Ақпаратты кодтау



бет1/3
Дата10.01.2022
өлшемі157.04 Kb.
#28544
  1   2   3

Ақпаратты құпиялау
Балалық шақта, естеріңізде болса, сөздерді терісінен айту, мысалы: Арал – Лара, немесе сөзді тең жартысынан бөліп айту мысалы: Арал – Алар, жолымен сөздерді бір-біріңізбен жарыса сөйлесуге құмар болғаныңыз. Сөздерді құпиялаудың мұнан өзге де сан қилы әдістерін ойлап табуыңыз әбден мүмкін.

Ақпаратты құпиялауға ең оңай мысал ретінде оны басқа тілге аудару болып саналады. Құдайтағала Вавилон мұнарасын тас-талқан еткелі бері, адамзат баласының ортақ тілі жойылып, әрқайсысы әр тілде сөйлей бастады, содан бері бір ғана үстелді әр халықтың өкілі бірдей көргенімен, оны әрқилы атай отырып, бір-бірін түсінбеуі ғажап емес.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде америкалықтар құпия сөйлесу үшін сол кездері бар болғаны 200 адам ғана болып өте аз қалған үндістерді пайдаланған екен: олар эфир арқылы ештеңе жасырмастан өз тілінде сөйлесе береді, ал фашистік Германия мен Жапонияның ең таңдаулы деген дешифраторлары бұдан ештеңе де түсінбестен қалған!

Ал Англияның көрнекті жазушысы Конан Дойль құпиялауда төмендегі билеп жүрген адамшаларды қолданған көрінеді (1-сурет).


1-сурет. Билеп жүрген адамшалар.


Қанеки, төмендегі құпия сөздерді шешіп көріңіз: (2-сурет).

2-сурет. Жұмбақ
Леонардо да Винчи болса өзінің жазбаларын айна бетіне қарап отырып жазған екен (3-сурет)


3-сурет. Леонардо да Винчи






Ал америкалық суретші Морзе (4-сурет) өзінің әлемге танымал әліпбиін ойлап шығарған, оның SOS сигналы (үш нүкте, үш сызықша, үш нүкте) қаншама адамдарды өлімнен құтқарғаны өз алдына бір әңгіме (5-сурет)


4-сурет. Сэмюэл Морзе



5-сурет. Морзе әліппесі
Енді Морзе әліппесімен берілген төмендегі хабарламаны шешіп көріңіз:

Каталог: uploads -> doc -> 01aa
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
01aa -> Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий
01aa -> Мектепте мұғалімнің білім жетілдіру жұмысы жүйесін қалыптастыру «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет