«Апаттар медицинасы» пәнінің 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығына арналған



жүктеу 2.04 Mb.
бет6/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жаншылу синдромы, алғашқы көмек

  2. Басу синдромының анық белгілері

  3. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі

  4. Жаншылу синдромындағы көмек көрсету кезеңдері

12 дәріс. Улану, күн өту, суға кету , электр жарақаты, алғашқы көмек



жалпы сұрақтар

  1. Улану, улану түрлері

  2. Күн өту

  3. Электр жарақаты, алғашқы көмек

  4. Суға бату

Улы зат адам ағзасына төрт түрлі жолмен енеді: ас қорыту жолы арқылы, тыныс алу жолы арқылы, тері жамылғысы арқылы, инъекция (шағып алу) арқылы.



Улану улы заттың ағзаға түсуі кезінде орын алады. Бұл зат адам ағзасына кездейсоқ түскен немесе қасақана берілген дәрі немесе химиялық зат болуы мүмкін. Уланулар кездейсоқ өлімнің үштен бір бөлігін құрайды. Негізінен олар кездейсоқ болып табылады. Уланудың құрбаны үлкендер де балалар да болуы мүмкін. Улы зат адам ағзасына түскен кезде улану, ауру немесе өлім тудыратын заттар болып табылады.

Тамақтан улану. Тамақтан уланудың кең таралған көзі – өте күшті улы зат бөлетін кейбір микробтар. Бұл ең алдымен ботулинус таяқшалары болып табылады. Улану консервіленген тағамдарды пайдаланған кезде орын алады. Ең алдымен кәдімгі уланулар сияқты басталып (құсу, іш өту, ішінің ауыруы), бірнеше сағаттан кейін көру мүмкіндігі азайып, сөйлеуі мен жұтыну бұзылады. Стафилаккок уларының салдарынан болған тамақтан уланулар кең таралған. Бұл бактериялар әр түрлі тағамдардың құрамында көбейеді (крем қосылған тәтті тоқаштар, сүт тағамдары, ысталған тамақтар, паштеттер).

Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамның асқазанын жуу керек: 5- 6 стакан жылы су немесе ас содасының әлсіз ерітіндісін беру; саусағын ауызына салып, құстыру; бұл шараларды бірнеше рет қайталау керек. Асқазанын жуғаннан кейін ыстық шай беріп, емдеу мекемесіне дереу жеткізу керек.

Химиялық заттармен улану. Көбіне қышқылдармен (80% сірке су, тұз, карбол, қымыздық қышқылдар) және күйдіріп түсіретін сілтілермен (каустикалық тұз, мусәтір спирті) уланады. Қышқыл немесе сілті адам ағзасына түскен кезде ауызы, тамағы, тыныс алу жолдары қатты ауырады. Шырышты қабықтың күюі салдарынан күйген жер қатты ісіп, сілекей ағады, қатты ауыру салдарынан зардап шеккен адам жұтына алмай қалады. Дем алу кезінде сілекей тыныс алу жолында тұрып қалуы мүмкін, осының салдарынан тыныс алу нашарлап, адам тұншыға бастайды.

Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамның ауызын түкірік пен сілекейден арылту керек. Шай қасыққа дәке бөлігін, орамал, немесе майлықты орап алып ауызын сүрту керек. Тұншығу белгілері пайда болған жағдайда қолдан дем алдыру керек. Зардап шеккендер көбіне құсады, кейде қан аралас құсық болады. Мұндай жағдайда өздігінен асқазанын жууға болмайды, бұл құсуды одан ары үдетуі мүмкін, сондай – ақ қышқыл мен сілтінің тыныс алу жолдарына түсуі мүмкін. Зардап шегушіге 2-3 стакан су беру керек, ең дұрысы мұз қосылған су болмақ. Улы сұйықтықтарды «бейтараптандыруға» тырыспау керек. Басқа химиялық заттармен (хлорланған көмірсутек, анилинді бояу және т.б.) уланған кезде дәрігер келгенге дейін есін білетін болса, зардап шегушіні құстырып, асқазанын сумен шаю керек. Егер зардап шегуші ес – түссіз болса, жастық қоймай ішімен жатқызып, басын бір жанына қарай бұру керек. Тілі артқа қарай кеткен жағдайда, сондай – ақ есінен танып жатып қол – аяғы тартылса, жағы қарысып, қалыпты дем алуға кедергі келтіріп жатса, басын шалқайтып, астынғы жағын алдыға – артқа қозғалту керек.

Қатты әсер ететін улармен улану. Бұл улармен уланудың белгілері жекелеген ағзалар мен ағза жүйесіне әсер етуіне байланысты. Нерв жүйесіне әсер ету кезінде қол – аяғы тартылып, ұйқысы келіп, қимылдау қиынға соғады, сондай – ақ есінен танып, тамыр соғысы мен тыныс алуы нашарлайды. Ac қорыту жүйесіне әсер еткенде іші қатты ауырып, лоқсып, құсады, іші өтеді: жүрегі «тоқтап қалғандай» болып, соғу жиілігі бұзылады, қан қысымы өзгеріп кетеді.

Алгашқы көмек. Дереу құстыру керек. Зардап шеккен адамға алдын ала 2-3 стакан жылы су беру керек. Осы шараны 5-6 рет қайталап, одан кейін 3-4 түйір активтеңдірілген көмір беру керек. Жағдайы қатты өршіген кезде басына суық компресс қойып, жатқызуға тырысу керек. Егер қажет болса, қолдан дем алдырып, жүрегіне жанама массаж жасаңыз. Бұларды адам есін жиып, жүрегі мен тамыр соғысы қалыпқа келгенше жасау керек. Зардап шегушіні дереу емдеу мекемесіне жіберу керек.

Газ тәрізді немесе жұтылатын улы заттар адам ағзасына дем алған кезде түседі. Оларға жататындар: газдар мен булар, мысалы: иісті газ, азоттың шала тотығы және өндірісте қолданылатын хлор, желімнің әр түрі, бояулар мен еріткіш – тазартқыштар сияқты заттар.



Алгашқы көмек. Газ тәрізді улармен уланғанда: оқиға болған орынның қауіпті емес екендігіне көңіл бөліңіз; зардап шегушіні газдар немесе булардың әсерінен алшақтатыңыз. Аталған жағдайда зардап шегуішіні таза ауаға алып шығып, жедел жәрдем шақыру керек. Тыныс алу жолдарының жағдайын, тыныс алуы мен тамыр соғысын қадағалаңыз және керек болған жағдайда алғашқы көмек көрсетіңіз. Жедел жәрдем келгенше зардап шеккен адамның ыңғайлы жағдайда болуына көмектесіңіз. Улы затпен қарым – қатынаста болу қауіпі туып тұрса, үйде немесе жұмыста болуыңызға қарамастан арнайы киімді киіңіз. Уланып қалудың алдын aлy үшін көрсетілген қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек.

Күн өту – тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бастың шамадан тыс қызып кетуінен орын алатын ағзаның ауыр жағдайы. Зардап шегуші әлсіреп, жүрегі айниды, құсқысы келеді, мұрыны қанап, көру мүмкіндігі нашарлап кетеді, тыныс алуы мен тамыр соғысы жиілеп, кейбір жағдайларда есінен танып, тыныс алуы мен жүрек қызметі тоқтап қалады. Осыған ұқсас симптомдар күнге көп көлемде күйіп қалғанда байқалады, оған қоса бірінші дәрежедегі күйік белгілері пайда болады. Күн өткен кезде желке аумағында ауыру сезімі пайда болады.

Алгашқы көмек. Зардап шегушіні салқын жерге немесе көлеңкеге алып келіп, киімін шешу керек. Басы мен жүрек маңына суық қойып, мол қылып тұзды су беру керек.

Суға бату – тыныс алу органдарының сұйықтыққа немесе сұйық массаға толып қалуы. Суға батудың белгілері: ауызынан көбіктің ағуы, тыныс алу мен жүрек қызметінің тоқтауы, көз қарашығының ұлғаюы.

Алгашқы көмек. Ауыз қуысын тазалап, зардап шегушінің басы жерге қарай еңкейіп тұратындай етіп, құтқарушы өзінің жамбасына ішімен жатқызады, іші мен арқасынан қысып, асқазанынан суды шығару керек.

Бұдан кейін бірден қолдан дем алдыруға көшу керек.





Белдіктерді, бауларды, орамалдарды және пайдалану тәсілімен:

«Бір-екі» дегеңде зардап шегушіні көтеріңкірейді – ауаны ішке жұтады; «үш-төрт» дегенде оны жерге түсіреді; «алты-жеті» дегенде – кідіріс жасап, демді сыртқа шығарады.



Жүрек қызметін қалпына келтіру үшін жүрекке жанама массаж жасау керек. Жүрек маңынан 5-6 рет басқаннан кейін зардап шегушінің ауызынан немесе мұрнынан үрлеу керек. Бұларды тыныс алуы мен жүрек соғысы толығымен қалпына келгенге дейін жасау керек. Жүрек соғысы толығымен қалпына келгеннен кейін зардап шегушіні жылылап орап, емдеу мекемесіне жіберу керек.

Электр жарақаты, алғашқы көмек. Электр жарақаты – ағзаның электр тоғымен зақымдануы. Электр жарақаттары жергілікті және жалпы болып екіге бөлінеді. Жергілікті электр жарақаты қысқа мерзімді түйісу кезінде дененің белгілі бір бөлігіне тоқтың әсер етуі. Жалпы электр жарақаты адам ағзасынан электр тоғының өтуі кезінде орын алады. Жалпы зақымдану кезінде дене бұлшықеттері тырысып, жүрек қызметі нашарлайды және тыныс алуы бұзылады.

Найзағай соққан кезде жоғарыда атап өткен жарақатпен қоса, адамның құлағы естімей қалады, сөйлеу қабілеті де бұзылып, денеде қара – көк түсті дақтар пайда болады.



Алғашқы көмек. Зардап шегушіні тоқтың әсерінен алшақтату керек: бүкіл тізбектен тоқты ажыратыңыз. Рубильникті өшіріп, электр сымды үзіп, қашыққа лақтырып тастаңыз. Ең алдымен тексеру кезінде тыныс алуының бұзылуы немесе жүрегінің кенеттен тоқтап қалуын қадағалаңыз. Қолдан дем алдыру мен жүрекке жанама массаж жасауға кірісіңіз. Күйген жерге залалсыздандырылған дәке тағып, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Улану, улану түрлері

  2. Күн өту

  3. Электр жарақаты, алғашқы көмек

  4. Суға бату

13 дәріс. Жарақаттық шок. Буынның жарақаттық шығуы.. Созылу және байламның жыртылуы.


Жалпы сұрақтар

  1. Жарақаттық шок

  2. Шоктық жағдайдың белгілері мен симптомдары

  3. Буынның жарақаттық шығуы

  4. Тану принциптері.

  5. Буын аралығының созылуы мен жарылуы


Жарақаттық шок – сыртқы аурулық тітіркендіргіштерге немесе қан кетуге әрекет ретінде пайда болатын ағзаның ауыр жағдайы.

Жарақаттық шоктың белгілері – терінің бозарып кетуі, жабысқақ тердің шығуы, әрекетсіздік, тамыр соғысы мен тыныс алуының жиілеуі, сыбырлап сөйлеу.



Шоктық жағдайдың белгілері мен симптомдары ішкі немесе сыртқы қан кету кезінде болатын белгілерге ұқсас болып келеді: бозарған, суық тер басу, әлсіздік, мазаның кетуі, ауыздың кебуі, шөлдеу, әлсіз жиі тамыр соғысы, жиі тыныс алу, есінен тану.

Алгашқы көмек. Есіңізде болсын, алғашқы көмек көрсету үшін шок тудырған жағдайдың себебін білу немесе қан кетуді көру міндетті емес. Қандай жағдай болмасын негізгі қағидаларды ұстаныңыз:

  • зардап шегушінің дене температурасын қалыпты жағдайда ұстаңыз, үстіне көрпе немесе пальто жабыңыз.

  • арқасымен жатуын сұраңыз (басы денесімен бір деңгейде болуы керек);

  • өмірге қажетті ағзаға қан бару үшін аяғын 30 см жоғары көтеріңіз (басы, мойыны, омыртқасы, жамбасы немесе сирағы жарақаттанғанда, жүрегі ұстап қалғанда, инсульт немесе зардап шегушінің жағдайы нашарлағанда аяғын көтеруге болмайды);

  • шок тудырған жағдайдың алдын алуға тырысыңыз, мысалы сыртқы

қан кетуді тоқтатыңыз;

  • зардап шегушіні тыныштандырыңыз;

  • зардап шегушіге су бермеңіз (егер шөлдеп жатса, ауызын сумен жуу керек);

  • зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберіңіз.

Буынның жарақаттық шығуы – буындық сүйек ұштарының орнынан өзара қозғалып, буын формасының өзгеруі. Шығу кезінде буынның деформациялануы және қимылы бұзылады, қатты ауырады.

Алғашқы көмек. Иық немесе шынтақ буындары шыққан кезде қолын денесіне бинтпен таңып тастап немесе қолын орамалға асып қою керек. Аяқ буындары шыққан кезде бинтпен шыққан аяқты cay аяққа танып тастап немесе қолда бар құралдармен ауру буынды қозғалыссыз қалдыру. Суық пен ауруды басатын дәрілерді қолдану керек. Зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жіберу керек.

Тану принциптері. Таңғыш қалақты (шина) тану кезінде төмендегі принциптерге жүгініңіз:

  • таңғыш қалақ зақымданған дене мүшесінің қалпын өзгертпей тағылады;

  • таңғыш қалақ зақымдалған аймақпен қоса оның екі жағындағы буындарды да қамтуы керек;

  • таңғыш қалақты таққанға дейін және таққаннан кейін дененің зақымданған бөлігіндегі қан айналымды тексеріңіз (зардап шеккен адамның өзінен зақымдалған жеріндегі саусағының ұйыған-ұйымағанын сұраңыз;

  • зақымдалған жердің саусағын тексеріңіз – олар ұстап көргенде жылы болуы керек және тырнақтары қызғылт тартуы керек. Егер аяғының ұйып қалғанына шағымданса, таңғышты аздап босатыңыз);

  • таңғыш қалақты зақымдалған жердің жоғарғы және төменгі жағынан байлаңыз.

Таңғыш қалақтың түрлері. Олар үш түрлі болады: жұмсақ, қатты және анатомиялық.

Жұмсақ таңғыш қалақ ретінде оралған көрпені, орамалды, жастықты, ұстап тұратын таңғыштарды немесе бинтті пайдалану керек.

Қатты таңғыш қалақ ретінде тақтайшалар, металл жолақтары, қатырма қағаздар, бүктелген журналдар және т.б.

Анатомиялық таңғыш қалақ ретіңде тіреуіш қылып зардап шегушінің өз денесін пайдаланады. Мысалы, зақымдалған қол денесіне, ал аяғы сау аяғына бинтпен таңылады.

Буын аралығының созылуы мен жарылуы – физикалық шамадан тыс қимылдар жасаған кезде буын сөмкесінің зақымдануы. Созылудың (жарылудың) белгілері буынның ауруы, буын қимылының бұзылуы, icy, қан құйылу түрінде көрінеді.

Буын аралығының созылуы сүйектің қалыпты жылжу амплитудасынан шығып кеткен кезде орын алады. Буынға түсірілген шамадан тыс ауырлық буындардың толығымен жарылуына және шығып кетуіне алып келеді. Бұл жерде сүйектің сынуын да назардан тыс қалдырмау керек. Буын аралығының жеңіл ғана созылуы, әдетте тез жазылады. Сондықтан адамдар мұндай жарақатқа аса назар аудармайды, ал бұл өз кезегінде қайта болатын жарақатқа алып келуі мүмкін. Буын аралығы созылуының ауыр жағдайында аз ғана қимылдың өзінен шыдатпай ауырады. Ең көп таралғаны сирақ – асық және тізе буыны, саусақ пен білек буындарының шығуы. Кей кезде буын аралығының созылуы сыныққа қарағанда күрделі зардапты болуы мүмкін. Сынықтан кейін біткен сүйектің қайта сынуы сирек кездеседі. Ал буын аралығы созылудан немесе жарылудан кейін мықты болмай қалуы мүмкін, бұл қайта зақымдануға алып келеді.



Алгашқы көмек. Тірек – қозғалу аппаратының зақымдануы кезінде бір ғана көмек көрсетіледі. Олар: көмек көрсету кезінде зардап шегушіге қосымша зақым келтірмеуге тырысыңыз. Оның жайлы жағдайда болуын қадағалаңыз. Төмендегі жағдайды естен шығармаңыз: тыныштық, зақымданған дене мүшесінің қозғалыссыз қалуы, суық, зақымданған дене мүшесінің көтеріңкі жағдайы.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жарақаттық шок

  2. Шоктық жағдайдың белгілері мен симптомдары

  3. Буынның жарақаттық шығуы

  4. Тану принциптері.

  5. Буын аралығының созылуы мен жарылуы

14 дәріс. Жануарлардың, жылан, жәндіктердің шағуы. Бөтен дененің түсуі


Жалпы сұрақтар

  1. Жануарлардың тістеуі

  2. Жыланнын шағуы

  3. Жәндіктердің, шаянның шағуы

  4. Бөгде дененің түсуі

Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы. Жануарлардың тістеуі. Көбіне үйде жүретін иттер тістейді, ал мысықтар мен жабайы жануарлардың тістеуі сирек кездеседі. Құтырған жануарлардың тістеуі өте қауіпті болып табылады. Егер зардап шеккен адамды үйдегі сау ит тістеп алса және жарақат үлкен болмаса, онда залалсыздандырылған таңғыш тағады. Жарақат үлкен болса және қан кетсе, залалсыздандырылған таңғыштармен айналасын таңады. Егер белгісіз ит немесе құтырмаға күдігі бар басқа да жануарлар тістесе, ауруханаға жатқызылады. Құтырманы емдемеген жағдайда, өлімге алып келеді. Зардап шеккен адамға вакцинация жүргізу – аурудың өршуіне жол бермейді. Қазіргі заманға вакцинацияларды қолдану бұрынғы заманға қарағанда өте тиімді болып табылады.

Егер адамды тістеп алса, қауіпсіз жерге қарай алып кетуге тырысыңыз. Жануарды өлтіруге немесе ұстап алуға тырыспаңыз. Егер жарақаты үлкен болмаса, жараны жуыңыз. Осыдан кейін қанды тоқтатып, таңғыш тағыңыз. Инфекция түсудің белгілері мен симптомдарын бақылаңыз. Егер жарадан қатты қан кетсе, ең алдымен қанды тоқтатыңыз.



Жыланнын шағуы. Әсер ету механизіміне қарай жылан улары 3 топқа бөлінеді:

1. Нерв жүйесіне әсер ететін улар. Олар бұлшық еттің сал болуын, тыныс алу мен жүрек қызметінің бұзылуын тудырады (кобраның, тропикалық жағалау суларының теңіз жыландарының улары).

2. Қанды ұйытатын улар. Жергілікті ісік пен ұлпалардың өліп қалуын тудырады (қалқантұмсық, қарапайым улы сұр жыландардың улары).

3. Нерв жүйесіне әсер ететін улар, қанды ұйытатын, жергілікті ісік пен ұлпалардың өліп қалуын тудыратын улар (ысылдағыш улы жылан, австралиялық аспидтер).

Қазақстаңда кездесетін жыландардың көбі улы емес. Олар тек өздеріне тиіскен уақытта ғана шабуыл жасайды. Мұндай жарақат кезінде басқа да жаралар сияқты алғашқы көмек жасалады. Жыландар көбіне жылжып бара жатқан нысанға ғана шабады. Егер сіз жыланды көріп қалып, бірақ ол жете алмайтындай қашықтықта тұрсаңыз, ақырын ғана қауіпсіз жерге шығыңыз. Жыланның шабуыл аймағы суда қысқа болады, бірақ жыландар жақсы жүзеді. Жыланның шағуы су мен құрғақ жерде бірдей болады. Жыландар естімейді, бірақ дірілге әрекет етеді. Бұдан шығатын қорытынды; егер сіз жылан тұрған аймақта болсаңыз, қатты айқайламаңыз. Кобра немесе бірінші топтағы басқа да жыландар шаққан кезде қатты ауру пайда болады, тістеген жер жансызданып, бірте – бірте басқа да дене мүшелеріне таралады. Басы айналып, есінен танып қалуы мүмкін. Беті мен тілі ұйып, сөйлеу мен жұтыну қиынға соғады. Аяғынан бастап (басыңда теңселіп жүреді, артынан аяғында тұра алмай қалады, соңында толық сал болып қалады) Тыныс алуы басында аз уақытқа жиілеп кетеді, одан кейін сирей бастайды. Жүректің жүмыс істеу ырғағы бұзылады. Улы заттың қан тамырлары мен лимфа түйіндеріне түсуі өте ауыр жағдай туғызады; бұл кезде толық сал болып қалады және шағып алғаннан 10-20 минуттан кейін өліп кетеді. Шок болуы мүмкін.



Алгашқы көмек. Дереу жарадан қанды сорып алу керек (кейбір медициналық дерек көздері шырышты қабық арқылы уланып қалмас үшін бұл көмекті жасамауды ұсынады). Уды зардап шеккен адамның өзі немесе басқа адам сорып алса болады. Сорып алуды 10-15 минут көлемінде жасау керек. Сорып алған затты түкіріп тастау керек. Бұл жерде ең бастысы -зақымдалған аяқтың қозғалыссыз болуы. Басынан бастап зардап шегушіні тыныштықпен қамтамасыз етіп, жатқызу керек. Тістелген жерді күйдіруге, қандай да бір затпен түйреуге, кесуге қатаң тыйым салынады. Ережеге сай шаққан жерге жгут байлауға болмайды. Тек кобра шаққан кезде ғана интоксикация болмас үшін шаққан жерден жоғары қарай жгутты 30-40 минутқа тағады. Көп қылып сұйықтық беру керек.

Жәндіктердің шағуы. Аралар немесе соналардың шағуы оларға деген сезіштігі жоғары адамдарға өте қауіпті болып келеді. Бұл жағдайда ұлпаның жергілікті ісуімен қатар дене қызуының көтерілуі, кенеттен бастың катты ауыруы, аяқ – қолдың тартылып қалуы орын алады. Алғашқы көмек ретінде шаққан жерге суық компресс қояды. 1 стакан тәтті қою шай, 1 г ацетилсалицилді қышқыл, 0,03 г димедрол беріп, дереу дәрігер шақырады немесе зардап шегушіні ауруханаға жеткізеді.

Жәндік тістеп немесе шагып алгандағы алгашқы көмек:

  • бізгек әлі де теріге қадалып тұрса, тырнақпен немесе басқа да затпен шұқылау арқылы алады (пинцетті пайдалануға болмайды, өйткені бізгекті қысқан кезде ішіндегі уы денеге тарап кетуі мүмкін);

  • шағып алған жерді кір түспейтіндей етіп таза затпен жабу керек;

  • ауруды басу және ісікті қайтару үшін шаққан жерге суық компресс қою керек;

  • зардап шегушіні үнемі бақылауда ұстаңыз, пайда болуы мүмкін аллергиялық реакцияны бақылаңыз (кей адамдарда болатын ауыр аллергиялық реакция анафилактикалық шокқа алып келуі мүмкін).

Шаянның шағуы. Шаққан жерде өте қатты ауру пайда болады. Ісіп, қызарып және бірдей көпіршіктер пайда болуы мүмкін. Қатты терлеп, көзінен жас ағып, жүрек қағысы жиілеп кетуі мүмкін.

Алгашқы көмек Зақымданған жерді өсімдік майымен сылап, жылу басу керек (жылы су құйылған жылытқы). Ауруды басатын дәрі ішкізу керек (анальгин).

Қаракұрттың шағуы. Қарақұрт – улы өрмекші. Орта Азия мен Қазақстанда, Төменгі Поволжеде, Солтүстік Кавказ бен Закавказьеде, Қырымда, Молдавияның оңтүстігіңде кең таралған. Шаққан жері қатты ауырмайды және зардап шегушілер байқай да бермейді. Жергілікті реакция айқын көрінбейді. Бұлшық еттің шыдатпай ауыруы тән. Зардап шегуші қатты толқып, суық тер басады. Беті қызарып, дене қызуы көтеріледі. Жүрегі айнып, құсуы да мүмкін.

Алгашқы көмек. Ауруды басатын дәрі беру (анальгин, ацетилсалицилді қышқыл, седативті дәрі – дәрмектер беру керек.) Дереу ауруханға жеткізу.

Бөгде дененің түсуі. Бөгде дене – ағзаға сырттан түсетін және ұлпаларда, ағзада, ішкі қуыста тұрып қалатын зат.

Химиялық зат түскеннен кейін көздің күюі кезінде көзді бөлме температурасындағы сумен жуу керек. Көзге кірген бөгде зат қабақтың ішкі жағында немесе көздің мөлдір қабығына кіріп тұруы мүмкін.

Алгашқы көмек. Көзді сүртуге болмайды. Қабағын кірпігінен тартып ақырын көтеріп, бөгде затты суланған таза орамалдың ұшымен алып тастау керек. Бөгде дене көздің мөлдір қабығына кіріп кетсе, алғашқы көмек тек емдеу мекемесінде жасалады.

Құлаққа кірген бөгде зат екі түрлі болады: жәндік немесе зат.

Алгашқы көмек. Құлаққа жәндік кіріп кетсе, есту жолына 3-5 тамшы өсімдік майын (су) тамызып, 1-2 минут өткеннен кейін зардап шегушіні ауру құлағымен жатқызады, бөгде дене сұйықтықпен бірге өзі шығуы керек. Мұрынға кірген бөгде денені сіңбіру арқылы шығарады. Егер бұл әдіспен шықпаса, емдеу мекемесіне бару керек.

Тыныс алу жолдарына кірген бөгде зат кептелу мен тұншығуға алып келеді. Тұншығу тамақ немесе басқа зат өңешке емес кеңірдекке түсіп кеткенде орын алады (сызбаға қараңыз).

Алгашқы көмек. Зардап шегушінің жөтелуіне мүмкіндік беру; денесін алдыға қарай еңкейтіп, жауырынының ортасынан бірнеше рет ұру. Зардап шегушіні белінен құшып, 4-5 рет ішінің ортасынан басу керек. Kepi әсер байқалған жағдайда зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу керек.

Айқын көрініп тұрған тұншығу кезіндегі алгашқы көмек. Тұншығу кезінде бір жастан асқан балаға ересек адамға көрсетілген алғашқы көмек жасалады. Бір ғана айырмашылық балаға көмек көрсету кезінде баланың салмағын назарға алу керек. Көрсетілетін көмектің қалғаны жоғарғыдай болып келеді. Ішінен қысуды бастау:



  • зардап шегушінің белін құшыңыз;

  • жұдырығыңызды түйіңіз;

  • жұдырығыңызды бас бармақ тұсынан ұстаңыз, зардап шегушінің қарынының орта тұсынан және кеудесінін төменгі жағынан қатты қысыңыз;

  • жұдырығыңызды екінші қолыңыздын алақанымен ұстаңыз;

  • жоғары бағытталған қатты серпіліспен жұдырығыңыз бен зардап шегушінің ішінен қысыңыз;

  • әрбір серпіліс бөгде денені шығару мақсатында жасалады.

Ішінен қысуды:

  • бөгде зат шыққанға дейін;

  • зардап шегуші дем ала бастағанға немесе қатты жөтеле бастағанға дейін жалғастыру керек;

  • егер зардап шегуші есінен танып қалса, оны арқасымен жатқызып, жедел жәрдем шақырыңыз да дереу мыналарды жасаңыз:

  • Ес түссіз жатқан ересек адам немесе баланың тыныс алу мүшелерін тазарту бойынша алғашқы көмек көрсету:

  • зардап шегушінің басын шалқайтып, иегін көтеріңіз;

  • тыныс алуының бар – жоқтығын көру, есту және сипау арқылы 5 секунд ішінде анықтау;

егер зардап шегуші тыныс алмаса:

  • зардап шегушінің мұрнын қатты қысып, ерніңізбен зардап шегушінің ауызын толық басыңыз;

  • екі peт толық үрленіз;

  • өкпеге ауаның кіргеніне көз жеткізу үшін кеуде қуысының көтерілгенін бақылаңыз. Ішінен 5 рет басыңыз:

  • зардап шегушінің аяғына шығып отырыңыз;

  • алақаныңызды кіндіктен жоғары, қол саусақтары зардап шегушінің басына қарай бағытталатындай етіп қойыңыз;

  • екінші қолыңызды бірінші қолыңыздың үстіне қойыныз;

  • жоғары бағытталған серпіліспен зардап шегушінің ішін 5 рет басыңыз.

Егер ауа өкпеге қарай өтпесе:

  • бүгілген саусақпен зардап шегушінің ауызынан бөгде затты алып тастауға тырысыңыз:

  • бір қолыңыздың бас бармағымен зардап шегушінің тілін астыңғы жағына қарай басыңыз және аздап тілді тартыңыз;

  • қолыңызды ұртынан бастап тілдің негізіне дейін апарыңыз. Абай болыңыз, бөгде затты ары қарай итеріп жібермеңіз;

  • бөгде затты ұстап алуға және ауыз қуысынан шығаруға тырысыңыз.

Осыдан кейін «ауыздан ауызға» үрлеуді жасаңыз. Өңешке түскен бөгде затты тек емдеу мекемесінде ғана алады. Зардап шегушіге су мен тамақ беруге болмайды.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет