Қазақстанда өмір сүру ұзақтығының жоғары гендерлік алшақтығы сақталуда. 2022 жылдың статистикасына сүйенсек, қазақстандық ерлердің өмірі әйелдердікінен 8,1 жылға қысқа. Орта есеппен ер адамдар 70,3 жасқа, әйелдер 78,4 жасқа дейін өмір сүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: old.novostink.ru

Өмір сүру ұзақтығының гендерлік айырмашылығы Қазақстанның демографиялық ерекшелігі емес. OurWorldinData зерттеуіне сәйкес, ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының алшақтығын әр елден байқауға болады.

Кейбір елдерде ол аз – бар болғаны 3-4 жыл, ал басқаларында ол – 10 жылдан астам. Зерттеуге сәйкес, бұл көптеген әлеуметтік-экономикалық факторларға — денсаулық сақтаудың даму деңгейіне, туу көрсеткішіне, өлім-жітім құрылымына, қылмыс деңгейіне байланысты.

Статистикаға сәйкес Қазақстанда әйелдер ұзақ өмір сүреді және олардың саны ерлерге қарағанда көп. Бала туу көрсеткіші бойынша 2022 жылы елімізде 195,8 мың қыз, 208,1 мың ұл бала дүниеге келген. Соңғы бірнеше жылда ұлдардың туу көрсеткіші қыздарға қарағанда тұрақты түрде жоғарылады.

  • Мамандар ұзақ өмір сүру үшін 40 жастан кейін қандай әдет қалыптастыру керек екенін айтты
  • Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша бала туу керегін айтты

Қазақстандағы балалар саны гендерлік теңсіздікті сақтайды. Елімізде 1-17 жас аралығындағы ұлдар 5,8 пайызға көп. Сандағы ерлердің артықшылығы 18-35 жас аралығындағы жастар тобында да сақталады.

Бірақ орта жаста (36-55 жас) популяцияның ерлер бөлігінің қысқаруы және әйелдер бөлігінің басымдылығы (5,3 пайызға) тенденциясы айқын болады. 56-70 жас аралығындағы егде жастағы топта бұл айырмашылық күшейе түседі: қазірдің өзінде әйелдер саны 28,6 пайызға көп. 71-85 жас аралығындағы қазақстандықтар арасында ерлер әйелдерге қарағанда 2 есе, ал 85 жастан асқан 100 жастағылар тобында 3 есе дерлік аз.

Ұл балалар көп дүниеге келгеніне қарамастан, туғаннан бір жасқа дейін олардың өмір сүру мүмкіндігі өз құрдастарына қарағанда төмен. Бұл тезис жынысы бойынша нәресте өлімінің көрсеткіштерімен расталады. Мәселен, 2022 жылы 1 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім көрсеткіші 8,5 болса, қыздар арасында 1 мың туылғанға шаққанда 6,8-ді құрады.

Халықаралық ақпарат көздері осындай жағдайды басқа елдерде де байқауға болатынын айтады. Бұл ұлдардың мерзімінен бұрын туылуымен түсіндіріледі.

Қазақстан халқының орта жас тобында айтарлықтай гендерлік алшақтықтың пайда болуы әртүрлі әлеуметтік-экономикалық факторлармен түсіндіріледі. 36-55 жас аралығындағы ерлер әйелдерге қарағанда өз-өзіне қол жұмсау, қылмыс, жол-көлік оқиғалары, өндірістік жарақат алу және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан өлім-жітімнің жоғары болуы салдарынан қаза болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдік туралы айтқаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.