Қаратөбе мектеп – гимназиясы



жүктеу 103.05 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі103.05 Kb.
түріБағдарламасы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Сәндік қолданбалы өнер»

ҮЙІРМЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрастырушы: Қаратөбе мектеп-гимназиясының

технология пәнінің мұғалімі Ж.И.Қабиева




Түсінік хат

Өзектілігі:

«Сәндік қолданбалы өнері» үйірме курсы оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында, ұлттық өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру мәдени мұраны жүйелі меңгеруге үйретеді. Шығармашылық игеру деңгейі-оқушының өз бетімен мақсатты іздене отырып, нәтижеге жету жолында әдіс-тәсілдер тауып, зерттеп қорытындылай алуы. Бағдарламада оқушылар қол тігісімен, машина тігістері мен әр түрлі материалдардан көркемдеу,ою-өрнектің мән-мағынасын, орналасуын, бояу сәйкестігін, тарихын, тігілу технологияларымен таныса алады. Түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар заттың қадір қасиетін білуге көмек көрсетеді. Өнердің барлық түрлерімен таныстырады, өзіне тән бейнелі тәсілдерімен әсемдік әлемін ашады. Жүннен жасалатын бұйым түрлерімен жасалу жолдарын үйренеді. Қазақ халқының дәстүрлі кілем бұйымдарын көркемдік-стильдік ерекшелігін гобелен түрлерімен тарихын, тоқылу технологиясын меңгереді.



Негізгі мақсаты -

  • Оқушыларды ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрге және жаңашылдыққа баулу;

  • Қазақ халқының мәдениетін қадірлеуге, қастерлеуге мән-мағынасын терең түсініп, дұрыс бағалай білуге үйрету;

  • Оқушының қолөнер саласындағы шеберлігін шыңдау, болашақ өмірге үйрету;

Міндеттері:

  • Білімділік: Көне қолөнер шеберлерінің тәжірибелерімен танысып, қолөнерді заман талабына сай қайта жаңғырту этикалық, эстетикалық критерийлерін қалыптастыру;

  • Сәндік қолданбалы өнер туралы оқушының алған білімін практикада қолдану біліктерін қалыптастыру;

  • Дамытушылық: Ұлттық қолөнерді, қазіргі өмірге қажетті заман талабына сай жасау әдіс-тәсілдері туралы білім, білік, дағдыларды қалыптастыру;

  • Тәрбиелік: Оқушының түрлі өнер бұйымдарын жасауға, көркемдік-стильдік ерекшелігін ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысын қалыптастырып, кәсіби бағдарын анықтауға жәрдемдесу.

Курстын мазмұнының негізгі принциптері: - қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы мағлұмат ала отырып, қол тігісімен, машина тігістері мен әр түрлі материалдардан көркемдеу,ою-өрнектің мән-мағынасын, орналасуын, бояу сәйкестігін, тарихын, тігілу технологияларымен таныса алады. Түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар заттың қадір қасиетін білуге көмек көрсетеді. Өнердің барлық түрлерімен таныстырады, өзіне тән бейнелі тәсілдерімен әсемдік әлемін ашады. Жүннен жасалатын бұйым түрлерімен жасалу жолдарын үйренеді. Қазақ халқының дәстүрлі кілем бұйымдарын көркемдік-стильдік ерекшелігін гобелен түрлерімен тарихын, тоқылу технологиясын қамтиды. Дизайнер, кәсіптік білім мамандықтарына баулиды.

Сабақтың түрі мен тәртібі: Дәріс сабақ, аралас сабақ, жоба қорғау сабағы, кездесу, шығармашылық сабақ, шығармашылық көрме.

Сабақтың мерзімі: Бір оқу жылына арналған 9 сағатқа жасақталған

Оқу тәжірибенің жүзеге асуы: жоба қорғау, шығармашылық көрме.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

«Сәндік қолданбалы өнер» үйірме бағдарламада мынадай бөлімдерден тұрады:



  • Кіріспе сабақ. Үйірме жоспарымен оқушыларды таныстыру. Техникалық қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережелермен таныстыру.

  • Сәндік қолөнер технологиясын жасаудағы бірінші қадамдар.

  • Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көремдеу.

  • Ұлттық қолөнер бұйымдары.

  • Ұлттық тоқыма өнері.

Түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар заттың қадір қасиетін білуге көмек көрсетеді. Өнердің барлық түрлерімен таныстырады, өзіне тән бейнелі тәсілдерімен әсемдік әлемін ашады. Дизайнер, кәсіптік білім мамандықтарына баулиды.

Күтілетін нәтиже:

  • Құралдармен, тігін машинасында және өңдеу материалдарымен электр құралдармен жұмыс істеу кезінде қолданылатын қауіпсіздік ережелерін;

  • Жұмыс орнын ұйымдастыруды;

  • Қол және машина тігістерінің тігілу техникасын;

  • Тігін машинасымен жұмыс жасау жолын;

  • Интерьиер дизайнына сәйкес кейбір жөндеу-өңдеу жұмыстарын орындауды;

  • Ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, түрлі материалдардан қарапайым сәндік-қолданбалы бұйымдарды жасай алу;

  • Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін білу;

  • Ұлттық ою-өрнегінің тарихын,қолдану ретін білу;

  • Сырмақ түрлерін, сырмақ сыру технологиясын;

  • Қазақ халқының дәстүрлі кілем бұйымдарының көркемдік-стильдік ерекшеліктерін;

  • Гобелен тоқу технологиясын;

Мамандыққа бағдарлау: Дизайнер, кәсіптік білім

Пәнаралық байланыс: Мәдениеттану, тарих, сызу, бейнелеу, әдебиет, геометрия.

Тақырыптық жоспар



Тақырыптар

Сағат саны

Күні

1

Кіріспе

1




2

Сәндік қолөнер технологиясын жасаудағы бірінші қадамдар

1




3

Қол тігісінің түрлері

1




4

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркемдеу

1




5

Жаңаша әдіс тәсілде бұйымдар жасау

1




6

Ұлттық қолөнер бұйымдары

1




7

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшеліктерімен шығу тарихы

1




8

Ұлттық тоқыма өнері

1




9

Тоқыма тоқу технологиясы

1




10

Барлығы

9






Бағдарлама мазмұны
Кіріспе.

  • Үйірме жоспарымен оқушыларды таныстыру. Техникалық қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережелермен таныстыру.

Сәндік қолөнер технологиясын жасаудағы бірінші қадамдар.

  • Қол тігісінің түрлері

  • Көктеу, жөрмеу тігістері

  • Майда қайшы, ірі қайшы тігіс

  • Тор, қайып тігіу

  • Тігін машинасының тарихы

  • Тігін машинасының құрылысы

  • Тігін машинасын іске қосу

  • Астыңғы, үстіңгі жіптерді сабақтау

  • Машина тігістері

  • Қайып, бастыра тігістер

  • Жөрмеу, әдіптеу тігісі

  • Мата тану. Талшықтар классификациясы

  • Талшықтардың ерекшеліктері мен қасиеттері

  • Мата қалдықтарымен жұмыс

  • Құрақ көрпе тігу

Практикалық жұмыс:

Білімі, білігі:

  • Қол тігісінің түрлерін;

  • Тігін машинасының тарихын;

  • Тігін машинасының құрылысын;

  • Тігін машинасында жұмыс жасау;

  • Машина тігістерін;

  • Мата тану. Талшықтар классификациясын;

  • Талшықтардың ерекшеліктері мен қасиеттерін;

  • Құрақ көрпе тігу жолдарын;

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көремдеу.

  • Қағаз туралы мәлімет

  • Оригами шығу тарихы

  • Оригамиден құрастырып бұйымдар жасау

  • Квилинг шығу тарихы

  • Эскиз сызу

  • Квилинг әдісі бойынша картина жапсырмалау

  • Кесте түрлері

  • Біз кесте

  • Изонить жіппен бейнелеу

  • Жіппен бейнелеу тәсілдері

  • Жіппен бейнелеу арқылы шеңберді тігу

  • Геометриялық фигуралардың бірнеше түрлерін тігу

  • Эскиз дайындау

  • Жіппен бейнелеу арқылы картина тігу

  • Тоқыма тоқу

  • Ілмектеп тоқуға дайындық

  • Ілмек бізбен тоқудың негізгі тәсілдері

  • Шынжыр тізбекті бұйымдар жасау

  • Ілмек бізбен дөңгелектеп тоқу

  • Фольгамен жұмыс

  • Эскиз дайындау

  • Фольгадан картина жасау

  • Бисердің шығу тарихы

  • Ұсақ моншақтардың тігілу жолдары

  • Эскиз дайындау

  • Ұсақ моншақтан картина кестелеу

  • Ұсақ моншақтармен тоқылу жолдары

  • Қадауыштар мен алқалар тоқу

  • Табиғи материалдармен жұмыс

  • Эскиз дайындау

  • Табиғи материалдардан картина жапсырмалау

  • Матамен аппликатция жасау

  • Эскиз дайындау

  • Жапсырмалау тәсілдері

Практикалық жұмыс:

Білімі, білігі:

  • Оригами шығу тарихын.

  • Оригамиден құрастырып бұйымдар жасау жолдарын.

  • Квилинг шығу тарихын.

  • Квилинг әдісі бойынша картина жапсырмалау.

  • Кесте түрлерін.

  • Жіппен бейнелеу тәсілдерін.

  • Жіппен бейнелеу арқылы шеңберді тігу жолын.

  • Ілмек бізбен тоқудың негізгі тәсілдерін.

  • Шынжыр тізбекті бұйымдар жасау жолын.

  • Ілмек бізбен дөңгелектеп тоқу жолдарын.

  • Фольгадан картина жасау жолдарын.

  • Бисердің шығу тарихын.

  • Ұсақ моншақтардың тігілу жолдарын.

  • Ұсақ моншақтармен тоқылу жолдарын.

  • Табиғи материалдардан картина жапсырмалау жолдарын.

  • Матамен аппликатция жасау жолдарын.

  • Жапсырмалау тәсілдерін.

Ұлттық қолөнер бұйымдары.

  • Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туралы жалпы түсінік.

  • Ұлттық бұйымдар түрлерімен өмірде қолданылуы.

  • Ұлттық бұйымдардың әшекейленуімен, әшекей тігістердің тігілу жолдары.

  • Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшеліктерімен шығу тарихы.

  • Ою-өрнек үлгілері, түрлі өмірде күнделікті қолданылуы.

  • Ұлттық ою-өрнектің өркендеуі.

  • Ою-өрнектерді тігу, мата бетіне жапсыру, бастыру, әшекейлеу түрлері.

  • Жүннен жасалатын бұйымдар туралы түсінік.

  • Киіз басу технологиясы.

  • Киізге салынатын ою түрлері, орналастыру.

  • Сырмақ түрлері, сырмақ сыру технологиясы.

  • Жүн қалдықтарынан алқа жасау.

  • Жүн қалдықтарынан гүлдесте жасау.

  • Жүннен тұмар жасау.

Практикалық жұмыс :

Білімі, білігі:

  • Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері білу;

  • Ұлттық бұйымдар түрлерімен өмірде қолданыу;

  • Ұлттық бұйымдардың әшекейленуімен, әшекей тігістердің тігілу жолдарын;

  • Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің өзіндік ерекшеліктерімен шығу тарихын;

  • Ою-өрнек үлгілері, түрлі өмірде күнделікті қолданылуын;

  • Ұлттық ою-өрнектің өркендеуін;

  • Ою-өрнектерді тігу, мата бетіне жапсыру, бастыру, әшекейлеу түрлерін;

  • Жүннен жасалатын бұйымдар түрлерін;

  • Киіз басу технологиясын;

  • Киізге салынатын ою түрлері, орналастыру ретін;

  • Сырмақ түрлері, сырмақ сыру технологиясын;

  • Жүн қалдықтарынан алқа жасау жолдарын;

  • Жүн қалдықтарынан гүлдесте жасау жолдарын;

  • Жүннен тұмар жасау жолдарын;

Ұлттық тоқыма өнері.

  • Қазақстандағы қолдан кілем тоқу өнеріне қысқаша тарихы

  • Қазақ халқының дәстүрлі кілем бұйыдарының көркемдік- стильдік ерекшелігі

  • Ою-өрнектердің топтасуы.

  • Қолдан кілем тоқу технологиясы.

  • Эскиз дайындау.

  • Станокқа негізгі жіпті орналастыру әдісі.

  • Түкті кілем бұйымын тоқу технологиясын игеру.

  • Соңғы өңдеу жұмыстары.

  • Шығармашылық жұмыстарын қорғау.

  • Түкті гобелен түрлері мен тарихы.

  • Эскиз дайындау.

  • Қол станогын дайындау.

  • Жіп түстерін таңдау

  • Түкті гобелен тоқу техникасын игеру.

  • Соңғы өңдеу жұмыстары.

  • Шығармашылық жұмыстарын қорғау.

  • Түксіз гобелен түрлері мен тарихы.

  • Эскиз дайындау.

  • Қол станогын дайындау.

  • Жіп түстерін таңдау

  • Түксіз гобелен тоқу техникасын игеру.

  • Соңғы өңдеу жұмыстары.

  • Шығармашылық жұмыстарын қорғау.

Практикалық жұмыс:

Білімі, білігі:

  • Қазақстандағы қолдан кілем тоқу өнеріне қысқаша тарихын.

  • Қазақ халқының дәстүрлі кілем бұйыдарының көркемдік- стильдік ерекшелігін. Ою-өрнектердің топтасуын.

  • Қолдан кілем тоқу технологиясын.

  • Түксіз, түкті гобелен түрлері мен тарихын.


Бағдарламаның методикалық қамтылуы

  1. Оқу - әдістемелік құралдар

    • Тігін машинасы

    • Гобелен инелері

    • Титан кілей

    • Шеге, балға

    • Қайшы, ине, жіп

    • Біз

    • электрондық оқулықтар;

    • кестелер, сызба – нұсқалар, слайдтар, видеофильмдер;

  2. Оқу – тәрбие процесіндегі ұйымдастырудың негізгі әдістері : Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау

  3. Оқу – тәрбие процесіндегі ұйымдастырудың негізгі нысандары :

жеке, жұптық, топтық, өзіндік

  1. Қорытындылау нысандары: жоба қорғау, өздік жұмыс


Әдебиеттер тізімі:
Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Өмірбекова.М.Ш.

Қазақ халқының қолөнері. Қасиманов.С

Ою-өрнек ой айтады. Алматы. 1996ж

Сырмақ өнері. Алматы кітап 2007ж Ысқаққызы Ә

Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы кітап. 2007ж Д. Шоқпарұлы

Қазақ халқының ұлттық киімдері. Алматы кітап. 2007ж Хинаят Б

Мектептегі технология 2010ж №2

Мектептегі технология 2012ж №3



Мектептегі технология 2010ж №5

Мектептегі технология 2009ж №4
Каталог: uploads -> doc -> 0521
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0521 -> География туризма
0521 -> Математикалыќ кеш


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет