«Арқалық қаласының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 278 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111 – бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арқалық қаласының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 278 шешімін іске асыру туралы» қала әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №474 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2016-2018 жылдарға арналған Арқалық қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде атқаруға қабылдансын:
1) кірістер – 4318535,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1430910,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 35447,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 18879,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 2833299,8 мың тенге, оның ішінде субвенция көлемі – 1575286,0 мың теңге;
2) шығындар – 4396048,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 8402,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -85914,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 85914,9 мың теңге.»;
2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2016 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 1020837,9 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 142014,0 мың теңге сомасында;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге 5443,0 мың теңге сомасында;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға 6896,0 мың теңге сомасында;
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 17496,0 мың теңге сомасында;
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 25661,2 мың теңге сомасында;
жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен бөлімшелерін ұстауға 7413,0 мың теңге сомасында;
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға 2667,0 мың теңге сомасында;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбекақы деңгейін көтеруге 67207,0 мың теңге сомасында;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық жалақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы 660485,0 мың теңге сомасында төлеуге;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға 345,0 мың теңге сомасында;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық және жарықтандыру құрылғылармен жабдықтауға 238,7 мың теңге сомасында;
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде, облыс орталықтары мен Алматы қаласының аудандарына 2014 жылғы 1 қаңтардан қосылған ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты ағымдағы және орташа жөндеуге, абаттандыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен 84291,0 мың теңге сомасында;
Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 681,0 мың теңге сомасында.»;
3.1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3-1. 2016 жылға арналған қала бюджетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы нысаналы трансферттер көлемінің 81936,8 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 2873,8 мың теңге сомасында;
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға 79063,0 мың теңге сомасында.».
көрсетілген қаулының 1, 4, 7 - қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Әбішев
Достарыңызбен бөлісу: |