейіп отырады. Несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінің дәл артында кейде қуық тілшігі, uvula vesicae түрінде бұдыр болады. Несепқуығының шырышты қабығы қызғылт түсті, несепағарлар эпителиімен ұқсас ауыспалы эпителимен жабылған. Онда кішкене шырыш бездері, glandulae vesicates, сондай-ақ лимфа түйіншелері орналасқан.

Жаңа туған нәрестеде несеп қуығы ересек адамдікіне қарағанда едәуір биік орналасқан да, несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі symphysis pubica-ның жоғарғы жиегі деңгейінде жатады. Туғаннан кейін қуық төмен түсіп, 4 айлығында қасаға симфизінің жоғарғы жиегінің үстінде шамамен 1 см-дей ғана шығып тұрады.

Цистоскопия кезінде, яғни тірі адам несепқуығы қуысын несеп шығаратын өзек арқылы енгізілген цистоскоп көмегімен зерттегенде, тор түзетін көптеген қантамырлары бар қызғылт түсті шырышты қабық көрінеді. Шырышты қабық үшбұрышты қоспағанда (ол жерде тегіс) катпарлар түзеді. Қуық сфинктері (қыспағы) жартылай қызғылт түсті бөлік тәрізді, ал несепағарлардың құяр жері үшбұрыш бүйірлерінде батыңқылар түзеді. Оқтын-оқтын (минутына 2-3 рет) несепағарлар тесіктері ашылып, несепті жіңішке ағын түрінде шығарып тұрады.

Несепқуығынан несеп сыртқа несеп шығаратын өзек арқылы шығады.

Уродинамика, яғни несеп жолдары арқылы несеп шығару үрдісі, урорентгенокинематографиялық зерттеулер көрсеткендей 2 кезеңде өтеді: 1) транспорттық кезең, бұл кезде несеп, айдаушы бұлшықеттердің әсерімен несеп жолдарымен жылжытылады және 2) ретенционды (retentio - үстау) кезең, бұл кезде тұйықтаушы бұлшықеттердің (кыспақтардың) әсерімен несеп жолдарының белгілі бір бөлігі керіліп, онда несеп жиналады. Несеп жолдарының бүкіл жүйесі, бүйрек тостағаншасынан бастап несеп шығаратын өзекке дейін, екі бөлігі функционалды байланысқан бірыңғай қуыс бұлшықетті ағза болып табылады. Экскреттік тармақтар транспорттық кезеңде болған кезде, несепқуығы ретенционды кезеңде және керісінше болады.
ТАМЫРЛАР ТУРАЛЫ ІЛІМ – АНГИОЛОГИЯ
Тамыр жүйесін сұйық өткізетін жолдар, түтіктер құрайды, ол түтіктердегі ағып жататын сұйықтар арқылы бір жағынан организм жасушалары мен тіндеріне қажетті қоректі заттар жеткізіліп, екінші жағынан жасуша элементтерінің тіршілік әрекеттерінен пайда болған заттар экскреттік мүшелерге жеткізіледі. Ішекқуыстыларда ас қорыту қуысында көптеген өсінділер бар, олар қоректік заттардың дене бөліктеріне жеткізілуін оңайлатады. Алайда немертиндердің өзінде-ақ оңашаланған үш қан тамыры пайда болады. Ланцетникте тұйық қанайналым жүйесі болғанмен жүрегі болмайды. Омыртқалылардың қантамыр жүйесі филогенез барысында құрылысы жағынан біртіндеп күрделенетін жүрек пайда болады.

Балық жүрегі екі камерадан тұрады: қанды қабылдайтын жүрекшеден (оның алдында вена қойнауы жатады) және қанды айдап шығаратын қарыншадан (одан кейін артериялық конус орналасады) тұрады. Жүрек арқылы вена қаны ағып өтіп, одан әрі желбезек артериялары арқылы желбезектерге келіп, сол жерде оттегіне қанығады (желбезектік тыныс алу типі). Қосмекенділерде қан айналымының өкпелік шеңбері түзілу бастайды: соңғы желбезек артериясынан жүректен газ алмасу жүретін, өкпеге қан әкелетін өкпе артериясы дамиды. Осыған байланысты жүректің қабылдайтын бөлігі-жүрекше көлденең перде арқылы жеке екі жүрекше (оң және сол жақ) бөлініп, соның нәтижесінде жүрек үш камераға айналады. Соның өзінде оң жақ жүрекшеде веналық, сол жақ жүрекшеде артериялық, ал ортақ қарыншада аралас қан ағады. Личинка кезінде желбезектік, ал ересек кезде өкпелік қан айналысы жұмыс істейді, бұл сулы ортадан құрғақ ортаға ауысуды көрсетеді.

Құрлыққа түпкілікті ауысуға және желбезектік тыныс алуды толық ығыстырып шығарған өкпелік тыныс алудың дамуына байланысты жорғалаушыларда өкпелік тыныс алу одан әрі дамып екі қан айналым шеңбері-өкпелік және денелік тыныс алу-қалыптасады. Осыған сәйкес қарынша да толық емес пердемен екі бөлімге-оң және сол қарынша және сол қарыншаға бөліне бастайды. Құстарда, сүтқоректілер мен адамда жүрек екі қан айналым шеңберіне сәйкес перде арқылы толығынан екі қарыншаға бөлінеді. Соның арқасында оларда вена және артерия қаны толық бөлінген: веналық қан оң жақ жүректен, ал артериялық қан сол жақ жүректен ағады.

Ағатын сұйықтың сипатына қарай адам мен омыртқалылардың тамыр жүйесін екі бөлімге бөлуге болады: 1. қантамыр жүйесі-қан ағатын түтікшелер жүйесі (артериялар, веналар, микроағын бөлімдері мен жүрек); 2.лимфа жүйесі-түссіз сұйық, лимфа ағатын түтікше жүйесі. Артерияларда қан жүректен шет жаққа, ағзалар мен тіндерге қарай, ал веналарда жүрекке қарай ағады. Лимфа тамырларында сұйық веналардағы сияқты тіндерден орталыққа қарай ағады. Алайда веналық және лимфа тамырларының аттарды шығарып әкету сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Еріген заттарды негізінен қан тамырлары сіңіріп алады да, ал қатты түйіршіктердің лимфа тамырлары сіңіреді. Қан арқылы сіңіру едәуір жылдам жүреді. Клиникада бүкіл тамырлар жүйесін жүрек-тамыр жүйесі деп атап, оның ішінде жүрек пен тамырды бөледі.

Қантамыр жүйесі орталық ағза-жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі, қан тамырлары (латынша vas, грекше angeon-тамыр; ) деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүрек ырғақты жиырылуы арқылы тамырдағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.

Артериялар. Жүректен ағзаларға қарай шығып, оларға қан әкелетін тамырлар артериялар деп аталады.

Артериялардың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық-тамырлардың қуысы жағынан эндотелимен астарланған, оның астында субэндотелий мен ішкі серпімді мембрана орналасады; ортаңғы қабық-бірыңғай салалы бұлшықет тінінен, серпімді талшықтармен ауысып, араласып отыратын миоциттен құралған; сыртқы қабық-дәнекер тінді талшықтардан тұрады. Артериялық қабырғаның серпімді қаңқа түзеді.

Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, барған сайын ұсақтала береді. Жүрекке жақын артериялар (қолқа мен оның ірі тармақтары) негізінен қанды өткізу қызметін атқарады. Олардың ең бірінші міндеті жүрек соғуынан лақтырылып шығатын қан массасының әсерінен тамыр қабырғасында созылуына қарсы ету. Сондықтан олардың қабырғасында механикалық сипатты құрылымдар, яғни серпімді талшықтар мен мембраналар көбірек дамыған. Мұндай артериялар серпімді типті артериялар деп аталады.

Жүрек соғысының инерциясының әлсіретіп, қанның әрі қарай жылжуы үшін өз қабырғасының жиырылуы қажет болатын орташа және ұсақ артерияларда жиырылу қызметі басым болады. Ол қызмет тамыр қабырғасында бұлшықет тінінің біршама көбірек дамуы арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай артериялар тұтас ағзаларды немесе олардың бөліктерін қанмен жабдықтайды.

Ағзаға қатысты артерияларды: ағзадан тыс орналасқан артериялар және оның ағза ішіндегі тармақатардың ағзаішілік артериялар деп бөледі. Сабау тамырының бүйір тарамдары немесе түрлі бағандардың тарамдары бір-бірімен қосыла алады. Капилярға ыдырағанға дейін тамырлардың бұлайша қосылуын анастомоз деп атайды. Капиллярларға ауысқанға дейін көрші сабаулармен анастмозы жоқ артериялар соңғы артериялар деп аталады. Соңғы немеме ұштық артериялар қан тығынымен оңай бітеліп қалады да, инфарктың пайда болуына жағдай жасайды.

Артериялардың соңғы тармақтары жіңішке және ұсақ сондықтан оларды артериолалар деп атайды.

Артериоланың артериядан айырмашылығы оның қабырғасында бір қабат ғана бұлшықет жасушалары болады, соның арқасында ол реттеуші қызмет атқарады. Артериола тікелей прекапиллярға жалғасады, онда бұлшықет жасушалары бөлек-бөлек болады, тұтас қабат құрмайды. Прекапиллярдың артериоладан тағы бір айырмашылығы-онымен венула тамыры қатарласа жүрмейді.

Прекапиллярдан көптеген капиллярлар шығады.

Капиллярлар-зат алмасу қызметін орындайтын аса жіңішке тамырлар. Осы қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар өтетін жалпақ эндотелий жасушаларының бір қабатынан тұрады. Капиллярлар өзара кеңінен жалғаса-анастомоздана, прекапилярға ұқсас құрылған посткапилярға айналатын торлар түзеді. Посткапиляр артериоламен қосарлана жүретін венулаға айналады. Венулалар веналардың түбірін құрайтын және веналарға айналатын вена арнасының жұқа бастапқы бөлігін түзеді.

Веналар (латынша vena, грекше phlebs; ) артериялардан қарама-қарсы бағытта ағзалардан жүрекке қан әкеледі. Олардың қабырғалары артериялардағыдай болып құрылған бірақ олар едәуір жұқалау, серпімді және бұлшықет тіндері, аздау, соның нәтижесінде бас веналар босап қабысып қалады, ал артериалардың қуысы көлденең кесіндісінде үңірейіп көрініп тұрады, веналар бір-бірімен қосылып, ірі вена бағандарын жүрекке құятын веналар түзеді.

Веналар веналық өрімдер түзе бір-бірімен жалғасады.

Қанның веналармен қозғалуы жүрек пен кеуде қуысының қызметі мен сору әсері арқылы іске асады, дем алу кезінде кеуде қуысында, қуыстардағы қысым айырмасы әсерінен, сондай-ақ қаңқа және ағзалардың висцеларды бұлшықеттердің жиырылуынан және тағы басқа факторлардан теріс қысым пайда болады. Веналық қанның кері ағуы қиындау келетін дененің төменгі жартысының веналарында, дененің жоғарғы бөлігіндегі веналарға қарағанда күштілеу дамыған бұлшықет қабығының жиырылуының маңызы зор. Веналық қанның кері ағуына веналық қабырғаның ерекшелігін құрайтын веналардың ерекше тетіктері-қақпақша кедергі жасайды. Веналық қақпақшалар дәнекер тін қабаты бар эндотелий қатпарларынан тұрады. Олардың бос жиектері жүрекке қараған, сондықтан қанның осы бағыттағы ағынына кедергі келтірмейді, бірақ оның кері қарай ағуына кедергі болады. Артериялар мен веналар әдетте қатарласа жүреді, соның өзінде ұсақ және орташа артериялармен екі вена, әрә артериялармен бір вена қосарлана жүреді. Бұл ережеден кейбір тереңдегі веналардан басқа негізінен тері астында орналасқан және ешуақытта дерлік артериялармен қосарланбайтын беткей веналар тысқары тұрады. Қан тамырларының қабырғасында өзіне меншікті, олардың өздерінің, қанмен қамтамасыз ететін жіңішке артерия мен вена болады. Олар тамырлар қабырғаларын қанмен жабдықтайтын сол бір бағаннан не көрші бағаннан шығып, қан тамырлары қоршап жатқан дәнекер тінді қабатта өтеді; бұл қабат тамырлық қынап-деп аталады. Артериялар мен веналардың қабырғасында орталық нерв жүйесімен байланысқан нерв ұштары орналасқан, соның арқасында рефлекс механизмі бойынша қан айналысының нервті реттелуі іске асады. Қан тамырлары зат алмасудың нейрогуморалдық реттелуінде үлкен қызмет атқаратын рефлексогендік аймақтар болып табылады.

Атқаратын қызметі мен түрлі бөлімдерінің құрылысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне сәйкес бөлімдерінің құрылысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне сәйкес соңғы кезде барлық қан тамырларын 3 топқа бөледі: 1. екі қан айналым шеңберін бастап және аяқтайтын жүрекқасылық тамырлар-қолқа және өкпелік баған, қуыс және өкпе веналары; 2. организм бойынша қанды таратуға арналған магистралды тамырлар. Бұларға бұлшықет типті ірі және экстраағзалық артериялар мен экстраағзалық вена жатады; 3. қан мен ағзалардың паренхимасы арасындағы алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін ағзалық тамырлар. Бұлар-ағзаішілік артериялар мен веналар, сондай-ақ микроциркуляциялық арнаның буындары.

Қанайналым капиллярлар қабырғалары арқылы зат алмасу іске асатын тіндерде басталады.

Капиллярлар қан мен лимфаның микроциркуляциясы жүретін микроциркулярлық арнаның басты бөлігін құрайды. Микроциркуляциялық арнаға лимфа каппилярлары мен аралық кеңістік те жатады.

Микроциркуляция –қан мен лимфаның тамыр арнасының микроскопиялық бөлігіндегі қозғалысы. Микроциркуляциялық орна, В.В. Куприянов бойынша 5 буынды қамтиды: 1. артериялық жүйенің ең дисталды буындары ретіндегі артериялар, 2. артериолалар мен нағыз капиллярлар арасындағы аралық буын болып табылатын прекапиллярлар немесе прекапиллярлық артериолдар; 3. капиллярлар; 4. посткапилляр немесе посткапиллярлық венулалар және 5. веналық жүйенің тамырлары болып табылатын венулар.

Бұл буындары барлығы тамыр қабырғасының өткізгіштігі мен микроскопиялық деңгейдегі қан ағымын реттеуді қамтамасыз ететін механизмдермен жабдықталған. Қанның микроциркуляциясы артериялар мен артериолалардың бұлшықеттер арқылы және И.М. Сеченов болжап айтқан ”крандар” деп атаған ерекше бұлшықетті қыспақшалар пре және посткапиллярда болады. Микроциркуляциялық арнаның кейбір тамырлары негізінен тарату қызметін, ал қалғандары (прекапиллярлар, капиллярлар, посткапилляр мен веналар) негізінен трофикалық қызметін атқарады. Әрбір сәтте капиллярлардың тек бір бөлігі жұмыс атқарып, ал қалған бөлігі резервте тұрады.

Анатомдар талған тамырлардан басқа барлық ағзаларда бар және капиллярларға соқпай артериялық қанның веналық арнаға қысқарған ағыны болып табылатын артериовенулалық анастомоздардың да микроциркуляциялық арнаға жататынын дәлелдеді. Бұл анастомоздар нағыз анастомоздарға не шунттарға (қан ағынын жабуға қабілетті бекітетін құрылғысы бар әне құрылғысы) және артериоаралық немеме жартылай шунттарға бөлінеді. Артериоловенулалық анастомоздар арқылы терминалды қан ағымы қан қозғалысының екі жолына бөлінеді: 1. зат алмасу үшін қажет транскапеллияларды жол және 2. гемодинамикалық тепе-теңдікті реттеу үшін қажет капиллярдан тыс юкстакапиллярлық (латынша juxta-жанында) қан ағымы, бұл артериялар мен веналар арасындағы тікелей байланыстар арқылы іске асырылады.

Капиллярлардан тыс қан ағымы арқасында қажет болғанда капилляр арнасы жеңілдеп, ағзадағы немесе дененің сол аумағындағы қан тасымалдануы жылдамдайды. Бұл жанама, коллатералды қан айналымының ерекше формасы секілді.

Микроциркуляциялық арна түрлі тамырлардың механикалық қосындысы емес, 7 буыннан ( 5 қан, лимфа және аралық буын) тұратын және организмнің өмірлік маңызды үрдісі-зат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі анатомиялық-физиологиялық үрдіс болып табылады. Сондықтан В.В. Куприянов оны микроциркуляция жүйесі ретінде қарастырады.

Микроциркуляциялық арнаның түрлі ағзаларда құрылысы мен атқаратын қызметіне сәйкес өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, бауырда кең капиллярлар-бауыр синусоидтары кездеседі; оларға артериялық және веналық қан келеді. Бүйректерде артериялық капиллярлар шумақтары болады. Ерекше синусоидтар жілік майына тән және т.б.

Сұйықтың микроциркуляциялық үрдісі микроскопиялық қан тамырларымен шектелмейді. Адам организмінің 70% -ы судан тұрады, олар жасушалар мен тіндерде орналасады және қан мен лимфаның негізгі массасын құрайды. Барлық сұйықтың тек 1/5 ғана тамырларда, ал қалған 4/5 бөлігі жасушалар плазмасы мен жасушааралық ортада болады. Сұйықтың микроциркуляциясы қан тамыры жүйесінен басқа тіндерде, сірлі және басқа қуыстарда және лимфаның тасымалдану жолында жүреді.

Қан микроциркуляциялық арнадан веналарға, ал лимфа -лимфа тамырларына келеді де, ең соңында жүрекқасы веналарына құйылады. Келіп қосылған лимфасы бар вена қаны жүрекке, алдымен оң жүрекшеге одан оң қарыншаға құйылады. Оң жақ қарыншадан вена қаны қан айналымының кіші шеңбері бойымен өкпеге келеді.

Кіші (өкпелік) қанайналым шеңбері қанды өкпедегі оттегімен байыту үшін керек. Ол оң жақ қарыншадан басталады, бұл қарыншаға оң жақ жүрекшеге келген барлық вена қаны оң жақ жүрекше қарынша тесігі арқылы өтеді. Оң жақ қарыншадан өкпе бағаны шығады, ол өкпеге жақындай келе оң жақ және сол жақ өкпе артерияларына бөлінеді. Бұлар өкпеге келіп, артерия, артериола, прекапилляр, және капилляр тамырлары болып тармақталады. Өкпе көпіршіктерін шырмап жатқан капилляр торларында қан көмірқышқыл газын беріп, оның орнына оттегінің жаңа қорын алады. Тотыққан қан қайтадан алқызыл түске боялып, артерия қанына айналып, капиллярлардан венулалар мен веналарға келеді, олар төрт өкпе веналарына екеуден қосылып, сол жақ жүрекшеге құяды.

Кіші қанайналым шеңбері сол жақ жүрекшеде аяқталады, ал ол жүрекшеге келген артерия қаны сол жақ атриовентрикулалық тесік арқылы үлкен қанайналым шеңбері басталатын жерге, яғни сол жақ қарыншаға келеді. Лимфа жүйесі, тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады және вена жүйесінің қосымша арнасы сияқты, онымен тығыз байланыста дамиды, әрі құрылысы жағынан ұқсас белгілері болады ( қақпақшаларының болуы, лимфа ағынының тіндерден жүрекке қарай бағытталуы ).

Оның негізігі қызметі-лимфаны тіндерден вена арнасына өткізу (тасымалдық, резорбциялық және дренаждық қызметтер), сондай-ақ иммунды реакцияларға қатысатын лимфоидтық элементтерді түзу және организмге келетін бөгде заттарды, бактерияларды және т.б. залалсыздандыру. Қатерлі ісік жасушалары да лимфа жолдарымен таралады; бұл жолдарды анықтау үшін лимфа жүйесі анатомиясын терең білу керек.

Осы аталған қызметтеріне сәйкес лимфа жүйесі құрамында мыналар болады:


  1. Лимфа өткізетін жолдар: лимфокапиллярлық тамырлар, лимфа тамырлары, сабаулары және түтіктері.

II. Лимфоциттер дамитын жерлер:

  1. жілік майы және айрықша без;

  2. шырышты қабықтардағы лимфоидты түзілістер:

а) жекелеген лимфа түйіншелері;

ә) шоғырланған;

б) бадамша түрінде лимфа тінінің түзілуі;

3) лимфа тінінің соқыр ішекте жиналуы;

4) көкбауыр ұлпасы;

5) лимфа түйіндері.


Бұл түзілістердің барлығы бір мезгілде тосқауыл қызметін де атқарады. Лимфа түйіндерінің болуы лимфа жүйесін вена жүйесінен өзгешелейді. Тағы бір айырмашылығы-веналық капиллярлар артериялық капиллярлармен қатынасады, ал лимфа жүйесі бір ұшында тұйықталып, басқа ұшымен вена арнасына ашылатын түтікшелер жүйесі болып табылады.

Лимфа жүйесі анатомиялық жағынан мына бөліктерден тұрады:



  1. Лимфалық арнаның тұйық ұшы лимфокапилляр торы түрінде ағза тіндерін шырмап жататын лимфокапилляр тамырынан басталады.

  2. Лимфокапилляр тамырлары ағзаішілік ұсақ лимфа тамырлар өрімі айналады.

  3. Ол өрімдер өздерінің одан арғы жолдарында лимфа түйіндерімен үзіліп отыратын ірілеу әкетуші лимфа тамырлары түрінде ағзалардан шығады.

  4. Ірі лимфа тамырлары лимфа сабауларына, одан әрі дененің басты лимфа түтіктеріне-оң жақ лимфа түтігі және кеуде түтігіне, ал олар ірі мойын веналарына құйылады.

Лимфакапилляр тамырлары мынадай 0ызметтер атқарады:

  1. қан капиллярларына сіңірілмейтін белоктық заттардың коллоидты ерітінділерін тіндерден сіңіріп, резорбциялау; 2) веналарға қосымша тіндерден дренаждау, яғни су мен онда еріген кристалоидтарды сіңіріп алу; 3) патологиялық жағдайда тіндерден бөгде заттарды және т.б. әкету.

Осыған сәйкес лимфокапиллярлық тамырлар ми, көкбауыр паренхимасы, терінің эпителий жабыны, шеміршек, көздің мөлдір қабығы мен көз бұршағы қағанақ және гипофизден басқа барлық ағзаларды торлап жататын эндотелилік түтіктер жүйесі болып табылады.

Бастапқы лимфа торларының архитектурасы әртүрлі. Бұл торлар шиырының бағыты дәнекер тін және бұлшықет талшықтары, бездердің және ағзаның тағы басқа құрылымдық элементтерінің бағыты мен орналасу қалпына сәйкес келеді.

Лимфокапиллярлық тамырлар микроциркуляциялық арнаның буындарының бірін құрайды. Лимфокапиллярлық тамыр бастарқы не жинақтаушы, лимфа тамырына айналып, содан кейін ол әкетуші лимфа тамырларына ауысады.

Лимфа тамырлары. Лимфокапиллярлық тамырлардың лимфа тамырларына айналуы оның қабырға құрылысының өзгеруіне байланысты, ал қақпақшалар капиллярларда да кездесе береді.

Ағзаішілік лимфа тамырлары ағзаның дәнекер тінді қабатында орналаса, кең шиырлы өрімдер түзіп, қан тамырларымен бірге жүреді.

Әрбір ағзадан не дене бөлігінен түрлі лимфа түйіндеріне баратын әкетуші лимфа тамырлары шығады. Қосалқы лимфа тамырларының қосылуынан пайда болған, артерия және веналармен қосарлана жүретін басты лимфа тамырлары коллекторлар деп аталады. Лимфалық коллекторлар соңғы лимфа түйіндері тобынан өткеннен кейін саны мен орналасуы жағынан дененің ірі бөліктеріне сәйкес келетін лимфа бағаналарына қосылады.

Мәселен, аяқ пен жамбас астауы үшін негізгі лимфа бағанасы қолқа мен төменгі қуыс вена жанында жататын лимфа түйіндерін әкетуші тамырларынан түзілетін, бойымен жүретін-бас пен мойын үшін бойымен жүретін болып табылады. Одан басқа кеуде қуымында жұп бар, ал іш қуысында кейде сыңар кездеседі. Бұл бағандардың барлығы ақыр аяғында ірі веналарға, негізінен мойындырық веналарына құйылатын екі соңғы өзекке қосылады.

Лимфа түйіндері. Лимфа түйіндері лимфа тамыры бойында орналасып, олармен бірге лимфа жүйесін құрайды. Олар лимфопоэз және антиденелер түзуші ағзалар болып табылады. Дененің нақты бір бөлігінен немесе ағзасынан лимфа алатын лимфа тамырларының жолындағы бірінші лимфа түйіндері аймақтық деп есептеледі.

М.Р. Сапиннің сипаттамасы бойынша әрбір лимфа түйіні дәнекер тінді қапшықпен жабылған, одан түйіннің іш жағына қарай қапшық трабекулалары кетеді.

Түйіннің бетінде түйін қақпасы орналасады. Сомалық түйіндерде бір қақпадан, ал висцералды түйіндерде 3-4 қақпадан бар. Қақпа арқылы түйінге артериялар мен нервтер өтіп, веналар мен әкетуші лимфа тамырлары шығады.

Қақпалар аймағында қапшықтық трабекулалар мен түйін стромасы өзара байланысты, олардың шиырларындағы қан жасушалары, негізінен лимфоциттер жататын торлы дәнекер тінінен түзілген.

Ретикулярлы тін мен оның шиырларында жататын жасушалар түйін паренхимасын құрайды, оны қыртыс және ми заты деп бөледі. Қыртыс затында негізінен иммунокомпетентті жасушалар бар ұсақ түйіншектер немесе фолликулдар орналасады. Ми заты гуморалдық иммунитет жасауға қатысы бар В-лимфоциттердің жиналу аймағы болып табылатын жұмсақ тәждерден тұрады.

Қапшық трабекула және паренхима арасында саңылаулар-лимфалық қойнаулар болады. Қойнаулар арқылы лимфа түйініне келген лимфа ағады. Лимфа алдымен түйін қапшығы астында жатқан жиек қойнауына келеді, түйінге әкелуші лимфа тамырлары ашылады. Одан әрі қан қыртыс және ми заты қойнауларына, содан кейін қақпа қойнауына одан әкетуші лимфа тамырларына келеді. Лимфа өз жолында түйін паренхимасынан өтумен қатар жиек қойнауы арқылы әкелуші лимфа тамырларынан әкетуші лимфа тамырларына қарай қысқалау жолмен ағады.

Қойнаулар қабырғалары арқылы лимфа түйіні паренхимасында бөгде заттар өтіп, жиналады және лимфаның әсеріне ұшырайды.

Әрбір лимфа түйіні қанмен молынан жабдықталады, оған артериялар қақпа арқылы ғана емес, капсула арқылы да өтеді.

Лимфа түйіндерінде қан мен лимфа арасында алмасу жүретіндігі эксперимент арқылы дәлелденген.

Шартты түрде лимфа түйіндерінің үш түрін ажыратады. Бірінші түрінің, қыртыс затының ауданы, милы зат ауданынан біршама аздығымен сипатталды. Бірінші түрдің лимфа түйіндері рентгенконтрасты затпен тез және толық толтырылады.

Екінші түрдің лимфа түйіндері нағыз. Олардағы қыртыс заттың массасы милы зат массасынан көбірек, бұл түйіндер рентгендік жағынан баяу және нашар контрастылық береді. Бұндай түйіндердің тасымал қызметі шамалы. Үшінші түрі-аралық лимфа түйіндері жиірек кездеседі. Оларда қыртыс және милы заттарының массалары шамалас. Рентгенконтрасты затпен жақсы толады. Олардың конструкциясы лимфаны өңдеу және тасымалдау қызметін тиімді қамтамасыз етеді.

Лимфа түйіндері бүкіл өмір бойы, соның ішінде орта жастағы қарт адамдарда да өзгеріп отырады. Жастық шақтан (17-21 жас) қартаң шаққа (60-75 жас) дейін олардың мөлшері 1,5-2 есе азаяды. Адамның жасы ұлғайған сайын түйіндерде, әсіресе сомалық түйіндерде қапшықтар мен трабекулалар жуандап, дәнекер тін көбейіп, паренхима май тінімен алмасады. Мұндай түйіндер өздерінің табиғи құрылысы мен қасиеттерін жоғалтып, босап қалады да, димфа өте алмайтын күйге келеді. Қатар жатқан екі түйіннің бітісіп, ірілеу бір түйінге айналуынан да лимфа түйіндерінің саны азаяды.

Жасқа қарай түйін пішіндері де өзгереді. Жас кезде дөңгелек және сопақ пішінді түйіндер көбірек болады да, қартаң және қарт кісілерде олар созылып, ұзарады.

Сөйтіп, оларда жұмыс істейтін лимфа түйіндерінің саны атрофиялану салдарынан және бір-бірімен бітісіп өсуінен азаяды, соның нәтижесінде ересек жастағы адамдарда ірі лимфа түйіндері басым келеді.

Кеуде түтігі Д.А. Ждановтың деректері бойынша, ұзындығы 30-41 см оң жақ және сол жақ бел сабауларының қосылуынан басталады. Әдетте оқулықтарда кеуде түтігінің үшінші түбіршігі ретінде сипатталатын жиі кездеспейді. Ол кейде жұп болады да, не сол жақ , не оң жақтағы бел бағанына құйылады. Кеуде түтігінің басталу деңгейі ХI кеуде және II бел омыртқалары арасында ауытқып отырады. Кеуде түтігінің басталатын жерінде буылтығы-цистернасы болады. Іш қуысында пайда болған кеуде түтігі қолқа тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, сол жерде жиырылуы арқылы лимфаның түтікпен жылжуына жәрдемдесетін көкеттің оң жақ аяқшасымен бітісіп өседі. Кеуде қуысына өтіп, омыртқа бағанасының алдымен жоғары қарай көтеріліп қолқаның кеуде бөлігінің оң жағынан, өңештің артқы жағынан өтеді. Одан әрі қолқа доғасының артында орналасады. Қолқа доғасына жетіп, V-III кеуде омыртқалары деңгейінде солға қарай ығысады.

VII мойын омыртқасы деңгейінде кеуде түтігі мойнына шығып, доға түзе, сол жақ ішкі мойындырық венасына не оның сол жақ бұғанаасты венасымен қосылатын бұрышына құйылады. Кеуде түтігінің құятын жері іш жағынан оған қан өтіп кетуіне тосқауыл болатын жақсы дамыған екі қақпақшамен жабдықталған. Кеуде түтігінің жоғарғы бөлігі не кеуде торының сол жақ жартысының қабырғалары мен бастың сол жақ жартысынан лимфа жинайтын келіп құяды.

Кеуде өзегі мен лимфа тамырлары-жабдықталған.

Барлық лимфа тамырлары қабырғаларына афферентті және эфферентті нерв бар.

Оң жақ лимфа түтігі

Оң жақ лимфа түтігінің ұзындығы 10-12 мм-ден артпайды және ол үш бағанның: бас пен мойынның оң жақ аймағынан лимфа алатын, оң қолдан лимфа әкелетін, кеуде торының оң жақ жартысының қабырғалары мен ағзаларынан және сол жақ өкпенің төменгі үлесінен лимфа жинайтын қосылуынан түзіледі. Оң жақ лимфа түтігі оң жақ бұғанасты венасына құйылады. Көбінесе ол болмайды, ондай жағдайда жоғарыда аталған үш баған бұғанаасты венасына жеке-жеке келіп құйылады.

Дененің жеке аймақтарының лимфа тамырлары мен түйіндері

Тұлға, бас және қол-аяқтардың лимфа тамырлары беткей және терең болып бөлінеді. Олардың арасын сол аймақтың меншікті шандыры бөліп тұрады. Демек, беткей лимфа тамырларына-тері, теріасты шел майы мен шалдырдың біраз бөлігінің лимфа тамырлары ал терең лимфа тамырларына аталған шандырдың астындағылары жатады.

Соманың терең лимфа жүйесінің құрылысы. Буын қапшықтары, бұлшықет, сіңір, шандыр, нерв және т.б. лимфа өрімдерінен пайда болған терең лимфа тамырлары алдымен осы түзілістердің тамыр-нерв будалары құрамында жүріп, содан кейін дененің сол аймағының лимфа коллекторлары ірі артерия және вена бағандарына қосарланып, аймақтық лимфа түйіндеріне құйылады.

Аяқ. Аяқтың лимфа түйіндері:


    1. Тақым шұңқырында;

    2. Шап аймағында орналасады; Олар шап байламының дәл астында жатып, беткей және терең, болып бөлінеді.

  1. беткей шап түйіндері санның жалпақ шандырында орналасады.

  2. Терең шап түйіндері жалпақ шандырдың астында жатады.

Беткей лимфа тамырлары. Коллекторлардың артқы латералды тобы мен тақым түйіндеріне аяқтың шамалы аймағының ( IV жәнеV бақайлар, аяқ басының латералды жиегі, сирақтың төменгі латералды беті) терісінен, терасты шел майынан және беткей шандырынан лимфа әкелінеді. Аяқтың қалған жерлерінен лимфа түйіндерінде тоқталмастан шап түйіндеріне ағады. Тері іріңдеп қабынғанда, мысалы, бас бармақтың тырнақты бақайшағы қабынғанда шап түйіндерінің реакция беруі осыған байланысты. Санның жоғарғы 1/3 беткей лимфа тамырлары шап түйіндеріне келеді, оған сондай-ақ бөксе аймағы, алдыңғы іш қабырғасының және сыртқы жыныс мүшелерінің беткей тамырлары да құяды.

Тізе буынының буын қапшығын қоса аяқ ұшы мен сирақтың терең лимфа тамырлары тақым түйіндеріне құяды, ол жерден лимфа сан артериясына қосарлана жүретін терең коллекторлар арқылы жетеді. Оларға лимфа санның терең құрылымдарына әкеледі. Соның нәтижесінде шап аймағында орналасқан түйіндердің үлкен тобы бүкіл аяқтардан, алдыңғы іш қабырғасынан, бөксе аймағынан, бұтаралығынан және сыртқы жыныс мүшелері мен ішінара ішкі жыныс мүшелерінен лимфа жинайды.

Шап түйіндерінің әкетуші тамырлары сияқты жалпы артериясы мен венасы бойымен сыртқы түйіндерге содан кейін ортақ мықын лимфа түйіндеріне келіп, одан лимфа бел түйіндері мен бағандарына барады.

Жамбас астауы. Онда лимфа түйіндері негізінен қан тамырлары бойында, сондай-ақ жамбас астауы ішіндегі ағзалардың бетінде орналасады. Бұл жерде мынадай топтар:

1) сыртқы және жалпы мықын артериялары бойында орналасқан, олардың әкетуші өзектеріне қарай кетеді; 2 ) жамбас астауы қуысының бүйір бетінде орналасады, олардың әкетуші жолдары жалпы мықын артериясы жолында орналасқан; 3 ) кішкене түйіншектер әкетуші жолдары қасында орналасқан кетеді. Бұл аталған түйіндерге кіші жамбас астауы ағзаларының әкетуші лимфа тамырлары да құйылады.

Іш. Іш қабырғасының жоғарғы жартысының лимфа тамырлары жоғары және латералды жүріп, бағыт алады; ал іш қабырғасы төменгі жартысының тамырлары, керісінше, қарай төмен түседі.

Іш қуысында мыналарды бөліп ажыратады: 1) қолқа мен төменгі қуыс вена айналасында жайғасқан париеталды түйіндер; 2) құрсақ бағаналары жоғарғы және төменгі шажырқай артерияларының бағандары мен тармақтары бойында орналасқан висцералды түйіндер. Париеталды түйіндердің саны 30-50-ге жетеді. Бұларды жалпы ”бел түйіндері” дейді.

Іш қуысының висцералды түйіндері екі үлкен топқа: 1) құрсақ сабауы тармақтарының бойындағы; 2) шажырқай артериялары тармақтарының бойындағы болып бөлінеді.

Бірінші топтың лимфа түйіндері: артериялар мен ағзаларға байланысты аталады.

Шажырқай артерияларының бойында орналасқан висцералды түйіндердің екінші тобы өздерінің көптігімен ерекшеленеді.

Жіңішке ішекте лимфа тамырларының ерекше жүйесі-сүт тамырлары жүйесі бар. Ішектің қабырғасын құрайтын барлық ( шырышты, шырышасты, бұлшықет және сірлі) қабаттарында лимфа тамырларының өрімдері болады.

Сонымен лимфа тамырларының екі тобын ажыратады:


  1. Сірлі қабықтың лимфа тамырлары;

  2. Сүттіген немесе сүт тамырларының түбірі, бүр ұшының эпителийі астындағы тұйық орталық лимфа тамырларынан басталады. Олар ішектің шырышты қабығы мен шырышасты негізінде жайғасады, одан кейін шажырқайға созылып, лимфаға хилус сияқты сіңірілген майды тасымалдайды. Бұл тамырлардың аты осыған байланысты шыққан. Қалған қоректік заттарды вена жүйесі сіңіріп, қақпа венасы арқылы венаға алып барады.

Он екі елі ішектің әкетуші тамырлары панкреатодуоденалды лимфа түйіндеріне барады. Аш ішек пен мықын ішектің әкетуші лимфа тамырлары шажырқай қабатымен шажырқай түйіндеріне барады.

Жіңішке ішек шажырқайларында лимфа тамырларының үш тобын ажырату керек: 1) сол жақтағы топ-аш ішектің бастапқы бөлігінен түзіледі (40-70 см); 2 ) ортаңғы топ-аш ішектің қалған бөлігінен құралады және 3 ) оң жақтағы топ-мықын ішіндегі лимфа тамырлары.

Сүт тамырлары шажырқайдан өткенде төрт қатарға орналасқан шажырқай лимфа түйіндерімен үзіліп отырады. Бірінші қатардың түйіндері ішектің шажырқай жиегі бойында, екінші қатардың түйіндері-жиектен сәл кейіндеу, үшінші қатар түйіндері-шажырқай түбірі қасында және төртінші қатар түйіндері-шажырқай түбірінде орналасады. Шажырқай түйіндерінен лимфа бел түйіндеріне, ал одан әрі кеуде түтігіне ағады. Кейде іш қуысының шажырқай және басқа висцералды ьүйіндері әкетуші тамырларының бір бөлігі деп аталатын қысқа бағандарына жиналады, олар не тікелей кеуде түтігінің басына, не сол жақтағы бел бағанына құйылады.

Тоқ ішектен лимфа аттас тамырлардың жолындағы барады.

Кеуде торы. Кеуде қуысында париеталды және висцералды лимфа түйіндерін ажыратады.

Париеталды түйіндер-кеуде торының артқы қабырғасында омыртқаалдылық және қабырғааралық; кеуденің алдыңғы қабырғасында сүт безі қасындағы, төс қасындағы; төменгі қабырғасында-жоғарғы көкет түйіндері орналасады.

Висцериалды түйіндердің ішінде алдыңғы перикардиалды және латериалды перикардиалды түйіндері, алдыңғы кеудеаралық түйіндерді ажыратады.

Артқы кеудеаралық түйіндері өкпе қақпаларында жайғасады: бронхөкпе түйіндері, кеңірдек айырығы жанында; жоғарғы және төменгі кеңірдек бронх түйіндері өңеш бойында, юкста өңеш өкпелік түйіндері жатады.

Кеуде қуысының алдыңғы және латералды қабырғаларының сыртқы жабындарының лимфа тамырлары негізінен барады, бағандарының бір бөлігі бұғана арқылы өтіп, терең мойын түйіндеріне құйылады.

Кеуде торының ішкі жағынан және өкпеқақтан лимфа тамырлары арқылы, алдыңғы жағында қарай барады. Сүт безінің әкетуші лимфа тамырлары оның латералды бөлімдерінен қолтық түйіндеріне, артқы бөлімінен бұғанаүсті және бұғанаасты түйіндеріне, ал жоғарғы медиалды бөлімінен төс қасындағы түйіндерге барады.

Көкеттің лимфа тамырларының бір бөлігі көкет аяқшаларында орналасқан бір бөлігі кеудеаралық түйіндерге, бір бөлігі барады.

Ішкі ағзалардың лимфа тамырлары тиісті ағзаның анатомиясы баяндалғаннан кейін сипатталған.

Лимфа кеуде қуысы ағзаларынан екі үлкен жиналады; оң жақтан, сол жақтан құяды.

Кеуде, іш және жамбас астауы қуысындағы жекелеген ағзалардың әкетуші лимфа тамырлары не аймақтық түйіндерге барар жолдарында өзара қосылады немесе жалпы аймақтық түйіндерге құйылады, соның нәтижесінде жекелеген ағзалардан келетін лимфа ағындары арасында байланыс пайда болады. Бұл байланыстардың қатерлі ісіктің таралу жолдарын түсіну үшін тәжірибелік маңызы бар.

Қол. Иық белдеуі тіндері мен ағзаларынан, кеуде қабырғасының оған жақын жатқан бөлігі мен қолдан лимфа бұғанаасты бағанына жиналады, ол бұған тамыр-нерв будасында қатар жүріп, оң жақ баған немесе оң жақ веналық бұрышқа, ал сол жақтағы баған-тікелей сол жақ веналық бұрышқа құяды. Қолдың аймақтық лимфа түйіндері екі үлкен жиын түрінде оның екі ірі буындарының шынтақ жанында орналасады.

Қолтық түйіндері, қолтық шұңқырының шелмайында орналасқан. Олардың ішінен беткей және тереңдерін ажыратады.

Қолдың беткей лимфа тамырларында екі топ бар: 1) медиалды тамырлар V-III саусақтардан, алақан мен білектің медиалды бөлігінен иықтың медиалды жағымен қолтық түйіндеріне барады, медиалды тамырлардың бір бөлігі қосарланып, құяды;


  1. латералды беткей тамырлар параллельді жүріп, құйылады. Иық белдеуі мен иықтың беткей лимфа тамырлары да қолтық түйіндеріне құяды.

Қол басы мен білек сүйектерінен, буындарынан және бұлшықеттерінен лимфа алып, кәрі жілік және шынтақ артерияларына қосарлана жүретін қолдың терең лимфа тамырлары терең лимфа түйіндерімен бірге, иық артериясына қосарланатын коллекторлар арқылы терең қолтық түйіндеріне жетеді. Оларға жол-жөнекей иықтың терең лимфа тамырлары қосылады. Сөйтіп, қолтық түйіндері тобы лимфаның дененің көп бөлігінен ( қол, иық белдеуі және кеуде) жиналып қосылатын жеріне айналады.

Бас пен мойын. Лимфа бас пен мойыннан оң және сол жақ мойын лимфа бағналарына жиналады, ал олар ішкі мойындырық венасына параллелді жүре отырып, оң жақтағы бағана-тікелей оң жақтағы веналық бұрышқа, ал сол жақтағы бағана-тікелей сол жақтағы веналық бұрышқа құяды.

Баста лимфа түйіндері негізінен оның мойынмен шекарасы бойында топталады. Түйіндердің бұл топтарынан мыналарды атап көрсетуге болады.


  1. Шүйде түйіндері-бұларға бастың шүйде, шеке және самай аймақтарының артқы бөлігінен лимфа тамырлары құяды.

  2. Емізік тәрізді түйіндер-сол аталған аймақтардан, сондай-ақ құлақ қалқанының артқы бетінен, сыртқы есту тесігінен және дабыл жарғағынан лимфа жинайды.

3. шықшыт түйіндері -маңдайдан, самайдан, қабақтың латералды бөлігінен, құлақ қалқанының сыртқы бетінен, шықышыт буынынан, шықшыт безінен, жас бездерінен, сыртқы есту тесігі қабырғасынан, дабыл жарғағы мен есту түтікшесінен лимфа жинайды.

4. Төменгі жақсүйекасты түйіндері, иектің латералды жағынан, жоғарғы және төменгі еріндерден, ұрттан, мұрыннан, қызылиек пен тістерден, қабақтардың медиалды бөлігінен, қатты және жұмсақ таңдайдан, төменгі жақсүйекасты және тіласты сілекей бездерінен лимфа жинайды.

5. Бет түйіндері (ұрттық, мұрын-еріндік) –көзұясынан, мимика бұлшықеттерінен, ұрт, ерін, қызылиек шырышты бездерінен, ауыз бен мұрын аймағындағы сүйек қабығынан, төменгі жақсүйекасты және тіласты бездерінен лимфа жинайды.

6. Иекасты түйіндері-төменгі жақсүйекасты түйіндері сияқты бастың дәл сол аймақтарынан, сондай-а тіл ұшынан лимфа жинайды.

Мойында лимфа түйіндерінің екі тобын ажыратады: алдыңғы мойын түйіндері және латералды мойын түйіндері. Алдыңғы мойын лимфа түйіндері беткей және терң болып бөлінеді, солардың ішінен: көмейалды, қалқаншалық (қалқанша бездің алдында жатады) , кеңірдекалды және кеңірдекмаңы лимфа түйіндерін ажыратады.

Латералдық түйіндер де беткей және терең топтар құрайды. Беткей түйіндер сыртқы мойындырық венасының, көлденең мойын артериясының (бұғанаүсті түйіндері) бойында және жұтқыншақтың артқы жағында тізбекшелер түзеді.

Терең мойын лимфа түйіндерінен ажыратады. Бірінші түйін ішкі мойындырық венасында тіласты сүйегінің мүйізі деңгейінде орналасқан. Екінші түйін ішкі мойындырық венасында үстінде жатады. Бұлар тіл лимфа тамырларын тікелей немесе иекасты және төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндері арқылы қабылдайды. Ісік тілді зақымданғанда, бұларға қатерлі ісік жасушалары келуі мүмкін.

Жұтқыншақарты түйіндеріне мұрын қуысы мен оның қосалқы ауалы қуыстарының шырышты қабығымен қатты және жұмсақ таңдайдан, тіл түбірінен, жұтқыншақтың мұрын және ауыз бөліктерінен, сондай-ақ ортаңғы құлақтан лимфа келіп құйылады. Аталған түйіндердің барлығынан лимфа мойын түйіндерінеағады.

Лимфа тамырлары. 1) Мойынның терісі мен бұлшықеттерінікі; 2) Көмейдікі ( дауыс байламдарынан жоғары жатқан шырышты қабықтың лимфалық өрімдері) дауыс байламдарының төмен орналасқан шырышты қабығының лимфа тамырлары екі жолмен: алға қарай-көмейалды түйіндерге және артқа қарайбойында орналасқан түйіншектерге жүреді; 3) Қалқанша без тамырлары негізі; 4) Жұтқыншақ пен таңдай бадамшаларынан бағытталады.

Лимфа тамырлары мен түйіндерінің таралу заңдылықтары




  1. Лимфа жүйесінде лимфа дененің көп бөлігінде ауырлық күшінің бағытына қарсы ағады, сондықтан баяу жылжиды.

Веналық арна оған құятын лимфалық арнамен толығады да, жүректегі қан балнсы теңеседі. Лимфалық арнаның кендігі лимфа тамырлары санының көптігімен қамтамасыз етіледі.

  1. Соманың лимфа тамырлары беткей және терең болып бөлінеді. Тері астында жатқан беткей тамырлар теріасты веналары және беткей нервтермен қосарлана жүреді.

Терең лимфа тамырлары тамыр-нерв будаларында оларда жатқан артерияларға, терең веналарға және нервтерге парллельді жүреді. Сондықтан олар қатарласа жүретін артериялар заңдарына бағынады.

3. Барлық лимфа тамырлары пайда болған жерінен аймақтық лимфа түйіндеріне дейін ең қысқа жолмен барады.

4. Соманың лимфа тамырлары сүйектерге параллелді жүреді. Мысалы, қабырғалардың бойымен жүретін қабырғааралық лимфа тамырлары.

5. Дененің сегменттік құрылысы сақталған аймақтарында лимфа тамырлары мен түйіндері де сегментті орналасады.

6. Организмнің сыртқы және ішкі ағзаларына бөлінуіне сәйкес лимфа түйіндері сомалық және висцералдық болып бөлінеді.

7. Лимфа түйіндері қозғалмалы жерлерде орналасады. Мысалы, қолда-қолтық және шынтақ шұңқырларында, аяқта-тақым шұңқыры мен шап аймағында, омыртқа бағанасының мойын және бел бөлімдерінде.

8. Лимфа түйіндері ағзалар қақпаларының жанында жатады.

9. Лимфа түйіндерінің көбісі екіжақты симметрия принципі бойынша орналасады. Алайда, М.Р. Сапиннің деректері бойынша, дененің оң және сол жақ жартыларында орналасқан лимфа түйіндерінің саны мен үлкен-кішілігінде айырма бар: олар оң жағында сол жағындағыға қарағанда көптеу. Адамда лимфа түйіндерінің ассимеириялы болуы ағзалардың, әсіресе қол-аяқтардың оң жағында басым дамуымен байланысты адам құрылысының жалпы ерекшеліктерін бейнелейді. Соңғы жылдардағы зерттеу деректері бойынша лимфа түйіндерінің аймақтық түрлік және экологиялық ерекшеліктері бар.


Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> Төлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> Сейсенбаева Ж. М., Балабекова Д. Б. Банктердің есебі және аудиті оқУ ҚҰралы шымкент, 2017
kitap -> Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»
kitap -> Таќырыбы: Гидросфера жјне јлемдік су ќоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет