АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2016 жылғы 7 қазан
Ұлттық валюта – теңгенің айналыстағы банкноттарын
ауыстыру туралы
2016 жылғы 4 қазаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болуын тоқтатты.
Оларды барлық екінші деңгейдегі банктерде және Қазпочтада қоса алғанда 2017 жылғы 3 қазанға дейін, Ұлттық Банктің филиалдарында 2020 жылғы 3 қазанға дейін айырбастауға болады. Ұлттық Банктің филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды.
Бұл ретте Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі құны 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың базасында ескерткіш банкноттар шығарылғанын хабарлайды.
Осылайша, 2008 жылы ұлттық валюта – теңгенің енгізілуінің 15 жылдығына арналған, номиналы 5000 теңгелік ескерткіш банкнот шығарылды. Бұл банкноттың ерекшелігі ұшып келе жатқан қанық түсті қыранның бейнеленуі болып табылады.
2011 жылы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған 2000 теңгелік ескерткіш банкнот шығарылды. Бұл банкноттың ерекшелігі тау аясындағы шаңғышының бейнеленуі және 7-ші Азия ойындарының нышаны болып табылады.
Бұл ескерткіш банкноттар заңды төлем құралы болып табылады!
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 259 68 14 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайы
Филиал
|
Мекенжайы
|
Орталық филиал
|
010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 21
|
Ақмола филиалы
|
020000, Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 214
|
Алматы қалалық филиалы
|
050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98
|
Алматы облыстық филиалы
|
040008, Талдықорған қ., М. Төлебаев к-сі, 58/64
|
Атырау филиалы
|
060002, Атырау қ., Уәлиханов к-сі, 2а
|
Ақтөбе филиалы
|
030006, Ақтөбе қ., Асау-Барақ к-сі, 45
|
Шығыс Қазақстан филиалы
|
070019, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 3
|
Жамбыл филиалы
|
080000, Тараз қ., Қазыбек-би к-сі, 137
|
Батыс Қазақстан филиалы
|
090000, Орал қ., Досмұхамедов к-сі, 16
|
Қызылорда филиалы
|
120015, Қызылорда қ., Б. Асқар к-сі, 30
|
Қостанай филиалы
|
110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195
|
Қарағанды филиалы
|
100000, Қарағанды қ., Бұхар-Жырау к-сі, 19
|
Маңғыстау филиалы
|
130000, Ақтау қ., 23-шағынаудан
|
Павлодар филиалы
|
140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 44
|
Солтүстік Қазақстан филиалы
|
150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 6
|
Оңтүстік Қазақстан филиалы
|
160012, Шымкент қ., Төреқұлов к-сі, 2
|
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727) 3302-497.
+7 (727) 2704 697
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz
Достарыңызбен бөлісу: |