Ќараєанды облысыныѕ шекарасындаєы



жүктеу 89.67 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі89.67 Kb.
түріКодекс



Қарағанды облысының шекарасындағы

Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде,

«Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі «Балқашцветмет» Өндірістік

Қоғамының профилакториясы орналасқан

Балқаш көлінің жағалау учаскесі мен

Тоқырау өзені үшін, су қорғау аймақтары

мен белдеулерін орнату және оларды

шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, су нысандарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау үшін, жер үсті суларының ластануының, қоқыстануының және сарқылуының алдын алу үшін, сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау үшін, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілген жобаларға сәйкес, су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылсын:

1) «Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату»;

2) «Қарағанды облысының «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Балқашцветмет» Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату»;

3) «Қарағанды облысының Тоқырау өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату»;

2. Шаруашылық пайдалану тәртібі су объектілірінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде, қосымшаға сәйкес бекітілсін .

3. «Қарағанды жер ҒӨО» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін.

4. «Қарағанды облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық жер балансын жасаған кезде тиiстi өзгерістер енгізсін.

5. Балқаш, Приозерск қалаларының әкімдері, Ақтоғай ауданының әкімі:

1) заңнамалар талаптарына сәйкес су қорғау белдеулеріндегі жерді жобалық құжаттамаға сәйкес су қорының жеріне аустыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер иеленушілерге жеткізсін;

3) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану тәртібін сақтасын;

4) тиісті пайдалану тәртібін сақтау жағдайына орай су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылмауының алдын ала отырып, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заң шығару органына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын.

6. Балқаш, Приозерск қалаларының және Ақтоғай ауданының әкімдері, олардың ведомстволық қарастылығына және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық нысандары басшылары пайдаланатын жерлердегі, Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде және Тоқырау өзенінде орналасқан су қорғау аймақтары және белдеулерінде:

1) су қорғау аймақтары және белдеулерінде орналасқан және олардың жағдайына зиянды әсер ететін нысандарға қатысты жұмыстарды бекітілген жобаларға сәйкес жүргізсін;

2) шаруашылыққа пайдалану тәртібінің бұзылмауы және тиісті санитарлық жағдайы, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.

7. Мемлекеттік уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өзінің құзіреттілігі шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуын, оларға белгіленген шаруашылық қызметінің тәртібін және ерекше қорғалатын су нысандарын бақылауды жүзеге асырсын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсін.

9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.



Қарағанды облысының әкімі С. Ахметов



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік-санитарлық эпидемиялогиялық

қадағалау департаментінің директоры

_____________Т.Н.Хамитов

«____» _______2011 жыл

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі

Су ресурстары комитетінің Су

ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының бастығы





___________ А.М.Әлсейіт

«____» _______2011 жыл

Орынд. А.Яковлев

56-41-27


Қарағанды облысы әкімдігінің

2011 жылғы «__» ____________

№____ қаулысына қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану тәртібі

1. Су қорғау аймақтарының шегінде:



1) су объектілерін және олардың су қорғау ай­мақ­тары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыс­та­нуын болғызбайтын құрылыстармен және құрыл­ғы­лармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконс­трукцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуника­ция­ларға және басқа да объектілерге реконструкция жүр­гізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қаз­балар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да комму­никацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергі­лікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемио­логиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашы­лығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректен­діру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыз­дандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:



1) су объектілерінің сапалық және гидрология­лық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құры­лыстар мен олардың коммуникацияларын, көпір­лерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақ­тары мен белдеулерінің ластануын болғызбай­тын құрылыстармен және құрылғылармен қамтама­сыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға рұқсат етілмейді.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жобалары болмаса және мемлекеттік экологиялық сараптаманың, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын (экологиялық және басқа да сараптамалардың қорытындыларын қамтитын) алған жобалары болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) рұқсат етілмейді.

4. Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде және Тоқырау өзеніндегі су қорғау аймақтары мен жолақтары:





р/с

Су нысаны

Су қорғау аймағының ұзындығы, метр

Су қорғау аймағының ұзындығы, метр

1

2

3

4

1


Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)



500-2300




35-100

2

Тоқырау өзені (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы суару кезеніндегі орташа көпжылдық межендік дәрежедегі су қиылысында қабылданады)

500-1300 (Жетімшоқы кенті 3500 метр төмендегі өзге учаске алқабының ұзындығын есепке ала отырып )



55-100




Каталог: files -> NPA
NPA -> Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
NPA -> Нысан Жалпы ережелер
NPA -> Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
NPA -> Қазақстан республикасынның
NPA -> Инвестиционный паспорт Мучкапского района
NPA -> Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының кейбiр ауылдық округтерiн қайта атау туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет