Әлеуметтік желіде жол бойында көкпар тартқан азаматтардың видеосы тарады. Тәртіп сақшылары ұлттық ойынды заңсыз ұйымдастырған адамды және көкпар тартқан 20 ойыншыны ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

“2024 жылы 24 наурызда Талғар ауданында бір топ аттылы адамның қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды. Осы дерек негізінде алты адам Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік бөліміне жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Тәртіп бұзғандар көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағандықтан оларға әкімшілік материал жиналды. Көкпарды ұйымдастырған Алматы облысының 55 жастағы тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Оған спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Айта кетейік, полиция қызметкерлері ойынға қатысқан жиырмаға жуық адамды ұстады. Олардың барлығы қолданыстағы заңнама аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, – деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиядан ірі есеппен жеңіліп қалған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.