Өткен жылы наурыз айында Кәмшат Жолдыбаева мен отандық актер Ғазірет Қажымұқанұлы отбасын құрған еді. Әншінің күйеуі олардың махаббаты түсірілім кезінде басталғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Revue News бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram/kamshat__zholdybayeva

Ол Кәмшаттың сырт келбетінің өзгеруіне өзінің әсер етпегенін жеткізді. 

"Үйлену туралы ақпарат растауды қажет етпейтін шығар. Өйткені отбасын құрдық деген хабар барлық жерде тарады. Махаббатымыз сериалдың түсірілімі кезінде басталды. Мен отбасы құрылғаннан бері іштей өзгерген шығармын. Бірақ Кәмшаттың сырт келбетінің өзгеруіне мен әсер еткен жоқпын. Оған осылай киін деп ешқашан айтқан емеспін. Барлық мәселені бірге талқылаймыз. Біз танысқаннан бергі екі жыл ішінде психологияны көп оқыдық, меңгердік", – деді Ғазірет Қажымұқанұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Кәмшат Жолдыбаева қыз-келіншектермен кездесу өткізіп, сынға қалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.