Ақпарат әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Шығыс-Қазақстан облысы 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек



жүктеу 15.67 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі15.67 Kb.

Ақпарат әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Шығыс-Қазақстан облысы 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады.



Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1349,2 млрд. теңгені құрады. НКИ-109,2% (ҚР бойынша -104,8%).

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 201,6 млрд.теңгені құрады, бұл 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 65,10% жоғары, НКИ – 112,5% (жоспар бойынша 102,8%, ҚР бойынша - 104,9%).

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1062,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 15,7% - ға жоғары, НКИ – 110,3% (ҚР бойынша – 105,1%).

2018 жылы жалпы сомасы 167,1 млрд. теңге болатын 1418 жаңа жұмыс орның құруға байланысты 9 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні жылына 2,0 млн.тонна кен өндіретін Бақыршық тау-кен байыту кешені және "Кузмич" ЖШС - аквакультураны, жылыжай шаруашылығын дамыту, біріктірілген жүйеде құрама жем және биогумус өндіру, жобаның қуаты - тауарлы балықтарды өсіру–5 тонна, сеголеткалар – 500 мың дана, биогумус-50 тонна, балықты қайта өңдеу-45 тонна жобалары пайдалануға берілді. 2018 жылдың соңына дейін тағы 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.



Анықтама: екінші бесжылдық аясында (2015-2019 жж.) облыста Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы сомасы 690,2 млрд. теңге болатын 9,2 мың жұмыс орнын құруға байланысты 40 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін жалпы сомасы 369,8 млрд.теңге болатын 11 жоба пайдалануға берілді.
Облыс бойынша негізгі капиталға инвестициялар 304,1 млрд. тенге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,5% - ға немесе 78,1 млрд.теңгеге артық.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны – 87,4 мың бірлік, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 104,9% артық (ҚР бойынша-1044,6%).

Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі - 649,8 млрд.теңге, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 11% жоғары, НКИ – 104,0%.



Тұтыну бағаларының индексі, инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын 2018 жылғы қыркүйек айында 2017 жылғы желтоқсанға қатысты 102,9% құрады. (ҚР бойынша -103,3%).


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет