Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»


ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ ТУРАЛЫ ІЛІМ-ЭНДОКРИНОЛОГИЯ



жүктеу 1.39 Mb.
бет5/6
Дата07.03.2018
өлшемі1.39 Mb.
1   2   3   4   5   6

ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ ТУРАЛЫ ІЛІМ-ЭНДОКРИНОЛОГИЯ
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды беліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сrіnео — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан-серік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (1-сурет). Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.

Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады — эстроген, прогестерон және гонодотропин. Ішкі секреция бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады.

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Оның массасы адамда 20-40 г, жылқы мен сиырда -25-40 г, шошқада — 15-20 г, қой-ешкіде 5-10 г, тауықта 40-100 мг. Без сырт жағынан дәнекер ұлпалы кабықшамен қапталады

Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсірейді, бұлшық ет болжырап, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады.

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.



Бүйрекүсті безі (glandula sup-rarenalis, лат. glandula — без, supra — үсті және ren — бүйрек) — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция безі.

Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милықабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.

Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.

Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай жағдайда жауар еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қойылады және басқа өзгерістер пайда болады.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп



әжім түседі. Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады.

Гипофиздің алдыңғы бөлігі – аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацедофилдік, базофилдік және хромофобтық клеткалардан тұрады. Соңғылары – бас клеткалар осы бас клеткалардан дамиды. Бастапқы аталған екіклетка бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі. Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады.




Эпифиз (шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.
ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жүрек пен қан тарайтын тамырлардың ауруынан жиі өліп кетеді, сондықтан осындай сырқаттарды күтуде ме-йіркеш ролі өте зор әрі жауапты. Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамыр-дың соғуы деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасы-мен ортаға ырғақты лақтырылған қан айналымы арна-сы ішінде тербеліс жасап, артериялар қабырғаларьш зластикалық кеңейтіп, орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты т а м ы р с о ғ у ы ж и і л і г і минутына 60-тан 80-ге дейін өзгеріп отырады, бірақ жа-сына, жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай көп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында тамыр неғұрлым жиі соғады. 25-тен 60 жасқа дейін тамыр соғу тұрақты. Әйелдердің та-мырларының соғуы еркектерге қарағанда жиі. Неғұр-лым көп күш жұмсайтын қарқынды жұмыс кезінде та-мырдың соғуы да жиі болады.

Жүрек қабырғасының қабықшалары



Ішкі - эндокард (endocardium), Ортаңғы - миокард (myocardium), Сыртқы - эпикард (epicardium)

Эндокардтың туындылары – жүрек қақпақшалары – сыртынан эндотелиймен қапталған борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құралған тығыз табақшалар
Жүрек пен қан тарайтын тамырлардың ауруынан жиі өліп кетеді, сондықтан осындай сырқаттарды күтуде ме-йіркеш ролі өте зор әрі жауапты.

Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамырдың соғуы деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасымен ортаға ырғақты лақтырылған қан айналымы арнасы ішінде тербеліс жасап, артериялар қабырғаларьш зластикалық кеңейтіп, орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты т а м ы р с о ғ у ы ж и і л і г і минутына 60-тан 80-ге дейін өзгеріп отырады, бірақ жасына, жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай көп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында тамыр неғұрлым жиі соғады. 25-тен 60 жасқа дейін тамыр соғу тұрақты. Әйелдердің тамырларының соғуы еркектерге қарағанда жиі. Неғұр-лым көп күш жұмсайтын қарқынды жұмыс кезінде тамырдың соғуы да жиі болады. Тамырлар жүйесі қантамырлар және сарысу (лимфа) тамырлар жүйесіне бөлінеді. Қантамырлар немесе жүрек—тамырлар жүйесіне: жүрек, қолқа, күре және майда артериялар, қылтамырлар (капил-ляр), артериялар, вена қылтамыры, ұсақ және ірі веналар, ұсақ және қуысты веналар жатады. Олардың бойымен қан ағады. Олар әр түрлі диаметрдегі серпімді түтік болып саналады.

 Жүрек қуысты, бұлшықетті мүше, сүйір пішінді, көкірек қуысының сол қуыс бөлігінде, алдыңғы аралықта орналасқан. Жүректің салмағы шамамен 300 г. Жүректің қабырғасы үш қабат: ішкі – эндокард, ортаңғы – микард және сыртқы – эпикардтан құралады. Жүрек үлпершегімен қапталған – бұл перикард немесе үлпершек. Сыртқы қабат (эпикард) және үлпершек (перикард) аралығында саңлау тәрізді бостық – үлпершек (перикард) қуысы бар, ол қуыста шамалы мөлшерде сір сұйықтығымен толған.
Адамның жүрегі – төрт қуыстан (камерадан) тұрады. Ол ұзына бойына жатқан пердемен өзара байланыспайтын болып екі жартыға: оң және сол болып бөлінген. Оң жақ жартысында венозды қан, сол жағында – артериалды қан ағады. Жүректің әр жартысының өзі екі қуыстан (камерадан): жоғарғысы – құлақша және төменгісі – қарынша, олар өзара бір-бірімен құлақша қа-рынша (атриовентрикулярлы) тесікпен қатынасып тұрады. Алдыңғы құлақшалардың қабырғасында жүректің құлағы, ал қарыншалардың ішкі беттерінде жүректің бұлшықетті қабатының шығыңқысы – бұлшықетті емізікшелері болады. Сол қарыншаның қабырғасы оң жағына қарағанда әжептєуір қалың. Оң құлақшаға жоғарғы және төменгі қуысты веналар және жүректің өзінің жалпы веноздық тамыры құяды. Сол құлақшаға төрт өкпелік веналар ашылады.  Оң жақ қарыншадан өкпелік күретамыр (бағанасы) шығады, ал сол жағынан артерия тамырының ең үлкені – қолқасы шығып, бүтін ағза-ға артериялық қан береді. Жүректің оң жартысында, құлақша мен қарын-шаның арасында үшжақ-таулы қақ-пақша, сол жартысында құлақша мен қарынша аралығында – екіжақтаулы қақпақша, тағы да өкпелік күрета-мыр және қолқаның басталатын жерінде жартылай қақпақшалары бар. Жүректің қанмен жабдықталуы, екі тәждік (қоронарлық) артерия-ларымен жабдықталады.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ІЛІМДЕР – НЕВРОЛОГИЯ
Тірі заттың негізгі қасиеттерінің бірі - тітіркенгіштік. Әрбір тірі организм өзін қоршаған ортадан тітіркену алып, оған сәйкес реакциялармен жауап қайтарады.Организмнің өзінде жүрстін зат алмасу да өз кезегінде бірқатар тітіркену тудырып, организм оларға да жауап бсреді. Тітіркену келетін жер мен оған жауап беретін ағза арасындағы байланыс көпжасушалы күрделі организмде нерв жүйесі арқылы іске асырылады.

Нерв жүйесі өзінің тармақтарымен барлық ағзалар мен тіндерге өтіп, ортаннзмнің барлық бөліктерін біріктіріп, үйлестіріп, тұтастырып, байланыстырады. Демек, нерв жүйесі "аса күрделі жүйе - организмді және оның барлық бөліктерін шексіз көп сыртқы өсерлермен байланыстырып, өзара қатыстыратын аса күрделі де нәзік құрал болып табылады" (И.П, Павлов).

Нерв жүйесіңін негізгі анатомиялық элементі - нерв жасушасы. Ол өзінен шығатын барлық өсінділерімен қоса, нейрон немесе нейроцит деп аталады. Жасуша денесінен бір жағына қарай көбінесе ұзын болатын (біліктік, цилиндрлік) бір есінді аксон немесе нейрит, екінші жағына қарай көбінесе қысқа болатып тармақталатын есінділер дендриттер шығады. Нейрон ішіндегі нервтік қозу дендриттерден жасуша денесіне, одан аксонға қарай жүреді, аксондар қозуды жасуша денесінен алға қарай жүргізеді. Нерв импульсінің бір нейроннан екінші нейронға берілуі ерекше құрылған ұштық аппаратгардың немесе синапстардың көмегін іске асырылады. Нейроңдардын өзара байланысының екі түрін ажыратады. Аксосомалық байланысы кезінде бір нейроынын тармақтары басқа нейронның денесіңе келеді. Ал, филогенездік жағынаң жаналау аксодендриттік байланыс кезінде ұштастырылу нерв жасушаларының дендриттері арқылы іске асырылады.

Аксодендриттік байланыстар ми қыртысынын үстінгі қабаттарында күшті дамыған. Олар ми қыртысында нерв импульстарының бөлініп таралуында белгілі қызмет атқарады. Яғни, шартты рефлекстік қызмет кезінде уақытша байланыстардың морфологиялық негізін құрайтын болу керек. Жұлын мен қыртыс астындағы түзілістерде аксосомалық байланыстар басым болады.

Нерв импульстарынын ету жолы барлық жерде үзілмелі келіп, әралуан байланыстар түзуге мүмкіндік береді.

Сөйтіп, бүкіл нерв жүйесі нейрондар кешенінен тұрады. Олар бір-бірімен байланыста болады, бірак ешбір жерде өзара тікелей бітісіп кетпейді.

Демек, қайсыбір жерде пайда болған нерв қозуы нерв жасушаларының өсінділері арқылы бір нейроннан екінші нейронға, одан үшінші нейронға және тағы сол сияқты беріледі. Ағзалар арасында нейрондар арқылы түзілетің байланыстың көрнекі мысалы ретінде рефлекс доғасың келтіруге болады. Бұл доға нерв жүйесінің ең қарапайым және сонымен бірге негізгі реакциясы - рефлекстің негізін құрайды.

Қарапайым рефлекс доғасы біреуі қандай болмасын бір сезімтал бетпен байланысқан (мысалы терімен), ал екіншісі өзінін нейритімен бұлшықетте (безде) аяқталатын кем дегенде екі нейроннан тұрады. Сезімтал бет тітіркенген кезде қозу онымен байланысқан нейрон арқылы екі нейронның байланысқан жері орналасқан рефлеке орталығына (центропеталды) келеді. Бұл жерде қозу басқа нейронға ауысып, енді орталықтан (центрофугалды) бұлшықетке немесе безге қарай жүреді. Соның нәтижесінде бұлшықет жиырылады немесе безден секрециясы өзі-ереді. Көбіне, қарапайым рефлекс доғасының құрамына сезімтал жолдан қозғалыс жолына аударып беретін (станция қызметін атқаратын) үшінші ендірме нейрон енеді. Қарапайым (үш мүшелі) рифлекс доғасынан басқа ми қыртысын қоса, оның түрлі деңгейлері арқылы өтетіқ құрылысы күрделі көп нейронды рефлекс доғалары да бар. Жоғары сатыдағы жануарлар мен адамда қарапайым және күрделі рефлекстер ішінде шартты рефлекстер деген атпен белгіді болған жоғары реттегі уақытша рефлекстік байланыстар түзіледі. Сөйтіп, бүкіл нерв жүйесін қызметі жағынан үш текті элементтек тұрады деп қарастыруға болады.

1. Сыртқы тітіркендіру энергиясын нерв үрдісіне түрлендіре өзгер-тетін рецептор (қабылдаушы). Ол басталған қозуды (нерв импульсын) орталыққа жеткізетін афферентті (орталыққа жеткізетін, апаратын) нейронмен байланысқан. Талдау (аналда) осы құбылыстан басталады

2. Кондуктор (өткізгіш) - жалғастыруды іске асырушы, яғни қозуды орталыққа тепкіш нейронңан орталықтан тепкіш нейронға ауыстыратын ендірме немесе ассоциативті нейрон.

3. Эфферентті (орталықтан шетке акелетін) нейрон нерв қозуын шетке, эффекторға өткізу арқылы жауап реакцияны (қозғалыс немесе секрециялық) іске асырады. Эффектор - нерв импульсын жұмысшы ағзаға (бұлшыкетке, безге) беретін эфференіті нейронның нервтік үшы. Осы себепті бұл нейрон эффекторлық нейрон доп те аталады. Рецепторлар қозуды организмнің үш сезімтал бетінен немесе рецепторлық алаң-дарынан алады. І) Дененің сыртқы терілік бетінен, онымен генетикалық байланысты сезім ағзалары арқылы сыртқы ортадан тітіркену алады (экстероцептивтік алан)- 2) Дененің ішкі бетінен (интероцептивтік алаң) ішкі ағзалар қуыстарына кедетін химиялық заттардан тітіркену қабылдайды. 3) Арнаулы рецепторлар қабылдайши тітіркенулер тудыратын суйек, бұлшыкет және басқа ағзалар орналасқан дене қабырғасы қабатынан (проприоцептивтік алаң) алады. Бұл аталған алаңдардын рецепторлары афферентті нейрондармен байланысады, олар орталыққа жетіп, сол жерде көбіне тым күрделі нейрондар жүйесі арқылы әртурлі эферентті өткізгшттерге ауысады; олар жұмыс мүшелерімен қосылын, нәтиже береді.

Кибернетика тұрғысынан нерв жүйесіне жалпылама мынадай сипаттама беріледі. Тірі организм дегеніміз - бұл өзін-өзі басқаруға қабілетті, тендесі жоқ киборнетикалық машина. Бұл қызметгі нерв жүйесі атқарады. Өзін-өзі басқару үшіп 3 буын қажет.

І-буын - белгілі бір өзек бойынша хабардың түсуі, ол былай іске асады: а) Түскен хабар өзектің қабылдаушы шетіне - рецепторға келеді рецептор - хабарды қабылдап, оны афферентті сигналға айналдырып өндейтін құрал, сонын нәтижесінде сыртқы тітіркендіру нерв импульсына айналады. ә) Афферентті сигнал хабар өзегі болып табылатын афферентті нерв арқылы одан әрі карай беріледі.

Хабар өзектерінің 3 түрі болады, оларда 3 кіріс бар: сыртқы кірістер - сезім ағзалары арқылы (экстероцепторлар); ішкі кірістер: а) ішкі ағзалары арқылы (интерцепторлар); ә) сома, меншікті дене (проприоцепторлар) кірістері арқылы.

2-буын - хабарды өндеу. Ол кодты шешетін құрылым арқылы іске асырылады. Оларды нерв түйіндерінің афферентті нейрондарының жасу-шалық денелері мен орталық нерв жүйесі сүр затының нервтік торын тузетін жүлын, ми қыртысы жәнс қыртысасты сүр затының нерв жасушалары құрайды.

3-буын - басқару. Ол жұлын мен ми сүр затынан эфференттік сигналдарды орындаушы ағзаларға беру арқылы жүзеге асырылып. эфференттік өзектер, яғни шетінде эффекторы бар эфференттік нервтер көмегімен орындалады.

Орындаушы ағзалардың 2 түрі болады:

1) жануар тіршілікті ағзалар - ерікті, негізінен қаңка бұлшықеттері;

2) ішкі ағзалар - еріксіз, өз бетімен жиырылатын бұлшықеттер мен бездер.

Бұл кибернетикалық сызба-нұсқадан басқа, қазіргі заман кибер-нетикасы, автоматтарда, сондай-ақ тірі организмдерде жүріп жататын үрдістерді басқару және үйлестіру үшін кері байланыс принципініп орталықтын анықтады. Осы тұрғыдан нерв жүйесінде жұмысшы ағзаның нерв орталықтарымен кері байланысын, кері афферентация деп аталатынды ажыратуға болады. Мұны жұмысшы ағзадап оның әрбір сәттегі жұмысының нәтижесі туралы орталық нерв жүйесіне сигналдар беруі деп түсіну керек. Нерв жүйесінің орталықтары орындаушы ағзаға эфферентті импульстар жібергенде, онда белгілі бір жұмыс нәтижесі (қозғалыс, секреция) пайда болады. Бұл нәтиже орындаушы ағзада нервтік (сезімталдық) импульстар тудырып, ал олар афферентті жолдармен жұлын мен миға кері келіп, жұмысшы ағзаның сол сәтте белгілі бір әрекетті орындағаны туралы хабар береді. Міне, бұл "кері афферентацияның" мәнін құрайды, оны бейнелеп айтқанда, шеткі аймақтарда бұйрықтың орындалуы туралы орталыққа баяндау деп қарастыруға болады. Мәселен, қолмен бір затты ұстап, алу кезінде көз ұдайы кол мен нысана арасындағы қашықтықты өлшеп, өз хабарын афферентті сигналдар түрінде миға жіберіп отырады. Мида импульстар эфференті нейрондарға беріледі, ал олар затты ұстап, алу үшін қимыл тудыратыні қозғапыс импульстарын қолдың бұлшықеттеріне береді. Бұлшықеттері әрбір сәттегі қолдын орналасу қалпы туралы хабарлап отыратын сезімтал сигналдарды үздіксіз миға жіберіп тұратын өздеріндегі рецепторларға (қабылдағыштарға) әсер етеді. Рефлекстер тізбектері бойынша мұндай екі жақты хабарлар қолұшы мен зат арасындағы қашықтық нөлге теңелгенше, яғни қол затты ұстап алғанға дейін созыла береді.

Демек, "кері афферентация" механизмі арқасында мүмкін болатын апаның өзін-өзі тексеруі жүріп жатады; "кері афферентация» механизмі мынадай реттілікпен түйық сипатта болады: орталық (іс-әрекет бағдарламасын беретін аспап) - эффектор (қозғалтқыш) - объект (жұмысшы ағза) - рецептор (қабылдағыш) - орталық.

Орталық нерв жүйесінің рефлекстерінің мұндай тұйық сақинасы немесе шеңберлі тізбегінің болуы сыртқы және ішкі жағдайлардын кез келген өзгерісі кезінде организмде жүретін үрдістердін аса күрделі кор- реакциялануларын (түзетілуін) қамтамасыз етеді. Кері байланыс механизмі болмаса, тірі организмдер қоршаған ортаға дұрыс бейімделя алмас еді. Демек, нерв жүйесінің құрылысы мен қызметі негізінде ажыратылған (ашық) рефлекс доғасы жатады деген ескі түсініктін орнына информация мен кері байланыс теориясы ("кері афферентация") рефлекстердің тұйык сақиналы тізбегі, эфференті-афферентті хабарлардық шеңберлі жүйесі туралы жаңа ұғым береді. Ашық доға емес, тұйықталған шенбер - нерв жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы ең жана түсінік осындай.

Қарапайым рефлекс догасының үлгісі

1 - афферентгі (сезімтал) нсйрон; 2 - жұлын түйіні; 3 -жұлыннын сұр заты; 4 - эфферентті (қозғалтқыш) нейрон; 5 -бұлшыкеттердегі қозталтқыш нерв шеттері; 6-терідегісезімтал нерв шеттері.


Сөйтіп, кибернетика деректері тұрғысынан нерв жүйесі хабар және басқару жүйесі деп қарастырылады.

Адамнын біртұтас нерв жүйесі организмнің екі негізгі - ішкі және бөлігіне сәйкес шартты түрде екі болікке бөлінелі:

1) Барлық ішкі ағзаларды, эндокриндік жүйе мен тері бұлшыкеттерін - жүрек пен тамырларды, яғни организмнін ішкі ортасым түзетін ағзаларын нервтеніретін вегетативтік немесе автономды нерв жүйесі:

2) Нерв жүйесінің қаңқа мен кейбір ішкі ағзалардың (тіл, көмей, жұтқыншақ) ерікті бұлшықетін (жануар тіршілігі ағзаларын) нервтендіретін анималды нерв жүйесі. Кейде оны сомалық деп қателесіп атайды. Бұл нерв жүйесі негізінен организмнің сезімталдығы (сезім ағзалары арқылы) мен қаңқа бұлшықеттерінің қозғалысын қамтамасыз ете отырып, онын сыртқы ортамен байланыс қызметтерін басқарады. Нерв жүйесінін бұл келтірілген жіктелуі шартты және тар өрісті, өйткені вегетативтік нерв жүйесінін барлық (солардың ішінде сомалық) ағзаларды да нервтен-діруго қатысы бар, себебі ол олардың қоректенуіне (трофикасына) әсер етіп, сонымен бірге қаңка бұлшықеттерінің тонусын қамтамасыз етеді.

Нерв жүйесінің вегетативтік бөлігін өз кезегінде симпатикалық және парасимпатикалық деп екіге бөледі, кейде қысқаша оларды жүйе деп те атайды. Симпатикалық жүйе организмнің барлық бөліктерін, ал парасимпатикалық жүйе онын тек белгілі бір аймақтарын ғана нервтендіреді.

Организмнің құрылысына сәйкес келетін бұлайша жіктеуден басқа, нерв жүйесін топографиялық принцип бойынша орталық және шеткі бөлімдер немесе жүйелер деп бөледі. Орталық нерв жүйесі деп сүр жене ак заттан тұратын жүлын мен миды, ал шеткі нерв жүйесі деп барлык қалғанын, яғни нерв түбіршіктерін, түйіидерін, өрімдерін, шеткі нерв ұштарын (шеттерін) атайды. Жұлын мен мидын сүр заты - нерв жасушаларының жиынтығы. "Нерв орталығы - нерв жасушаларының жиыны мен тіркесуі" (И.ГТ. Павлов).

Ақ зат дегеніміз - миелин қабығымен (осыдан оның түсі ақ болады) жабылған және жеке орталықтарды өзара байланыстыратын нерв талшықтары (нерв жасушаларының өсінділері, нейриттер), яғни өткізгіш жолдар. Нерв жүйесінің орталық жәнес шеткі бөлімлерінде оның анималды және вегетативті бөліктерінің элементтері болады, сол арқылы бүкіл нерв жүйесінің бірлігі, тұтастығы қамтамасыз етіледі.

Нерв жүйесінің организмдегі бүкіл тіршілік үрдістерін басқаратын жоғары бөлігі мидың қыртысы болып табылады.


МИ ҚҰРЫЛЫСЫ, БӨЛІМДЕРІ
Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ен жоғары бөлімі - ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі - ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатыңа лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.

Нейрон дегеніміз - жүйке жасушасы. Ол - жүйке жүйесі құрамындағы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфо әрекеттік негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтың құрылым.

Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. Соңғыларының әрбіреуі түйіршікке не кесекке ұқсайды. Ядролық бояулармен боялатың болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала-құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микроннан - 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Декорит аксонға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатың жері аксон төмпешігі деп атаалады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмай Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонының ұшыңда қабылдағыш (рецептор) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен жанасып түйіспе құрады. Қозу серпінін қабылдағыштан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы әкелетін (афференттік) деп аталады, ал орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты әкететін (эфференттік) деп атайды. Жүйке талшықтары майлы, жұмсақ қабығының болу-болмауына байланысты миелинді, миелинсіз деп екіге бөлінеді.

Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратың жасушаларды (глиондарды) айтады. Глия грек сөзі - желім деген мағынада. Расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады. Глиондар екі түрлі - астроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара түйіспелер құрмайды.

Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша денесінен күннің сәулесі тәрізді жан-жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендроцитгер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады. Нейроглияның әрекеттік маңызы:


  1. Нәрлендіру қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті
    қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға
    өткізеді, олардың маңайын тазартады.

  2. Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды.
    Нейрондардың айналасындағы сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бірқалыпты сақтайды. Мысалы, К+ ионы
    көбейіп кетсе, артығын өзіне сіңіріп жұтады, ал медиаторлар көбейсе,
    олардың артығын ыдыратады немесе бейтараптандырады. К+ ионы
    көбейіп кетсе нейрондарда күшті тежелу пайда болады, оның салдарынан депрессия болуы мүмкін. Медиатор мөлшері көбейсе қозу
    күшейіп, тежелу үрдісінен адамның жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте
    күшті тежелуден сақтайды.

  3. Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин қабығын жасауға қатысады.

Нейроглия нейрондар арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді, сақтауды, уақытша байланыстардың пайда болуын жеңілдетеді.

Нейрон түрлері. Тармақтарының санына қарай нейрондар көпүйекті (мультиполярлы), қосүйекті (биополярлы), бірүйекті (униполярлы) болып бөлінеді. Адамның жұлын түйіндерінде биполярлы және жалған униполярлы нейрондар бар. Ал мультиполярлы жасушалар көбіне қозғалтқыш (мотонейрондар) нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері. Атқаратын қызметіне қарай сезімтал, қозғалтқыш, аралық нейрондар болып үшке бөлінеді. Сезімтал нейрон қабылдағыштарда туған қозуды орталыққа жеткізеді. Бұлар жұлын түйінінде, артқы ашасында, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі. Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар жұлынның сұр затының алдыңғы және бүйір ашасында, ми қыртысының қозғалтқыш аймақтарында (аймақтарында) ми бағанының ядроларында орналасқан. Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан ақпараттарды (серпіністерді) козғалтқыш нейрондарға жеткізеді.

Аталған жасушалармен қатар тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. Оларды Реншоу жасушалары (нейрондары) дейді. Реншоу нейрондары көбінесе қозғалтқыш нейрондардың айналасында орналасады. Олар қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністердің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсендетеді, не өткізбей оның қызметін тежейді, яғни тоқтатып тастайды.

Қазіргі кезде тежелу нейрондары мидың басқа да бөлімдерінде, мәселен, мишықта, ми қыртысында, ретикулярлық құрылымда болатыны анықталды.

Ми бағанында, ми сыңарларында келіп түскен ақпараттарды талдайтын, іріктейтін, сақтайтын арнайы нейрондар бар. Торлы құрылым нейрондары қозу және тежелу үрдістерін реттейді, олардың сөнуіне, тууына қажет жағдайлар жасайды.

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі - рефлекс (reflecsus -латын сөзі - тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин.

Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі - рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол 1-сурет).


Үш нейрондық жұлын рефлексінің доғасы.

1 - тері қабылдауышы; 2 - сезгіш талшық; 3 - жұлын түйіні; 4 - аралық және қозғалтқыш нейрон; 5 - қозғалтқыш талшық; 6 - бұлшықет.


Ол бес бөлімнен, атап айтқанда:

1) қабылдаушы құрылым - рецептордан;

2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;

3) аралық нейрондардан тұратын орталықтан;

4) қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден;

5) жауап беруші құрылым - эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі эфференттік ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс туралы хабар, яғни кері байланыс (афферентация) арқылы орталыққа жеткізіледі. Кері байланыс рефлекстік доғасын бекітіп, оны шенберге айналдырады. Әрбір рефлекстің сезу өрісі болады.

Белгілі бір рефлекс қабылдағышы орналасқан аймақты рецептивтік өріс деп атайды.

Рефлекс түрлері. Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:

1. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік
(ехtеrus - сыртқы), интероцептивтік (іntеrіоr - ішкі), проприоцептивтік (prорrіus - өзіндік) рефлекстер болып ажыратылады. Rесерtіо-
лат. - алу, қабылдау. Демек, рецептор - қабылдағыш деген сөз. Экстерорецепторлар дене сыртыңда: теріде, ауыз, көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді
қабылдайды.

Интерорецепторлар ішкі ағзаларда, тіндерде, қантамырларында, ал проприорецептор сіңірде, буын қабында орналасқан.



  1. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып екіге бөлінеді.

  2. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми (мезенцефалды), аралық ми (диенцефалды), алдыңғы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді.

  1. Қимыл-әрекетіне қарай жұлу, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады.

  2. Орталықта туатын үрдістер түріне қарай қоздырушы, тежелуші
    рефлекстер болады.

  3. И.П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты
    (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.

  4. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар
    санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер больш та бөлінеді.

Бұл омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жуйке жүйесінің бір бөлімі. Жүлын ақ және сүр құрылымды заттаң тұрады. Ак зат жүйке талшықтарынан, ал сүр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлыннын кақ ортасында ми түтігінін ай-наласыңда орналасқан. Жүлынды көлденең кескевде сүр затгың бей-несі көбелектің қос қанатыңа немесе "Н" әріпіне уқсайды. Сұр зат-тың денесінен созылған алдыңғы, артқы, бүйір (жүп) ашалары бола-ды. Ак зат сүр затгы айнала коршайды. Сұр затгың алдыңғы және арткы ашасы ак затты төрт бағанға (алдыңғы, артқы және екі бүйір) бөледі. Сұр зат рефлекстІк қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. Жүлынның сезгіш нейрондарына афференггік жүйкелер тері, ет, сінір, ішкі ағзалар кабылдағыштарынан (экстеро-, проприо-, интерокабыл-дағыштардан) серпіністер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйке-лері қозуды шеткі ағзаларға, қаңқа еттеріне жеткізеді. Сезгіш және козғалтқыш нейрондар, аралық иейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады. Сондықтан жүлын ми-Дың қатысынсыз-ак өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады. Деген-мен біртүтас организмде жүлынның қызметі ми қызметіне бағьгаыш-ты. Орталық жүйке жүйесінде, оның төменгі бөлімдерінің қызметін жоғары бөлімдері ретгеп отырады (субординация).

Жұлынның афференггік жәие аралық нейрондарының аксоны мен бұтақтары қабылдағыштағы қозуды миға жеткізетін жұлынның жоға-рыға карай өрлейтін жолын құрайды. Бұл жолдардың көбі жұлын ақ затыңың артқы және бүйір бағандарында өтеді. Қозуды ми нейронда-рынан жұлынға жеткізетін эфферентгік талшықтар жүлынның төмен тұсетін жолын курады. Бұлар жұлынның алдьщғы және бұйірдегі ба-ғаңдарында өтеді.

Жүлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегмент-імен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бүзылса, не кесігь се оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Онын қызметін көршілес сегменггің ней-рондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның арт-қы түбірлері афференттік жүйкелерден, алдьщғы тубірлері эффереттік талшықтардан тұрады.

Жүлын нейрондары. Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрон-дар болады. Олардың 97%-і сезгіш және аралық, 3%-і қозғалткыш нейрондар. Қозғалтқыш нейрондардың альфа (а) және гзмма (у) екі түрі сұр затгың алдыңғы ашасывда орналасады.

а-мотонейрон ең үлкен жасуша. Бұл нейронның аксоны адамнын бет етгерінен басқа барлық қаңқа етгерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықетгін барлық миоциттерімен байланысатың нейрондар тобын нейрондық пул деп атайды. Еұлар тұтас козбауы мүмкін. Осыған орай жиырылатың ет талшықтарының саны оған байланысты еггі жиыру әртүрлі болмак. ү-мотонейрон а-мотонейронның тонусьш тежейді (рет-тейді). Мотонейрон козғанда ет ішіндегі қабылдағыш - ет уршығы (интрафузалық ет) жиырылады. Одан ү-мотонейронға барған серпініс-тер экстрафузальдық етті жиырылатың немесе босататың әсерлерге сезімталдығын күшейтеді. Сөйтіп, а-мотонейроннын әсерін үдетеді.

Аралық нейрондар басқа нейрондармен коздыратың ңе тежейтін түйіспелер кұрады. Демек, олар қозу мен тежелу үрдістерінін тууын реттейді және белгілі бір сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр затгын денесінде, арткьі ашаның шылбыр (Шпісиіиз) бөлімінде орналасады. Шылбыр жасушалардьщ аксондары жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын кұрады. Аралық нейрондар қатарыңа мотонейронның айналасындағы оны тежеуші Реншоу жасушалары жатады. Аралық жасуша-лар аркылы ми бағанының торлы кұрылымдары жүлында пайда бола-тың қозу, тежелу үрдістерін ретгейді.

Сезгіш нейрондар жұлын ганглийлерінде топталған. Бұл жасуша-ның бір талшығы болады. Ол ганглийден шыға берісте екіге бөлінеді.

Оның бірі кабылдағыштарда туған козуды сезгіш нейронньщ денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы сезгіш нейронның серпіністерін деүлын мен ми қыртысы нейрондарына апарады. Вегетативтік жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі симпатикалық нейрондары жұлынның ке-үде бел сегментгерінін бүйір ашасында, ал парасимпатикалық ней-пондары сегізкөз бөлімінде орналасады. Олардың көбі эфферентгік нейрондар көптеген ағзалық (висцерадды) рефлекстердің орталығы. Жүлынның сүр затыңда (етгерді бүгетін, жазатың), еггің ұзаққа созы-латың катаюын (тонустық) және фазалық (кездік) жиырылуын туды-ратың рефлекстер орталығы болады. Мұнымен кдтар вегетативтік әре-кеттерді ретгейтін орталыісгар бар. Қан тамырларын кеңейтіп тарыл-•гатың, жүрек соғуын, ас корыту бездерінің сөл бөлінуін, ас корыту жольшың қимылын, несеп, нәжіс, жыныс жүйелфі қызметін ретгейтін орталықтар жүлынның бүйір ашасында орналасқан. Бұлар аркылы жүлын көптеген висцеральдық рефлекстерге қатысады. Жүлынның аталған күрделі қызметтерін ми қадағалап ретгеп отырады. Мидың әсерін шеткі ағзаларға және кері қарай олардың кабылдағыштары-нан козуды (хабарды) миға жүлын ак затыңдағы жоғары, төмен ке-тетін жолдары аркылы жеткізедІ. Ең негізгі жолдардың қызметі тура-лы қысқаша мәліметтерді Г.И. Косицкий окулығынан алынған кесте көрсетеді.

Ми әрқайсысы жарты шарға ұксас қос ми сынарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Құрылымдық айырмашылықгарына, даму ерек-щеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялық және клиника-льік талдау жұмысын жеңілдету үшін ми артқы ми, мишық, ортангы ми, аралық ми, алдывды ми деп аталатың бес бөлікке бөлінеді. Артқы ми кұрамына сопақша ми мен варолий көпірі, ортаңғы ми құрамына қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым, аралық миға - көру төмпешігі (іһаіатик) көру төмпешігі астыңдағы құрылым (һуроіһаіапіия). алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мем қыртысасты түпкі (базальдық) ядролар кіреді.

Сопақша ми мен көпір, ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанынын кұрады.

Үлкен мидың бір бөлігі жулынньщ жалғасы сүр және ақ затгардан тұрады. Алайда ондағы сұр зат, жұлындағыдай бірақ жерге топтаспа-ған, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар күрып, көптеген яд-роларға, қызметі әртүрлі орталықтарға айыалған. Ак зат жүйке тал-шықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарынын жалғасы және жұлынды мидьщ басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопакша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары осы мида бір-бірімен киылы-сып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа, сол жақтан келген тал-шықгар он жаққа шығады. Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрон-дардан тұрады, рефлекстік қызмет атқарады. Бас сүйектен шығатыы 12 жұп ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII, IX, X, XI, XII) ядрола-ры мен біркатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратың орталықтар және жүлын қызметін ретгеуде маңызды рөл атқаратың торлы күры-лымның бір бөлігі орналасқан. Сопақша мидың нейрон шоғырлары (жүйке орталықтары) адамнын өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын алады. Оған тыңыс, кан тамырларын тарылтып кенітетін, жүрек соғу-ын баяулатып сирететін (тежейтін) тіршіліктік орталықтар жатады. Бұлардың кайсысы бүзылса да адам өледі. Сопакша мида сондай-ақ кептеген корғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу түшкіру, тер шьіғару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі мен үйқы безі сөлін шығаратың және күсу) рефлекс орталықтары бар. Бұл орталықтардың да өмірді сақгауда маңызы аз емес. Мәселен, эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай кдпса(бұльбарлық паралич) жана туған бала анасын емгенмен аузындағы сүтің жүга алмайды. Сүт өнеш аркылы карынға бармай тыңыс жолы арқылы өкпеге кұйылады да, бала өкпесі кабынып және ашығып өледі. Сопакдіа мидьщ мойын және көз еттерінщ тонусын өзгертетін көпте-ген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бірге статикалық және статокинетикалық (вестибұлярлық) рефлекстерге катысады.

Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: а) жү-лын қызмегін кушейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытгалған әсер: б) ортанғы мидың торлы кұрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінін кшметін кушейтетін жоғары жакка қарай бағъпталған әсер.

Сопакша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың ортапыктарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми кыртысының сопақща ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген мысалдардан көруге болады. Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір кұрамында ақ зат көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйкс серпіністерін еткізу. Ак зат негізінен жұлыннын жоғары ерлеуші және мидың жұлынға карай (төмен) кұлдьфаушы жолдары.

Ак заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардьщ ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолак етгерді ширықтыруға қатысатың рефлекс орталықтары, ұйыктау және ұйықтамау (сергек болу) тәртібің рет-тейтін торлы кұрьшым нейрондары бар. Бұлармен қа-тар кепірде дем алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратың пневмотаксис ор-талық пеН тыңыс орталығыңда зат алмасуын реттейтін апнейзистік орталық орналаскан.

Әр біреуі үлкен ми сыңарларынъщ арткьі жағында, сопақша ми-дың үстінде орналасқан қос жарты шардан және ортаңғы бөліктен тұрады. Бұл жарты шарда қапындығы 1-2,5 мм жұка кыртыс кабығы, ак заттың ішінде теңбілденіп сұр заттар - ядролар бар. Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі, ортаңғы, жоғарғы аякшалары аркылы жалғасқан. Осы аяқшалар арқылы, жүлыннан, кіре-беріс (вестибұла) ядролардан, торлы кұрылымнан келіп түсетін серпі-ністер мишықка тоғысады. Мишықтан шықкан эфференттік талшықтар одан әрі ми қыртысына, кыртыс астыңдағы ядроларға, ми бағанынын торлы күрылымына, көру төмпешігіне, қызыл ядроға, сопак-ша миға, жұлынға жеткізіп түрады. Ми қыртысының және мишық-тың қозғалтқыш аймақтары өзара тығыз байланыста болады. Соны-мен жоғарыда айтылғандай мишық мидың барлық бөлімдерімен қызметгес мүше.

Мишықгын ең бас қызметі - адамның өз еркімен атқарылатың не оған бағынбайтың қимыл-әрекеттерді үйлестіріп отыру. Қандай да болсын кимыл-әрекетгің дәлме-дәл орындалуы, тепе-тендікті сақтау мишықка байланысты. Алайда мишық қызметі толық бұзылса да, тіршілік тоқтамайды, ал мишық біртіндеп көп жылдар бойы бүзыла-тың болса, мишықтың қызметін мидың баска бөлімдері, әсіресе ми кыртысы өзіне алып қимыл әрекеггерін түзете алады.

Тәжірибе жасап (Л. Лючиани, XIX ғасыр) белгілі бір жануардың мишығын жартылай не түгеддей алып тастаса, дененІң қимыл-әрекеті әжептәуір бүзылатьгаы айқын көзге түседі. Адамның мишығына ке-неттен қан кұйылса да осылай болады. Итгің мишығын мүлде алып тастаса атаксинға (жүріс-түрыстьщ бұлінуі) үшырайды: ол жүрген кез-де тәлтіректейді, теңселеді (мас адам сияқты) сирактарын адуындап алшақ басады (18-сурет). Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдыңда, соңында еріксіз және керексіз қимыл-дар (астазия) жасайды - тенселіп, шайқалады. Дене еттері солғын тар-тып күшінен (астения), табиғи тону-сынан айьфылады (атония), дәлірек айтсак дистония туады, яғни ет топта-ры тонусының біркелкілігі, осыған орай қимылдың да біркелкілігі (дәлдігі) бұзылады (дисметрия) және дененін екі жағьщдағы бірыңғай ет-тер қимылының біркелкілігі бүзыла-ды (асинергия). Әсіресе өте тез орын-Дауды қалайтың мақсатқа сәйкес қимыл-әрекеттері орындалмайды (ади-адохокинез). Мишығы зақымдалған адам әдетгегідей желдіріп табиғи ек-пінмен сөйлей алмайды: біресе жай,

біресе созып, біресе жедел сөйлейді, оның дауысы бірде катты, бірде зкьфын шығады (дизартрия).

Мишықтың бір жақ жартысын алып тасталса, сол жакіык ғана кимылы өзгереді. Өйткені жұлынға барар жолда мишықтың жүйке талшықтары екі жерде, яғни қызыл ядродан жоғары және одан төмен жерде (Форель туйіспесінде) қиылысып мишықтың бір жағынан екінші жағына өтеді.

Денесінің бір жағы ғана гипотонияға ұшьфауына байланысты жануар зақымданған жағына карай айнала береді. Өйткені сау жағында адымы әдеттегіден өлдеқайда ұзарыңкы болады. Жоғарыда келтіріл-ген мысалдар мишық өте нәзік шебер кимыддар жасап, олардың дәл орындалуын камтамасыз ететініи көрсетеді. Мишық кыртысында де-ненің әрбір етімен байланысқан аймактар бар. Бұлар қызметі жағы-ңан ми қыртысының дәл осындай қимыл (моторлық) аймағымен тьь ғыз байланыскан. Мишық жұлынмен торлы құрылым, қызыл ядро, Дейтерс ядролары арқылы байланысқан. Мишықтың көзбен, кұлак-пен байланыскан ядролары да бар.

Академик Орбели мишықтың вегетативтік қызмеггерді реттеуге де катысатыңын көрсетті. Оның кейбір бөліктерін электр тогамен тітіркендірсе, ішек жиырылуы, сөл шығару, коректік заттардың ішек-тен қапга сіңуІ, қандағы кант деңгейі, тер шығуы өзгереді. Мишық сондай-ақ сопақша мидағы вестибұлярлық ядролармен де тығыз бай-ланысты. Маймылға тәжірибе жасап, оның мишығын алып тастаса, дене тепе-теңдігі бұзылады (дисэквилибирация).

Ортаңгы ми воролнй көпірі және сопақша мимен бірге ми бағаны-ның негізін кұрады. Оның сырт жағында ми кақпағы, іш жағында ми аякшалары орналасқан. Ортаңғы мидың сұрғылт заты кұрамына төрт төмпешік, қара зат, қызыл ядро. III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді.


Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> Төлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> Сейсенбаева Ж. М., Балабекова Д. Б. Банктердің есебі және аудиті оқУ ҚҰралы шымкент, 2017
kitap -> Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»
kitap -> Таќырыбы: Гидросфера жјне јлемдік су ќоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет