«Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже



жүктеу 133.74 Kb.
Дата27.12.2017
өлшемі133.74 Kb.

Қарақия аудандық

әкімдігінің 19.07. 2013

жылғы № 153 қаулысымен

бекітілген
«Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е

Ұйымдық құқықтық нысаны: Мемлекеттік мекеме


Меншік түрі: Мемлекеттік
Құрылтайшы: Қарақия ауданы әкімдігі
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130300

Қарақия ауданы, Құрық селосы

1 шағын аудан № 52 «А» ғимарат

Құрық селосы 2013 жыл
«Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі /бұдан әрі – мемлекеттік мекемесі/ Қарақия ауданы әкімдігінің дербес атқарушы органы болып табылады. Мемлекеттік мекеме туралы Ережені аудан әкімдігі бекітеді.

2. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені және штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген лимит шегінде аудан әкімдігі бекітеді.

8. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарақия ауданы, Құрық селосы, 130300, 1 шағын аудан, 52 «А» ғимарат.

9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

10. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданы әкімдігі болып табылады.

11. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру тек қана жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

12. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

13. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.



2. Миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Бөлімнің қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық – талдамалық, құқықтық, хаттамалық – ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету.

Мәдениетті мемлекеттік қолдау, Қазақстан Халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету;

Тарихи және мәдени мұраны қорғау олардың дамуына сабақтастықты қамтамасыз ету;

Қазақтың ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;

Қазақ халқының және этностық диаспораларының тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер жасау;

Мәдени қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;

Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңестікке кіруін қамтамасыз ету болып табылады.

Тілдерді оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету;

15. Міндеттері:

Қоғамдық саяси тұрақтылықты жасақтауға және жүзеге асыруға, сондай – ақ еліміздің егемендігін, нығайту, қоғамдық өзгерістерді демократияландыруға және қоғам бірігейлігін арттыруға қатысу;

Мемлекеттік органдардың және лауазым иелерінің мемлекеттік ішкі саясат жөніндегі, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне облыс, аудан әкімдерінің бөлім қызметіне жататын мәселелері жөніндегі актілеріне бақылау жасау;

Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын негізгі басымдықтарын түсіндіріп, насихаттауға, қоғамды демократияландыру институтттарының нығаюуына қатысу;

Қазақстан Республикасының қоғамдық – саяси және ішкі саясат мәселелері жөніндегі заңнамаларын түсіндіріп, насихаттауға бағдарламалардың жүзеге асырылуын үйлестіру;

Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімдік басымдықтары аясында ішкі саясат мәселелері жөніндегі алынған ұсыныс пікірлерді жасақтау;

Аудандағы қоғамдық – саяси оқиғалар мен мақсаттарға, олардың дамуына жан – жақты зерттеу жүргізіп, зерделеп отыру;

Аудан деңгейінде мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырудағы аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтерін үйлестіріп отыру;

Аудандағы қоғамдық – саяси жағдайды біліп отыру үшін социологиялық саясаткерлік зерттеуді жүргізу;

Саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, қоғамдық – саяси және діни ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, көпшілік өкілдерімен қарым – қатынаста болу;

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

Қазақстан Республикасының халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

Ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

Мәдени құндықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

Халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық техникалық базасын нығайту;

Дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

Мәдени саласында Қазақстан Республикасының конститутциялық құрлысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруді, соғысты әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатігездікке және зорлық – зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу шаралар қолдану;

Мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдау;

Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшілігін қорғау дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;

16. Функциялары:

Ішкі саяси жағдайларға мемлекеттік реттеулер жасауға, қызметтерін үйлестіруге, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін талдау, іс-қимылдарын алдын-ала білу, қоғамды біріктіруге, ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп, насихаттауға арналған жұмыстарды жүргізіп, ұсыныстар беруге қатысу;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің орындалысын бақылауды қамтамасыз ету;

Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша әкімнің өкімдерінің, шешімдерінің жобаларын сараптамадан өткізу, дайындау және өзге де құжаттарды жасақтауға қатысу;

Үкімет органдарының қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы жұмыстары және аудан жөніндегі тарату қызметін жетілдіру жұмыстарына қатысу;

Өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімнің тиісті басқармасын ұйымдастыру және ақпараттық байланыспен қамтамасыз ету;

Өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша поселкелік, селолық, уәкілетті органдардың жұмысын бақылап отыру;

Аудан әкімі аппаратын ақпараттық талдау қызметімен қатамасыз ету;

Облыстық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шараларды саяси тұрғыдан қамтамасыз етіп отыру;

Поселке, село әкімдерінің, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ішкі саясат жөніндегі ақпараттық – насихаттау қызметіне бақылау жасап, үйлестіріп отыру;

Ауданның ішкі саяси өміріндегі мәселелер бойынша әкімдіктің мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысу;

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты анықтайтын, Қазақстан Республикасындағы адам құқы мен еркіндігіне байланысты тұжырымдамалар жасақтап оларды жүзеге асыруға қатысу;

Ақпараттық базаны /компьютерлік, текстілік/ жасақтауда, толықтыруды, қорытуды, топтастыруды қамтамасыз ету;

Саяси партиялар, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғаушылармен, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету;

Аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтатын және демократияландыруды өрістетін аудандық және аймақтық ғылыми практикалық шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

Театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

Жергілікті маңызды бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

Ауданның сауықтық мәдени – бұқаралық іс – шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

Ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

Өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы жөнделуі бойынша тапсырысшы болады.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдауды және материалдық – техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді.

Ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді;

Ауданның аумағында тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс – шараларды жүргізеді.

Облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың (селолардың), кенттердің, ауылдық (селолық) округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

Бөлімнің ішкі бөлімдерінің жарғысын бекітуге, олардың жарғыларына қосымшалар мен өзгертулер енгізу;

Бөлім өзіне қарасты мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының шығыс сметасы мен кіріс шығыс қаржылық жоспарын бекітуге;

Бөлімнің және оған қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның балансына берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану тиімділігін тексеруге;

Бөлімге қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық бөлім және оған қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме мен коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қаржы шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне тексерулер жүргізуге;

Аудан әкімінің келісімімен бөлімге қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

«Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға жүзеге асыруға;

Ережеде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

Сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:

21. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;

22. Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпараттар сұрау, мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға тарту, ұсыныстарды қорыту үшін уақытша жұмысшы тобын құру;

23. Құзырында ішкі саясат, адам құқығын сақтау жөніндегі жұмыстары бар мемлекеттік органның лауазым иелеріне ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де мәселелерде көмектер көрсету.

24. Заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді.

25. Өз құзреті шегінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

26. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

27. Бөлім бастығы:

Қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындап белгілейді;

Бұйрықтар шығарады;

Қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген шегінде штат кестесін бекітеді;

Барлық қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

Бөлім қызметін басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалысына жауап береді;

Бөлімнің құрылымын жасақтайды және оны әкімдіктің бекітуіне ұсынады;

Стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

Бөлімнің, құрылымық бөлімдерінің міндеттері мен уәкілдіктерін анықтайды;

Өзінің құзіреті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес өзге де уәкілеттіктерді орындайды;

Бөлім бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы үшін заң нормаларына сәйкес дербес жауапты.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
28. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

29. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптасады және қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

30. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

32. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

33. «Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы бөлімі басқа да Азаматтық заңдармен қаралған негіздемелермен таратылуы мүмкін.

34. Таратылған бөлім кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін аудан әкімдігі қайта бөледі.



35. Таратылған бөлімнің қаржысы, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін мүлкі өткізу нәтижесінде жергілікті бюджет кірісіне енгізілді.

6. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

тәртібі
36. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу аудан әкімдігі ұйымының құрылтайшысымен шешіледі.

37. Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар оны құрылтайшысы қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде әділет органдарына тіркелуі тиіс.
Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет