Қаратөбе мектеп –гимназиясы



жүктеу 291.74 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі291.74 Kb.
түріБағдарламасы



Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

Аудандық әдістемелік кабинет






Тағамдық технология үйірмесі бағдарламасы


Қаратөбе
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің эксперттік кеңесі шешімімен аудан көлемінде таратуға мақұлданды.

Хаттама № 2 7 ақпан 2012 жыл


Құрастырған: Қабиева.Ж.И. – Қаратөбе мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі

Рецензенттер: Сагингалиев Б.– Қаратөбе аудандық әдістемелік кабинетінің эстетикалық пәндерінің әдіскері

Уалиденова А – Шөптікөл жалпы білім беретін мектебінің І санатты технология пәні мұғалімі


Бұл - еңбек мұғалімнің шығармашылық ізденісінің айғағы. Технология пәні бойынша үйірмедегі өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды басты бағыт деп санайды. Бұл үйірме оқушыларды өзіндік ізденіске, өзіндік танымын қалыптастыруға, кәсіби бағдар алуына, тұрмыстық технологиялық біліктер қалыптастыруға, тағам сапасын талдау мен салыстыру жасауға, қиялдау қабілеттерін дамытуға үйретеді. Бұл жұмысты аудан көлемінде таратуға лайық деп санаймын.

Түсінік хат

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқу үрдісінің басты нысанасы да, назарда ұстаған негізгі мақсаты да оқушы қабілеті мен қызығушылығын ескеріп, жекелеген пәндер бойынша деңгейлік саралап оқытуды ұйымдастыру. Ал, технология пәні бойынша жаңа технологияларды, жаңа кәсіптерді меңгертуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі қоғамда негізгі міндеттерді жоғары дәрежеде дамыған технология атқарады. Ақпараттандырылған технология талабы – жобалай білуге, шешім қабылдауға, шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйрету. Мектептегі жүргізілетін еңбек тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың қолөнеріне баулуға бағытталады. Оқушы барлық пән түрлерінен алған қорын, қабілеттілігін еңбек технологиясы арқылы іске асырады. Өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп, дұрыс бағыт сілтеу, қолөнерге баулуда баланың білімін тереңдетуде, шығармашылығы, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында «Кішкентай аспазшы» үйірмесінің орны ерекше. Ең басты мақсат қазіргі оқушы, болашақ үй иесі, отбасы болатын адамға ас мәзірін, тамақтану мәдениетін үйрету. Әр халықтың тұрмыс тіршілігінен хабардар болып, этнографиялық салтына қарай дастарханның өзіне тән ерекшелігіне тоқталады. Тағамдардың адам ағзасына қажетті минералды заттармен таныса отырып, тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қабілеттерін шыңдатады.



Мақсаты:

  1. Халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттар тәлімінің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру.

  2. Оқушыны еңбек сүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу, эстетикалық мәдениетін дамыту.

  3. Дастархан мәзірін дайындау, күнделікті өміріне пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру арқылы кәсіби бағдар беру.


Міндеттері:

  • Аспаздық өнерінің тарихи-мәдени өзіндік ерекшеліктерінен мол мағлұмат алып, оны өз қажетіне жарата білуге;

  • Тағам дайындауда алған жан- жақты білімін өзінің күнделікті өміріне пайдалана білуге;

  • кәсіби бағдарын анықтауға жәрдемдесу;


Мазмұны:

Адам ағзасына дұрыс тамақтанудың маңызы мен дастархан басында отыру мәдениетін, сүт, ет, ұннан, көкөністерден тағам жасаудағы технологиясымен маңызын, әр ұлттардың аспаздық өнерінің өзіндік техникаларын қамтиды.


Мамандыққа бағдарлау:

аспазшы, кондитер, дизайнер, даяшы, мейрамхана

менеджері мамандықтары

Ұйымдастыру формалары:

Дәріс, тәжірибелік жұмыстар


Сабақ түрлері:
Дәріс сабағы, аралас сабағы, жоба қорғау сабағы, шығармашылық көрме, кездесу, шығармашылық сабағы, «Дастархан» теле-бағдарламасы
Қорытындылау формасы:

Тағамдар жәрмеңкесі,

Аспазшылар сайысы,

«Дастархан» рецептілер жинағы



Бағдарламаның мазмұндық бөлімі
Кіріспе.

Оқушыларды «Кішкентай аспазшы» курсымен таныстару.



Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Кіріспе:




  • Адам ағзасының дұрыс тамақтанудың маңызы.

  • Ас үйде жұмыс орынды тиімді ұйымдастыру;

  • Қазақ халқының аспаздық өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Дастархан басында отыру мәдениеті, күндік мәзірді құру ережесі;

  • Дастарханды әзірлеу ережесі, сулықтарды бүктеу тәсілдері. Тағам дайындауда қауіпсіздік ережелері, жеке тазалықты сақтау. Ас ыдыстары мен құралдарының қолданылатын орындары;

  • Тағам дайындау кезінде азық түліктерді үнемдеу және тиімді жұмсау.Тағамдардың сапасының органолептикалық бағасы;


Мақсаты: - Өз жұмыс барысын ұйымдастыра

алуын дамыту, алған білімін іс жүзінде қолдануды,

жоғары талғаммен дастарханды әзірлеуге, тамақты

безендіруге үйрету.


Міндеті: - Ұлттық дәстүрде қонақтарды күту, дастархан мәзірін әзірлеу;

- Қазіргі заманғы жабдықтарды қолдана отырып аспаздық жұмыстарды ұйымдастыра білу;
Бөлімнің теориясы: Адам ағзасының дұрыс тамақтанудың жолдары, ерекшеліктері. Ас үйдегі жұмыс орыны тиімділігі. Қазақ халқының аспаздық өнері, мәдениеттің озық үлгісінің көрінісі. Дастархан басындағы ас ішу мәдениеті, күндік мәзірді жасақтау ерекшеліктері.

Дастарханды дайындау және құралдарының қойылу әдістері, тазалықты, қауіпсіздікті сақтау шаралары. Ас құрамының сапалылығының маңыздылығы және үнемділік тиімділігі.


Өзіндік оқу әдебиеттері:

«Наша кухня» кулинарлық журнал 1\ 2010ж

«Өте дәмді» кулинарлық журнал 3\2010ж

«Шаңырақ»үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж

«Қазақтың дарқан дастарқаны» Алматы кітап 2007ж Сейіт Кенжеахметұлы

Мектептегі технология 2007ж.№9

Мектептегі технология 2008ж.№10

Мектептегі технология 2010ж.№4


Оқушы шығармашылығы:

Дастарқанды мәзірлеу,



Сулықтарды әр түрлі тәсілдермен бүктеу.

Күндік мәзірді құру;



Көкөніс тағамдары

Кіріспе:

  • Көкөністердің түрлері, тағамдық құндылығы, алғашқы өңдеу тәсілдері.

  • Көкөністерден тамақ жасау технологиясы. Қуырылған және қайнатылған көкөніс тағамдары.

  • Көкөніс салаттарын дайындау негіздері.


Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, көкөністердің тағамдық құндылығын үйрету арқылы қарапайым әдістермен салаттар дайындау технологиясын меңгерту.
Міндеті: - Көкөністердің тағамдық құндылығын білу

- Көкөністерді қарапайым әдістермен кесе алу, салаттар дайындай алу


Бөлімнің теориясы: Көкөніс - адам еңбегінің басты өнімі. Көкөніс түрлері, оның тағамдық құндылығының ерекшеліктері. Көкөністерден тамақ дайындау технологиясының қыр-сыры. Қуырылған және қайнатылған көкөніс тағамдарын дайындаудың басты талаптары.

Көкөністен жасалатын салат түрлерін әзірлеудегі ерекшеліктер.



Өзіндік оқу әдебиеттері:

«Наша кухня» кулинарлық журнал 1\ 2010ж.

«Өте дәмді» кулинарлық журнал 3\2010ж

«Сиқырлы думан» «Шикула и К» Шымкент 2006ж

«Қазақтың дарқан дастарқаны» Алматы кітап 2007ж Сейіт Кенжеахметұлы

Мектептегі технология 2007ж.№9

Мектептегі технология 2008ж.№10

Мектептегі технология 2010ж.№4


Оқушы шығармашылығы:

«Мерекелік» салаты

Авокадо қосылған салат

«Мимоза» салаты

«Бонапарт» салаты

«Оливье» салаты

Көкөніс қосылған голубцылар


Сүт тағамдары

Кіріспе:


  • Сүт құрамы, адам ағзасына пайдасы.

  • Қазақ ұлтының тағамдарының ішінде сүт тағамдарының алатын орны.

  • Сүттен жасалатын тағам түрлері.

  • Сүттен дайындалатын сусындар.

  • Сүттен ботқа пісіру.

  • Ірімшіктен жасалған құймақ.

  • Сүтті сақтау тәсілі.

Мақсаты: Сүт және сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері туралы түсінік беру. Сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті заттарды қамтамасыз ететін денсаулыққа пайдалы тағам ретіндегі орнын түсіндіру.
Міндеті: Сүттен жасалатын тағам түрлерін және сүттің қоректік құндылығы, химиялық құрамын білу

  • Сүт тағамдарын дайындай білу.

  • Сүт тағамдарының адам ағзасына қажеттілігін білу


Бөлімнің теориясы: Сүт құрамының маңыздылығы, адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттері. Сүт тағамдарының түрлері.

Сүт тағамының қазақ ұлтының дастарханындағы басты орны.

Сүттен дайындалатын сусын түрлері және оны әзірлеу жолдары.

Сүт тағамдарының жасалудығы ерекшеліктері. Ботқа пісіру.

Сүт және сүт тағамдарын, сусындарын ұзақ мерзімге сақтау шаралары.
Өзіндік оқу әдебиеттері: «Қазақтың дарқан дастарқаны» Алматы кітап 2007ж Сейіт Кенжеахметұлы

«Наша кухня» кулинарлық журнал 1\ 2010ж.

«Өте дәмді» кулинарлық журнал 3\2010ж

«Бір кесе шай» Е.Н.Гусляров Алматы Қайнар 1988ж

«Сүт және сүт тағамдары» Алматы Қайнар 1989ж Б.Барақбаев

«Қымыз- шипалы сусын» Алматы Қайнар 1986ж Б.Асылбеков
Оқушы шығармашылығы:

«Ананас» коктейлі

«Қиял» коктейлі

«Бал ара» коктейлі

«Қарбыз» коктейлі

«Құлпынай» коктейлі

Сүттен ботқа пісіру.

«Сары өрік» коктейлі

Ірімшіктен жасалған құймақ пісіру.

Ет тағамдары. Табақ тарту

Кіріспе:


  • Ет түрлері, ет тағамдары, ет тағамдары құндылығы.

  • Қой етін мүшелеу және дайындау туралы ұғым. Қой етінен жасалған жартылай дайын өнімдер;

  • Қой, жылқы, тауық, шошқа, балық еттерінің тағамдық құндылығы. Ет қайнату мерзімі, олардың айырмашылығы, дайын болғанын анықтау.

  • Қонақтарға дайын етті ұсынудың әдет- ғұрыптары және оның ерекшеліктері. Тағамды безендіру.


Мақсаты: Ет түрлері, ет тағамдары, ет тағамдары құндылығы туралы мағлұмат беріп, ет тағамдарын өз қолдарымен дайындап, қонақ күтудің қыр-сырын білуге баулып, ұлттық дәстүріміз арқылы қонақ күте білуге, бауырмалдыққа, әдептілікке үйрету.
Міндеті: - Ет түрлері, ет тағамдары, ет тағамдары құндылығы туралы мағлұмат беру

- Ет сапасын анықтай отырып тағам дайындай білу

- Қонақтарға әдет–ғұрыптарды сақтай отырып ет ұсынудың ерекшелігін білу
Бөлімнің теориясы: Қой етін дайындаудың басты жолдары. Қой етінің жартылай дайын өнімдерін тұтынудың жолдары. Қой, жылқы, тауық, шошқа, балық еттерінің адам ағзасына тигізетін шипалылық қасиеттері. Етті дайындаудың тиімді жолдары.

Қонақтарға ас ұсынудың ұлттық ұлағаты.


Өзіндік оқу әдебиеттері: Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақтың дарқан дастарқаны» Алматы кітап 2007ж

«Наша кухня» кулинарлық журнал 1\ 2010ж.

«Өте дәмді» кулинарлық журнал 3\2010ж

«Балық тағамдары» Алматы Қайнар 1987ж Ө.Әлжанов

«Шаңырақ»үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж

«Ет өндіру технологиясы»Алматы Қайнар 1975ж А.Отарбаев,Ш.Әлдибеков
Оқушы шығармашылығы:

«Ет қосылған жасымық көжесі»

«Фаршталған цукини»

«Сиыр етінен гуляш»

«Мәнті» тағамын пісіру»

«Қамырдың ішіне салынған қой еті»

«Тауық етінен сальтисон»

«Тауық төсінен орама»



Ұннан әзірленетін тағамдар

Кіріспе:

  • Ұннан дайындалатын тағамның маңызы мен құнарлығы. Қамырдан тағамдар дайындауға қажетті шикізат сапасына қойылатын талаптар;

  • Ашытқысыз қою қамыр дайындау технологиясы. (мәнті, қазақша ет, вареники, кеспе)

  • Сұйық қамырды дайындау технологиясы.

  • (құймақ, орама, кекс)

  • Үгілмелі қамыр дайындау технологиясы. (печенье, тоқаштар)


Мақсаты: -Адамның тамақтанудағы су мен нанның маңызы, қамырдан дайындалатын тағам түрлерін дайындауды үйрету.
Міндеті: - Қамырдан дайындалатын тағамның маңызын, тағамның өзіндік құнын есептеу.

- Ашытқысыз қою қамыр, сұйық қамыр, үгілмелі қамыр дайындау технологиясын білу
Бөлімнің теориясы: Ұннан жасалған тағамдар-адам ағзасына қажетті құнарлы ас түрі, оны дайындаудың басты талаптары.

Ашытқысыз жайма нанды (мәнті, қазақша ет, вареники, кеспе) дайындаудағы ұстанатын өзіндік ерекшеліктері.

Блины, орама, кекс әзірлеудегі сұйық құйманың құрамын дайындау жолдары.

Печенье, доғаштар, таяқшалар дайындаудағы үгілмелі қамырды дайындаудың жолдары.


Өзіндік оқу әдебиеттері: Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақтың дарқан дастарқаны» Алматы кітап 2007ж

«Наша кухня» кулинарлық журнал 1\ 2010ж.

«Өте дәмді» кулинарлық журнал 3\2010ж

«Шығыстың тәтті тағамдары» Алматы 1987ж С.Алтаев
Оқушы шығармашылығы:

«Шайға қытырлақ нан(хворост)»

«Варениктер» пісіру

«Жеміс жидек торты»

«Қара өрік пирогы»

«Серпантин печеньесі»

«Зебра»торты

Ұлттардың дәстүрлі тағамдары




Кіріспе:

Ұлттардың дәстүрлі тағамдарының түрлері мен тарихын таныстыру. Ұлттардың дәстүр, әдет-ғұрпын негізге ала отырып ұлттардың дәстүрлі тағамдарының жасалу жолдары мен мән мағынасын аша таныстыру.Ұлттық тағамды дайындауға үйрету.


Мақсаты: Ұлттар салт-дәстүрімен таныстыру, құрметтеуге үйрету, ұлттар тағамдарын дайындауда ұқыптылыққа баулу, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Міндеті: - Ұлттардың дәстүрлі тағамдарының түрлерін, тарихын білу

  • Ұлттардың дәстүрлі тағамдарының жасалу жолдарымен танысып дайындай білу


Бөлімнің теориясы: Әр ұлттың ұлттық дастарханы. Ұлттық тағамының салт-дәстүрмен байланыстылығы, тарихы, сан қырлы тағам түрлерін дайындау үлгілері.
Өзіндік оқу әдебиеттері: «Сиқырлы думан» Шымкент 2006ж

«Наша кухня» кулинарлық журнал 1\ 2010ж.

«Өте дәмді» кулинарлық журнал 3\2010ж

«Өз үйім - өлең төсегім» Алматы Қайнар 1993ж А.В Шабыкина

«Қазақтың дарқан дастарқаны» Алматы кітап 2007ж Сейіт Кенжеахметұлы
Оқушы шығармашылығы:

Итальян асханасы.

«Ветчина қосып жасалған пицца»

Қырғыз асханасы.

«Самса», «Атканчай»

Өзбек асханасы.

«Ферғана палауы»

Тәжік асханасы.

«Тухумбарак», «Халвайтар» (сұйық ұн халуа)

Француз асханасы

«Париждік ірімшік десерті»

Украин асханасы.

«Шие қосылған варениктер», «Узвар», «Украин борщы»

Еврей асханасы.

«Цимес»

Чуваш асханасы.



«Картофель және балық қосылған хуниу»

Ағылшын асханасы.

«Йоркшир пудингі»

Әзірбайжан асханасы.

«Люля –кебаб», «Овдух»
Тақырыптық жоспар




Тақырыптар

Сағат саны

күні

1

Кіріспе. «Кішкентай аспазшы» үйірмесі туралы түсінік. Тағам дайындауда қауіпсіздік ережелері, жеке тазалықты сақтау. Ас ыдыстармен құралдарының қолданылатын орындары.

1




2

Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі. Адам ағзасының дұрыс тамақтанудың маңызы. Ас үйде жұмыс орынды тиімді ұйымдастыру;

1




3

Дастарқан басында отыру мәдениеті күндік мәзірді құру ережесі; Дастарқанды әзірлеу ережесі, сулықтарды бүктеу тәсілдері

2




4



Тағам дайындау кезінде азық түліктерді үнемдеу және тиімді жұмсау.

Тағамдардың сапасының органолептикалық бағасы;



2






5

Тағам даярлаудың негізгі әдістері

2







Көкөніс тағамдары







6

Көкөністердің түрлері, тағамдық құндылығы, алғашқы өңдеу тәсілдері.

1




7

Көкөністерден тамақ жасау технологиясы. Қуырылған және қайнатылған көкөніс тағамдары.

2




8

Көкөніс салаттарын дайындау негіздері,турау түрлері

2




9

Көкөністер қосылған жұқалаң бутербродтар

2




10

Көкөніс тағамдарының соуысы

2




11

Көкөніс голубцылары

2




12

Баклажан толтырылған бұрыш

2




13

Жас қияр қосылған құнарлы бутерброд

2




14

Жаздық салат

2




15

Дәруменді салат

2




16

Рагу салат

2




17

Олевьи

2




18

Құстың ұясы

2




19

Күнбағыс салаты

2







Сүт тағамдары







20

Сүттен жасалатын тағам түрлері. Сүт құрамы адам ағзасына пайдасы.

2




21

Қазақ ұлтының тағамдарының ішінде сүт тағамдарының алатын ерекше орны.Сүттен дайындалатын сусындар.

2




22

Сүттен ботқа пісіру.

2




23

Ірімшіктен жасалған құймақ.

2




24

Сүтті сақтау тәсілі.Коктейль жасау технологиясы

2




25

Ірімшік жасау технологиясы

2




26

Қымыз, шұбат жасау технологиясы

2




27

Сүзбе дайындау технологиясы

2







Ет тағамдары. Табақ тарту







28

Қой етін мүшелеу және дайындау туралы ұғым.

2



29

Қой етінен жасалған жартылай дайын өнімдер;

2



30

Ет түрлері, ет тағамдары, ет тағамдары құндылығы.

Ет пен балықты қайнату мерзімі олардың айырмашылығы, дайын болғанын анықтау.



2




31

Қонақтарға дайын етті ұсынудың әдет- ғұрыптары және оның ерекшеліктері.Тағамды безендіру.

2




32

Қазақша ет дайындау технологиясы

2




33

Түшпара дайындау технологиясы

2




34

Ет тағамдарын гарнирмен және соуспен дайындау

2







Ұннан әзірленетін тағамдар







35


Қамырдан дайындалатын тағамның маңызымен құнарлығы.

1




36

Қамырдан тағамдар дайындауға қажетті шикізат сапасына қойылатын талаптар;







37

Ашытқысыз қою қамыр дайындау технологиясы.

2




38

Мәнті

Қазақша ет тағамына нанды илеу



2




39

Вареники дайындау технологиясы.

2




40

Кеспе дайындау технологиясы.

2




41

Сұйық қамырды дайындау технологиясы. Блины

2




42

Орама, кекс дайындау технологиясы.

2




43

Бисквитті торт дайындау технологиясы.

2




44

Үгілмелі қамыр дайындау технологиясы. Печенье

2




45

Доғаштар, таяқшалар

2




46

Тосапты және белок кремді пирог

2




47

Ірімшік рогаликтері

2




48

Торт дайындау

2







Ұлттардың дәстүрлі тағамдары







49

Қазақ асханасы. Ет салат. Бауырсақ

2




50

Әзірбайжан асханасы. Люля –кебаб. Овдух

2




51

Ағылшын асханасы. Йоркшир пудингі.

2




52

Армян асханасы. Қызыл бұршақ салаты. Жүзім жапыраға ішіндегі қой етінен жасалған толма

2




53

Башқұрт асханасы. Тукмас,сиыр етімен.

2




54

Беларус асханасы. Картофель драниктері. Қалалық драчена

2




55


Болгар асханасы. Картофель драниктері. Қалалық драчена

2




56

Итальян асханасы. Пицца,венчинамен

2




57

Қырғыз асханасы. Самса. Атканчай

2




58

Қытай асханасы.Қытай бәліші

2




59

Латыш асханасы. Зивьюпудиньш. Нан сорпа

2




60

Литван асханасы. Индарити ангуркай. Плокштайнис( картофельді бабка)

2




61

Еврей асханасы. Цимес

2




62

Дунган асханасы. Лағман

2




63

Венгр асханасы. Платшинкен

2




64

Грузин асханасы. Сациви(жаңғақты соус). Кавказша кәуәп. Хачапури.

2




65

Грек асханасы.Жеміс салаты,жаңғақ және ірімшікпен. Грек салаты. Грекше пісірілген балық

2




66

Молдаван асханасы. Мэмэлигуцэ (мамалыга)

2




67

Неміс асханасы Мускатты жаңғақ қосылған печенье

2




68

Поляк асханасы. Пияз салаты

2




69

Орыс асханасы. Түшпара. Винегрет.Бидай блиндері. Суздальдік сбитень

2




70

Тәжік асханасы. Тухумбарак. Халвайтар (сұйық ұн халуа)

2




71

Татар асханасы. Эчпочмак. Чак-чак

2




72

Түркмен асханасы. Құрма қосылған бәліш

2




73

Түрік асханасы. Түрікше жұмыртқалар.Түрік кофесі

2




74

Өзбек асханасы. Ферғана палауы

2




75

Ұйғыр асханасы. Ет және асқабақ қосылған мәнті

2




76

Украин асханасы. Шие қосылған варениктер. Узвар.Украин борщы

2




77

Француз асханасы Париждік ірімшік десерті

2




78

Чуваш асханасы. Картофель және балық қосылған хуниу.

2




79

Эстон асханасы. Көпіршік қаймақ қосылған томпақ тоқаш.

2







Барлығы

153






Нормативтік бөлім:

Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі (7 сағат)

  • Адам ағзасының дұрыс тамақтанудың маңызы. Ас үйде жұмыс орынды тиімді ұйымдастыру;

(1 сағат)

  • Қазақ халқының аспаздық өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Дастархан басында отыру мәдениеті күндік мәзірді құру ережесі; (1 сағат)

  • Дастарханды әзірлеу ережесі, сулықтарды бүктеу тәсілдері. Тағам дайындауда қауіпсіздік ережелері, жеке тазалықты сақтау. Ас ыдыстары мен құралдарының қолданылатын орындары;

(2 сағат)

  • Тағам дайындау кезінде азық-түліктерді үнемдеу және тиімді жұмсау. Тағамдардың сапасының органолептикалық бағасы; (1 сағат)

Практикалық жұмыс: (2 сағат)

Білім, іскерлік, дағдыға қойылатын талаптар:

Адам ағзасының дұрыс тамақтанудың маңызын;

Ас үйде жұмыс орынды тиімді ұйымдастыра білу;

Қазақ халқының аспаздық өнерінің өзіндік ерекшеліктерін;

Дастархан басында отыру мәдениеті, күндік мәзірді құру ережесін;

Дастарханды әзірлеу ережесі, сулықтарды бүктеу тәсілдерін;

Тағам дайындауда қауіпсіздік ережелері, жеке тазалықты сақтау;

Ас ыдыстары мен құралдарының қолданылатын орындарын;

Тағам дайындау кезінде азық түліктерді үнемдеу және тиімді жұмсау;

Тағамдардың сапасының органолептикалық бағасын білуі тиіс.



Көкөніс тағамдары (27 сағат)


  • Көкөністердің түрлері, тағамдық құндылығы, алғашқы өңдеу тәсілдері.(2 сағат)

  • Көкөністерден тамақ жасау технологиясы. Қуырылған және қайнатылған көкөніс тағамдары.(3сағат)

  • Көкөніс салаттарын дайындау негіздері.(2 сағат)

Практикалық жұмыс: (20 сағат)
Білім, іскерлік, дағдыға қойылатын талаптар:

Көкөністердің түрлерін, тағамдық құндылығын, алғашқы өңдеу тәсілдерін;

Көкөністерден тамақ жасау технологиясын;

Қуырылған және қайнатылған көкөніс тағамдарды дайындай білу;

Көкөніс салаттарын дайындай білуі тиіс.

Сүт тағамдары (16 сағат)


  • Сүттен жасалатын тағам түрлері. Сүт құрамы адам ағзасына пайдасы.(2 сағат)

  • Қазақ ұлтының тағамдарының ішінде сүт тағамдарының алатын ерекше орны.Сүттен дайындалатын сусындар.(2 сағат)

  • Сүттен ботқа пісіру.(2 сағат) Ірімшіктен жасалған құймақ.(2 сағат) Сүтті сақтау тәсілі.(2 сағат)

Практикалық жұмыс: (6 сағат)
Білім, іскерлік, дағдыға қойылатын талаптар:

Сүттен жасалатын тағам түрлерін;

Сүт құрамы адам ағзасына пайдасын;

Қазақ ұлтының тағамдарының ішінде сүт тағамдарының алатын ерекше орнын;

Сүттен дайындалатын сусындарды;

Сүттен ботқа пісіру, ірімшіктен жасалған құймақ, сүтті сақтау тәсілін білуі тиіс.



Ет тағамдары. Табақ тарту (14 сағат)


  • Қой етін мүшелеу және дайындау туралы ұғым.(2 сағат) Қой етінен жасалған жартылай дайын өнімдер;(2 сағат)

  • Ет пен балықтың тағамдық құндылығы. Ет пен балықты қайнату мерзімі олардың айырмашылығы, дайын болғанын анықтау.(2сағат)

  • Қонақтарға дайын етті ұсынудың әдет- ғұрыптары және оның ерекшеліктері.Тағамды безендіру.(2 сағат)


Практикалық жұмыс: ( 6 сағат)
Білім, іскерлік, дағдыға қойылатын талаптар:

Қой етін мүшелеу;

Қой етінен жасалған жартылай дайын өнімдерді дайындау;

Ет пен балықтың тағамдық құндылығын және ет пен балықты қайнату мерзімі олардың айырмашылығы, дайын болғанын анықтау;

Қонақтарға дайын етті ұсынудың әдет- ғұрыптары және оның ерекшеліктері;

Тағамды безендіре білуі тиіс.



Ұннан әзірленетін тағамдар (26 сағат)


  • Қамырдан дайындалатын тағамның маңызымен құнарлығы. (2 сағат) Қамырдан тағамдар дайындауға қажетті шикізат сапасына қойылатын талаптар; (2 сағат)

  • Ашытқысыз қою қамыр дайындау технологиясы. (мәнті, қазақша ет, вареники, кеспе) (2 сағат)

  • Сұйық қамырды дайындау технологиясы. (блины, орама, кекс) (2 сағат)

  • Үгілмелі қамыр дайындау технологиясы. (печенье, тоқаштар, таяқшалар) (2 сағат)

Практикалық жұмыс: (16 сағат)
Білім, іскерлік, дағдыға қойылатын талаптар:

Қамырдан дайындалатын тағамның маңызымен құнарлығы;

Қамырдан тағамдар дайындауға қажетті шикізат сапасына қойылатын талаптарды;

Ашытқысыз қою қамыр дайындау ( мәнті, қазақша ет, вареники, кеспе);

Сұйық қамырды дайындау (блины, орама, кекс);

Үгілмелі қамыр дайындау (печенье, тоқаштар, таяқшалар) тәсілдерін білуі тиіс.




Ұлттардың дәстүрлі тағамдары (62 сағат)


  • Ұлттардың дәстүрлі тағамдарының түрлері мен тарихы. (15 сағат)

- Ұлттардың дәстүрлі тағамдарының жасалу жолдары мен мән- мағынасы. (15 сағат)

Практикалық жұмыс: (32 сағат)
Білім, іскерлік, дағдыға қойылатын талаптар:

Ұлттардың дәстүрлі тағамдарының түрлері мен тарихын;

Ұлттардың дәстүрлі тағамдарының жасалу жолдары мен мән мағынасын білуі тиіс.


Ақпараттық- әдістемелік бөлім

Пәнаралық байланыс:

Физика, мәдениеттану, тарих, биология, химия


Оқу процесінің жабдықталуына қойылатын талаптар:

Электр немесе газ плитасы


Тоңазытқыш

- Кесуге арналған тақтайлар

(санитарлық талаптар бойынша)

- Пышақ (санитарлық талаптар бойынша)

- Асханалық ыдыстар (санитарлық талаптар бойынша)

Курс аяқтаушылардың іскерліктері мен біліктерін бағалауға арналған талаптар:

- қонақ қабылдау ережелерін;



  • қазіргі заманғы жабдықтарды қолдана отырып, аспаздық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • түскі және кешкі ас дастарқанын мәзірлеуді;

  • ашытқысыз қамыр дайындауды;

  • қамырдан тәтті тағамдар пісіруді;

  • сұйық қамырдан тағам әзірлеуді;

  • көкөністен салат дайындау;

- ет тағамдарын дайындауды;

  • сүттен жасалатын тағам дайындау;

  • ұлттардың дәстүрлі тағамдарының түрлерімен тарихын білу;

Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі:

«Сиқырлы думан» «Шикула и К» Шымкент 2006ж



«Қазақтың дарқан дастарқаны» Алматы кітап 2007ж Сейіт Кенжеахметұлы

Мектептегі технология 2007ж.№9

Мектептегі технология 2008ж.№10

Мектептегі технология 2010ж.№4



«Наша кухня» кулинарлық журнал 1\ 2010ж.

«Өте дәмді» кулинарлық журнал 3\2010ж

«Өз үйім - өлең төсегім» Алматы Қайнар 1993ж А.В Шабыкина

«Бір кесе шай» Е.Н.Гусляров Алматы Қайнар 1988ж

«Шығыстың тәтті тағамдары» Алматы 1987ж С.Алтаев

«Сүт және сүт тағамдары» Алматы Қайнар 1989ж Б.Барақбаев

«Балық тағамдары» Алматы Қайнар 1987ж Ө.Әлжанов

«Қымыз- шипалы сусын» Алматы Қайнар 1986ж Б.Асылбеков

«Шаңырақ»үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж

«Ет өндіру технологиясы»Алматы Қайнар 1988ж А.Отарбаев,Ш.Әлдибеков


МАЗМҰНЫ

Түсінік хат.................................................................3

Бағдарламаның мазмұндық бөлім...........................6

Тақырыптық жоспар..............................................18

Нормативтік бөлім................................................22

Ақпараттық- әдістемелік бөлім...........................28

Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі......................................................................29


Каталог: uploads -> doc -> 0d5c
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d5c -> Доклад : «Современные педагогические технологии как средство повышения эффективности процесса обучения на уроках спецдисциплин»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет