Апырақ, отыз үй, қырық бала, он жылқы



Дата03.05.2019
өлшемі15.56 Kb.
#132051

www.testent.ru

СӨЗ ТАПТАРЫ
Тілдегі сөздердің мағынасы алуан түрлі. Бір топ сөздер заттың атын білдіреді, онымен бірге заттың сындық, сандық белгілерін білдіретін сөздер де бар: жақсы адам, қызық кітап, жасыл жапырақ, отыз үй, қырық бала, он жылқы дегендердегі адам, кітап, жапырақ, үй, бала, жылқы — заттардың аты; жақсы, қызық, жасыл сындық белгілері; отыз, қырық, он — сандық белгілер.

Өмірдегі заттың қимылын, қимылдың болған мезгілін, орнын, қалай болғанын білдіретін де сөздер бар: Әкем кеше жоғары отырды дегендегі отырды — заттың қимылын, кеше — қимылдың болған мезгілін, жоғары қимылдың орнын білдіріп тұр.

Осындағы әкем деген сөздің орнына ол деген сөзді қолдануға болады: Ол кеше жоғары отырды. Мұндай сөздер езінше бір топ құрайды.

Сонымен бірге адамның кеңіл күйін білдіретін сөздердің мағынасы жоғарыдағы сөздерден басқаша: алақай, қап, әттеген-ай, үһ т. б.

Тілдегі сөздердің мағынасы ғана мұнда түрліше болып қоймайды. Олардың түрленуінде де үлкен айырма бар, бірімен-бірінің тіркесуінде де ерекшелік мол, сөйлемдегі орны мен қызметі де түрлі-түрлі.

Осы ерекшеліктеріне қарай, қазақ тіліндегі сездер төмендегіше бөлінеді:


1.ЗАТ ЕСІМ.

2.СЫН ЕСІМ.

3.САН ЕСІМ.

4.ЕТІСТІК.

5.ЕСІМДІК.

6.ҮСТЕУ.

7.ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР.

8.ОДАҒАЙ.



9.ШЫЛАУ.
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді жалпы атаумен есім сөздер (есімдер) деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет