Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әбиба Абужақынов Ташкенттегі турнирде тамаша өнер көрсетіп жатыр. 48 келіде белдесетін балуанымыз алғашқы айналымда түркімен спортшысы Гүзел Инамовадан басым түссе, екінші белдесуінде израилдік Тамар Малканы “иппонмен” жеңді. Ширек финалда отандасымыз америкалық Мария Лабордеден айласын асырып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда байырғы қарсыласы Тара Бабулфатхпен белдесіп, Бакуде кеткен есесін қайтарды. Енді ол финалда ресейлік Сабина Гинязовмен белдеседі

"Қолаға көңілім толмайды": Әбиба Абужақынова "Үлкен дулығадағы" жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, Бакуде өткен “Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалында Тарадан ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.