Ақпараттық жүйелерді жасауға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау



Дата10.05.2019
өлшемі45.5 Kb.
#142291
түріБағдарламасы


Сыртқы мемлекеттік қаржылық

бақылау жүргізудің

бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

№4 қосымша
Ақпараттық жүйелерді жасауға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі
Бақылау мәселелері

1. Бұрынғы бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін бақылау объектісінің қабылдаған шаралары.

2. Ақпараттық жүйелерді жасауға және дамытуға бөлінген бюджеттік инвестицияларды бағалаудың өлшемдері:

1) ақпараттық жүйені жасауға және дамытуға арналған тұжырымдаманың және жүйе бойынша техникалық тапсырманың бар-жоғы;

2) ақпараттық жүйелерді жасау мен енгізудің техникалық тапсырмада көрсетілген негізгі кезеңдері (кезектері);

3) жүйенің жекелеген құрамдас бөліктерін немесе жалпы жүйені әзірлеу кезінде пайдаланылған нормалар мен нормативтер;

4) жүйенің жекелеген кезеңдерін және жалпы жүйені әзірлеуге және енгізуге шығыстарды жоспарлаудың негіздемесі;

5) техзникалық тапсырмада жүйені әзірлеп енгізудің әрбір кезең бойынша көрсетілген күтіліп отырған нәтижелер мен көрсеткіштер;

6) жүйені әзірлеу сатысында әзірленген техникалық-жұмыс жобалары мен құжаттар және олардың техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігі;

7)  тәжірибелік пайдалану жүргізудің бағдарламалары, тәжірибелік пайдалануды жүргізу туралы актілер мен хаттамалар;

8) тәжірибелік пайдаланудың нәтижелері бойынша алынған параметрлер мен көрсеткіштер;

9) жүйенің кемшіліктерінің жойылғанын растайтын құжаттар;

10) жүйенің өнеркәсіптік пайдалануға берілгені туралы актіде және хаттамада көрсетілген параметрлер, нәтижелер;

11) жүйенің бірнеше жылғы жұмыс істеуінің нәтижелерін салыстыру;

12) бірнеше жыл ішінде жүйені әзірлеуге жұмсалған нақты шығыстардың бюджеттік бағдарламаның жалпы сомасына ара-қатынасы және ақпараттық жүйелерді жасауға кеткен шығындардың жалпы көлемінде олардың үлес салмағы;

13) бірнеше жыл ішінде компьютерлерді, желілік және қосалқы жабдықтарды сатып алуға жұмсалған нақты шығыстар;

14) сатып алынған техниканың техникалық тапсырманың талаптарына және техникалық-жұмыс жобасында көрсетілген ережелерге сәйкестігі;

15) ішкі бақылау органдарының жүйенің жұмыс істеуіне жүргізген тексеруінің нәтижелері;

16) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;

17) ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуінің нәтижелерін бағалау және олардың мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында, техникалық тапсырмада, ақпараттық жүйелерді жасау және дамыту тұжырымдамасында көрсетілген өлшемдерге, параметрлерге сәйкестігі;

18) жоспарланған және нақты қол жеткізілген мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ оларға қол жеткізбеудің себептері.

2. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі:

1) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджет шығындарын бағалау (пайдаланылмаған немесе қысқартылған қаражатты анықтау, алынған нәтижені және оған қол жеткізуге жұмсалған жиынтық шығындарды салыстыру);

2) ақпараттық жүйелерді жасауға және дамытуға, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігіне жұмсалған нақты шығындар көлемін бюджеттік бағдарламада жоспарланған шығыстармен салыстыру. Бұл ретте, іс-шаралар толық көлемінде орындалған жағдайда, үнемделген бюджет қаражатының көлемі айқындалады;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жобаларын әзірлеу сатысында салалық сараптамадан өткізе отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаның экономика саласының (аясының) даму басымдықтарына, белгіленген стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға жобаның экономикалық орындылығы, мақсатының сәйкестігі мәні бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуі;

4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның кейіннен Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығара отырып, ұсынған экономикалық қорытындысының бар-жоғы;

5) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемені, оң экономикалық қорытындыны және тиісті бюджеттік комиссияның оң ұсынысын қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі негізінде бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру;

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерге қажетті сараптамаларды жүргізу;

7) жобалау-сметалық құзаттаманың түзетілуіне немесе бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгі жобасында көзделмеген қосымша бюджет шығыстарына әкелетін қосымша құрамдас бөліктердің енгізілуіне байлданысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің бар-жоғы;

8) ақпараттық жүйелерді функционалдық, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелерді жасау және дамыту тұжырымдамасында көрсетілген ережелер мен параметрлерге сәйкестігі, оның негізінде техникалық тапсыманың сапасын бағалау қажет;

9) жалпы жүйені әзірлеуге, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерін әзірлеуге шығыстарды жоспарлау үшін нормативтерді пайдалану;

10) сатып алынған желілік және басқа да жабдықтардың саны және олардың техникалық өзіндік ерекшеліктерге және техникалық тапсырмада көрсетілген жүйені техникалық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігі. Техникалық құралдар сатып алуға жұмсалған жалпы шығыстарды және жүйені жасауға жұмсалған шығыстар көлеміндегі оның үлес салмағын айқындау;

11) техникалық құралдарды орнату, оның жұмыс жүктемесінің және сенімділігінің дәрежесі, жүйелі сертификациялық бағдарламалық өнімдердің саны, оларды пайдаланудың және сүйемелдеудің дәрежесі;

12) функционалдық қосалқы жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, жүйенің модульдерін тексеру. Олардың жұмыс істеу және оларды нақты пайдаланушылардың пайдалануы дәрежесін бағалау. Функционалдық қосалқы жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы және олардың техникалық тапсырманың талаптарына және пайдаланушының сұрауларына сәйкестігі;

13) жабдықтарды жеткізушілерге қойылатын, шарттарда көрсетілген талаптардың орындалуы, сатып алынған техникалық құралдардың сапасын және оларды мемлекеттік органда пайдаланудың дәрежесін бағалау;

14) тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдаланудың нәтижелері, пайдаланудың жүргізілгенін растайтын құжаттар, енгізу актісі. Жүйенің өнеркәсіптік пайдалануға берілгені жөніндегі актіде және хаттамада көрсетілген параметрлер мен нәтижелер және олардың техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігі. Тәжірибелік пайдалану процесінде анықталған кемшіліктерді жою, жүйені тәжірибелік пайдаланудың нақты режимде өткізілгенін немесе жекелеген мысалдар (стенд) арқылы анықтау;

15) жасалған ведомстволық ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын бағалау және оларды сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялау;

16) жүйенің жекелеген қосалқы жүйелерін және модульдерін пайдалануды жүргізу үшін мамандар тарту және осының негізінде жалпы жүйенің және оның құрамдас бөліктерінің жұмыс істеу сапасын бағалау.


____________________________
Каталог: upload -> iblock -> a40
iblock -> 2016 жыл. 19 шілде №395 Әділет департаменті 2016 ж. 22 шілде №3905
iblock -> 2016 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша комитеті жариялаған хабарламалар тізімі
iblock -> 7 қазан күні сағат 17: 00-де Қр тұңғыш Президент аудиториясында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың шығармашылық кеші өтеді
iblock -> Құрметті студент! 2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдар 2»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Пресс-центр
a40 -> Техническое задание оказание услуг по приобретению подарочной и сувенирной продукции, не предназначенной для дальнейшей перепродажи


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет