«Апаттар медицинасы» пәнінің 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығына арналған



жүктеу 2.04 Mb.
бет5/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шынтақ буынындағы білектің шығуы. Зақымдану себебі – қолдың ұшымен құлау, көлік апаттары. Көбіне артқы жағынан шығып кетеді, ал алдынан және жанынан шығу сирек кездеседі. Артқы жағы шығып кеткенде білек қысқарып, шынтақ буынының қысқаруы болады. Зардап шеккен адам қатты ауруға шағымданады, білегін қозғалту қиынға соғып, шыдатпай ауырады. Қолын жазуға талпынған кезде буын серіппе тәрізді болады. Алдыңғы жағы шығып кеткенде сау білекке қарағанда ұзарып кетеді, шынтақ өсіндісінде шұңқыр пайда болады.

Алгашқы көмек Шынтақ буынына таңғыш қалақ қою керек. Таңғыш қалақтың ұзындығы иықтың жоғарғы жағынан қолдың ұшына дейін болуы тиіс. Қолын шынтақ буынынан бүгу керек. Ауруды басатын дәрі беру керек.

Білек сүйегінің сынуы. Екі сүйек те немесе бір ғана сүйек сынуы мүмкін (шынтақ және кәрі жілік). Бірінің сынуы бірінің шығып кетуі ықтимал. Екі сүйек те сынған кезде білек деформацияланып, қимыл қалыптан шығады, ауырады, сүйек сынықтары сықырлайды.

Алгашқы көмек. Таңғыш қалақты иықтың төменгі жағынан қол ұшына дейін тану керек. Қолын шынтақ буынынан тік бұрыш жасап бүгу. Ауруды басатын дәрі беру.

Қол ұшы сүйектерінің сынуы тікелей ұрылудың салдарынан болады. Деформация, icy, ауыру, сүйек сынықтарының сықырлауы байқалады.



Алгашқы көмек. Алақанына мықтап оралған мақта – дәке орамын немесе орташа допты беріп, қол ұшы мен білектің ортасына дейін баратын таңғыш қалаққа білек пен қол ұшын тану.

Аяқтың зақымдануы – шығу, сыну. Жамбастың шығуы апат кезіңдегі қатты күш әсер еткенде, зардап шегуші авто көліктен тыс болған жағдайда немесе биіктен құлаған кезде оралады. Ұршық буыныңда қатты ауру пайда болады, толығымен қозғалмай, аяқ көтеруге жарамай қалады. Тізе сау аяққа қарай ішке шамалы бұрылған, сау аяқтан сыртқары бұрылу жиі болмайды. Зардап шегуші арқасымен немесе сау қырымен жатады.


Белгілі буын бір – бірін байлам арқылы ұстайтын, екі немесе одан да көп сүйектен тұрады.



1 – отан жілік; 2 – байламдар; 3 – сіңір; 4 – асықты жілік; 5 – асықты жілік шыбығы; 6 – тізе тостағаншасы.

Алғашқы көмек. Зардап шегушіні зембілге арқасымен жатқызу керек. Аяқты астына жастық пен киім төсеу арқылы таңып тастау, бірақ аяқтың қалыбын бұзбау керек.

Бұл жағдайда әдеттегі таңғыш қалақтарды пайдалану мүмкін емес. Аяғын күшпен түзеу немесе бұрау жамбас мойнының сынуына алып келеді. Ауруды басатын дәрілерді егу ұсынылады.



Жамбастың сынуы. Қарт адамдардың жамбас мойынының сынуы болмашы жарақаттан (бойынан үлкен биіктіктен құлаған кезде) болуы мүмкін; жастарда автокөлік басып кеткенде, биіктіктен құлаған кезде орын алады. Осылар жамбас сүйегінің сынуына себеп болады. Зардап шеккен адамның ұршық буыны қатты ауырады, аяғы сыртқа қайрылған, ісік жылдам пайда болады. Жамбасы қысқаруы мүмкін, қимылы бұзылып, сынған сүйектің сықырлауы мүмкін.

Алгашқы көмек Ауруды басатын дәрі егу керек. Дитерихс таңғыш қалағын немесе ол болмаған жағдайда екі таңғыш қалақ тану керек. Ұзынын – қолтықтың астынан сыртқы тобыққа дейін, ал кішісін – шатынан бастап ішкі тобыққа дейін тану керек. Аяқ ұшы 90% жағдайында орналасуы керек.

Тізе сүйегінің зақымдануы. Зақымданудың себебі – сирақтың тік тұрып, кенеттен бұрылуы. Зардап шегушінің аяғы тізе тұсында 120-130° бұрышпен бүгілген, тізені бүтуге немесе жазуға талпынған кезде серіппе тәрізді кедергі пайда болады.

Алгашқы көмек. Зардап шегушіні арқасымен жатқызып, тізе буынының астына жұмсақ жастықша қою керек.

Tізе тобығының сынуы тіземен құлағанда орын алады. Тізенің көлемі үлкейіп, ауырып, тізе сырылады.

Алгашқы көмек. Тізе буынын таңғыш қалақпен тану, ауруды басатын дәрі егу.

Tізe буынындағы сирақтың шығуы қатты күштің әсерінен орын алады. Белгілі жағдайлар – автокөлік бамперінің басып қалуы, көлік апаты кезіңде зардап шегушінің көлік ішінде қалып қоюы. Зардап шегушінің тізесі деформацияланады, қатты ауырады.

Алғашқы көмек. Ауруды басатын дәрі егу, тізе буынын таңғыш қалақпен тану.

Сирақтың сынуы. Көбіне екі сирақ та бірге сынады, біреуінің ғана сынуы сирек кездеседі. Зақымдану себебі – қатты күшпен ұру, ауыр заттың аяққа құлауы, тік тұрған кезде сирақтың шұғыл бұрылуы. Тізе қысқарып, деформацияланады, қимылы өзгеріп, қатты ауырады, сынған сүйектің сықырлауы мүмкін. Зардап шегуші аяғын өздігінен көтере алмайды.

Алгашқы көмек. Жамбастың жоғарғы жартысынан бастап аяқтың басына дейін таңғыш қалақ тану. Ауруды басатын дәрі егу.

Сирақ - асық буыны мен аяқ ұшының зақымдануы. Зақымдану себебі – аяқ ұшының кенеттен бұрылуы, табанымен биіктіктен құлау, аяқ ұшына ауыр заттардың түсуі. Буын мен аяқ ұшының зақымдануы кезінде буын ісіп, деформацияланады, қатты ауырады, осының әсерінен қимылдау мүмкін болмай қалады.

Алгашқы көмек. Таңғыш қалақты сирақтың артқы жағы мен аяктың өкше тұсына орналастыра отырып, тізе буынынан аяқ ұшына дейін таңғыш тану керек. Ауруды басатын дәрі егу.


10 дәріс. Күйіктер - термиялық, химиялық. Үсік шалу, дене қызуының төмендеуі (гипотермия). Жылулық соққы, асқан қызыну (гипертермия)
Жалпы сұрақтар

  1. Күйіктер - термиялық, химиялық

  2. Үсік шалу, дене қызуының төмендеуі (гипотермия)

  3. Ыстық тию (гипертермия)

  4. Гипертермия тудыратын шұғыл жағдайлар

Күйіктер жоғарғы температураның (термиялық күйіктер), күшті қышқылдар мен сілтілер (химиялық күйіктер), электр тоғы мен иондаушы сәулелердің әсер етуінен орын алады.



Термиялық күйіктер. Күйіктің үш дәрежесі болады. Жеңіл, орташа және ауыр. Кейбір медициналық деректер бойынша күйіктің төртінші дәрежесін – аса ауыр түрін көрсетеді. Бұл жағдайда сүйекке дейін күйіп кетеді.

Бірінші дәрежелі күйік (жеңіл). Терінің тек жоғарғы қабаты зақымданады. Тері қызарады және құрғайды, әдетте, ауырады. Ең көп кездесетіні – күн астында көп уақыт киімсіз жүрудің салдарынан күйіп қалу. Әдетте, мұндай күйіктер тыртық қалмай, 5- 6 күн ішінде жазылып кетеді.

Екінші дәрежелі күйік. Терінің екі қабаты – эпидермис пен дерма зақымданады. Тері қызарып, сұйықтыққа толы қабыршықтар (сары – сулы түзіліс) пайда болады, жарылып, теріні сулайды. Ауыру сезімі жоғарылайды. 3 - 4 аптадан кейін жазылады, тыртық қалуы мүмкін

Үшінші дәрежелі күйік.

Терінің екі қабатын және ұлпалар – нервті, май, бұлшық ет, сүйек қан тамырларын зақымдайды. Тері қарайып (қара) немесе бозарып (сары-қоңыр), ұлпалар өліп қалады (некроз). Бұл күйіктер әдетте ауырмайды, өйткені күю кезіңде тері жамылғысының нерв ұшы өліп қалады. Көлемді күйіктер сұйықтықты көп жоғалтқандықтан, естен тануға алып келуі мүмкін. Инфекция кіруі ықтимал. Денеде үлкен тыртықтар қалады, тері ауыстыру керек болады.



Төртінші дәрежелі күйік.

Ұлпалар мен оның астындағы сүйектің күйіп кетуі. Зардап шегушілер есінен тана бастайды немесе есінен танып қалады.

Ең қауіпті жағдайлар – естен тану, ағзалардың жұмыс істемеуі, ампутациялау, инфекцияның кіруі.

Ескерту:


  • әсер ету температурасы жоғары болмаса да, балалар күйікті өте ауыр қабылдайды;

  • күйген жерге опа немесе май жағуға болмайды (жарақаттың дәрежесін анықтағаннан кейін жуып, тануды тек дәрігер жасауы керек).

Кеңінен таралған күйіктер есінен тануға алып келеді. Зардап шегуші ауырудан ерсілі – қарсылы жүгіруі мүмкін, жан – жағында болып жатқан жағдайдан хабары болмайды. Қозу селсоқтық пен іс - әрекетінің тоқтап қалуына алып келеді.

Ыстық ауаны, буды, түтінмен дем алу тыныс алу жолының күюін, көмейдің ісуін, тыныс алудың бұзылуын тудырады. Бұл гипоксияға алып келеді (ағза ұлпаларына оттегі жетудің бұзылуы).

Зардап шегушінің киімін шешпей, пышақпен кесіп тастаңыз; күйікке жабысып қалған мата қалдықтартын ақырын кесіп тастаңыз. Күйген жерге таңғыш тағыңыз.

Алгашқы көмек. Белгілі бір жердің термиялық күйігі кезінде күйген жерді ағынды сумен 10-15 минут көлемінде суыту керек. Осыдан кейін күйген жерге таңғыш тану керек, ең дұрысы – залалсыздандырылған таңғыш. Ауруды басу үшін ауруды бәсеңдететін арнайы дәрілер егу керек (анальгин және т.б.). Кең таралған күйік кезінде, таңғыш таңғаннан кейін, зардап шегушіге ыстық шай беріңіз. Ауруды басатын дәрі беріп, жылылап орап, дереу ауруханаға жеткізу керек. Тасымалдау кешіктіріліп жатса немесе өте ұзаққа созылса, зардап шегушіге сілтілі –тұзды ерітіңді ішкізу керек (1 шай қасық ас тұзын және 1/2 шай қасық ас содасын 2 стакан суға еріту). Күйгеннен кейінгі алғашқы 6 сағаттан кейін зардап шегуші 1 сағат ішінде екі стакан ерітінді ішуі тиіс. Күлдіреген теріні жаруға болмайды, өйткені сол жарық арқылы денеге әр түрлі инфекция кіруі мүмкін. Егер күлдіреуіктер жарылып кетсе, зақымданған теріні жара сияқты тазарту керек: сабын сумен жуып, таңғыш таңу керек. Инфекцияның кіруін қадағалаңыз. Егер тыныс алу жолы немесе өкпенің күйгеніне күдіктенсеңіз, тыныс алуын бақылап отырыңыз (тыныс алу жолдары ісуі, тыныс алуы бұзылуы мүмкін). Ісік пайда болмай зардап шегуішінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын шешіп тастаңыз. Есіңізде болсын, алғашқы көмек көрсету кезінде төмендегілерді жасауға болмайды:


  • күйген жерге залалсыздандырылған матадан басқа затпен тиюге, мақтаны пайдалануға және күйген жердегі киімді шешуге;

  • күйген жерге жабасып қалған киімді жұлуға;

  • үшінші дәрежедегі күйік кезінде күйген жерді жууға;

  • күлдіреген теріні жаруға;

  • аса ауыр күйік кезінде май, спирт немесе басқа да арнайы иіс майларды жағуға.

Химиялық күйіктер. Химиялық күйік кезінде терінің күлдіреуі сирек кездеседі. Күйіктің тереңдеуі мен жайылуына қышқыл немесе сілті сіңіп қалған киім себеп болады.

Алгашқы көмек. Химиялық зат сіңіп қалған киімді дереу шешу керек. Ағынды сумен әбден жуу керек. Ауруды басатын дәрі егу және ауруханаға жеткізу. Көзін назардан тыс қалдырмаңыз. Химиялық зат көзге түсіп кеткен жағдайда 20 минут немесе дәрігер келгенше ағынды сумен көзін жуу керек. Зақымданған көзді танып тастаңыз.

Үсік шалу, дене қызуының төмендеуі (гипотермия). Гипотермия жалпы дененің суыған кезінде орын алады. Бұл кезде дене өздігінен жылуды қамтамасыз ете алмайды.

Үсік шалу дененің қандай да бір бөлігіне суық әсер еткенде орын алады. Суықтың бүкіл денеге әсер етуі жалпы үсік шалуға алып келеді. Үсік шалу кезінде дененің зақымдалған бөліктері суып, бозғылт – көк түске боялады, сезімталдық жоғалады. Жалпы үсік шалған кезде зардап шеккен адам әлсізденіп, тері бозарып, суып, тамыр соғысы жиілеп, дене температурасы 36,5°С – тан төмеңдеп кетеді. Ағзаға суық әсер еткенде, тері жамылғысына жақын орналасқан қан тамырлары тарылады да жылы қан дененің түбіне қарай тартылады. Осылай жылудың тері арқылы кіруі азайып, дененің қалыпты температурасы сақталады.

Егер аталған механизм дененің қалыпты температурасын ұстап тұра алмаса, адам қалтырай бастайды, осының нәтижесінде бұлшық ет қимылының есебінен қосымша жылу өндіріледі. Термо реттеу үрдісінің бұзылу кезіндегі бүкіл дененің сууы салдарынан гипотермия орын алады. Гипотермия кезінде дене температурасы 35°С төмен түседі, осы кезде жүрек аритмиясы орын алып, жүрек тоқтап қалады. Адам өліп кетеді.

Егер зардап шегушіде үсу мен гипотермияның белгілері бірдей байқалса, гипотермия кезіндегі алғашқы көмекті жасаңыз. Бұл жағдайда адамды дереу жылытпаса өліп кетуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда да үсу туралы ұмытпау керек. Өйткені, үсіктің ауыр жағдайы кезіңде дененің зақымданған бөлігін ампутациялау қауіпі туады.



Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамды жылы жерге алып кіріп, аяқ киімі мен қолғабын шешу керек. Үсік шалған жерді алдымен құрғақ шүберекпен ысқылап, жылы су (32 - 34,5С°) құйылған ыдысқа салу керек. 10 минут ішінде судың температурасын 40,5С° дейін көтеру керек. Сезімталдығы мен қан таралуы қалпына келген кезде құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен сылап, асептикалық немесе таза таңғыш тану керек (таза, үтіктелген шұлық немесе қолғап кигізу керек) Жалпы үсік шалған кезде зардап шегушіні жылылап орап, жылытқыларды (ішіне жылы су толтырылған резеңке ыдыс) қойып, ыстық шай беру керек.

Ыстық тию (гипертермия). Жылулық соққы – сыртқы жылулық факторлардың әсер етуінен және ағзаның жалпы қызуынан болатын жағдай. Жылулық соққы температурасы жоғары және ылғал бөлмеде, нашар желдетілетін бөлмелерде ұзақ уақыт болғаннан болуы мүмкін. Зардап шеккен адамда жалпы әлсіздік байқалады, басы ауырады, құлағы шуылдап, басы айналады, ұйқысы келіп, шөлдейді және құсқысы келеді. Тексеру барысында терісінің қызаруы байқалады. Тамыр соғысы мен ыстығы көтеріліп кетеді. Ал ауыр жағдайларда зардап шегуші есінен танып, аяқ – қолы тырысып қалады.

Гипертермия тудыратын шұғыл жағдайлар.

Жылулық тырысулар. Бұлшық еттердің тартылып қалуы, әдетте балтыр бұлшық еті немесе іш бұлшық еттері (қоршаған ортаның жоғары қалыпты температурасы кезінде қарқынды жұмыстың салдарынан сұйықтық пен минералды тұздардың жоғалуы).

Жылулық шаршау. Физикалық жұмыс пен ыстық күнде жұмыс істеудің салдарынан ағзаның сусыздануы. Жылулық шаршау атлеттердің, өрт сөндірушілердің, құрылысшылардың, ауыр арнайы киім киетін басқа да адамдардың қатарында кең таралған. Бұл жағдайда терлеу кезіндегі судың жоғалуы жеткілікті дәрежеде толтырылмайды. Бұл жағдай қан айналымының төмендеуіне алып келеді. Ағза артық жылудан қанды тері жамылғасына айдау арқылы құтылуға тырысқандықтан, өмірге аса қажетті ағзаларға қан дұрыс бармайды.

Жылулық соққы. Сирек таралған, бірақ өте қауіпті жағдай. Егер жылулық шаршаудың белгілері назардан тыс қалса, жылулық соққы қауіпі туады. Жылулық соққы адам ағзасы дененің сууын қамтамасыз ете алмағанда туындайды. Ағзаның жұмыс істеуі біртіндеп тоқтай бастайды. Ағза ұлпаларындағы сұйықтықтың азаю салдарынан тер шығу үрдісі тоқтайды. Осының салдарынан термо реттеу істен шығады. Бұл дене қызуының көтерілуіне алып келеді. Дене ыстығы қажетті ағзалардың қызмет ету мүмкіндігінің төмендеуіне алып келеді.

Алгашкы көмек. Зардап шегушіні дереу салқын жерге алып барып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету керек. Киімін шешіп, суық су беріп, басына суық орамал қою керек. Аса ауыр жағдайда суық суға батырылған жаймаға орау, суық сумен жуындыру, басына, шап аумағына мұз қою керек; мүсәтір спиртіне матырылған мақтаны иіскетуге де болады. Жүрек соғысы мен тыныс алуы нашарлаған жағдайда қолдан дем алдырып, жүрекке жанама массаж жасау керек; бұларды адам есін жиғанша немесе медициналық көмек келгенше жасайды.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Күйіктер - термиялық, химиялық

  2. Үсік шалу, дене қызуының төмендеуі (гипотермия)

  3. Ыстық тию (гипертермия)

  4. Гипертермия тудыратын шұғыл жағдайлар

11 дәріс. Жаншылу синдромы, алғашқы көмек


Жалпы сұрақтар

  1. Жаншылу синдромы, алғашқы көмек

  2. Басу синдромының анық белгілері

  3. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі


Жаншылу синдромы жаппай апат кезінде – шатырлар құлағанда, жер сілкінісі кезінде және т.б. жағдайларда орын алады. Егер аяқ – қолы басып тұрған ауыр заттан арылмаса, зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық жағдайда болуы мүмкін. Алғаш жаншылып қалғанда орын алған ауыру сезімі бірнеше сағаттан кейін сезілмейді. Аяқ – қолды босату (жгутты пайдаланбай) жағдайын күрт нашарлатады. Қолы немесе аяғы мұздап, көгеріп, бозарып кетеді, қимылдау қасиеті жоғалып, қол – аяғындағы тамыр соғысы бәсеңдеп, тіпті жоғалып кетеді.

Алгашқы көмек. Аяқ – қолын босатпай тұрып, жаншылып қалған жерден жоғарырақ жерге жгут тану керек. Жгутты босатпай тұрып, жаншылған жерді шешпей тұрып, аяқ – қолды саусағына дейін дәкемен таңу керек. Осыдан кейін барып қана жаншып қалған затты көтеру керек. Ауруды басатын дәрі егу керек. Сүйегі зақымданған жағдайда таңғыш қалақ таңу керек. Ал жарақаттанған жағдайда залалсыздандырылған дәке таңу керек.

ҒИМАРАТТАР МЕН ТЕХНИКА ҚИРАНДЫЛАРЫНЫҢ АСТЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРДІ ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУ КЕРЕК

Өлімге алып келетін құтқару – ғимараттың және техниканың қирандыларынан зардап шегушілерді дұрыс шығарып алмаған жағдайда кездесіп тұратын шарасыз үрейлі парадокс.



Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік

Табиғи зілзала және апат аймақтарында құтқарушылар мен медқызметкерлердің жұмыс тәжірбиесі зардап шегушіні қирандылардың астынан тез алып шығу, құтқаруға әрдайым алып келе бермейді. Адам тәулік бойы басудың астында аяғымен тұрып босатқаннан кейін қайтыс болған жағдайда, құтқарушылардың түсінбестігін және өкінішін елестетуге бола­ды. Көптеген ғасырлар бойы бұл құбылыстың қайғылы мағынасыздығы жұмбақ болып қалды. Тек XIX ғасырдың соңында бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кездерінде медицина қызметкерлері басылып қалған аяқ – қолдардың қысылған қан тамырларында алмасу өнімдері жинақталып, ыдырау мен организмге аса улы келетін ұлпалардың зақымдануы болады деген тұжырымға келген.



ЕСІҢДЕ БОЛСЫН! Басу ұзағырақ болған сайын токсинді соққы қаттырақ болады және ажал жылдамырақ келеді.

Зардап шегушінің жарақат алған аяқ – қолдарына үлкен мөлшерде сұйықтық жиналумен де жағдайы нашарлап, ауруы күшейе түседі. Аяқтарын босату кезінде оған 2-3 литрге дейін плазма толады. Аяқ – қолдың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні жоғалады, ісік тығыздала бастайды әрі аяқ қаттылығымен және дыбысымен ағашқа ұқсай бастайды. Жіліншіктің тамырының жиі соғуы байқалмайды. Сәл ғана қозғалыс тіпті сүйек сынуы болмаса да азапты ауру тудырады.



Басу синдромынан:

  • аяқ – қолдарды басу 15 минуттан көп болған кезде;

  • ісік пайда болғанда және аяқ бұлшық етінің рельефі жоғалған кезде;

  • егер жіліншікте тамыр соғуы байқалмаса күдіктену қажет.

Зардап шеккендердің бірінші минутта және босатылғаннан кейін бірнеше тәуліктен кейін қаза болу себептері

Плазманың үлкен мөлшерде зақымданған аяқ – қолға (қан айналымының көлемі 30% дейін) етуі организмді айтарлықтай құрғатып қоймайды, артериальды қысымды түсіреді сонымен қатар концентраттан тыс уыттарды да туындатады. Бұл (организмдегі сұйықтық босатылған аяқ – қолға, ал уытты ыдырау өнімдері және миоглобин зақымданған аймақтан қан та­мыр арнасына бағытталады) барлық мүшелер мен жүйелердің, жүрек қызметінің лезде қысылуына мүмкіндік туғызады. Нақ осы жағдай үйінділер мен қирандылардың астынан шығарып алғаннан кейін бірінші минуттан кейін қаза болудың себебіне әкеледі. Ұзақ уақыт басу синдромы кезіндегі басқа да қауіпті асқыну – ол бұлшық ет талшығының зақымдану нәтижесінде қанға бос миоглабиннің пайда болуы.

Миоглабиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйректің арналарын зақымдайды ол бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бірінші тәуліктің өзінде зәр ашық – қызыл түсті болады (зәрде миоглабиннің болу белгілері), ал келесі тәулікте бүйрек жеткіліксіздігінің даму мөлшеріне байланысты зәрдің бөлінуі толығымен тоқтатылады. Зардап шегуші жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болады.

Басу синдромының анық белгілері:


  • босатылғаннан кейін жағдайының бірден едәуір нашарлауы;

  • қызғылт немесе қызыл зәрдің пайда болуы.

Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі

XX ғасырдың басында құтқарудың жалғыз шарты оны босатқанға дейін басылған аяқ – қолға алдын ала қорғау бұрауын салу болған. Содан кейін міндетті түрде оларды кесіп тастайтын болған. Бұл өмірді сақтап қалса да, шарасыз мүгедектікке алып келеді. Жағымды нәтиже өте сирек болғандықтан, оларды өмірдің сыйлығы деп қабылдады. Бірақ сол уақыттарда егер зардап шегуші толық босатылғанға дейін жылы сусынды көптеп берсе, ал аяқ – қолдары суықта болса онда оның ісігі және улану дәрежесі едәуір аз болғанын байқаған. Сонымен қатар, осындай аяқ – қолдарды сақтап қалу мүмкіндігі болған. Соңғы жылдары ұзақ басу синдромы кезінде тірі қалу мүмкіндігі едәуір өсті. Көптеген елдерде құтқарушы және апатты медицина қызметкерлеріне қарулануға жаңа әдістеме мен құтқару тәсілдері қабылданған.

Яғни, кедергілерді лезде жойып тастауға болмайды екен. Біріншіден, плазманы ауыстыратын ерітінділерді ішке жіберуді реттеу керек, ал олар болмаған жағдайда сусынды молырақ беру қажет. 1,5-2 литр сұйықтықты тамшылатып беру қорғайтын бұрау салудан және аяқ – қолды сақтаудан құтылдырады. Суықты пайдалану жағдайды жақсартады. Шығарып алғаннан кейін барлық аяқ – қолды бинтпен қаттырақ байлау қажет (аяқты өкшеден шатқа дейін, қолдан иыққа дейін) және осы түрде қосымша төзімді футляр жасап қою керек. Бұл тек қана ісікті азайтпайды, сонымен бірге таралып кеткен плазманың көлемін шектейді.

Аяқ қолды босатқанға дейін:


  • жылы сусын және ауыруын басатын дәрі – дәрмек беру;

  • басылып жатқан жерден төмен суық басу (мүмкіндігінше).

Оқиға орнында көмек көрсету екі кезеңде болады.

Бірінші кезең бірнеше сағатқа созылуы мүмкін және қирандылардың астынан аяқ – қолдарды шығарып алу тездігіне байланысты. Зардап шегушіні тез арада шығарып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда үміт үзуге болмайды. Көп тонналы тақта немесе бетонды бағана тек арнайы техниканың күшімен ғана көтеріледі. Егер бақытсыз жағдайда бірінші минуттарда зардап шегушінің аяқтарына мұз салынған қапшықты немесе қарды қойып, бинтпен қаттырақ байлап (егер оларға жетуге болса) және адамды жылы сусынмен қамтамасыз ету керек, бұның барлығы жағымды нәтижеге негіз болады. Бұл жерде қорғайтын бұрау салу міндетті емес. Бұл кезеңңде көмек көрсету бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Жер сілкінісі және апат аймағындағы кәсіби құтқарушы командаларының құрамында міндетті түрде арнайы оқытылған адамдары болады, қозғалыстың мәні – тезірек үйіндінің астындағы адамның қолына дейін жету және плазма алмастыратын сұйықтықты тамырдан жіберуді реттеуден тұрады. Ал олардың соңынан арнайы техникамен келе жатқан жолдастары өте сақтықпен ешбір әбігерленіп, саспай зардап шегушіні үйіндінің астынан шығарып алады.

Бұндай әдіс көптеген мың адамның өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік туғызды.



Екінші кезең босатып алғаннан кейін көмек көрсетуді тоқтату қажет. Бинтпен қысып байлау, транспорттық балондарды салу және қан алмастыратын сұйықтықты тамыр арқылы жіберу, зардап шегушіні тез арада міндетті түрде «жасанды бүйрек» аппараты бар реанимация орталығына жеткізу, нәтижесінің сәтті болуына негіз болады.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет