«Қанатты достар»



жүктеу 80.32 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі80.32 Kb.

Рудный қаласы әкімдігінің «№1 орта мектебі » КММ

Сынып сағатының әзірлемесі:



«Қанатты достар»

Құрастырған :

Жакатова Айгуль Сейткереевна

бастауыш сынып мұғалімі

Рудный 2016

Тақырыбы: «Қанатты достар»

Мақсаты: Оқушыларды құстардың түрлерімен таныстырумен қатар құстарға қандай қауіптер төніп тұрғанын ұғындыру.

Міндеттері:Торғай, балықшы тұйғын және тоқылдақ туралы мағлұмат беру. Сарамандық жұмыс орындау барысында қоректену еркешеліктерін ұғындыру. Табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: презентация; кестелер; кітаптар; орақтұмсық, үй торғайы, балықшы тұйғын, тоқылдақ құстарының бетперделері; сарамандық жұмысқа арналған жәшік; құстардың қағаздан жасалған бейнелері; «Қарлығаш» музыкасы.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Барлығы: Сүйейік табиғатты, аялайық,

Бізде одан жақсылықты аялайық.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.



Негізгі бөлім:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Қанатты достар» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Жер бетінде 8600-ге жуық құстар түрі бар, ал біздің елімізде 500-дей түрі кездеседі. Құстар- біздің досымыз. Бау-бақшаның сәні мен емшісі. Біз де Негеш деген баламен бірге бау-бақшаға барайық. (Әсем әуен үнімен бау-бақшаға бару).




Негеш: -Балалар, бұл бау-бақшада бір таңғажайып үйшік бар. Бұл үйшіктің ерекшелігі, жыл сайын оның иесі өзгеріп отырады екен. Былтыр бір жыл бойы бұл үйшікте орақтұмсық мекен етті.

Орақтұмсық: Сәлеметсіздер ме, құрметті достар. Мен сирек кездесетін құс- орақтұмсықпын. Маған жоғалып кету қаупі төніп тұр, сол себептен мен бір жыл бойы осы таңғажайып үйшікті мекен еттім. 2015 жылдың жыл құсы деп атандым. Менің бұл үйшікке алғысым шексіз, өйткені мен бір жыл бойы қамқорлықты сезініп отырдым. Енді биылғы жылы бұл үйшіктің иесі қандай құс болады екен?

Мұғалім: Балалар,бұл таңғажайып үйшікке көмек сұрауға үш құс ұшып келіпті. Қандай құстар екенін білу үшін мына жұмбақтарға жауап беріңіздер.

1-ші ребус:



Ғ

2-ші ребус:



, р=ғ қ=н



шы т

3-ші ребус:



,, ылд ,

Мұғалім: Балалар, құстарды қарсы алайық.



Үй торғайы: Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан тонбаймын.



Тоқылдақ: Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрамын ағашты тоқ-тоқ деп,

Тұмсығымның түбімен.



Балықшы тұйғын: Сұнқардың туысы,

Жыртқыш құс боламын.

Балықты қорек етіп,

Балықшы тұйғын атандым.



Мұғалім: Балалар, 3 топқа бөлініп, сарапшылар боламыз. Өйткені біз биыл таңғажайып үйшіктің иесі қандай құс болуға лайық екенін анықтаймыз.

Таңғажайып үйшіктің иесін анықтауға арналған белгілер:



Мұғалім: Осы белгілер арқылы арнайы кесте толтырамыз. Әр топ бір құстан таңдап алады. Бірінші мәліметті эниклопедиядан іздейміз. Кестені толтырамыз.

  1. тапсырма: Құстардың мекенін анықтау.

1-ші топ сарапшыларына арналған кесте:

Құстың атауы

Мекені

Дене құрылысы, ерекшелігі.

Қоректену ерекшелігі

Жоғалып кету қаупі

Торғай













2-ші топ сарапшыларына арналған кесте:

Құстың атауы

Мекені

Дене құрылысы, ерекшелігі.

Қоректену ерекшелігі

Жоғалып кету қаупі

Балықшы тұйғын













3-ші топ сарапшыларына арналған кесте:

Құстың атауы

Мекені

Дене құрылысы, ерекшелігі.

Қоректену ерекшелігі

Жоғалып кету қаупі

Тоқылдақ















Мұғалім: Жарайсыңдар. Сонымен бұл құстар қайда мекен етеді екен?

Дұрыс, балалар, бұл құстардың барығы Қазақстанда мекен етеді.



Негеш: Балалар тынығып алайық, «Қарлығаш» биін билейік.

2-ші тапсырма: Құстардың дене құрлысы, ерекшелігін анықтау (суретпен жұмыс). Кестені толтыру.



Мұғалім: Құстардың қандай ерекшеліктері бар екен?

Негеш: Ал қазір, «Таңғажайып құстар» айдары арқылы басқа құстармен танысайық. (Слайдтар )





Мұғалім: 3-ші тапсырма: Қоректену ерекшелігін анықтау үшін мына сұраққа жауап беріңіздер: Құстардың қоректену ерекшелігі не нәрсеге байланысты болады? Дұрыс, тұмсығына байланысты. Бұл құстар немен қоректенуі мүмкін екенін анықтау үшін тәжірибе өткізейік. Әр топ алдында сарамандық жұмысқа арналған қорап бар. Ішінде қорек түрлері мен құстардың тұмсықтарына ұқсайтын заттар: пинцет, кірқыстырғыш пен шаш қыстырғышы.Осыдан шыққан қорытындыны кестеге толтыру қажет.

Торғай дәндер

Тоқылдақ балық

Балықшы тұйғын ұсақ жәндіктер



Мұғалім : Құстарымыз немен қоректене алады екен?

Негеш: Балалар, мен сіздерді «Сен білесің бе?» айдарымен таныстырғым келеді.

«Сен білесің бе?»

Пингвин –жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс.

Пингвин - тік жүре алатын жалғыз құс.

Колибри - әлемдегі ең кішкентай торғай.

Сары шымшық - балапандарын күніне 1000 рет тамақтандыратын құс.

Тотықұс - мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алатын құс.

Бүркіт - күн көзіне тура қарайтын құс.

Мұғалім: 4-ші тапсырманы орындау үшін «Қазақстанның қызыл кітабы» қажет , өйткені біз құстарға төніп тұрған қауіптер туралы білуіміз керек.

Негеш: Балалар, жүрізілген сараптама қорытындысымен танысайық.

Құстың атауы

Мекені

Дене құрылысы, ерекшелігі.

Қоректену ерекшелігі

Жоғалып кету қаупі

Торғай

Қазақстанның тұрғылықты құсы.

Сүйiр тұмсықты кiшкене құс

Қорегі – дәнмен; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.

15 жыл ішінде саны азайып келеді

Балық-шы тұйғын


Қазақстанның балығы мол және ұя салуға  ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген.

Арқасы қарақоңыр, бауыры ақ, жемсауы қоңыр, теңбіл түсті


Балықпен қоректенеді


Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Қазақстанда жо-йылып кету қаупінде тұрған түр.

Тоқыл-дақ

Қазақстанның тұрғылықты құсы.

Ағаш қабығын тұмсығымен тоқылдата шұқып жемiн iздейтiн, тұмсығы iстiк, шұбар түстi, кiшiгiрiм орман құсы

Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Өзге құстарға жемін табуға көмектеседі.

Саны азайып барады. Республикадағы Қызыл кітапқа енуге жақын тұрған түрдің бірі.

Мұғалім: Құрметті, балалар. Сонымен біздің ғажайып үйшігімізде қандай құс мекен етер екен? Дұрыс, әр құс лайық. Өйткені, олар біздің қанатты достарымыз.

Құстар: Балалар сіздерге рақмет. Шынымен, бұл үйшікте барлығымызға орын жетеді

Негеш: Ал Қазақстанда биыл жыл құсы деп үй торғайын, басқаша айтқанда жау торғайын, атады. Жау торғай 2016 жылдың нышаны, бізбен бірге тұрған құстарды ұмытпайық. Кәдімгі құстар сирек болмау керек!



Қорытынды бөлім:

Мұғалім: Әрқайсыңыз құстың бейнесіне өз тілектеріңізді жазыңыз. Тілектеріңізді таңғажайып үйшікте қалдырамыз. Қонаққа келген құстар оқитын болады.

Оқушы: «Құс досымыз, қорғаймыз біз,
Сүп - сүйкімді, сүйеміз торғайды біз.
Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен,
Қанатты туысқанды, қолдаймыз біз».
Оқушы: Шыр - шыр еткен торғайды,
Қорғамасқа болмайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.

Негеш: Құс анасын атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Бауырмал боп бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.



Мұғалім: Балалар, осымен бау-бақшадағы саяхатымыз да аяқталды. Сау болыңыздар!
Пайдаланған әдебиет:

Жыл- он екі ай

«Менің алғашқы энцилопедиям»

«Қазақстан қызыл кітабының беттерінен»

Ғаламтор желісі:

//kk.wikipedia.org/wiki/- Уикипедия — ашық энциклопедиясы



Ped-kopilka.ru Внеклассное мероприятие «Эти удивительные птицы»
Каталог: uploads -> doc -> 1289
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1289 -> Сабақтың міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет