Аќмола облысы



жүктеу 68.02 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі68.02 Kb.
түріСабақ

Ақтөбе қаласы





бойынша сабақ

Благодар орта мектебінің

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Амитова Рауза Әділгерейқызы

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.Ою-

өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың

шеберлігін ұштау.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шапшан-

дық, көрегендік қасиеттерін дамыту.



Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбексүйгіш

тікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің

және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Ою-өрнектің негізгі сегіз элементінің көріністері, ою-өрнек бейнеленген көрнекілік. Презентация, проектор, компьютер, трек сызбалары, слайд.

Оқушылар үшін: жай қарындаштар, желім, қайшы,бисер, тоқыма жіптер, табиғи материалдар,түрлі-түсті қағаз .

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, демонстрациялау, қызығушылығын ояту, суретпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиеттік оқу, музыка.

Сабақтың өту барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Топқа бөлу Бірінші топқа: Космогониялық

Екінші топқа: Зооморфтық

Үшінші топқа: Өсімдік бейнелі өрнектер

Төртінші топқа: Геометриялық өрнектер



Сабақтың барысы:

Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының қолөнер бұйымдарының тарихымен танысамыз.

Қазақ халқының қолөнері өте ерте заманнан бастап дамыған. Халық іскерлік қолөнер негізінен үй кәсібі негізінен дамыған деп айта аламыз. Барлық уақытта халық шеберлері бұйымдардың тек қана пайдалы ғана емес, сонымен бірге сыртқы бейнесі сәнді болуына да көп мән берген. Тұрмыс заттарын жасап сәндеуде халық суретшілері сәндік өрнектің түрлі үлгісін ойлап тауып пайдаланды.
Сабақ барысында оқушыларға ою-өрнекпен безендірілген тұрмыстық заттардың суреттерін көрсете отырып сәндік-қолданбалы өнер – халықтың өнері екенін түсіндіремін. Халық тұрмыстық заттарын жасап қана қоймай, оған қажет пішіні мен сипат берді, сол заттардағы әсемдікті аша көрсетіп, оны ұрпақтарға жеткізуге тырысқан.

Сәндік қолданбалы өнер ою-өрнекті, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруде пайдаланған.

Қазақ қолөнерін төрт топтқа бөлген.

Олар: ұсталар, зергерлер, ісмерлер мен шеберлер.

Ұсталар – найза, қылыш, қанжар, қалқан, семсер, т.б. қару жарақ түрлерін жасаған.

Зергерлер – білезік, сырға, сақина, шашбау, қапсырма, сәукелеге тағылатын қымбат металдардан (алтын, күміс ) соғылған әшекей бұйымдар жасаған.

Ағаш шеберлері – киіз үй сүйегінен бастап, сандық, асадал, ожау, тостаған, қобыз, домбыра, бесік, шана, арба т.б. бұйымдар жасаған.

Ісмерлер – камзол, шапан, құрақ көрпе тігумен, тұс киіз, алаша тоқумен, сырмақ, текемет басумен айналысқан.

Ою-өрнек – өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Байқап отырсаңыз киіз, ағаш бұйымдарында көбінесе мүйіз өрнектерін қолданатынын көреміз. Сонымен бірге өрнек ою-өрнек элементтерінің ретімен қайталануына негізделген.

Оюларға сүйсініп,қайран қалып тұрасың. Көре білсең түсініп, одан көп сыр ұғасың демекші қазақтың тарихын, өмірін өрнектер бойынша оқып білуге болады.
Балалар бүгінгі сабақта: киіз, сырмақ, текемет, тұскиіздермен танысып, бейнелеп үйренеміз. (Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі)

Киізді – ақ және сұр түсті қой жүнінен үлкен көлемде басып, киіз үйлердің сыртын қаптауға, төсеніштердің астына тастауға пайдаланған.

Сырмақ – деп ақ және қара түсті қой жүнінен басылған киізді пайдалана отырып өрнектерін бірдей қылып ойып, безендіріп, жүн жіппен сырып тігілген төсенішті айтамыз.

Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен зерделенген. Шетелдік (В.Куррер), кеңестік (С.В.Иванов, В.В.Стасов, Ф.К.Волков, С.А.Давыдов, Н.Ф.Думцов, т.б.)және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Е.Масановтың, М.Мұқановтың және т.б. зерттеу материалдарын айтсақта жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Мысалы, геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (ұшбұрыш, төртбұрыш), т.б. қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ой-қиялынан туған дейді. Демек, ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.

Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады.

Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек элементтерін меңгері болып табылады.

Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.


  1. Ай,күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.

  2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б.

  3. Аңға байланысты өрнектер:

«Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.

  1. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер:

«алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көьелек», «шыбынқанат», «тышқан із».

  1. Құстарға байланысты өрнектер:

«құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б.

  1. Өсімдік бейнелі өрнектер:

«арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.

  1. Қару-құралдарға байланысты өрнектер:

«балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме», «безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.

  1. Геометриялық ою-өрнектер:

«қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.

2. Сабақтың тақырыбын түсіндіру: Ал енді бүгін танысқан ою-өрнектерімізді есімізге сақтап қалуымызға тырысайық . Төрт топқа бөлінген оқушылардың алдарына араласып жатқан ою-өрнектердің элементтерін талдап топқа бөлуін талап ету.

Бірінші топқа: Космогониялық

Екінші топқа: Зооморфтық

Үшінші топқа: Өсімдік бейнелі өрнектер

Төртінші топқа: Геометриялық өрнектер

Топтап бөліп болғаннан кейін тақтаға сурет салу арқылы оқушыларға ою-өрнек элементтерінің түрлерін салып үйрету, қолдарын жаттықтыру.



3. Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» - деген сауалға: Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген болатын. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зейін салып көрсек, ою-өрнекке қарап, оларды өзіміз бейнелеп біз де үлкен адам болатын шығармыз. Ол үшін (алдын ала бөліп отырғызылған) төрт топқа бір мағыналы тапсырма беріледі.
-салып жатқан өрнектің пішімін анықтау

- жобалау және үйлестіру жолдары

- жұмыстарын аяқтау

4. Сабақтың қорытындысы. Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту. Өрнектердің неше түрлері мен атаулары бар? Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?

Оқушылардың жұмыстарын көрме ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау.



5. Жұмыс орындарын жинау.

Зооморфтық Өсімдік өрнектері Космогониялық Геометриялық


Каталог: uploads -> doc -> 01b9
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
01b9 -> 8-9 сыныптарєа арналєан «Ќўќыќ логикасы» курсыныѕ баєдарламасы
01b9 -> Алкины- сnH2n-2, одна тройная связь


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет