Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев берген ақпаратқа сәйкес, өрттің басым бөлігінің себебі анықталмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: кадрдан скрин
Мемлекеттік орман қорының ауданы 30, 9 млн гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген 13,7 млн гектар.
“Ел аумағының ормандылығы 5 % құрайды. 2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектарды құрайтын 810 орман өрті тіркелді, оның ішінде орманмен көмкерілген 61,1 мың гектар. Орман өрттерінің себептері бойынша оқиғалар саны: найзағай разрядтарынан — 498, ауыл шаруашылығы жерлерінен өтіп кеткен — 87, жеке және заңды тұлғалардың кінесі бойынша — 30, анықталмаған себептерден — 200 оқиға тіркелген”,- деді ол Үкімет сағатында.
Ол сондай-ақ өткен жылғы ірі орман өрттері материалдық-техникалық базаның төмендігін, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуының әлсіздігін көрсетіп бергенін айтты.
"Осы мәселені шешу үшін Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп республиканың барлық орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 2023-2027 жылдарға арналған азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарын әзірледі.
Жоспарда барлық кезеңге сомасына 68,6 млрд теңге шығыстар көзделген”, — деді ол.
Бұл сомаға мыналарды сатып алу жоспарлануда:
— 1082 бірлік арнайы көлік құралдары (өрт сөндіру машиналары, тракторлар, патрульдік машиналар);
— өртке қарсы және орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған 948 бірлік тіркеме және қосымша жабдық (дискілі тырмалар, соқалар, тіркемелер, цистерналар және т.б.);
— орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнату (тек ЭТРМ табиғатты қорғау мекемелеріне арналған);
— орман мекемелерінің аумағында 102 өрт – бақылау мұнарасын салу.
Мәжіліс депутаты өрт сөндіру техникалары 30-40 жылдан бері жаңармағанын сынағанын жазған болатынбыз.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.