Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»



жүктеу 1.39 Mb.
бет6/6
Дата07.03.2018
өлшемі1.39 Mb.
1   2   3   4   5   6

ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның бүйір мүйіздерінде -(СVIII-ThI,LIII деңгейінде, substantia intermedia lateralis құрамында орналасқан. Одан ішкі ағзалардың, бездерді нервтендіретін талшықтар шығады. Сонымен қатар бұл жерде тамыр қозғалтқыш және тер бөлетін орталықтар жайғасады. Жұлынның түрлі бөлімдері трофикаға, жылу реттеуіне және зат алмасуына әсер етеді деп есептеледі (мұны кииникалық тәжірибе де дәлелдейді).

Симпатикалық бөліктің шеткі бөлімі бүкіл омыртқа бағанасын бойлай оның екі бүйірінде бассүйек негізінен басталып, құйымшаққа дейін созылып, сол жерде төменгіменгі ұштары бір ортақ түйінге тоғысатын екі симметриялық сабаудан – trunci sympathici dezter et sinister-ден түзіледі. Бұл екі симпатикалық сабаудың әрқайсысы нерв талшықтарынан тұратын бойлық түйінаралық тармақтардың – rami interganglionares көмегімен өзара қосылатын бірнеше бірінші ретті нерв түйіндерінен құралады. Симпатикалық сабаулар түйіндерінен - ganglia trunci sympaglia intermedia- басқа симпатикалық жүйе қүрамына жоғарыда көрсетілген sympaglia intermedia кіреді.

Жоғарғы мойын түйінінен бастап симпатикалық сабауда пара-симпатикалық бөліктің және тіпті анималды нерв жүйесінің элементтері де болады.

Жұлынның тораколюмбалды бөлімінің бүйір мүйіздеріне жайғасқан жасушалар өсінділері жұлыннан алдыңғы түбіршіктер арқылы шығып – rami сommunicantes alvi аталады да симпатикалық сабауға барады. Олар бүл жерде не синапс арқылы симпатикалық сабау түйіндері жасушаларымен қосылады не оның түйіндері арқылы үзілмей өтіп, аралық түйіндердің біреуіне барады. Бұл түйінге дейінгі жол деп аталады. Симпатикалық сабау түйіндерінен немесе (егер онда үзіліс болмаса) аралық түйіндерден миелинсіз талшықтардан қүралған түйіннен кейінгі жол кетеді, ол қан тамырлар мен ішкі ағзаларға барады.

Сомалық бөлігі болғандықтан, симпатикалық бөлік жұлын нервтері-мен байланысты болады. Бұл байланыс түйіннен кейінгі талшықтардың симпатикалық сабау түйіндерінен бастап, n. spinalis-ке дейінгі бөлігі болып табылатын сұр дәнекер тармақтар – rami сommunicantes арқылы іске асырылады. Түйіннен кейінгі талшықтар – rami сommunicantes grisei, жұлын нервтері құрамында тамыр, бездер және тұлға мен қол-аяқ, тері түктерін тікейтетін бұлшықеттерде, сондай-ақ қаңқа бұлшықеттерінде таралып, оның трофикасы мен тонусын қамтамасыз етеді.

Сонымен, симпатикалық бөлік анималды нерв жүйесімен екі түрлі: ақ және сұр - – rami сommunicantes albi et grisei дәнекер тармақтар арқылы қосылады. Ақ дәнекер тармақтардың (миелинді) құрамында түйінге дейінгі талшықтар болады. Олар симпатикалық бөлік орталықтарынан алдыңғы түбіршіктер арқылы симпатикалық сабау түйіндеріне барады. Орталықтары кеуде және жоғарғы бел сегменттері деңгейінде жататындықтан - – rami сommunicantes albi I кеуде жұлын нерві мен III бел жұлын нервісіне дейінгі аралықта ғана болады. – Rami сommunicantes grisei соманың вазомоторлық және трофикалық үрдістерін қамтамасы етеді; олар симпатикалық сабауды оның бүкіл өн бойында жұлын нервтерімен байланыстырады. Симпатикалық сабаудың мойын бөлімінің бассүйек нервтерімен де байланысы бар. Демек, анималды нерв жүйесінің барлық өрімдерінің будалары мен нерв сабаулары құрамында симпатикалық бөліктің талшықтары болады, бұл осы жүйелердің бірлігім көрсетеді.

Екі симпатикалық сабаудың әрқайсысы мойындық, кеуделік, белдік (немесе іштік) және сегізкөздік (немесе жамбастық) деп аталатын төрт бөлімге бөлінеді.

Мойындық бөлім бассүйек негізінен І-қабырғаның басына дейін созылып, үйқы артериясының артқы жағында мойынның терең бұлшықеттерінде орналасады. Оның құрамына үш мойындық симпатикалық түйіндер (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) енеді.

Сап§ііоп сегуісаіе шре-гіт, - жоғарғы мойын тү-йіні, үзындығы 20 мм, ал енді 4-6 мм, симпатикалық сабау-дың ең ірі түйіні болып табылады. Ол ІІ-ІІІ мойын омыртқаларының деңгейінде ішкі үйқы артериясының артқы жағында медиалды орналасқан.

Мойын түйіндерінен бас, мойын және кеудеге нервтер шығады. Олар жоғары көтеріліп басқа баратын және төмен түсіп жүрекке баратын топтар және мойын ағза-ларына баратын топ болып бөлінеді.

Басқа баратын нервтер жоғарғы және төменгі мойын түйіндерінен шығып, бассүйек қуысына өтетін және басқа сыртқы жағынан келетін топ болып бөлінеді.

Өрімдерден шыққан тармақтар сыртқы үйқы артериясының тармақтарын бойлай жүріп, солармен бірдей аталып, бірге ағзаларға келеді. Сол себепті жеке симпатикалық өрімдердің саны артериялық тармақтардың санына тең болады.

Симпатикалық сабаудың кеуделік бөлімі қабырғалардың мойында-рының алдында орналасып, алдыңғы жағынан өкпеқаппен бүркелген. Оның қүрамына үшбүрыш пішінділеу келетін 10-12 түйін енеді.

Симпатикалық сабаудың белдік немесе іштік бөлімі төрт, кейде үш түйіннен түрады. симпатикалық сабаулар бел бөлімінде кеуде қуысындағыға қарағанда бір-біріне жақындау орналасқандықтан, түйіндер бел омыртқалардың алдыңғы-бүйір бетінде болады.

Құрсақ өрімінен аттас артериялар жолымен жүріп - көкетке, бүй-рекүсті бездеріне, бүйректерге, баратын бірқатар кішілеу жүп өрімдер шығады, Сондай-ақ артериялар қабырғаларымен жеке ағзаларға баратын, солармен аттас бірнеше сыңар өрімдер шығады.

Қолқалық өрім алғашқыда сыңар жоғарғы қүрсақасты өріміне, ріехш һурозазігісш трегіог, созылады, ал ол мүйісте екіге бөлініп, жамбас астауы өріміне немесе төменгі қүрсақасты өріміне жалғасады.

Жоғарғы бел сегменттерінен шығатын талшықтар қызметі жағынан еркек жыныс мүшесі үшін тамыр қозғалтқыш (вазоконстриктор), жатыр және несепқуығы қыспағы (сфинктері) үшін қозғалтқыш талшықтар рөлін атқарады.

Симпатикалық сабаудың сегізкөз бөлімінен аяқты нервтендіретін жұлын нервтеріне қосылатын, дәнекер тармақтар шығады. Бүл дәнекер тармақтар вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің аяқтарды нервтендіретін сомалық бөлігін құрайды. Бүл түйіннен кейін-гі талшықтар тамырларда, бездерде және тері түктері бұлшықеттерінде, сондай-ақ қаңқа бұлшықетінде тара-лып, оның трофикасы мен тонусын қамтамасыз етеді.

Парасимпатикалық бөлім тарихи жағынан сегмент үстіндегі бөлім ретінде дами-тындықтан, оның орталық-тары жұлын ғана емес, мида да орналасады.

Парасимпатикалық бөліктің орталығы

Парасимпатикалық бөліктің орталық бөлігі бас немесе краниалды бөлімнен және жұлындық немесе сак-ралдық бөлімнен түрады. Кейбір авторлар парасим-патикалық орталықтар жү-лында тек сегізкөз сегмент-тері аймағында ғана емес, оның басқа бөліктерінде де, атап айтқанда кеуде-бел бөлімінде, алдыңғы және артқы мүйіз арасындағы ин-термедиарлық деп аталатын аумақта да орналасады деп есептейді. Орталықтар алдыңғы түбіршіктердің тамырларды кеңейтетін, тер бөлуін тоқтатып, түлға мен қол-аяқтар аймағындағы түктердің еріксіз бұлшықеттерінің жиырылуын тежейтін эфферентті талшықтарға бастама береді.

Краниалдың бөлік ортаңғы мида (мезэнцефалдық бөлік) және ромбтәрізді мида - көпір мен сопақша ми (бульбарлық бөлік) жайғасқан орталықтардан тұрады.

Парасимпатикалық бөлімнің шеті

Парасимпатикалық жүйенің сакралды бөлімінің шеткі бөлігі ІІ-ІУ сегізкөз нервтерінің алдыңғы түбіршіктері, одан әрі олардың алдыңғы тармақтары қүрамында кіші жамбас астауына кіріп (анималды өрім) түзетін талшықтардан түрады. Олар бүл жерде өрімнен бөлініп, барып, сонымен бірге жамбас астау қуысындағы: мен тік ішекті, несепқуығын, сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін нервтендіреді. N11. тітіркендіруінен тік ішек пен несеп қуығы - жиырылып, олардың қыспақтары босаңсиды. Симпатикалық қүрсақтылығы өрім талшықтары бүл мүшелердің босауын тежейді; олар жатырдың жиырылуын қоздырады да, ал оны тежейді.


СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ
Сыртқы тітіркенулер рецепторларынан келетін өткізгіш жолдар.

Сыртқы тітіркенулерді қабылдайтын рецепторлар экстероцепторлар деп аталады. Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан - эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан энтодермадан (жұтқыншақ қалталары эпителиінен) дамитын дәм сезу мүшесінің ғана бұған қатысы болмайды. Одан әрі жануарлардың құрылысы және тіршілік қалпының күрделенуімен экстерорецепторлар ішіндегі маңыздылары кұштірек дамып, құрылыстары күрделеніп, организмнен тысқары орналасқан, сондықтан дистантты деп аталатын заттардан тітіркенулерді қабылдайтын ерекше мүшелерге айналды. Бұлар - есту, көру және иіс сезу рецепторлары теріде орналасып, тері анализаторының шеткі бөлігін құрайды. Дыбыс, жарық, дәм және иіс сезу рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар эстезиология тарауында тиісті анализаторларды сипаттағанда қарастырылады. Бұл жерде тері анализаторарының өткізгіш жолдары баяндалады.

Тері анализаторының өткізгіш жолдары

Тері анализаторының афферентті талшықтары үлкен ми қыртысына тактилді тітіркенулерін, стереогнозия сезімін (затты сипап білу), ауыру және температура тітіркенулерін жеткізеді. Осыған байланысты олар бірнеше топқа бөлінеді.

Терінің тактилді (жанасу және қысым сезу) сезімталдығын өткізгіш жолдар - tractus gangliospinothalamocorticalis. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді; олардын шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді. Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын (коллатералдары) жұлыннын артқы мүйіздерінде - substantia gelatinosa-да аяқталады (жолдың бұл бөлігі tractus gangliospinalis деп аталады). Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артқы мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелерінде жүріп, fasciculus cuneatus et gracilis-тердің құрамында сопақша мидың аттас ядроларына - nucleus gracilis және nucleus cuneatus-қа жетеді (жолдың бұл бөлігі tractus gangliobulbaris деп аталады).

Жұлынның артқы мүйіздері мен сопақша мидың аталған ядроларында екінші нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан жасушалардың аксондары - comissura alba - арқылы ортаңғы жазықтықты қиып өтіп, қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде орналасқан tractus spinothalamicus lateralis құрайды.

Жұлын-таламустық будалардың айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл фактінің клиника үшін елеулі маңызы бар, өйткені бұл буда біржақты зақымданғанда қарама-қарсы жақтағы тері сезімталдығының бұзылуы зақымданған деңгейде емес, одан төмендеу байқалады.

Бұл буда мидың сабау бөлігі арқылы таламусқа жетеді. Өз жолында ол ми сабауы мен бассүйек нервтерінің қозғалыс ядроларымен байланысады, олар арқылы тері тітіркенгенде ми рефлекстері пайда болады (мысалы, қол терісі тітіркенгенде көздің қимылдауы). Сопақша ми ядроларында орналасқан екінші кезең жасушаларының аксондары -lemniscus medialis - деп аталатын жолмен таламусқа жетеді. Бұл жол сопақша мида қарама-қарсы жаққа ауысып, медиалды ілмек айқаспасын - decussatio lemniscorum-ды түзеді. Сөйтіп, дененің әрбір жартысы үшін жұлында тактилді импульстарды өткізетін екі жол болады: 1) айқаспаған жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде жатады; 2) айқасқан жол -қарама-қарсы жақтың бүйір жіпшесінде жатады. Сондықтан жұлын біржақты зақымданғанда жанасу және қысым сезу сезімталдығы бұзылмайды, өйткені сәйкесті буда сау жағында сақталады.

Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары tractus thalamocorticalis құрамында үлкен ми қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері анализаторының қыртыстық шеті орналасқан шеке бөлігіне барады.

Тактилді және ауыру сезімталдығы мида жайыла жинақталған, ми қыртысының шектеулі ошақтары зақымданғанда олардың көп бұзылмауы осыған байланысты.

Кеңістіктік тері сезімталдығы - стереогноздың (заттарды сипап білу) өткізгіш жолдары - fasciculus gracilis et cuneatus бойымен жүретін жанасу және қысым сезу сезімталдығы сияқты тері сезімталдығының бұл түрі де үш буыннан тұрады: 1) жұлын түйіндері; 2) сопақша мидағы nucleus gracilis et cuneatus-тер; 3) таламус және ең соңында жоғарғы төбе бөлігіндегі тері анализаторының қыртыстық шеті.

Ауырсыну және температура сезімталдығының өткізгіш жолдары

Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде жатады, ол түйіннің жасушалары шеткі өсінділері арқылы терімен, ал орталық өсінділері арқылы екінші нейронның - жасуша денесімен - nucleus proprii -жайғасқан жұлынның артқы мүйіздерімен - tractus gan-gliospinalis - байланысқан. Екінші нейрон аксоны - со-missura alba құрамында басқа жағына ауысып, tractus spinothalamicus lateralis -тің құрамында таламусқа дейін көтеріледі. Tractus spinotha-lamicus lateralis өз кезегінде екі - алдыңғы және артқы екі - алдыңғы және артқы бөлікке бөлінеді, олардың бөлігімен температуралық сезім беріледі. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның өсіндісі tractus thalamocortcalis құрамында үлкен ми қыртысына келіп, сол жерде орталық артындағы қатпарда аяқталады (тері анализаторының қыртыстық шеті).

Кейбір зерттеушілер ауырсыну сезімі ми қыртысында ғана емес, таламуста да қабылданып, сол жерде сезімталдық алуан түрлі эмоциялық рең алады деп есептейді. Ауырсыну және температуралық импульстар бас бөлімдерінен немесе мүшелерінен сәйкесті бассүйек нервтерінің -V, VII, IX, X жұптары арқылы олардың сезімтал ядроларына, бұл ядролардан таламусқа және одан әрі орталық артындағы (төменгі) бөлімге келеді.

Экстерорецепторлар дан шығатын өткізгіш жолдардың екінші нейрон талшықтарының айқасуы нәтижесінде ауырсыну, температура, ішінара жанасу және қысым сезу сезімталдығы импульстары дененің қарама-қарсы жағынан орталық артындағы қатпарға беріледі. Сондықтан айқаспаға дейін бірінші немесе екінші нейронның зақымдануы сол зақым келген жақтың сезімталдығын бұзатындығын есте сақтау керек. Егер айқаспадан кейін екінші нейрон немесе үшінші нейрон зақымдалса, онда осы сезімталдық түрлерінің бұзылуы зақымданған жердің қарсы жағында байқалады.

Ішкі тітіркенулер рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар

Ішкі тітіркенулер рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар қозғалыс аппаратынан - проприоцепторлардан (proprius - меншікті) шығатын жолдар қозғалыс анализаторы және ішкі ағзалар мен тамырлар рецепторларынан шығатын жолдар - интероцепторлар деп бөлінеді, жолдардың екінші тобы интероцептивтік анализатор болып табылады.

Тері, cutis, организмді сыртқы әсерлерден қорғайтын дененің жалпы жабынын түзеді. Ол жылу реттеу, секрет (тер мен май), зиянды зат бөлу, тыныс алу (газ алмасу), энергия қорын жинау сияқты бірқатар елеулі қызметтерді орындайтын дененің аса маңызды мүшесі. Терінің басты қызметі - қоршаған табиғаттың әр алуын тітіркенулерін (жанасу, қысым, температура мен зиянды тітіркенулерді) қабылдау. Сөйтіп, тері дегеніміз ересектерде 1,6 м2-ге жететін зор рецепторлық беті бар қабылдаушы аспаптардың күрделі кешені.

Терінің толық құрылысы гистология курсында баяндалған, сондықтан біз бұл жерде оның макросопиялық құрылысына қысқаша шолу жасаумен шектелеміз.

Барлық омыртқалалардағы сияқты адамның тері жабындысы да екі қабаттан тұрады:



Терінің құрылысы.

I - эпидермис; II - дерма (меншікті тері); III - теріасты негізі; 1 - шаш; 2 - май бездері; 3 - тер бездерінің шығарушы түтіктері; 4 - шаштың түбірі; 5 - тер безі.

1. Беткей - эпидермис (epidermis) - эктодермадан пайда болады да, сыртқы қабаттары мүйізденіп, біртіндеп түлеп түсетін (әсіресе, кейбір ауру кезінде, мысалы, қызылша шыққанда тері эпителиінің түсуі - түлеуі байқалады) жалпақ көпқабатты эпителиден тұрады. Аяқкиімнің немесе жүмыс құралдарының қысымынан қасаң қабаты қалыңдап мүйіз (қажалған жер) пайда болады.

2. Терең қабат - меншікті тері - corium (dermis) - мезодермадан дамиды және серпінді талшықтар қоспасы бар - дәнекер тіннен және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады.

Бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары будалана орналасып, шашты тікірейтеді немесе қабаттарға жиналады (емшек үрпісі немесе үрпіқасы шеңбері, еркек жыныс мүшесі мен бұтаралық терісі) немесе бұлшықет қабығын (мысалы, ұмадағы - tunica dartos) түзеді. Беттегі corium мимикалық бұлшықеттермен тығыз байланысты.

Corium-нің жоғарғы тығыз қабаты ішінде қан-лимфа капиллярлары мен нервтің шеткі денешіктері орналасқан емізікшелер, papillae cutis, түрінде эпидермиске еніп тұрады. Емізікшелер тері бетінде тері қырқашықтары мен жұлгелерін түзеді. Жіңішке жұлгелерді, sulci cutis, шектейтін қырқашықтар - crista cutis-те тер бездерінің тесіктері ашылады, ол жерден тері тамшылары жұлгелерге ағып, бүкіл тері бетін ылғандан-дырады. Қол ұшының алақан жағы мен аяқ ұшының табан жағында қырқашықтар мен жұлгелер әр адамның өзіне тән өрнегі бар күрделі сурет түзеді. Бұл сурет антропологияды, сонда-ақ егер ол адамның ертеректе алынған саусақтарының таңбасы болса (дактилоскопия), сот медицинасында адамның жеке басын анықтау үшін пайдаланылады.

Терінің қалған барлық бөлігінде үшбұрышты және ромб тәрізді алаңдар байқалады. Үшбұрыштар мен ромбылар бұрыштарында шаш шығып, май бездері ашылады, ал олардың қыраттарында тер бездері ашылады.

Corium-нің төменгі қабаты теріасты негізіне - tela subcutanea-ға ауысады, ол май жасушалары жиыны (теріасты май - шелмай қабаты) бар борпылдақ дәнекер тіннен тұрады және терең жатқан мүшелерді жауып тұрады. Шелмай жылу реттелу қызметін атқарады. Ол жылуды нашар өткізеді, сондықтан суық жерлерде тіршілік ететін жануарларда жақсы жетілген. Теріасты май қабатының даму дәрежесі зат алмасу деңгейін бейнелейді, сол себепті адам өз өмірі бойында бірде толып, бірде арықтайды. Механикалық фактордың да маңызы бар: тұрған кезде (табан) не отырған кезде (бөксе) қысым түсетін жерлерде теріасты май қабаты әсіресе серпінді төсеніш түрінде кұшті дамиды.

Терінің түсі негізінен эпидермистің ең терең қабатында орналасқан пигментке (меланин) байланысты. Түсті нәсілдер терісінде пигмент өте көп; ол негрлерде эпидермистің бүкіл терең қабаты жасушаларының іші мен аралықтарында ғана емес дерманың жоғарғы қабаты жасушаларында да орналасқан. Солтүстік еуропалық ақшыл-қызғыт түсі мен негр терісінің түсі арасында көптеген аралық тері реңдері кездеседі.

Шаш жылуды нашар өткізеді, сүтқоректілерде жүн түрінде олардың кұшті дамуы ғана тұтас түк жабындысы болмайды, бұл, сірә, оның киім (жасанды жабынды) киюіне байланысты болу керек.

Шашта, pilus, теріге еніп тұратын бөлігін, түбірін және терінің бетінде бос шығып тұратын бөлігін, өзегін, ажыратады. Шаштың түсі пигментке, сондай-ақ шаштағы ауа мөлшеріне байланысты. Шаш қабатындағы ауа мөлшері көбейіп, пигмент жоғалса, ол ағарады.

Тырнақ, ungues, шаш сияқты мүйізді түзіліс, эпидермистің туындысы. Эпидермис туындысы болып табылатын тырнақ дәнекер тінді төсенішінде жатады.

Бөлінетін секреттің сипатына байланысты бездердің үш түрін ажыратады: 1) май, 2) тер және 3) сүт бездері (алғашқы екі бездің құрылысы гистология курсында қарастырылады).

Кіреберіс-ұлу ағзасы, organum vestibulocochleare, екі анализатордан тұрады: 1) гравитация (яғни жердің тарту күшін сезіну) мен тепе-теңдік анализаторы және 2) есту анализаторы. Олардың әрқайсысының өз рецепторы, өткізгіш жолы және қыртыстық шеті бар. Есту мүшесінің шеткі бөлігі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып үш бөлімге бөлінеді. алғашқы екі бөлім тек дыбыс тербелістерін өткізуге арналған, ал үшінші бөлімде есту анализаторы мен статокинетикалық анализатордың шеткі бөлімдерін құрайтын дыбыссезгіш және статикалық аппараттар орналасады.

Сыртқы құлақ, auris externa, құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінен тұрады.

Құлақ қалқаны, аиrісиlа, әдетте құлақ деп аталады, ол терімен қапталған серпінді шеміректен түзілген. Құлақ қалқанының сыртқы пішіні мен шығыңқы жерлері шеміршекке байланысты: бос қайырылған жиегі - құлақ шиыршығы - һеіlх және оған параллель қарсы шиыршық -anthelix, сондай-ақ алдыңғы том-пақ - құлақ бүртігі - tragus және соның артында жатқан құлаққа қарсы бүртік - antitragus - деп аталады. Құлақ қалқаны төменгі жағында адам үшін тән прогрессивті белгі болып табылатын шеміршексіз құлақ сырғалығымен аяқталады. Қалқанның тереңінде құлақ артында сыртқы дыбыс жолы тесігі ашылады.

Сыртқы есту өтісі, meatus acustusticus externus, екі шеміршекті және сүйекті бөліктен тұрады. Шеміршекті дыбыс жолы құлақ қалқаны шеміршегінің жоғары" және артқа қарай ашық науа түріндегі жалғасы болып табылады. Оның ішкі шеті дәнекер тін арқылы самай сүйегінің дабыл бөлігінің жиегімен қосылады. Шеміршекті дыбыс жолы жалпы алғанда бүкіл сыртқы есту өтісі ұзындығының ұштен бірін құрайды. Тұтас есту өтісі ұзындығының ұштен екісін құрайтын сүйекті есту өтісі сыртқа - porus acusticus externus

- арқылы ашылады ("Самай сүйегін" қараңыз), осы тесіктің жиегімен дөңгелек сүйекті жұлге - sulcus tympanicus - өтеді.

Тұтас есту өтісінің бағыты жалпы алғанда фронталды, бірақ ол түзу жүрмей горизонталды жазықтықта да, вертикалды жазықтықта да, S тәрізді иілім жасайды. Есту өтісі иілімдерінің себебінен тереңде жатқан дабыл жарғағын көру үшін құлақ қалқанын артқа, жоғарыға және сыртқа қарай тартып, оны түзулеу керек. Құлақ қалқанын жабатын тері сыртқы есту өтісіне созылады. Өтістің шеміршекті бөлігінің терісінде май бездері, сондай-ақ cerumen деп аталатын сарғыш түсті секрет бөлетін ерекше бездер - glandulae ceruminosae - көп болады.

Дабыл жарғағы, mernbrane tympani, сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасында жатады, оның жиегі сыртқы есту өтісінің шетінде рамаға қойылған сияқты sulcus tympanicus-ке еніп тұрады. Дабыл жарғағы sulcus tympanicus-ке фиброзды сақина, annulus fibrocartilagineus, арқылы бекиді. Есту өтісінің ішкі шетінің қиғаш орналасу қалпына байланысты жарғақ қиғаш, ал жаңа туған нәрестелерде горизонталды дерлік тұрады. Ересек адамда дабыл жарғағы сопақ пішінді келеді; ол жұқа жартылай жарық өткізетін табақша болып табылады, орталығында жалпақ құйғыш тәрізді ішіне қарай тартылған кіндік, umbo membranae tympani, болады. Оның сыртқы беті есту өтісінің тері жабындысының, stratum cutaneum, жұқарған жалғасымен, ал ішкі беті дабыл қуысының шырышты қабығымен, stratum mucosum, қапталған.

Осы екі қабат арасындағы жарғақтың меншікті қабаты жарғақтың шеткі бөлігінде радиарлы бағытта, ал орталық бөлігіыде циркулярлы бағытта өтетін фиброзды дәнекер тіннен тұрады. Жоғары жағында дабыл жарғағында фиброзды талшықтар болмайды, ол тек арасында өте жұқа борпылдақ дәнекер тін қабатшасы бар тері және шырышты қабаттардан тұрады; дабыл жарғағының бұл бөлігі жүмсақтау және онша керіліп түрмайды, сондықтан басқа керілген бөлігіне - pars tensa-ға қарама-қарсы pars flaccida (керілмеген бөлігі) деп аталады.

Бұл анализатор жарғақты лабиринтте - labyrintus membranaceus басталады, онда оның шеткі бөлігі жатады.

Есту анализаторын сипаттағанда қарастырылған жарғақты лабиринттің басқа бөліктері статокинетикалық анализаторға жатады.

Жарық тітіркендіргішінің әсерінен жануарлар дүниесінде арнаулы көру ағзасы пайда болды, оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан пайда болатын арнаулы сезімтал жасушалар болып табылады. Олардың көбі пигментпен қоршалған. Пигменттің маңызы жарықты белгілі бір бағытта өткізіп, артық жарық сәулелерін ұстап қалуда.

Қарапайым жануарларда мұндай жасушалар бүкіл денеде шашырай орналасқан (қарапайым "көзшелер"), ал кейін нерв келетін сезімтал жасушалармен астарланған (торлы қабық) шұңқыр пайда болады. Омыртқасыз жануарларда шұңқырдың алдында торлы қабықшаға түсетін артық сәулелерін шоғырландыруға арналған жарық сындырушы орталар (көзбұршақтар) пайда болады. Көздері барынша дамыған омыртқалы жануарларда бұлармен қатар көзді қозғалтатын бұлшықеттер және қорғаныш бейімдіктері (қабақ, жас аппараты) пайда болады.

Омыртқалы жануарларға тән бір ерекшелік мынада: көздің арнаулы жасушалары бар жарық сезгіш қабығы (торлы қабығы) тікелей эктодермадан емес, томпаю арқылы алдыңғы ми көпіршігінен дамиды.

Көру анализаторы дамуының бірінші кезеңінде (балықтарда) оның шеткі ұшында (торлы қабық) таяқша пішіндес жарықсезгіш жасушалар болады, ал көру орталықтары тек ортаңғы мида ғана орналасады. Мұндай көру мүшесі тек жарықты сезіп, заттарды ажыратуға ғана қабілетті.

Құрлықта тіршілік ететін жануарларда торлы қабық жаңа жарық-сезгіш жасушалармен - сауыттәрізді жасушалармен толығып, аралық мида, ал сүтқоректілерде ми қыртысында да жаңа көру орталықтары пайда болады. Осының нәтижесінде көз түрлі түстердің көріп ажырату қабілетіне ие болады. Мұның барлығы бірінші сигнал жүйесімен байланысты. Ақырында адамда ми қыртысында ең жоғары көру орта-лықтары ерекше дамып, солардың арқасында онда көру образдарымен байланысқан дерексіз ойлау және жазбаша сөз пайда болады. Бұлар адамға ғана тән екінші сигнал жүйесінің құрам бөлігі.

Көз эмбриогенезі жалпы алғанда былай жүреді. Алдыңғы ми көпір-шігінің (оның аралық ми беретін бөлігінің) қабырғасының бүйір томпақтары жандарына қарай созылып, ішінде жіңішке қуысы бар аяқша арқылы ми қуысымен жалғасатын екі көз көпіршігін түзеді. Аяқшадан көру нерві, ал көз көпіршігінің шеткі бөлігінен торлы қабық түзіледі. Көз бұршағының дамуына байланысты көз көпіршігінің алдыңғы бөлігі аяқшаға қарай ойыстанады, соның нәтижесінде көпіршік қос қабырғалы "көз бокалына" айналады.

Екі жапырақша "бокал" жиегінде біріне бірі ауысып, қарашық баста-масы түзіледі. "Бокалдың" сыртқы (ойыстанған) жапырақшасы торлы қабықтың пигментті қабатына, ал ішкі жапырақшасы жарықсезгіш қабатына (меншікті торлы қабық) айналады. "Көз бокалының" алдыңғы бөлігінде оның қуысында орналасатын көз бүршағы, ал көз бұршағы артында шыны тәрізді дене түзіледі.

Көздің сыртқы - тамырлы, ақ қабық және мөлдір қабықтары "көз бокалын" көзбүршақпен бірге қоршап жатқан мезодермадан дамиды. Мезодерманың сыртқы, тығыздау қабатынан мөлдір қабықпен қоса ак қабық, ал ішкі тамырларға бай қабатынан кірпікті дене, нүрлы қабықпен қоса choroidea пайда болады. Ұрық көзінің алдыңғы бөлігінде екі қабат бір-бірінен бөлінетіндіктен алдыңғы камера пайда болады. Мезодерманың бұл жердегі сыртқы қабаты мөлдірленіп, мөлдір қабық түзеді. Мөлдір қабықты алдынан жабатын эктодермадан қабақтың ішкі бетіне ауысатын конъюнтиваның эпителиі түзіледі.

Дәм сезу ағзасының - ("химиялық" сезімнің) -маңызы тамақтың сапасын айыруда. Ең алдымен дәм бүршіктері тері сезімі ағзаларынан бөлініп шықты. Содан кейін олар ауыз және мұрын қуыстарында (қосмекенділер) шоғырланып, ақырында ауыз қуысында жиналады (жорғалаушылар мен сүтқоректілер).

Адамда бүршіктердің көбі papillae vallatae et foliatae-де, аздау мөлшерде papillae fungiformis-те, ақырында бір бөлігі жұмсақ таңдайда, бөбешіктің артқы және ожаутәрізді шеміршектердің ішкі бетінде орналасады. Бүршіктерде дәм сезу анализаторының рецепторын құрайтын дәм сезу жасушалары болады. Оның кондукторы үш буыннан тұратын, дәм сезу рецепторларының шығатын өткізгіш жолдар болып табылады.

Бірінші нейрон тілдің афферентті нервтерінің түйіндерінде жайғасады. Адамда дәм сезімін өткізетін нервтер: 1) бет нервінің дабыл ішегі (тілдің алдыңғы ұштен екісі); 2) тіл-жұтқыншақ нерві (тілдің артқы ұштен бірі, жүмсақ таңдай мен таңдай доғашықтары) және 3) кезбе нерв (бөбешік).

Бірінші нейронның орналасуы:

1. Ganglion geniculi. Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері сһоrda tympati құрамында тілдің шырышты қабықшасының алдыңғы ұштен екісіндегі дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділер - п. intermedius-тің құрамында көпірге барады.

2. IX жүптың төменгі түйіні. Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері-n. glossopharyngeus-тің құрамында тілдің артқы үштен бірі шырышты қабықшасындағы дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділер сол нерв құрамында сопақша миға барады.

3. Ganglion inferius n. vagi. Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері n. laryngeus superior құрамында бөбешік аймағында орналасқан дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділер n. vagi құрамында сопақша миға барады.

Барлық сипатталған дәм сезу талшықтары сопақша ми мен кқпірде, екінші нейрон орналасатын nucleus solitarius nn. intermedii, glossopharygei et vagi-лерде аяқталады. Nucleus solitarius-тің дәм сезу бөлімі сопақша мидың шайнау мен жұтуға қатысы бар барлық қозғалыс ядроларымен, сонымен бірге жұлынмен (тыныс алу, жөтелу мен құсуды бақылау) байланысқан.

Екінші нейрондардың өсінділері сопақша ми мен көпірден thala-mus-қа көтеріледі, сол жерде дәм сезу анализаторының қыртыстық ұшына баратын үшінші буын басталады. Дәм сезу анализаторы gyras para-hippocampalis қыртысында самай бөлігінің алдыңғы шетінде ілгек пен гиппокампта, иіс сезу орталықтарының қасында жатады, ал басқа бір деректер бойынша қақпашқа қыртысында (operculum) орналасады. Химиялық деректері негізінен екінші болжамды растайды. Химиялық тітіркену рецепторда нерв импульсына айналып, ол кондуктор арқылы анализатордың қыртыстық ұшына дейін беріліп, сол жерде әр түрлі дәм түйсіктері түрінде қабылданады.

Әдебиеттер тізімі
1. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника: учебник. - М., 2002.

2. Барабанов Е.И., Зайчикова С.Г. Ботаника: учебник. - М., 2006.

3. Бавтуто Г.А., Еремин В.М. Ботаника: морфология и анатомия растений: учебн. пособие. - Минск, 1997.

4. Биологический энциклопедический словарь. - М., 1986.

5. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А.Т., Серебрякова Т.И.Ботаника: анатомия и морфология растений: учебник. - М., 1978.

6. Гилберт С. Биология развития: в 2 т. /пер. с англ. - М., 1994.

7. Долгачева В.С., Алексахина Е.М. Ботаника: учебник. - М., 2003.

8. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.Н. Ботаника: систематика высших, или наземных, растений: учебник. - М., 2001.

9. Красильникова Л.А., Авксентьева О.А., Жмурко В.В. и др. Биохимия растений: учебник. - Ростов-на-Дону, 2004.

10. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений: учебное пособие. - М., 2000.

11. Миркин Б.М., Наумова Л.Г., Мулдашев А.А. Высшие растения: учебник. - М., 2001.

12. Миркин Б.М., Наумова Л.Г., Соломещ А.И. Современная наука о растительности: учебное пособие. - М., 2001.

13. Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. Современная ботаника: в 2 т. /пер. с

англ. - М., 1990.

14. Сергиевская Е.В. Систематика высших растений: практический курс. - С.-Пб, 2002.

15. Практикум по анатомии растений: учебное пособие /под редакцией Д.А. Транковского. - М., 1979.

16. Тахтаджян А.Л. Флористические области Земли: учебное пособие. - Л., 1978.

17. Тахтаджян А.Л. Система магнолиофитов: учебное пособие. - Л.,

1987.

18. Шорина Н.И. Ботаника: анатомия и морфология растений. - М.,



1988.

19. Энциклопедический словарь лекарственных растений и продуктов животного происхождения: учебное пособие. - С.-Пб, 1999.

20. Эсау К. Анатомия семенных растений: в 2 кн. /пер. с англ. - М., 1980.

21. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А. Ботаника: учебник для фармац. институтов и фармац. фак. мед. вузов. - М., 1990.

22. Яковлев Г.П., Аверьянов Л.В. Ботаника для учителя: в 2 ч. Ч. 1. - М.,

1996; ч. 2.- М., 1997.

23. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А. Ботаника: учебник для фармац. институтов и фармац. фак. мед. вузов. - С.-Пб, 2003.

Мазмұны


Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері пәнінің мақсаты мен міндеттері

3

Тірек – қимыл аппаратының құрылымы мен қызметі

11

Бұлшық еттер туралы ілім

17

Ішкі органдар туралы ілім – сланхнология

23

Тыныс алу жүйесі

29

Зәр шығару жүйесі

34

Тамырлар туралы ілім – ангиология

40

Ішкі секреция бездері

55

Жүректің құрылысы

58

Жүйке жүйесі туралы ілімдер

61

Ми құрылысы

65

Вегетативтік жүйке жүйесі

73

Сезім мүшелері

76

Әдебиеттер

85


Қалмұрзаев Қ.С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ.


«Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері»

Баспаға қол қойылды 28.02.2017ж.

Қағаз форматы 60х84 1/16

Типографиялық қағаз. Офсеттік баспа. Көлемі 5,6 б.т.



Тираж 100 дана. «Тarlan Trеde» баспасы



Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> Төлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> Сейсенбаева Ж. М., Балабекова Д. Б. Банктердің есебі және аудиті оқУ ҚҰралы шымкент, 2017
kitap -> Қалмұрзаев Қ. С., Қуатбекова А., Байхожаев Қ. Адам анатомиясы мен спорттық морфология негіздері 5В010800 –«Дене шынықтыру және спорт»
kitap -> Таќырыбы: Гидросфера жјне јлемдік су ќоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет