«Апаттар медицинасы» пәнінің 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығына арналған



жүктеу 2.04 Mb.
бет3/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5 несепағар;

6 жіңішке ішек;

7 – жуан ішек;

8 – көкбауыр.
Бүйрек – жұп ағза. Бүйректер омыртқа діңінің екі жағынан, бел аймағында орналасады. Сол жақ бүйрек оң жақ бүйрекке қарағанда біраз жоғары орналасады. Сол жақ бүйректің жоғарғы ұшы он бірінші кеуде омыртқасының ортасымен деңгейлес орналасса, оң жақ бүйректің жоғарғы ұшы осы омыртқаның төменгі жағына сәйкес келеді. Бүйректерден несепағар шығады. Олар ұзындығы 30-35 см және ені 8 мм түтік пішін болады. Несепағарлар несепқуыкқа құяды. Оның сыйымдылығы ересек адамда 250 – 500 мл болады. Несепқуық кіші жамбас астауының қуысында және қасаға сүйектердің артында орналасқан. Несеп қуықтан зәрдің шығуы рефлекторлы түрде несеп жолы арқылы жүзеге асады.

Нерв жүйесі. Нерв жүйесін орталық және шекті нерв жүйесі деп бөледі. ОНЖ жұлын мен бас миы жатады. Шекті нерв жүйесіне түбіртектер, жұлын нервтері және бас сүйек нервтері, олардың өсінділері, қосылыстары мен түйіндері жатады. Жұлын омыртқа бағанасының өзегінде орналасқан және шүйденің үлкен тесігінен төмен қарай бас миына жалғасады. Омыртқалар деңгейінде жұлыннан түбіртектер шығады, олар өз деңгейінде жұлын нервін құрайды.

Бас миы екі жартышардан, таламикалық аймақтан, гипоталамустан, ортаңғы мидан, көпір мен мишықтан, сопақша мидан тұратын ортаңғы мидан тұрады. ОНЖ бөліктері шеткі нерв жүйесінің қатысуымен барлық жүйелердің, аппараттардың, ағзалар мен ткандардың үздіксіз қызметін жүзеге асырады. Шеткі нерв жүйесінің құрамында 12 жұп бас сүйек – ми нервтері, вегетативті нерв жүйесінің түйіндері мен нервтері қисық түзіліс болады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Тыныс алу жүйесі

  2. Қан айналым жүйесі - үлкен және кіші қанайналым шенбері

  3. Ас корыту жүйесі

  4. Нерв жүйесі

4 дәріс. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету


Жалпы сұрақтар

  1. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету

  2. Жарақат. соққы, жаралар



Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Жарақат – сыртқы факторлардың әсерінен ұлпа тұтастығының бұзылуы. Жарақат механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық болады. Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi. 

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында). Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай жiктеймiз

Соғып алу – тері жарақатынсыз жұмсақ ұлпалардың механикалық бұзылуы. Соғып алған жер ауырады, іседі, қан жиналып қалады. Кеуде торын соғып алған кезде тыныс алу бұзылады. Ішті соғып алу бауырдың, көкбауырдың, асқазанның жарылуына, іштей қансырауға алып келуі мүмкін. Басты соғып алу бас сүйек – ми жарақатын тудырады.

Жаралар – механикалық әсер ету салдарынан тері мен шырышты қабақ тұтастығының бұзылуы, ағза жасушаларының зақымдануы. Жаралар шаншылған, соғылған, кесілген, оқтан болған, шағып алынған болып бөлінеді. Жаралармен ауру, қан кету, жарақаттанған ағза қызметінің бұзылуымен қатар жүреді және инфекциямен асқынып кетуі мүмкін.

Алгашқы көмек. Артериалды қан кету кезінде оны уақытша тоқтату бойынша іс – шаралар жүргізіледі. Жарадан киім қалдықтары мен бөгде заттарды алып тастау керек. Жара айналасындағы шашты қайшымен қию. Жара айналасындағы теріні спиртпен немесе зеленкамен (1% жасыл бриллиант ерітіндісі) залалсыздандыру керек. Жеке қапшықтан алынған мақта дәке таңғышымен орау (жараға бірнеше залалсыздандырылған сулық қойып, оларды залалсыздандырылған матамен жауып, сыртынан бинтпен орап тастауға болады). Бастағы таңғыштың берік болуы үшін торлы дәкені пайдаланған ыңғайлы. Егер жарақат терең болса жарақатталған дене мүшесін қозғау керек: қолды шаршы орамалмен денеге таңып тастау керек, ал аяқты танғыш қалақпен таңып тастау керек. Денемен қарындағы жараны таңғыш – жапсырғыш сипаттағы таңғышпен тану керек (сулықты бинтпен немесе лейкопластрьмен бекіту). Егер жара қатты ауырса, промедолдың 2% ерітіндісінен 1-2 мл бұлшық етке немесе есірткілі емес тыныштандыратын дәрі егу керек.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету

  2. Жарақат. соққы, жаралар

5 дәріс. Жарақаттар, олардың классификациясы. Жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем.


Жалпы сұрақтар

  1. Жарақаттар туралы түсінік

  2. Жарақаттардың белгілері

  3. Жарақаттану кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем


Тұтас дененің (ұлпаның, мүшенің) болмашы сызат түсуінен бастап толық езіліп-жаншылуы мен бөлшектеліп қалуына дейінгі қандай да болсын бұзылуы зақымдану деп аталады. Зақымдану дененің анатомиялық тұтастығын бұзбай-ақ, жүмыс істеуін нашарлатуы мүмкін. Бұған жүйкенің ұзақ уақыт қысылып, кейіннен оның сал, қояншық ауруларына ұласуы мысал бола алады.

Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді: Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану, Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану, Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану), Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар), Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану.

Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда — жаралану, көшеде — сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.

Жарақаттар туралы түсінік. Жарақат дегеніміз ұлпаның немесе мүшенің анатомиялық бүтіндігінің бүлінуі және оған тиісті қызметінің бұзылуы.

Жарақаттың себебі: Экзогендік факторлар - сырттан келген факторлардың әсерінен болады. Эндогендік факторлар - іштен келген факторлардың әсерінен болады.

Экзогендік факторларға жатады:


  • механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).

  • химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).

  • физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).

  • биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)

  • психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).

Жарақаттардың түрлері:

  • Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.

  • Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.

  • Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.

  • Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

Жарақаттардың белгілері. Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б. Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.

Жарақаттану кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уакытша болса да), жараны ластанудан және оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бәсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяқ киімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпқа түспес үшін жараны саусақпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сақтау керек.

Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, арақпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жатқан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Тереңде жатқан басқа денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.

Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы

ЖТП резина қысқа жөне кағаз қабьщқа оралған екі макта — дәке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үшін әуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабықты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшаның бірін жараның кірер тесігіне, ал екіншісін шығар тесікке қояды.

Жастықшаларды бинттеп, бинт ұштарын байлайды. ЖТП-ны қолдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).

Жараланғандарға жәрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар өндірісте төмендегідей түрде шығарылады:

1) мақта-дәке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;

2) мақта-дәке жастықшаларынан (56 х 29 см) және дәке бинтінен (14x7 см) тұратын кіші асептикалық таңғыштар.

Қатты қан кету кезінде оны уақытша тоқтату шараларын жасау керек. Жұмсақ тіндердің ауқымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-қолды тасымалдау үшіін орнықтырып бекіту кажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп кан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге карсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу жөне өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жарақаттар туралы түсінік

  2. Жарақаттардың белгілері

  1. Жарақаттану кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем

  2. Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау

6 дәріс. Сананың бұзылуы - естен тану, коллапс, кома. Қан кету, сынықтар.


Жалпы сұрақтар

  1. Сананың бұзылуы – талу. коллапс, кома

  2. Қан кету – алғашқы көмек

  3. Сынықтар – алғашкы көмек


Талу – кенеттен орын алатын қысқа уақытқа есін жоғалту. Терісі кенеттен бозарып, көзі аларып, жұмылып кетеді, зардап шегуші құлайды: көзінің қарашығы жиырылады, одан кейін ұлғаяды, жарықты сезбейді. Қол аяғы суық, денені жабысқақ тер басады, тамыр соғысы баяулайды, әлсірейді, тынысы тарылады. Талу бірнеше секундтан 1-2 минутқа дейін созылады, одан кейін толығымен есін жинайды.

Алгашқы көмек Басын аздап көтерген қалпында арқасымен жатқызу, жағасын ағытып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету. Мүсәтір спирті тамызылған мақтаны мұрнына апару, бетіне суық су шашу, аяғын жылыту немесе ысқылау.

Коллапс – артериалды және күре тамырлық қысымның кенеттен төмеңдеуімен, ОНЖ қызметінің қысымымен сипатталатын, аса ауыр, өмірге қауіп төндіретін жағдай. Коллапс үлкен көлемде қан жоғалтқанда, оттегі жетіспегенде, тамақтану бұзылғанда, жарақат алғаңда, уланғанда орын алады. Коллапс кезінде тері бозарып, денені жабысқақ суық тер басады, аяқ – қолы көгеріп, тамыр жоғалып, тері астынан көрінбей кетеді. Көзі аларып, бет - әлпеті сүйірленеді. Артериалды қан қысым бірден төмендеп, тамыр соғысы білінбейді немесе мүлде жоғалып кетеді. Тыныс алуы жиілейді, кейде үзіліп кетеді. Еріктен тыс зәр жүруі мүмкін. Ауру қатты әлсірейді, кейде ес – түсін мүлде білмейді.




Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамды басына жастық қоймай арқасымен жатқызады, дененің төменгі жақ бөлігі мен аяғын аздап көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетеді. Аяқ – қолын жылытып, егер зардап шегуші есін жоғалтпаған болса, ыстық шай беру керек. Бірден ауруханаға жеткізілуі тиіс.

Кома – ес – түссіз жағдай, сыртқы тітіркендіргіштерге (сөздік, аурулық әсер ету және т.б.) ешбір әрекет етпеу. Кома әр түрлі себептерге (мидағы. қан айналымның бұзылуы, бауырдың, бүйректің зақымдануы, улану, жарақаттар және т.б. ) байланысты орын алуы мүмкін. Жарақаттық кома бас миының қатты шайқалған кезінде орын алуы мүмкін. Ес – түссіз жағдай бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Тексеру барысында адамның беті бозарып, тамыр соғысы баяулап, құсады, тыныс алуы бұзылып немесе мүлдем жоқ болады. Еріктен тыс зәр жүріп, егер ми соғылса, оған қоса сал болып қалады.

Алгашқы көмек. Тыныс алу жолдарын сілекей мен құсықтан және бөгде заттардан тазарту. «Ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды тыныс алдыру керек. Бірден ауруханаға жеткізілуі тиіс.
Қан кету – алғашқы көмек. Қан кету – қан тамырлары жарылу кезіндегі қан тамырларынан қанның ағуы. Қан кету соққы алу және қандай да бір аурудың себебінен орын алады. Осыған орай жарақаттық және жарақаттық емес қан кету деп бөлінеді. Қан тамырларының зақымдану түріне қарай қан кету: артериалды, веналық, тамшылық және аралас болуы мүмкін. Артериалды қан кету кезінде аққан қан ақшыл қызыл түсті болады, қатты шашырап ағады. Веналық қан айтарлықтай қара және жарақаттан көп мөлшерде тоқтаусыз ағады. Тамшылық қан кету кезінде қан жараның барлық бөлігін қамтиды. Аралас қан кету артериалдық және веналық қан кетудің белгілерімен сипатталады. Көп қан жоғалтқан адамның денесін суық тер басып, әлсіреп, басының айналғандығына шағымданады, басын көтергенде көзі қарауытады, аузы кебірсиді. Тамыр соғысы жиілейді, бірақ қанның жүруі азаяды.

Алгашқы көмек. Зардап шеккен адам өмірін сақтап қалудың басты тәсілі – қан кетуді дер кезінде тоқтату. Ең қарапайым тәсіл – артерияны жанамалап саусақпен қысу, яғни жара аймағында емес, жарадан жоғары қарай сүйек жанынан немесе артынан қысу.

Кішкене алған жарақаттан қан өзімен өзі тоқталады (свертывание). Алған жарақатта тиуге болмайді жіне суртіп керегі жоқ. Егер қан ағымы тоқтамаса, матамен (шүберекпен) қатты байлап қою керек.

Қатты қысып байлау (наложение давящей повязки):


    1. Адамды жатқызыныз. Жарақат алған жерді киімнен босатып дұрыстап қарап шығыныз.

    2. Егер жарақатта бөтен зат болмаса, оған қанды жақсы сінетін материалды (салфетка, орамал, шүберектің бір бөлігі) қойыныз. Жарақат жерді жоғары қөтерініз, бұл қан ағымына қанның циркуляциясына байланысты азаюға апарады. Жарақаттағы салфеткаға, орамалға мақтаны немесе матаны қойып бинтепен қатты байлап тастаңыз.

    3. Егер қан ағымы тоқтамаса, яғни қан байланған жерінен шығып жатса бұрынғы байланған бинтті алмай оның үстіне екінші қабатпен тағы да бинтпен қатты байлап тастаңыз.

Егер сізде бинт жоқ болса, онда оның орына кез келген шүбіректі (простыняны, койлекті кесіп) қолдануға болады.

Егер жарақат жерінде бөтен зат болса, мысалы шынының бір бөлігі, онда оны алмныз. Олай сіз жарақат алған адамға зиянды келтіресіз. Мүмкін бұл зат қан ағымын ұстап тұрған шығар.

Сіздің іс-әрекетіңіз:


  1. Жараның айналасына он минуттай қатты қысып қанды тоқтатыңыз.

  2. Кольцевой (сақиналық) повязкамен жарақат жерінің айналасын ораңыз.

  3. Бинт жарақат жеріндегі повязканы жоғары және төмен жағынан қатты үстап тұру керек.

  4. Жедел жәрдемді шақырыныз.

АРТЕРИЯНЫ БАСУ ЖӘНЕ ЖГУТТЫ САЛУ.

Егер қысып устап тұрған повязка көмектеспесе, онда жарақатқа қанды апаратын артерияны басып қөрініз.

Ең алдымен артерияны қолмен басып қөріңіз. Егер бұл көмектеспесе, онда адамға жгут салуға тура келеді.

Ол үшін шүбірекпен, шлангпен немесе жүқа арқанмен жарақат жерінен жоғары жағын байланыз. Сосын жгуттің астына жүқа таяқшаны, карандаш немесе қаламды кіргізіп қатты бұра бастаңыз. Содан кейін қарапайым қысатын повязканы байланыз.

Артерияны 10 минуттан артық қысып үстауға болмайды. Әйтпесе тканьдарда қан бармағаннын себебінен өзгермейтін құбылыстар пайда болады да оны кесіп тастауға (ампутировать) тура келеді.

Жгут салғаннан кейін адамға су ішкізу керек.
Бас жарасынан қан кету кезінде самай артериясын бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан басу. Беттегі жарадан қан кету кезінде астыңғы жақ артериясын астыңғы жақтың бұрышына қарай басу. Жалпы ұйқы артериясын алдыңғы жағынан көмей сыртынан басу. Саусақпен басуды омыртқаға қарай жүргізу керек, оған қоса ұйқы артериясы мойын омыртқасының көлденең өсінділеріне қарай басылады. Бұғана асты артериясын бұғана үстіндегі щұңқыр астынан бірінше қабырғаға қарай басу керек. Қолтық күре тамырын иық буыны мен иық үсті аумағындағы жарадан қан кеткен кезде иық сүйегінің басына, қолтық шұңқырында өскен шаштың алдына қарай қысу керек. Егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бөлігінде немесе білекте болса, екі басты бұлшық еттің бүйір жағынан тоқпан жілікке қарай қысады. Кәрі жіліктің артериясын қол ұшындағы жарадан қан кеткен кезде, бас бармақ жанындағы білезік аймағындағы сүйекке қарай қысады. Ортан жілік артериясын сан аймағындағы жарадан қан кеткен кезде шап аймағынан қысу. Қысуды сан аймағындағы мықын сүйегінің жазығы мен шұңқыры арасынан жүргізу. Тізе асты артериясын сирақ пен аяқ ұшы жараларынан қан кеткен кезде тізе асты шұңкыры аймағында қысу.

Аяқ ұшының сыртындағы артерияны аяқ ұшынан қан кеткен кезде ол жататын сүйекке қарай қысу керек. Саусақпен қысу қан кетуді сол мезетте тоқтатуға мүмкіндік береді. Бірақ қандай да бір күшті адам болмасын тек 10 - 15 минуттан артық қысып тұра алмайды, өйткені оның қолы шаршап, қысу күші әлсірейді. Осыған байланысты төмендегі тәсіл өте қажет, өйткені бұл тәсіл қан тоқтатудың басқа да тәсілдерін қолданғанға дейінгі уақытты ұтуға көмектеседі.






Аяқ пен қолдың тамырларынан артериалды қан кету кезінде артерияны қысуды басқа да жолдармен жүргізуге болады: білек артериясынан қан кеткен кезде шынтақтың бүгілген жеріне екі байлам бинт қойып, қолын шынтақ буынын барынша бүгу; шынтақ пен аяқ ұшы үшін де соны істеу – тізе асты аймағына екі бума бинт қойып, аяқты барынша бүгу.

Артерияны қысқаннан кейін қан тоқтататын бұрау қоюға кірісу керек. Ол қалың резеңке түтіктен немесе ұзындығы 1,0-1,5 м лентадан тұрады.

Лентаның бір ұшына күршек, ал екінші ұшына металл бау болады. Теріні зақымдап алмау үшін бұрауды киімнің сыртынан таңады немесе бұрау қоятын жерді бинтпен, орамалмен және т.б. орау керек. Резеңке бұрауды созылған бетінде аяқ – қолға орайды. Бұрауды бір – екі рет айналдырып, арасында тері қалмайтындай етіп орау керек. Бұраудың ұшын бау мен күршектің көмегімен байлау керек. Бұрау жоқ болған жағдайда, қолда бар құралдарды, мәселен, резеңке түтікті, белдікті, галстукты, бинтті, бет орамалды пайдалануға болады. Аяқ – қолды жгутпен орағандай етіп немесе ағаштың көмегімен бұрау жасауға болады. Жіңішке немесе қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені ұлпалар мен нервтер зақымдалуы мүмкін.



Егер жгутты дұрыс қойған жағдайда қан кету сол мезетте тоқтайды, ал аяқ – қолдың терісі бозарады. Аяқ – қолдың қаншалықты қысылғанын жгуттан төмен орналасқан қандай да бір артерияның соғысынан байқауға болады: тамыр соғысының жоғалуы артерияның жаншылып қалғандығын білдіреді. Аяқ – қолда жгутты 2 сағатқа (қыста далада болса 1 сағатқа) қояды, тоқтату өйткені ұзақ уақыт қысып тұрған жағдайда жгуттан төменгі бөлік жансызданып қалуы мүмкін. Жгутқа уақыты көрсетілген қағаз қыстырып қою керек.

Егер жгут қойылғанына 2 сағаттан асып кетіп (қыста 1 caғ.), зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілмеген жағдайда, жгутты қысқа мерзімге шешу керек. Мұны екі адам бірігіп отырып істеу керек: бірі – жгуттан жоғары артерияны саусақпен қысып тұрып, екіншісі – аққан қанның артерияда пайда болған тромбты жарып жібермейтіндей етіп, жгутты ақырын босатуы керек. Жгутты 3 – 4 минутқа босатып, содан кейін алғашқы тұрған орнынан жоғары қарай таңу керек. Жгут тағылған адамды үнемі бақылауда ұстау керек. Егер жгут бос тағылса, артерия толық қысылмайды да қан кету жалғаса береді. Жгут тағылған аяқ пен қолдың бөлігі қанға толып, қан кету одан қатты күшке ие болуы мүмкін. Қан толып кеткендіктен аяқ пен қолдың терісі көгеріп кетеді. Егер аяқ пен қолды қатты қысып жіберсе, ұлпа мен нерв зардап шегіп, жгут тағылған дене мүшесі сал болып қалуы мүмкін. Жгутты қан тоқтағанға дейін ғана тағу керек, одан артық тағуға болмайды.

Білезік пен аяқ ұшының артериясынан артериялы қан кету кезінде жгут тағу міндетті емес. Жарақатты бума бинтпен қаттылап танып, жоғары көтерілген қалыпта ұстау керек. Жгутты тек үлкен жарақат алғанда, білезік пен аяқ ұшының үгітіліп кеткен кезінде қолданады. Саусақ артерияларынан аққан қанды мықтылап орау арқылы тоқтатуға болады. Қандай да бір қан кету болмасын, әсіресе аяқ пен қолдың жарақаты кезінде ең алдымен керегі – жоғары көтерілген жағдай мен тыныштық болып табылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет