Семейде тағамын тышқан аралаған дүңгіршек жабылды. Самса сататын жерді санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің өкілдері тексеріп, тазалық талаптарын сақтамаған кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Әлеуметтік желіде таралған видео Семейдің орталығындағы базарда түсірілген. Онда самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр.

Тіпті кеміргіштер адамнан да қорықпайды. Осы жағдайдан кейін самсахананы СЭС мамандары тексерген.

Тазалықтан жұрдай дәмхананың иесіне қомақты айыппұл салынып, дүңгіршек жабылды. Ал азық-түлігі толық жойылды.

"Іс әкімшілік сотқа жіберілді. Кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылады. Жалыпы оған, талаптарды бұзғаны үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Арнайы қаулы шығарылып, дүңгіршек жұмысын тоқтатты”, – дейді Абай облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Мұсатаева.

Еске салсақ, Атыраудағы перинаталдық орталықта тышқан көбейіп жатқаны туралы жазған болатынбыз. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.