Аманжол Әлтай хандық ДӘуір әдебиеті



бет1/70
Дата26.01.2022
өлшемі1 Mb.
#170012
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
А.Әлтай-ОҚУЛЫҚ
Ермекқызы Аружан, СӨЖ

Аманжол Әлтай


ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

ОҚУЛЫҚ

АННОТАЦИЯ

Оқулықта хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму сипаты тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайлармен сабақтастырыла қарастырылып, аталмыш дәуірде ұлттық поэзияның өркендеуінде маңызды роль атқарған жыраулар мен ақындардың шығармашылық ерекшеліктері көркем мәтіндер негізінде талданған.

Оқулық жоғары оқу орнының қазақ филологиясы, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттеріне арналған.



ГЛОССАРИЙ

Абстрактілі ұғымдар – қандайда бір дерексіз құбылыстардың жаратылыста бар екенін және олардың мәні мен сипатын ойлану әрекеті арқылы ғана дәйектейтін түсініктер.

Ақындар – өмірлік шындықты бейнелеу барысында поэзиялық пішінді пайдаланатын әдеби шығармашылық иелері. ХVІІІ ғасырдағы ақындардың көркемдік әдісі, негізінен, реализм болса, поэзиялық негізгі жанры өлең болды.

Арнау – белгілі бір адамға (адамдарға) бағыттала айтылған өлең. Негізгі ерекшелігі – арналған адамының (адамдарының) жақсылы-жаманды мінездерін, іс-әрекеттерін айқындай таныту.

Әдеби мұра – бұрынғы уақыттарда жасалған әдеби шығармалар жиыны. Әдеби мұра белгілі бір шығармашылық иесіне, яки белгілі бір дәуір әдебиетіне қатысты болуы ықтимал.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет