«Алтын жұмыртқа»



жүктеу 35.91 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі35.91 Kb.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Коммуникация»
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Алтын жұмыртқа»


Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге, қабылдауға, сезінуге жетілдіру.

Міндеттері:


1. Балалардың сөйлеуін, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету.
2. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Ғажайып сәт, ой - қозғау, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын жаттығу.

Сөздік жұмыс: Алтын жұмыртқа, жәй жұмыртқа, тауық, ұрады.

Көрнекілік: ертегі кейіпкерлерінің макеті, үлестірмелі материалдар.




Іс-әрекет  кезеңі

Тәрбиешінің  әрекеті

Балалардың  әрекеті

Ой қозғайтын себептер

Ізденіс-ұжымдық

Негізгі бөлім

Қорытынды



Балалар  шаттық  шеңберіне  тұрады. 
– Балалар жоғарыға қараңдаршы, мынау не?

- Дұрыс, балалар, күн бізге шуағын шашып жылуын береді. Қазір біз осы күннен бойымызға жылу алайық. Ол үшін екі қолымызды жоғарыға күнге қарай созайық.

- Күннен жылу алдық па?

- Енді осы күннен алған жылуымызды алақан арқылы үрлеп, бір-бірімізге таратайық. Енді апайларға да жылу таратайық.


  -Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

Тауық, қаз, үйрек, әтеш. Олардың бәрін үй құстары деп атайды. Осы үй құстарының ішінен біз тауықты алайық.

(Пикторгаммамен жұмыс)

- Мынау тауық, тауықтың бөліктері, түсі ақ, жүні жұмсақ, үй құсы, жұмыртқа шығарады, тарымен қоректенеді.

- Енді, балалар, мен сендерге «Алтын жұмыртқа» ертегісін айтып берейін:

- Ертеде бір ата мен әже болыпты. Олардың жалғыз тауығы болыпты. Бір күні сол тауық алтын жұмыртқа туыпты. Ата мен әже қатты қуанады, жұмыртқаны жарып көргісі келеді, бірақ жұмыртқаны жара алмайды. Сол кезде бір тышқан жүгіріп өтіп бара жатып, абайсызда құйрығымен қағып жіберіп, жұмыртқаны жарып тастайды. Ата да жылайды, әже де жылайды. Жылап жатқан ата мен әжені көрген тауық жандарына барып жұбатады. Жыламаңдар әже, жыламаңдар ата, мен сендерге көп жұмыртқа берем, алтын емес, жай жұмыртқа. Бәріңе жетеді. Ата мен әже қуанып, тауыққа рахмет айтады.

- Балалар, ертегі ұнады ма? Шұбар тауық не туды? Ол жұмыртқа қандай? Алтын, әдемі, жылтыр. Жұмыртқаға не болды? Жұмыртқа қалай сынып қалды?

Қандай кейіпкерлер бар?



Сергіту сәті.

  • Балалар, бір сәт балапандарға ұқсап, қимыл жасайықшы.

Ғажайып сәт.

Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.


- Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?
Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.
- Қыт – қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай әдемі балалар!
- Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
- Иә, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?

«Бөлігін тап» ойыны.

Рахмет балалар! Мен қуанып қалдым.

- Балалар, тауық сендерге риза болып қалды. Сендер жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер.

Тауық: Балалар, мен сендерге ертегі елінен мына әдемі қорапшаны алып келдім. Кәне, көрейік, ішінде қандай ертегі бар? Бүгін сендер қандай ертегі тыңдадыңдар?

Қандай кейіпкерлер бар? Жұмыртқаның пішіні қандай? Түсі қандай?

Жарайсыңдар балалар, ертегіні жақсы білесіңдер, жұмыртқаларды да құрастырдыңдар, менің сендерге сыйлығым бар. (Сыйлық тарату).

Тәрбиеші: Балалар, тауық сендерге өте риза, енді тауықпен бірге серуенге шығып, «Балапан» ойынын ойнайық.



- Күн.
-Иә.


Бірге қайталайды.

Бірге қайталайды.


Бірге қайталайды. Тауық, қаз, үйрек, әтеш. Үй құстары.

Тақырыпты қабылдау.

Балалардың жауабы.

(«Шөжелер» әніне қимыл жасайды).

Тапсырманы орындайды.

Жұмыртқаның бөлігін тауып құрастырады.

Алтын жұмыртқа.

Ата, әже, тышқан, тауық.

Пішіні сопақ. Түсі ақ.





Күтілетін нәтиже: Ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін мағыналы түсіне біледі.

Меңгеруі: Тілдің дыбыстық мәдениетін, тіл байлығын, тіл белсенділігін меңгереді.


Жасай алады: Бөліктерден бүтін жасай алады.







Каталог: uploads -> doc -> 0d0e
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d0e -> Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру
0d0e -> Абылай хан тұсындағЫ Қазақ хандығЫ. Сабақтың мақсаты
0d0e -> Пәні Қазақ әдебиеті 11 а сынып 03. 02. 2015ж Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет