Қапшағай қаласындағы экологиялық туризмнің даму тенденциясы г. Ә. Абдикаримова



жүктеу 127.41 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі127.41 Kb.

ӘОЖ (УДК) ОК 911.2:504.61:351.
ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Г. Ә. Абдикаримова - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Ж. Қ. Жоламанова - «География» мамандығының 2 курс магистранты

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.


Аннотация
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен – жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге əлеуметтiк тапсырыспен халықтың денсаулық жəне бос уақытын пайдалану мәселелеріне тұтастай əрi жүйелi түрде мəн берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал жəне кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк əлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмiн дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды.

Соның айғағы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қапшағай және Бурабай көлдерінің жағалауында ғана ойын-сауық бизнесін дамыту туралы Қаулысының ауқымында, Қапшағай қаласының имиджін көтеру мақсатында 2009 жылы 5 ойын-сауық комплексі (казино) ашылған болатын: «Esperanza», «Фламинго», «Алтын-Алма», «Зодиак», «Riviera». Ал қазір олардың саны 2 есеге артып, жаңадан «Prince», «Princess», «Golden Palace» және «Sun City» атты жаңа ойын-сауық кешендері ашылды. Онымен қатар тағы да бірнеше казинолардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Болашақта бұл Қазақстандық Лас-Вегас атанатынына ешкімнің күмәні жоқ.
Түйінді сөздер: экологиялық туризм, Қапшағай қаласының имиджі, ойын-сауық комплексі (казино), туристiк əлеует, экологиялық туризмнің ресурстары, бәсекелестік.
Аннотация
Необходимость развития экологического туризма в Республике Казахстан объясняется только экономическими факторами – созданием новых рабочих мест, развитием местных сообществ в отдаленных регионах, а также в целом к проблемам здоровья и использования свободного времени. По данным экспертов всемирной туристической организации, экологический туризм за последние десять лет становится наиболее популярным и является инструментом устойчивого развития любого государства. Действительно, в динамичном развитии экономики, туризм занимает особое место. Как показали итоги исследований туристского потенциала, Казахстан имеет большие возможности для развития экологического туризма. Его основу составляет уникальные природные условия и ландшафты в центре Евразии и многочисленные природные, исторические памятники.

В соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан в качестве доказательства, только на берегу озер Боровое и Капшагай развлечения в рамках Постановления о развитии бизнеса, в 2009 году в целях повышения имиджа города Капшагай, 5 развлекательных комплексов (казино) было открыто: «Esperanza», «Фламинго», «Алтын-Алма», «Зодиак», «Ривьера». А сейчас их число увеличилось в 2 раза, их ряд еще пополняли развлекательные комплексы «Prince», «Princess», «Golden Palace» и «Sun City». Одновременно ведется строительство еще нескольких казино. Никто и не сомневается что он в будущем станет Казахстанским Лас-Вегасом.


Ключевые слова: экологический туризм, имидж города Капшагай, развлекательный комплекс (казино), туристический потенциал, ресурсы экологического туризма, конкуренция.
Abstract
The necessity of development of ecological tourism for Republic of Kazakhstan is explained only by economic factors - creation of new workplaces, development of local associations in remote regions, and also on the whole to the problems of health and use of spare time. From data of experts of worldwide tourist organization, ecological tourism for the last ten years becomes most popular and is the instrument of steady development of any state. Really, in dynamic development of economy, tourism occupies the special place. As results of researches of tourist potential showed, Kazakhstan has large possibilities for development of ecological tourism. Makes his basis unique environmental conditions and landscapes in the center of Eurasia and numerous natural, historical monuments.

In accordance with Decision of Government of Republic of Kazakhstan as proof, only ashore lakes Borovoe and Kapchagay of entertainment within the framework of Decision about development of business, in 2009 for the increase of image of city Kapchagay, 5 entertaining complexes (casino) were open: "Esperanza", "Flamingo", "Piece-alma", "Zodiac", "Riviera". And now their number increased in 2 times, their row was yet filled up by entertaining complexes "Prince", "Princess", "Golden Palace" and "Sun City". Building of a few casinos is conducted at the same time. Nobody and does not doubt that he will become Kazakhstan Las Vegas in the future.


Keywords: Ecological tourism, image of city Kapchagay, entertaining complex (casino), tourist potential, resources of ecological tourism, competition.

Миллиондаған адамдар жаңа жерлерді көру, табиғаттың сұлулығына тамсану, таудың таза ауасымен немесе орман ауасымен демалу, ұлттармен қатынасын байыту, қалаларды, мәдениет пен өнердің көп ғасырлық ескерткіштерін көру мақсатында саяхаттайды. Бүгінгі әлемде белгілі бір деңгейде туризмде билік етпейтін ел жоқ. Жыл сайын 4 миллиардтан астам адам өзінің кем дегенде 5-6 күндік уақытын өзінің тұрғылықты жерінен тыс өткізеді. Осы санның жартысынан көбі демалу мақсатында, ширегінен көбі ерекшелік мақсатта, 5-6% халықаралық конгресстер, симпозиумдарға қатысушылар, 10-15% – өздерінің туған-туыстарына бару мақсатында саяхаттайды [1].

«Экотуризм» термині тұрақты даму терминімен бір уақытта пайда болды. Экологиялық туризм әдемі ландшафттарға, олардың жабайы өсімдіктер мен аңдарына, сол жердің мәдени этнографиялық ерекшеліктеріне сүйсіну мақсатында адамның шаруашылық қызметінің қолы тимеген әрі ласталмаған табиғи аудандарына саяхат жасауды білдіреді. Сонымен қатар, ол экологиялық жүйелердің тұтастығын бұзбай, жергілікті тұрғындар үшін табиғатты қорғау пайдалы болатындай экономикалық жағдайларды туындатады.

Әдеттегі туризм мен экотуризмнің арасындағы айырмашылық неде?

Біріншіден, экотуризм – табиғи ортасы жақсы сақталған жерлерге бару. Мұндай жерлерге қорықтар, ұлттық табиғи парктер және т.б. Қорғалатын табиғи территориялар жатады.

Екіншіден, экотуризм ең таза табиғат тұтынушысы болып табылады. Экотуристердің табиғатты эксплутациялау технологиясы мынадай: олар пайдалы ресурстардың көп бөлігін көру арқылы (табиғи көрікті жерлерді көру, пейзажға сүйсіну, өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау), есту арқылы (құстардың әнін, судың сылдырын, жапырақтардың сыбдырын), иіс сезу арқылы (ормандар мен шалғындардьң иісі), сезу арқылы (өзен суының салқындығы) алады.

Үшіншіден, экотуризм ООПТ-дағы туристік тәртібін қатаң регламенттеп, тәртіптің аса қатаң ережлері (турист гид-аудармашымен бірге арнайы жолмен жүру, өсімдіктерді жұлмауы, шуламауы тиіс және т.б.) айқындайды. Оларды орындау экологиялық туризмнің сәтті дамуының шарты болып табылады.

Төртіншіден, экотуризм ұлттық салт-дәстүрлерді жандандыруға себепші болатын ұлттық өнер түрлерін, қолөнерді дамыту арқылы, сонымен қатар қызмет көрсетуші персонал ретінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғындардың тұрмыс халін жақсарту мүмкіндігін береді [1].

Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары:

- танымдық;

- ғылыми;

- спорттық;

Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады:

- табиғи-климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора жəне фауна, ерекше жəне қарапайым табиғи аймақтар.

- тарихи-мəдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың материалдық жəне рухани мəдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мəдени ескерткіштер. Қазіргі уақытта экологиялық туризм əлемдік деңгейдегі туризмнің басқа түрлерінің ішінде елеулі үлесті алады (40-тан 60% дейін) [2].

Туризмді болашақта әлеуетін дамыту үшін Қазақстанда екі туристік өнім бар:

– кәсіпкерлік туризм;

– экологиялық туризм [6].

Экологиялық туризм негізделген келесі арнайы ұстанымдар анықталған:

  • табиғи және мәдени мұраны сақтауға белсенді үлес қосу;

  • жергілікті қоғамдастықтарды жоспарлау мен дамыту үрдісіне және экотуризмді ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттерге қатыстыру, әрі олардың бұл қатысудан пайда алуын қамтамасыз ету;

  • туристер арасында олардың орналасқан жерінің табиғи және мәдени құндылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  • шағын ұйымдастырылған топтар мен өз бетімен саяхаттайтын туристерден тұратын кішігірім туристер ағымдарына бағытталу [4].

Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен – жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге əлеуметтiк тапсырыспен халықтың денсаулық жəне бос уақытын пайдалану мәселелеріне тұтастай əрi жүйелi түрде мəн берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал жəне кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк əлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмiн дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды.

Соның айғағы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қапшағай және Бурабай көлдерінің жағалауында ғана ойын-сауық бизнесін дамыту туралы Қаулысының ауқымында, Қапшағай қаласының имиджін көтеру мақсатында 2009 жылы 5 ойын-сауық комплексі (казино) ашылған болатын: «Esperanza», «Фламинго», «Алтын-Алма», «Зодиак», «Riviera». Ал қазір олардың саны 2 есеге артып, жаңадан «Prince», «Princess», «Golden Palace» және «Sun City» атты жаңа ойын-сауық кешендері ашылды. Онымен қатар тағы да бірнеше казинолардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Болашақта бұл Қазақстандық Лас-Вегас атанатынына ешкімнің күмәні жоқ.

Қапшағай су қоймасы жағалауының туризмдік инфрақұрылымы жыл санап түзеліп келеді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың тікелей басқармасымен Қапшағайдың жағалауында құны 10 млрд. долларды құрайтын, жаңа халықаралық әуежайы мен әлеуметтік нысандар желісі бар болашақтың қаласы салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Гонконг қаласында «Shun Tak Holdings Limited» компаниясының төрағасы Стэнли Хо мырзамен кездесуден кейін мәлімдеді. «Біз жаңа ғана Қапшағайдың оң жақ жағалауында құны 10 млрд. долларды құрайтын болашақ қаланы тұрғызу жобасын қарадық. Бұл қарапайым ғана ойын-сауық орталығы болмайды. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын керемет қала болады»,- деді президент брифингте. «Бұл жерде демалыс пен өмірге қажетті жағдайлар толық жасалады. Жаңа халықаралық әуежай, спорт кешендері мен мектептер салынады»,- деді Н. Ә. Назарбаев. Ол өз сөзінде: «Біздің байқауымызша, Гонконг пен Макаолық кәсіпкерлер осы жобаға инвестиция салуға бел шешкенге ұқсайды»,- деп айтқан болатын. Өз тарапынан Стенли Хо Қытай кәсіпкерлері Қазақстанның Қапшағай көлінің жағалауында туризмді дамыту жоспарларының іске асырылу барысын қызыға қадағалап отырғанын жеткізді. «Біз Қазақстан қол жеткізген табыстарға және елдің әлеуетіне тәнті болып отырмыз»,- деді ол [7].

Қазақстандағы экотуризм енді дамып жатыр, бірақ сонда да оң септігін сезуге болады. Қазақстанды туристік гауһар таспен салыстыруға болады, себебі әлемдік бәсекелестікке сәйкес келетіндей тамаша туристік мүмкіндіктері өз сәтін асыға күтуде. Біздің елімізді 2020 жылға дейін алдыңғы қатарлы туристік бағытқа айналдыру үшін 1 миллиард доллар қаражат жұмсалуы қажет деп тапты ғалымдар.

Зерттеулер нәтижесінде 14,2 миллион турист Европа мен Азия тұрғындары Қазақстанға туристік нысан ретінде үлкен қызығушылық танытты. 2008 жылдың қорытындысы бойынша туризм мақсатымен Қазақстанға келген туристер саны: 618 732 адам, ішкі туризм – 183 973 адам, ал 2009 жылдың жартысындағы қорытынды – 127 414 және 355 488 адам. Келу мен ішкі туризмнің дамуы – ҚР үкіметінің ең басты жобаларының бірі, себебі туризм мен саяхат экспортты алға жүргізуші секторлардың бірі. Келген қонақтар міндетті түрде ел экономикасына септігін тигізетін шетел валютасын елге кіргізеді. Мәліметтерге қарасақ, шығу туризмі 2013 жылдың кейінгі жылдармен салыстырғанда көрсеткіш 58%-ға өскен, сонда адам саны 1322,5 мың.

Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды тұлға мəртебесiндегi ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2010 жылы 491,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристiк топтардың келуiнен түскен кiрiс 2011 жылы 12,1 млн теңгенi құраған [3].

Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстанның экологиялық туризмі бəсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктерді береді. Бұған мүмкіндік туғызатындар:

1. аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы – халықаралық туристік жəне коммерциялық тасқындар өтуінің мүмкіндігін сол территория арқылы туғызу;

2. саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформалар өткізу;

3. табиғи ландшафтылардың əралуандылығы, экологиялық туризм ұйымдарына жануарлар мен өсімдіктер əлемі;

4. мəдени-тарихи үзілістік ресурстардың əртүрлілігі;

5. еркін еңбек ресурстарының болуы.

Қазақстандағы экологиялық туризмнің əлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:

- ең маңызды жəне комплекстік мəселе экологиялық туризм мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сəйкес келмеуіне байланысты. Осыдан келесі мəселе туындайды – осы туризм саласындағы мамандардың жоқтығы;

- экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы;

- экологиялық туризмнің объектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы;

- салық саясатының жетілмегендігінің нəтижесінде, туристік қызметке шетел туристерін қабылдайтын жəне отандық туристерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 20% көлемінде қосымша құнға салық салынады;

- ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін жəне ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;

- магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм объектілеріне көлік жетуінің төменділігі;

- экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың жəне экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халықаралық тəжірибенің болмауы.

Осы арқылы Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешенінің сəтті дамуына, сондай-ақ басты əлеуметтік-экономикалық елдің мақсаты – қоғамның тұрақты дамуы мен салауатты өмір салты болуы үшін қолданылады.

Қазақстанда экотуризмді дамытуға қатысты келесі негізгі ұсыныстарды атап көрсетуге болады:

1. Экотуризмнің даму мəселелерін мемлекеттік, салалық жəне аймақтық стратегияларға, ЕҚТА бойынша бағдарламалар мен жоспарларға жəне жеке ЕҚТА басқару жоспарларына енгізу. Оның ішінде пилоттық жобаларға қаржыны бөлу жəне экотуризмді дамыту бойынша іс-əрекетті жүзеге асыратын субъектілерге арналған ынталандыру шараларын ұсыну (ЕҚТА, туроператорлар) мəселелерін де енгізу;

2. Экотурөнімдерге қатысты, сонымен бірге экотуризмді жүзеге асыру, жылжыту жəне қалыптастыру бойынша іс-əрекетті жүзеге асыратын ЕҚТА мен туроператорлардың əрекетіне қатысты критерийлерді анықтау;

3. Экотуризм бойынша іс-əрекетті жүзеге асыратын туроператорлардың жəне турөнімдердің ерікті экосертификаттау схемасын əзірлеу жəне енгізу;

4. Нарықта экотурларды əзірлеу мен ұсыну бойынша ақпараттық жəне əдістемелік көмек көрсету;

5. Туризмнің қоршаған табиғи жəне əлеуметтік ортаға кері əсерін анықтауға оңтайлы жолдарын табу;

6. Жергілікті қоғамдастықтар негізінде экотуризмді ұйымдастыру арқылы жергілікті тұрғындарды қатыстыру жəне ақпараттандыру;

7. Экотуризм мəселелері бойынша туристік қызмет көрсетуді ұсынатын ұйымдардың қызметкерлерін оқыту;

8. Экологиялық туризмнен келетін табысты табиғатты сақтау мақсатына қолдану;

9. Экологиялық туризмді дамыту бойынша жергілікті қоғамдастықтардың қатысуы;

10. Туристерге экологиялық туризм бойынша ақпараттық жəне білім беру аспектілері;

11. Экотуризмде көліктің экологиялық таза түрлерін, энергияның балама көздерін, энергияны жəне ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды қауіпсіз жоюмен байланысты мəселелер табылады.

Бүкіл әлемде экологиялық туризм қандайда бір деңгейде дамыған. Кейбір елдерде экотуризм туризмнің ірі секторы ғана емес, экономиканың саласы болып табылса, басқа елдерде табиғатты қорғау құралы болып табылады.



Біздің елде туризм енді таныла бастады. Қазақстанның биологиялық және ландшафттық түрлері өте бай және әлемдік маңызға ие. Сондықтан, табиғаттың осы ескерткіштерін сақтау үшін, көптеген проблемаларды шешу үшін мемлекеттік, қоғамдық, аймақтық, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, ассоциацияларының күшін біріктіру керек [5].
Әдебиет
1. Қазақстан туризмі 2005-2006: Статистикалық жинақ.

2. Попов В. И. Рекреационная оценка горных территорий. – Алматы, 2000

3. Воранкова Л. П. История туризма: учебное пособие 2001

4. Мусин К. Н Международный туризм: современная тенденция в мире и Казахстане, Алматы, 1998

5. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы 2006

      1. Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жетекшілік. Әлия Тонкобаеваның жалпы редакциясымен. – Алматы, 2009. group-global.org

7. Қазақстан Республикасының «Туризмді дамыту тұжырымдамасы» Астана, 2001
«Тенденция развития экологического туризма в городе Капшагай»
Г. А. Абдикаримова - кандидат педагогических наук, старший преподаватель

Ж. К. Жоламанова – магистрант 2 курса специальности «География»

Казахский национальный педагогический университет им. Абая
«A progress of ecological tourism trend is in city Kapchagay »
G. A. Abdikarimova - candidate of Pedagogical Sciences, Associate Professor

Zh. K. Zholamanova -2-letniy undergraduates specialty "Geography"Kazakh National Pedagogical University. Abaya



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет