«Алтын бесік Атамекен»



жүктеу 46.13 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі46.13 Kb.

«Алтын бесік - Атамекен»

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-

интернатының тәрбиешісі Карасаева Алтын Алмасовна

Мақсаты:


-  Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру;

- Жас  ұрпақтың  бойында  еліне,  Отанына,  жеріне, ұлтына  деген  патриоттық  сезім  қалыптастыру.

-  ұлттық   салт – дәстүрді, еліміздің    мақтаныштарының үлгі - өнегелерін  құрметтей  білуге  тәрбиелеу.

Түрі:  сайыс сабақ.



Мұғалім: Атамекен ата-бабаның қоныс еткен мекені, Адам қай жерде жүрсе де, қандай биіктерге көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке – ол Атамекен. Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері болады, Атамекеннің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпаққа байланысты.

Атамекен... Атажұрт... Туған жер... Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдарының бірі.

Атамекен – туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата-бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.

Мұғалім сыйы:

Оқушылардың жаңа тақырып бойынша түсініктерін кеңейту мақсатында Ғ.Оралбаевтың атамекен, туған жер туралы әңгімесін оқу ұсынылады. Мәтінді мұғалім оқып береді.



Бір шымшым топырақ

Ғ.Оралбаев

Мәтінді оқып, танысқаннан кейін сұрақтарға жауап беру арқылы туған жердің, оны мекен еткен адамдардың, туған ел табиғатының адамның өмір жолына ететін ықпалы туралы әңгіме жүргізіледі.

Дәйексөз

Жаңа ақпараттың қорытындысы, түйіні ретінде мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады. Оқулықта берілген «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың» деген дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, Атамекен, туған жердің адам өміріндегі алатын орны туралы сұрайды.

Балалар, енді «Әңгімелесейік, пікірлесейік» айдарына кезек берсек.
Әңгімелесу
1) Атамекен, атақоныс, атажұрт несімен қымбат?
2) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
3) Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
4) Өз Атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?

Үш топқа шығармашылық тапсырма

1 топ – «Алтын бесік -Туған жер» эссе жазу

2 топ – «Туған жер» өлең жолын құрастыру

3 топ – «Байтақ елім» постер қорғау


  1. Шаңырағың  шайқалмасын – туған ел!  (Қазақстанға  қазақ  еліне   байланысты  сұрақтар  қойылады)

  2. Ұлт рухы – ұлыларымен мықты! (Аттары  аңызға  айналған , қазақ  елінің   мақтаныштары   туралы   сұрақтар).

  3. «Мақал – сөз атасы»(қатысушыларға  сұрақ  қойылады, қатысушы  мақалмен жауап беру керек)

Кітапханашы: Қазақ  халқының  ұғымында  туған жерден  қасиетті  ешнәрсе  жоқ.  Туған жердің  тұнық  суын  ішіп, жұпар  ауасын  жұтқан  әр бір  адамның  туған  топырағына деген  сезімі  ерекше.  Қазақ халқы  ел  болып  бірігуі ,   ұлт  болып  ұйысу  жолында   талай   белестерден   өтті. Сол  тарих  қойнауында  жатқан  сырлары  мол тылсым күштер – біздің  баға  жетпес байлығымыз.

І бөлім:

Шаңырағың шайқалмасын – туған ел!

1 сұрақ.  Қазақстан   азаматтарының   құқықтың  қағидаларын    тұжырымдайтын  мемлекеттік  заң   қалай  аталады? (конституция)

2 сұрақ.  Мемлекеттің  ең   жоғарғы   лауазымды  тұлғасы (Президент)

3 сұрақ. Ұлттық  валюта  куні?  (1995 15 қараша)

4 сұрақ.  Қазақстандағы  ең  биік  шың ?   (Хантәңірі  6646 метр)

5 сұрақ.  Қазақстанның   астанасы  Орынбордан Қызылордаға   қай  жылы , қай  айда   көшірілді? (1925 , наурыз)

6 сұрақ.  Қазақстан  БҰҰ- на  қашан   қабылданды? (2  наурыз  , 1992 ж)

7 сұрақ.  Әнұранның   сөзін  жазғандар?( Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)

8 сұрақ. Жайықтың  екі   жағасын   бойлай  орналасқан   байырғы қалалардың   бірі?  (Атырау )

9 сұрақ.  11 сұрақ.   1991  ж  қазанның  2  сі  күні   ғарышқа  тұңғыш  ұшқан  ғарышкер?  (Т. Әубәкіров )

10 сұрақ.    Ақтөбе облысының орталығы болып Ақтөбе қай жылы болды? (1932 ж 10 наурызда)

11 сұрақ.  Қазақстан  неше  мемлекетпен  шектеледі? (5 мем – т. Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркменстан)



ІІ  бөлім: 

Ұлт  рухы – ұлыларымен мықты!

  1. Рейхстагқа   ту   тікке  Қазақстанның  халық  қаҺарманы ? (Р. Қошқарбаев)

  2.  1912-1957  ж ж өмір  сүрген  Қазақтың   бұлбұл  әншісі? (К. Бәйсейітова)

  3. Мен  жастарға   сенемін  өлеңінің  авторы ? (М. Жұмабаев)

  4. Желтоқсан  көтерілісің   құрбаны , халық  қаҺарманы? (Қ. Рысқұлбеков)

  5. Әні тірі ағаның жаны тірі, аралап  жүр  қазақтың  кең  даласын, 40 жыл  бойы  қазақтың  даласы  мен  баласын  ән  әуенімен  әлдилеген ұлы  компазитор?    (Ш. Қалдаяқов )

  6. Ұлт  жанашыры ?   (М. Шаханов)

  7. Ғибратты  ғұмыр  кешкен ,  ел  арасында   әулие  атанған,  2  ғасырға  жуық   халқын  рухымен   қолдап  , қорғап  келе жатқан   кемеңгер  тұлға ?  (Бекет  Мырзағұлұлы)

  8. Атақты  қазақ  суретшісі, қылқалам  шебері? (Ә. Қастеев)

  9. Жеті жарғы  заңын  кім шығарды? (Тәуке хан)


IІІ  бөлім:

«Мақал – сөз атасы»

«Мақал – сөз атасы»   (Бұл сайыстың  шарты  жүргізуші  қойған  сұраққа  қатысушы  мақалмен  жауап беруі керек.

Мысалы:  С: Жыланды  інінен  қалай  шығарады?

Ж: Жылы, жылы сөйлесең,



Жылан інінен шығады )

  1. Қар жана ма?  (Қалауын тапса, қар жанар)

  2. Тастың жеңілі болама? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

  3. Аппақ қарға  бола ма? (Қарға баласын  аппағым дер)

  4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны  амандық,  Қасқырдың ойлағаны арамдық)

  5. Жігітті  шал деген жөн бе? (Жаман жігіт жасында шал болар)

  6. Адамның қай мүшесі қорқақ, Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)

  7. Етікті  қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе қонышынан бас)

  8. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне  тары кірер)

  9. Оттан ыстық  не бар? (Отан – оттан да ыстық)

  10. Отқа  түсіп  күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс - күймейсің)

  11. Шошқаның  үргенін көрдің бе? (Ит жок жерде шошқа үреді)

  12. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз)



Қ.Мырза Әлінің сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін қосылып орындайық.
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет