Анализ эфективности сбыта торговли


Өткізудің стратегиялық мәселелері



жүктеу 0.74 Mb.
бет2/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4

Өткізудің стратегиялық мәселелері

(Өткізудің маркетингтік жүйелері)
Өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу арналарының құрылымына байланысты болады.

I. Дәстүрлі – бұған тәуелсіз өндіруші, бір немесе бірнеше көтерме немесе бөлшек сатушы кіреді. Жүйенің әрбір мүшесі өз қызметін атқарып, максималды табыс табуды көздейді. Жүйе мүшелері бір-бірінің қызметін толық бақылай алмайды. Таратудың дәстүрлі арналарының басшылығы пәрменсіз және тиімділігі төмен болады. Мысалы, көптеген тамақ өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындардың өткізу жүйесін өзара іс-қимыл жасау сипаты бойынша дәстүрлі жүйеге жатқызуға болады. Бұл жүйенің әрбір арнасы басқаларға тәуелсіз және тек қана өзінің пайдасын көбейтуге ұмтылады.

II. Тік маркетингтік жүйелер. ТМЖ алдыңғы қатарлы өткізу жүйесі ретінде есептеледі. Дәстүрлі арнаға қарағанда, ТМЖ (ВМС) бір бүтін жүйе ретінде қызмет ететін өндірушілерден тұрады. Осы кезде арнаның бір мүшесі қалған фирмалардың меншік иесі болып келеді немесе олармен келісім-шартқа отырады, сондай-ақ оның қуаттылығы арнада белсенді орын алып, басқа қатысушыларға ықпалы зор болады. ТМЖ да басшы ретінде өндіруші немесе көтерме бөлшек фирмалар да болуы мүмкін. ТМЖ өткізу арнасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оған қатысушылардың арасында болатын қақтығыстарды шешу үшін құрылады. АҚШ-тың тұтыну нарығының 70-80% ында ТМЖ алған. Мысалы, ұлттық АҚ «ҚазМұнайГаз» компаниясы мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу, тасымалдау және

өткізумен айналысады. Осы жағдайда бұл компания интегралды ТМЖ ретінде қызмет етеді. ТМЖ-ның корпоративтік, келісімді, басқарылатын деген негізгі үш типі бар.

Корпоративтік ТМЖ негізінде өндіріс пен өткізудің кезңдері және өткізу арналарының қатысушылары бір билікте болады. Тарату жүйесінде иелік ететін өндіруші меншігіне осы жүйедегі бөлшек сауда дүкендері жатады. Өндірушінің бөлшек сату желісінде меншігі алға бағытталған интеграция деп аталады, өйткені компания тарату тізбегінің тұтынушыға жақын бір ұяшығын сатып алады. Мысалы, мұнай компаниясы меншігіндегі жанармай құю стансалары арқылы жанармай сатады. АҚШ-та Сиарс әмбебап дүкендер жүйесінде сатылатын тауарлардың 50%-ын оның толықтай немесе жартылай меншігіндегі компаниялар өндіреді. Көтерме және бөлшек фирмалар жабдықтау көздерін бақылай алатын болса, мұндай жеке меншік нысаны, артқа бағытталған интеграция деп аталады.

Келісімді ТМЖ – үлкен коммерциялық жетістіктерге жету мақсатында, арна қатысушылары арасындағы келісімді олардың қызмет көрсету өрісін толығымен қамтиды. Келісімді ТМЖ кең таралған және оның 3 түрі бар:



  • Көтерме сатушы ұйымдастырған, бөлшек саудагерлердің өз еркімен бірігуі. Тауарлардың ірі партияларын сатып алғанда қаражаттарды үнемдеу мақсатында көтерме фирма бөлшек дүкендерін біріктіреді;

  • Бөлшек саудагерлердің кооперативтері. Бұл көтерме сатып алу ұяшығын құрайтын, тәуелсіз дүкендер тобы. Дүкендер сатып алуды осы кооператив өз тарапынан баға белгілеу стратегиясын, қорды сақтау, дүкендерге жарнама көмегін көрсету қызметін орындайды.

  • Франчайзинг – келісімді ТМЖ-ға кіреді. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынылатын өткізу жүйесі.

III. Қазіргі замандағы өткізу стратегиясына тән өзгерістер болып көлденең маркетингтік жүйенің дамуы болып табылады. Оның қалыптасуының мәні былай – келешектегі зор тұрғыда кәсіпкерлікті дамыту үшін бір немесе бірнеше фирма өз күштерін біріктіріп, маркетингтік стратегияларды құрады. Жеке фирма болуына байланысты капиталының және техникалық мүмкіндіктерінің шектеулі, өзінің жеке өткізу арнасын құру тәуекеліне бармайды. Ал, басқа фирмамен күш-жігерін біріктіргенде, белгілі бір пайданы көздейді.

Арна құрылымын анықтау үшін 4 түрлі шешімді қабылдауды талап етеді: тауар делдалдар арқылы немесе тікелей өткізілуі керек пе, соны шешу керек, тарату арнасының деңгейін және ұзындығын анықтау қажеттілігі. Арнаның ұзындығы дегеніміз тарату жүйесіндегі делдалдардың саны. Ол өткізу жүйесін қамтамасыз ететін нарықты қамту дәрежесі, анықталған критерийлер негізінде нақты делдалдарды іріктеп таңдап алу (фирманың шамасы, оның мекен-тұрағы, тәжірибесі және т.б.)

2. Өткізудің тиімділігін талдау мәселелері («УАТ» фирмасына сәйкес)

2.1 «УАТ» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы, оның өткізу механизмдері

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің сипаттамасы

Су-сабын нарығының өсу перспективілігі, ең алдымен, өмір сүру деңгейі мен сапасының төмендеуімен байланысты, өйткені біз бұрыннан білетініміздей, ел қаншалықты нашар тұрса, соншалықты ол су-сабын өнімдерін көбірек тұтынады. Сол себепті ассортиментінің шектеулілігі мен өнімнің көп бөлігінің сапасының төмендігіне қарамастан, су-сабын қазақстандықтар үшін “бірінші кезекті” өнім болып қалуда. Бүгінгі таңда, статистикалық мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың негізгі тұтынатын химия өнімдерінің ішінде су-сабын 60-70% құрайды, дегенмен, бұл өнімнің бағасы, сапасы және тұтыну нарығының жағдайы айтарлықтай мәз емес. Егер зауыттар мемлекеттік сауда инспекциясы, стандарттау комитеті, санэпидемстанция тарапынан бақыланбайтын болса, жеке кәсіпкерлер ешқандай да лицензиясыз су- сабынды шығара береді, төменгі бағамен сапасыз химиялық заттарды пайдаланады. Бұл соңғыларға су- сабын өнімдері нарығының біршама бөлігін жаулап алып, су- сабын өнімдерінің ірі өндірушілерімен табысты бәсекелесуге мүмкіндік берді.

Су- сабын шығару өндірісінің кәсіпорындары ашық жүйе ретінде химиялық заттарды өндірушілермен, элеваторлы және көліктік шаруашылықтармен, тауарлы – қызмет көрсету және тағы басқа да субъектілермен өзара қарым-қатынас жасайды. Сондықтан шикізат пен материалдарды сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша және соңғы өнімді өндіру және өткізу бойынша қызметтері талап етіледі. Бұл қызметтер жүйелі, мақсатты бағытталған сипатта болуы керек және оның нәтижесі минимум шығындар мен максимум табыс кезінде тұтынушыларды қанағаттандыру болуы керек.

Өндірісті басқаруды қарастыра отырып ерекше атап кететін жайт, су- сабын өндіру өнеркәсібі күн сайын халықты негізгі химиялық өнімдерінің бірімен қамтамасыз ететін өндіріс саласы болып табылады. Сондықтан зауыттардың қуаттары су- сабын өнімдерінің қажеттілігін толық қанағаттандыра аларлықтай болуы керек. “УАТ” су- сабын комбинаты сабын, шампунь, ыдыс жууғыш өнімдерін өндіру бойынша қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі. Жұмысшы жобаны 1982 жылы “Казгипрохимпром” Мемлекеттік жобалық институт әзірлеген. Зауыттың негізгі технологиялық құрал-жабдығы 1988 жылдан бері пайдаланылады. Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 163,8 тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес Әділет министрлігі 2003 жылы 7- сәуірде “УАТ” ЖШС НТК деп тіркеді. Меншік нысаны - 100% меншіктік капитал.

Кәсіпорынның басқару құрылымы 9 департаменттен тұрады, олардың басшылығында кәсіпорынның басқарушы жұмыскерлері болып табылатын 9 директор тұрады.

1. Бас директор – тікелей басшылықты және акционерлік қоғамның қызметіне қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады.



  1. Өндіріс және техникалық қамтамасыз ету бойынша департамент- кәсіпорында дұрыс техникалық саясаттың жүргізілуіне, техниканың, технологияның жетілдірілуіне және өндірістің, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде ұйымдастырылуына жауап береді.

  2. Материалдық – техникалық жабдықтау департаменті - өндірісті қажетті шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз ету.

  3. Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті – бухгалтерлік есептің жүргізілуін, сәйкес органдарға есеп беруді бақылайды.

  4. Бөлшек сауда департаменті – фирмалық дүкендер арқылы өнімдердің сатылуын бақылау.

  5. Технологиялық департамент – шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және бүкіл технологиялық процесті бақылау.

  6. Қауіпсіздік департаменті – тауарды алып келу мен алып кетуді бақылау жүргізілетін территорияны тікелей қорғау.

  7. Маркетинг бөлімі – жарнама және өнімнің нарықта жылжу мәселелері.

  8. Келісімшарт бөлімі – келісімшарттар жасау және контрагенттер туралы мәселелерді шешу.

Жаңа нарықтық экономика жағдайында комбинат ұжымы өнімнің ассортиментін біршама кеңейту және жаңа прогрессивті технологияларды енгізу жолдарын іздеуге мәжбүр болды.

Қатаң бәсекелестік жағдайында қораптың тартымдылығы маңызды факторға айналуда. Көп жағдайларда қораптың ұтымды дизайны сатуды көбейтудің оңтайлы әдісі болады. Қораптың жаңа түрлері туралы сатып алушылар оң ойларын білдіруде: комбинаттың өнімі тартымды болып қана қоймай, оны тез тануға болады.

Су- сабын комбинатының барлық өнімі жоғары сапалы. Мұндай сапаны кепілдеу жоғары квалификациялы технологиялық қызмет кезінде ғана мүмкін болады. Түсетін шикізаттың, технологиялық процестің және дайын өнімнің сапасын бақылаудың нақты жүйесін ұйымдастыру жоғары тұтынушылық сұранысқа ие өнім өндіруге мүмкіндік береді. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің ылғалдылығын оперативті және дұрыс бақылауын қамтамасыз ету үшін “Вернер и Пфляйдерер” швейцарлық фирмасының ылғалдылықтың гологендік тексергіші сатып алынды.

Сапалы өнімді өндіруде комбинат мамандарының табыстары байқаусыз қалған жоқ. Қала дүкендерінде үнемі өнімнің көрме саудалары жүргізіледі. Олар сатып алушылармен тікелей қарықатынасты қамтамасыз етеді, мұнда тұтынушылар өздерінің көзқарастары мен ескертулерін айта алады, өнімнің рецепті, химиялық құрамы, туралы ақпарат ала алады және ұнаған өнімін сатып ала алады.

Су- сабын өндіру саласының өнімдерін көбейту мәселелерін жаңа су- сабын өндіру кәсіпорындарын салу, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау, бар өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану, саладағы кәсіпорындардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру жолдарымен шешуге болады. Нарықта болып жатқан өзгерістерге байланысты (нарықтағы монополиялық жағдайдан еркін бәсекелестікке көшу), және су- сабын өнімдері нарығында өздерінің біраз үлестерін жоғалтуына байланысты, су- сабын зауыттары келесі шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды: біріншіден, нарықты, тұтынушылардың сұранысын, қалауларын және талғамдарын терең және жан – жақты зерттеу; екіншіден, өндірісті осы талаптарға икемдеу, сұранысқа жауап беретін өнім шығару; үшіншіден, өз мүдделері үшін нарық пен қоғамдық сұранысқа әсер ету.

Су- сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдары (НТБ) нарығын зерттеу келесілерді қамтиды: жергілікті тауар өндірушілердің су- сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарын өндіру жағдайларын зерттеу; осы аймақтық тұтыну нарығындағы бәсекелестікті зерттеу; су- сабын өнімдерін бөлшектеп сатудың жағдайы мен даму тенденциясын бағалау; тұтынушылардың қалауларын анықтау және олардың су- сабын бұйымдарына ағымдағы сұранысын бағалау.

Парфюмерия бұйымдары тұтыну нарығының қанығу проблемасы түрлі позициялардан қарастырылған, бірақ негізгі көңіл сабын, тіс пастасы және кір жуу ұнтағы бұйымдарының соңғы тұтынушы сатып алушылардың қалаулары көзқарастарын зерттеуге бөлінген. Сабын бұйымдары нарығының қанығуы туралы тұтынушылардың көз қарастарын білу үшін Алматы қаласы дүкендерінің сатып алушыларынан сұрақ-жауап алынды (4 кесте).

Тұтынушылардың көпшілігі сабын нарығының қанығуын жеткілікті (67%) және жоғары (8%) деп бағалайды. Шампунь бұйымдары (ТБ) нарығында жағдай нашарлау: жеткілікті және жоғары бағалаулардың үлесі 49% құрайды, ол сабын нарығына қарағанда 113%-ға төмен.


1 - кесте Алматы қаласының сабын нарығының қанығуын тұтыну- шылардың бағалауы (%-бен)

сабын

Тұтынушылардың бағалауы

Сабын бұйымдары

13,0

Жоғары

13,0

54,0

Жеткілікті

43,0

24,0

Қанағаттандырарлық

29,0

7,0

Төмен

15,0

2,0

Жауап бере алмайды



Сабын бұйымдары ассортиментінің кеңдігін тұтынушылардың бағалауы олардың қанағаттанарлық дәрежесі туралы айтады: жауап берушілердің 62%-ы ассортименті кең деп санайды, 17%-ы өте кең, 17%-ы шектелген, 4%-ы тар. Сәйкесінше, сабын бұйымдары нарығында жауап берушілердің 21%-ы оны кеңейту қажет деп санайды.

Қаладағы сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдары сатылу жағдайын бағалау нәтижесінде сатып алушылардың көпшілігі 55%-ы оның жақсарғанын айтады, 37%-ы жағдай өзгермеген десе, 8 %-ы бұл тауарлардың сатылуының нашарлағанын айтады.

Бас директор




Қаржы Техникалық Дайын өнімді Өндіріс

директоры директор,бас өткізу меңгеру-

инженер басқармасының шісі

бастығы




Бас бухгалтер Диспетчерлік Маркетинг Вансселлинг

қызмет бастығы бөлімінің

бастығы



Жаңа

технология- Химия Өндірістік

лар бөлімі- цех бастығы зертхана

нің бастығы меңгерушісі







Филиалдарды

өркендету бөлімі



1 - сурет - “УАТ” сабын комбинатының ұйымдық құрылымы

Қазақстан экономикасының 90-жылдардың басында құлдырауы және мемлекеттік шығындардың жыл сайын азаюы маркетингтік процестерге қызығушылықты төмендетті.

Өндірістік кәсіпорындардың бәсекелестік жағдайында өмір сүру үшін үздіксіз диверсификация және өнімді жаңартып отыру қажет. Техникалық құрылғыларды, заттарды және технологиялық процестерді жетілдіру және жаңаларын енгізу техникалық шешімдерге негізделеді. Өз кезегінде олар ғылыми, өнертапқыштық және инженерлік идеялар негізінде жасалады. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды, жақсартуды, іздестіру міндетін қояды.

Еңбек өнімділігін жақсарту жолдары

Осылайша, инновациялық белсенділік, ол кәсіпорынның экономикалық бәсеке қабілеттілік индикаторларының бірі. Бұл белсенділік сөнген кезде кәсіпорын сыртқы және ішкі нарықтардағы позициясын жоғалтады, инвестициялық, технологиялық және экономикалық дағдарыс орын алады.

Кәсіпорында техникалық, экономикалық талдау жүргізгенде өнімнің өзіндік құнымен байланысты немесе көрсеткіш ол өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кететін шығындар пайдаланылады. Осы көрсеткішке үш фактор әсер етеді. Олар:


  1. Шығындар өнімінің 1 теңгесіне кеткен шығындар немесе шығын өнімдерінің көлемінің құрылымы;

  2. Шығарылған өнімнің бағалары;

  3. Жалпы шығарылған өнім көлемінің өзіндік құны.

80-жылдары басқарудың кеңестік әкімшілік-әміршілік жүйесі орталықтанған жоспарлау арқылы өндіріс пен өнім ассортиментін жаңарта отырып және мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен инновацияларды жүзеге асыра отырып, халық шаруашылығының және өмір деңгейінің өсіп отыруын қамтамасыз ете алмады. Нәтижесінде нарықтық экономикаға өту кезінде инновациялық дағдарыс орнады.

Дағдарыстан шығу жолдарының бірі инновацияларды ынталандыру болып табылады. Ол үшін стратегияларды құру өте маңызды. Инновацияларды енгізуде және ғылыми сыйымды өнімді экспорттауда ірі табыстарға жеткен шетел компанияларының қызметін талдау инновациялық дамудың кейбір стратегия түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстанға біздің интеллектуалдық потенциал мен ғылыми-техникалық ресурстарға сүйенетін стратегияны таңдау қажет. ҚР-ның статистика агенттігі бойынша жүргізген ғылыми-техникалық өнімдер нарығын талдаудың мәліметтері бойынша зерттеуге қатысқан 2146 кәсіпорынның ішінде 75,5%-ы кәсіпорынның техникалық базасын модернизациялау бойынша жеке ғылыми жұмыстар жүргізуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ, өнеркәсіпте бұл көрсеткіш 64,8%, құрылыста 77,9%,көлік және байланыста 62,4%, ауыл шаруашылығында 87,8%. Төмен инновациялық белсенділік себептерінің ішінде қаржының жоқтығы (52,6%), тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі (41,7%), жоғары несие ставкалары (21,1%), және өнімге деген сұраныстың жоқтығы (10,5%).

Бәсекеге қабілетті өнім өндіру және ішкі, сыртқы нарықтарда өткізу үшін бірлескен кәсіпорындар құруға болады. Бұл кәсіпорындар өндірістік потенциалды қолдануға, жұмысбастылықты қамтамасыз етуге және өзіндік инновациялық жобаларды дамытуға көмектеседі. Ғылыми лабораториялармен, ғылыми-зерттеу секторлармен, эксперименталдық орындармен қазақстандық кәсіпорындардың 8,6%-ы ғана байланыс жасайды. Бұл көрсеткіш шетел мемлекеттерінің меншігіндегі кәсіпорындарда 29,6%-ды құрайды./7/

Қазіргі уақытта «УАТ» сабын-кір жуу ұнтағы комбинатының сабын, кір жуу ұнтағы өнімдерінің барлық түрлерін, жууғыш өнімдерді өндіреді: сабынның түрлі сорттары, кір жуғыш кір жуу ұнтағы , тіс пастасы, әр түрлі ыдыс жуғыш заттар, жұпар иісті желдеткіштер және тағы басқалар. Сондай-ақ комбинатта түрлі қоспалары мен толтырғыштары бар бұйымдар өндіріледі.

Комбинат өнімі орнатылған тіртіптерге сәйкес сертификатталған, оған келесідей сәйкестік сертификаттары берілген:



    1. НКК.646006.01.01.01570-бидай ұнынан жасалған, қара бидай мен бидай ұндарынан аралас жасалған, кебек қосылған нан өнімдеріне;

    2. НКК. 646006.01.01.01572-бөлішке және ашытылған өнімдерге;

    3. НКК. 646006.01.01.01573-тоқаш өнімдері мен сабақшаларға;

    4. НКК. 646006.01.01.01571-ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерге;

    5. НКК. 646006.01.01.01797-“Жаз” сусыны үшін құрғақ жартылай фабрикатқа.

«УАТ» сабын кір жуу ұнтағы комбинатында тәулігіне 120 түрлі 85-90 тонна бұйым өндіріледі. «УАТ» сабын-парашрк комбинатының 2006 жылғы өткізу көлемі 764329,2 мың теңге.

Алматы қаласының барлық сабын зауыттары бойынша орташа тәуліктік сабын өндірілуі шамамен 128,7 тонна. Орташа тәуліктік тұтынылу: 320-380 тонна.

Сәйкесінше, сұранысты қамтамасыз етуде сабын зауыттарының үлесі (128,7 тонна тәулігіне*100/350 тәулігіне)-36,7%, соның ішінде “Визит” АҚ-ның үлесі (62 тонна тәулігіне*100/350)-17,7%.

Жаңа өндірістік корпусты салумен байланысты ең алғашқы реконструкция 1992 жылы жүргізілген. Сонымен қатар осы жылдары әкімшілік-тұрмыстық корпус тұрғызылған. 1994-1996 жылдары құрал-жабдықтардың модернизациясы жүргізілді (құрал-жабдықтардың 25%-ы ауыстырылды).

1997 жылы мемлекеттік кәсіпорын жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды. Соңғы бірнеше жыл ішінде құрал-жабдықтарды өзгерту және жаңаларын енгізу жұмыстары жүргізілді:

- кір жуу ұнтағы цехындағы бір технологиялық линия өрме өндіруге қайта

жабдықталды;


  • Фиониксионал тыңайтқыштарынан жасалатын сапасы жоғары кір жуу ұнтағы өндіру

бойынша линия электр жылытқыштары бар пештермен жабдықталды;

  • бөлшек бұйымдарын шығару үшін Түркияның “Экмасан” технологиялық линиясы орнатылған;

  • жууғыш бұйымдар цех жууғыш бұйымдарды өндіру бойынша 1993 жылғы, өнімділігі 250 кг/ауысым екі “Эклер” технологиялық линияларымен жабдықталды;

  • газсақтағыш пен дизелдік электростанция орнатылды, олар комбинатқа төтенше жағдайлар кезінде 10 тәулік автоматты режимде жұмыс істеуге мүмкіндік;

  • өнімді полипропилендік қораптарға қораптау үшін 3 жаңа агрегаттар орнатылды;

  • құрал-жабдықтардың 30 бірлігі реконструкциядан өткізілді, ол цехтар жұмысының ритмділігін қамтамасыз етуге, технологиялық процестердің қажет параметрлерін сақтауға, жетілдірілген технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету бизнесінің алдыңғы қатарлы қолайлы түрі болып сату аясында маркетингтік зерттеулер мен айналысатын маркетинг бөлімі табылады. Бөлім потенциалды сатып алушыларды “Визит” АҚ-ның мүмкіндіктерімен және өнімдерімен таныстырады және сол арқылы жаңа тұтынушыларды тартады және нарықты кеңейтеді. Сонымен қатар бөлім потенциалды сатып алушылар мен тұтынушылардың, шикізатты жабдықтаушылардың мәліметтер базасын жасаумен және үнемі толықтырып отырумен айналысады. Маркетинг бөлімі дүкендердің, ұйымдардың өкілдерімен келіссөздер жүргізеді; өнімнің жарнамасымен айналысады; сатып алушылармен келісімшарттар жасайды, олардың тіркелуі мен есебін жүргізеді. Сондай-ақ бөлім бәсекелестерді, олардың бағалық саясатын, бағаның салыстырмалы талдауын, сату көлемін, жарнаманы, өткізуді ынталандыру әдістерін, кәсіпорынның тактикасы мен стратегиясын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізеді; негізгі және потенциалды бәсекелестердің мәліметтер базасын жасайды; нарықта тауардың бәсекеқабілеттілігін көтеру

бойынша әдістер мен шараларды ұсынады.

Өндіріс көлемін көбейту және ассортиментті кеңейту мақсатында қосымша “Вернер и Пфляйдерер” фирмасының құрал-жабдығы сатып алынды .

Тауар – бүкіл маркетингтік қызметтің орталығы, егер ол тұтынушылардың қалауларын қанағаттандыра алмаса, онда оны өткізу бойынша ешқандай да іс- әрекеттер оңтайлы коммерциялық нәтижелерге алып келмейді. Кір жуу ұнтағы -сабын өнімдері қысқа мерзімді күнделікті сұраныс тауарларына жатады. Олар “абсолютті” физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын болғандықтан, тұтынушы оны жиі, ойланбай және оларды өзара салыстыруға көп көңіл бөлмей сатып алады. Оларға деген сұраныс икемсіз. Халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, сабын- кір жуу ұнтағы өнімдеріне бағаның өсуіне қарамастан, оларды тұтынудың өсуімен сипатталуы парадоксалды болғанымен, шындық. 2000 жылы Алматы қаласындағы сабын өнімдері тұтынушылық нарығының жағдайы мен дамуы зерттелген.


2-сурет - Тұтынушылардың сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдары ассортиментін бағалауы

Сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарын сатып алу орнын таңдауын тұтынушылар негізінен (65%) сатушы кәсіпорындарының тұрғын жерге немесе жұмыс орнына жақындығымен түсіндіріледі. Маңыздылығы жағынан екінші фактор (32%) сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарының сапасы мен ассортименті және тұтыну орнын таңдаудың 4-6% баға деңгейімен байланысты. Тұтынушылардың бір бөлігіне 16-20% сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарын қай жерде сатып алғаны маңызсыз. Жалпы алғанда бүгінгі таңда сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарын сатып алудың келесідей “географиясы” қалыптасты: тұтынушылардың 44,0%-дүңгіршектерден, 40,0%-әмбебап және парфюмерлік дүкендерінен және 16%-ғана маманданған тұрмыстық заттар дүкендерінен сатып алады, ол осындай дүкендер санының аздығына байланысты болып отыр.

8%


37% 55%


3 сурет - Алматы қаласындағы сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарының сатылу жағдайын бағалау

Сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарын сатып алу жиілігін талдай отырып, айта кететін жайт, жауап алынған тұтынушылардың көпшілігі сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарын күнделікті сатып алады (56%),31% екі күнде бір рет және 8%-үш күнде бір рет және сиректеу. Бүгінгі күні өндірушілердің ұсынатын сабын және кір жуу ұнтағы бұйымдарының салмағы тұтынушылардың 50%-ын ғана қанағаттандырады, 30%-ы үшін салмақ маңызсыз, ал 20%-ын ол қанағаттандырмайды. Осыған байланысты сабын өндірушілеріне, тұтынушылардың қалауларына сәйкес, сабынның оптималды салмағын таңдауға көңіл бөлу қажет.

Жууғыш бұйымдар тұтынушылардың қалауының негізгі себептері: 42% оның емдік сипатынан, 14% сақтау мерзімінің ұзақтығынан, бірақ 11%-ы оның қасиеттерін біле тұра, бағасының жоғары болуынан сатып алмайды. Жууғыш бұйымдар арзан сортын жауап алынған тұтынушылардың 12%-ы сатып алады, олардың 4% үнемі және 8%-жиі. Тұтынушылардың көпшілігі 40% Жууғыш бұйымдар арзан сортын сирек тұтынады. Жууғыш бұйымдар арзан сортын әртүрлі сорттарына тұтынушылардың қалауларын зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, бұл тауарға сұраныс әлі қалыптасуда, ал ол арнаулы зерттеулерді және өткізуді ынталандыру бойынша мақсатты бағытталған шараларды талап етеді. Алматылықтардың кір жуу ұнтағы бұйымдарына (автоматты кір жуу ұнтағы , жәй кір жуу ұнтағы және т.б.) сұранысы да әртүрлі, көп тұтынылатыны автоматты кір жуу ұнтағы 63%-ы мен тоқаштар (ТБ-ын тұтынатындарының 54%). Кондиционерлер сұраныс азырақ және қала бойынша 33%-ды құрайды.

Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру мақсатымен жарнамаға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бірақ бүгінігі таңда кір жуу ұнтағы өнімдерінің жарнамасымен Алматылық сауда желісі жеткіліксіз айналысады. Бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындардың көпшілігі 59% нан және кір жуу ұнтағы бұйымдарының жарнамасымен мүлдем айналыспайды, 24%-ы сирек және 17 %-ы жарнамалық шараларды үнемі жасап отырады (негізінен маманданған дүкендер). Сауда жұмыскерлерінің көпшілігі, сабын үнемі сұранысқа ие бірінші кезекті өнім болғандықтан, жарнаманы қажет етпейді деп санайды. Бұл дұрыс емес, өйткені тұтыну нарығында үнемі жаңа сабын және кір жуу ұнтағы түрлерін шығарылуда және өнімнің дәстүрлі түрлері қайта өндірілуде. Бұл сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру бойынша жарнамаларды жүргізуді талап етеді.

Сабын-кір жуу ұнтағы өнімдері қысқа мерзімді күнделікті сұраныс тауарларына жатады. Олар “абсолютті” физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын болғандықтан, тұтынушы оны жиі, ойланбай және оларды өзара салыстыруға көп көңіл бөлмей сатып алады. Оларға деген сұраныс икемсіз. Халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, кір жуу ұнтағы өнімдеріне бағаның өсуіне қарамастан, оларды тұтынудың өсуімен сипатталуы парадоксалды болғанымен, шындық.

2007 жылы Алматы қаласындағы Сабын өнімдері мен химиялық заттардың тұтынушылық нарығының жағдайы мен дамуы зерттелген.

Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдары нарығын зерттеу келесілерді қамтиды: жергілікті тауар өндірушілердің Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарын өндіру жағдайларын зерттеу; осы аймақтық тұтыну нарығындағы бәсекелестікті зерттеу; Сабын өнімдерін бөлшектеп сатудың жағдайы мен даму тенденциясын бағалау; тұтынушылардың қалауларын анықтау және олардың Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарына ағымдағы сұранысын бағалау.

Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдары тұтыну нарығының қанығу проблемасы түрлі позициялардан қарастырылған, бірақ негізгі көңіл сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарының соңғы тұтынушы-сатып алушылардың қалаулары көз қарастарын білу үшін Алматы қаласы дүкендерінің сатып алушыларынан сұрақ-жауап алынды. Тұтынушылардың көпшілігі сабын нарығының жеткілікті 54% және жоғары 13% деп бағалай%ды. Кір жуу ұнтағы бұйымдары нарығында жағдай нашарлау: жеткілікті және жоғары бағалаулардың үлесі 56% құрайды, ол сабын нарығына қарағанда 11%-ға төмен.

2-кесте - Алматы қаласының Сабын-кір жуу ұнтағы нарығының қанығуын тұтынушылардың бағалауы (%-бен)




Сабын

Тұтынушылардың бағалау

Тоқаш бұйымдары

13,0

Жоғары

13,0

54,0

Жеткілікті

43,0

24,0

Қанағаттандырарлық

29,0

7,0

Төмен

15,0

2,0

Жауап бере алмайды



Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдары ассортиментінің кеңдігін тұтынушы – лардың бағалауы олардың қанағаттанарлық дәрежесі туралы айтады: жауап берушілердің 62% ассортименті кең деп санайды, 17%-ы өте кең,17%-ы шектелген, 4%-ы тар. Сәйкесінше, Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдары нарығында жауап берушілердің 21%-ы оны кеңейту қажет деп санайды (2-кесте).

Қаладағы Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдары сатылу жағдайын бағалау нәтижесінде сатып алушылардың көпшілігі 55%-ы оның жақсарғанын айтады, 37%-ы жағдай өзгермеген десе, 8%-ы бұл тауарлардың сатылуының нашарлағанын айтады.

Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарын сатып алу орнын таңдауын тұтынушылар негізінен (65%) сатушы кәсіпорындарының тұрғын жерге немесе жұмыс орнына жақындығымен түсіндіріледі. Маңыздылығы жағынан екінші фактор (32%) Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарының сапасы мен ассортименті және тұтыну орнын таңдаудың 4-6% баға деңгейімен байланысты. Тұтынушылардың бір бөлігіне 16-20% Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарын қай жерде сатып алғаны маңызсыз. Жалпы алғанда бүгінгі Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарын сатып алудың келесідей “географиясы” қалыптасты: тұтынушылардың 44,0% дүңгіршектерден, 40,0%-әмбебап және пафюмерлік дүкендерінен және 16%-ғана маманданған дүкендерінен сатып алады, ол осындай дүкендер санының аздығына байланысты болып отыр.



4-сурет - Тұтынушылардың Сабын-кір жуу ұнтағы бұйымдарының ассортиментін бағалауы




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет