«Арқалық қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 шешімін іске асыру туралы



жүктеу 41.62 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі41.62 Kb.
түріКодекс


«Арқалық қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 шешімін іске асыру туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 79 – бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арқалық қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 71 шешімі тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде іске асырылсын:

1) кірістер – 5012244,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 1712670,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 9719,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 90389,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 3199466,0 мың тенге, оның ішінде субвенция көлемі – 2119571,0 мың теңге;

2) шығындар – 5012244,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 1628,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – -1628,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 1628,0 мың теңге.

2. 2017 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 52548,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 3364,0 мың теңге сомасында;

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 4871,0 мың теңге сомасында;

«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 2760,0 мың теңге сомасында;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 15285,0 мың теңге сомасында;

еңбек нарығын дамытуға 26268,0 мың теңге сомасында;

3. 2017 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 836056,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға 30540,0 мың теңге сомасында;

білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау, қоршау мен турникеттер жүйесінің құрал-жабдықтарын жеткізу және монтаждау бойынша қызметтерге ақы төлеуге 1960,0 мың теңге сомасында;

2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша кәсіби даярлауға бағытталған оқуын аяқтауға 3667,0 мың теңге сомасында;

қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге 1075,0 мың теңге сомасында;

бухгалтерлерді оқытуға 556,0 мың теңге сомасында;

арнайы мақсаттағы аудитті жүргізуге 2000,0 мың теңге сомасында;

апатты үйлерді бұзуға 189700,0 мың теңге сомасында;

рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға 167000,0 мың теңге сомасында;

«Кооператор» орамды жолынан «Әуежай» орамды жолына дейін (ұзындығы 5,1 шақырым) Байтұрсынов көшесі бойынша (екі жолақ) жолды орташа жөндеуге 184943,0 мың теңге сомасында;

Оңтүстік айналымынан 1-кіріздік сорғы станциясына дейін (ұзындығы 5,3 шақырым) Абай даңғылы бойынша автожолды орташа жөндеуге 196469,0 мың теңге сомасында;

Әуелбеков көшесінен өткелге дейін Қайырбеков көшесі бойынша (ұзындығы 0,91 шақырым) автожолды орташа жөндеуге 38293,0 мың теңге сомасында;

қаланың көшелерін ағымдық жөндеуге 6295,0 мың теңге сомасында;

жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге 2545,0 мың теңге сомасында;

жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуге, топографиялауға және сібір жарасы көмінділерінің топырақты ошақтарының қоршауларын орнатуға 4587,0 мың теңге сомасында;

инсенераторларды пайдалана отырып, биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуға 6426,0 мың теңге сомасында.

4. 2017 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен дамуға ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 191291,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Арқалық қаласы Восточный ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысына 6307,0 мың теңге сомасында;

Арқалық қаласы Целинный ауылының аумағындағы Терісаққан өзенінің жағалауын нығайту бойынша құрылысқа 2583,0 мың теңге сомасында;

Арқалық қаласы Дачный кентінің су құбыры желілерін реконструкциялауға 4222,0 мың теңге сомасында;

Арқалық қаласы Западный кентінің су құбыры желілерін реконструкциялауға 5361,0 мың теңге сомасында;

Арқалық қаласы Ашутасты ауылында мәдениет үйін, балабақша, дәрігерлік амбулатория, мектепті қосып жеке тұрған қазандықтың құрылысына 98818,0 мың теңге сомасында;

ұзындығы 416 метр Демченко көшесін реконструкциялауға 74000,0 мың теңге сомасында.

5. 2017 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен бюджеттік несие көлемі 6807,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға 6807,0 мың теңге сомасында.

6. 2017 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу осы қаулының 4 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

7. 2017 жылға арналған нысаналы даму трансферттерінің бөлінуі осы қаулының 5 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

8. 2017 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерді ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлу осы қаулының 6 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

9. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің және мемлекеттік мекемелердің 2017 жылға арналған тізімі осы қаулының 7 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

10. 2017 жылға арналған ауыл, кент, ауылдық округінің шығыс сомасының тізімі осы қаулының 8 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

11. Қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.



12. Осы қаулы 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Арқалық қаласының әкімі А. Балғарин


Каталог: ekonomika-i-byudzhet -> byudzhet-goroda
byudzhet-goroda -> «Арқалық қаласының 2016 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №278 шешімін іске асыру туралы»
byudzhet-goroda -> «Арқалық қаласының 2016 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №278 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
byudzhet-goroda -> Мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
byudzhet-goroda -> Қала әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы №7 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Арқалық қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
byudzhet-goroda -> Мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
byudzhet-goroda -> Мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №71 «Арқалық қаласының 2017 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет