Түркияда мысықты ұрып өлтірген ер адам 2,5 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: onedio.com
Ыстамбұл қаласының тұрғыны Ибрагим Келоғлан есімді азамат өзі тұратын тұрғын үй кешенінің ішінде жүрген жануарды қасақана өлтірген. Ер адамның мысықты азаптап жатқан сәті тұрғын үй кешеніндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан ер адамның мысықты 6 минут бойы азаптап, тепкілегенін анық көруге болады.
Видеолар әлеуметтік желіде тарап тұрғындар мен еріктілердің наразылығын тудырды. Халық наразылыған соң, ер адам қамауға алынды. Алғашында сот Ибрагим Келоғланды бір жыл үш айға бас бостандығынан айырғанымен, Ыстамбұл тұрғындары сот ғимаратының маңында жаппай наразылық шерулерін бастап, әлеуметтік желілерде #eros (мысықтың аты) белгісімен 1 миллионға жуық жазба жарияланды.
Фото: onedio.com
Нәтижесінде сот шешімімен Ерос есімді мысықты өлтірген Ибрагим Келоғлан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.