Қаржы кафедрасы Г. С. Майкопова Қаржы


Тақырып 14. Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы



жүктеу 1.42 Mb.
бет7/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.42 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып 14. Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы

1. Сыртқы экономикалық қызмет түрлері, олардың сипаттамасы.

2. ҚР-дағы СЭҚ және оның даму келешегі.

3. Салықтық және кедендік реттеу.

4. Елдің төлем балансы.
Сыртқы экономикалық қызметтерге мыналар жатады: сыртқы сауда, ше-телдік инвестиция, халықаралық қаржылық-несиелік ұйымдарға қатысу, ғы-лым, техника, мәдениет, туризм саласындағы ынтымақтастық, елшілік, консул-дық және шетелдегі басқадай персоналдарды қанымдау бойынша есеп айырысу.

ҚР сыртқы экономикалық қызметінің маңызды аспектісі - шетел инвестор-ларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел несиесін тарту. Бұл қаражаттар халық шаруашылығының құрылымын жетілді-ру, нарықты тұтыну тауарларымен толықтыру және экспорттық потенциалды кеңейту мәселелерін шешуге мақсатты түрде және эффективті пайдаланылуға тиіс. Шетел капиталы несие, ресми көмек, әртүрлі инвестиция түрінде түседі.

Қазақстан ХВҚ, Халықаралық Даму және реконструкциялау банкі, Халық-аралық қаржылық корпорацияның мүшесі, Европалық Даму және реконструк-циялау банкі және басқаларымен байланыс орнатқан. Осыған байланысты рес-публика аталған ұйымдарға қатысу міндетін мойнына алады, мүшелік жарна. Қарыздық операциялар мен Халықаралық қаржылық қорларға қатысудан туын-дайтын мәмілелер бойынша қажет төлемдерді жүзеге асырады.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу тәсілдері төмендегідей:



тікелей реттеудің әкімшілік формалары – лицензиялар мен квоталар;

жанама және экономикалық әдістер - салықтар, кеден баждары, валюта курсы, әлемдік бағалар, сыртқы несиелер бойынша пайыздық ставкалар, обли-гация, басқадай бағалы қағаздар мен төлем құралдарының курсы.

Салықтар сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің маңызды рет-теушісі болып табылады.

Валюталық курс – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа елдің ақшалай бір-лігімен өрнектелген бағасы.

Кедендік кодекс кедендік территорияның, кедендік баждар мен алым-дардың біртұтастығы негізінде кеден ісі қағидаларын анықтайды. Кедендік баждар – мемлекет ұлттық шекара арқылы алынып өткен тауарлардан кедендік тарифте қарастырылған ставкалар бойынша алатын салықтар. Кедендік тариф ішкі нарықтағы шетел бәсекесін реттейді.

Қазақстанда импорттық (әкелу), маусымдық, арнайы, демпингке қарсы, ком-пенсациялық баждар қолданылады. Импорттық-кедендік тариф сыртқы сауданы реттеу, импорттық саясатты тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызмет-тен түсетін мемлекеттік бюджет кірістерін ұлғайту үшін қолданылады. Маусым-дық кедендік баждар мынадай жағдайларда қолданылады: елге тауар әкелу отан-дық сондай тауар өндірушілерге залал қаупін төндірсе немесе келтірсе; сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушыларға қатысты ескерту шарасы ретінде, адал емес бәсекенің жолын кесу шарасы ретінде. Демпингке қарсы баждар ел территориясына экспортер елдегі бәсекелес бағадан айтарлықтай төмен бағамен тауар әкелген жағдайда қолданылады. Компенсациялық баждар мынадай жағдай-ларда қолданылады: субсидия пайдаланылған тауар әкелген жағдайда, өндіргенде немесе экспорттағанда; кеден территориясы сыртына тура немесе жанама түрде субсидия пайдаланылған тауар шығарғанда, өндіргенде.

Импорттық-кедендік баж жүйесі ұлттық өндірісті шетел өнімінің экспан-сиясынан қорғайды.

Валюталық ресурстар - қаржылық ресурстардың құрамдас бөлігі және орта-лықтандырылған (мемлекеттік), орталықтандырылмаған (кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер ресурстары) болып бөлінеді.

Валюталық ресурс көздері: экспортталған өнімнен түскен валюталық түсім; ке-дендік баждар; шетел валютасымен төленген төлемдер; келісім, мәміле, келі-сім-шарт және сыртқы экономикалық сипаттағы басқа операцияларға қатысу-шы шетелдіктер төлеген салық, бонус, роялтиден түскен түсімдер; шетел валютасымен төлеген кезде валюталық заңдылықтардың бұзылғаны үшін төленген айыппұлдар мен өсімпұлдар; шет мемлекеттердің, банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері мен займалары; гранттар және қайтарымсыз көмек.

Валюталық ресурстар үкіметтің құзырына орталықтанып, төмендегідей бағыттарда қолданылады:

- «валюталық интервенцияны» жүзеге асыру үшін Ұлттық банк;

- займа туралы келісім-шартта белгіленген мерзімде өтеу кестесіне сай қа-рызды өтеу; халықаралық ұйымдарға мүшелік жарнаны төлеу; елшілік, консул-дық, өкілдіктердің жұмысын қаржыландыру үшін Қаржы министрлігі;

- мемлекет қажеттілігін қанағаттандыру, яғни импорт бойынша тауарлар мен алғашқы қажеттілік заттарын; шикізат пен жанармайды; техниканы орта-лықтандырған түрде сатып алу үшін Үкіметтік органдар;

- коммуналдық шаруашылық, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қамтама-сыз ету, жергілікті инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті басқару органдары.

Төлем балансы — бұл белгілі ел белгілі уақыт ішінде шетелде төлеген тө-лемдер мен шетелде алынған түсімдер сомасының қатынасы. Оған төмендегі бөлімдер кіреді: - ағымдағы шот (сауда балансы) экспорттық және импорттық операциялар, жүк пен жолаушылар тасымалы қызметтері, байланыс, туризм қызметтерін көрсетеді; - капиталмен және қаржымен жасалатын операциялар шоты (капитал есебі) тура шетел имвестициясы немесе капиталдың шетелге кетуін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы экономикалық қызмет түрлері қандай және оларға сипаттама беріңіз.

2. ҚР-дағы СЭҚ-тың алатын орны.

3. Салықтық және кедендік реттеу жайлы айтыңыз.

4. Қазақстанда қандай баждар қолданылады?

5. Қазақстанның төлем балансы туралы айтыңыз.



Тақырып 15. Қаржы және инфляция
1. Қаржы мен инфляцияның өзара байланысы және өзара әрекеті. Инфляцияны өлшеу

2. Инфляцияның түрлері мен типтері.

3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
Инфляция – бұл тауар мен қызметке баға жалпы және теңсіздікте өсетін жағдайда байқалатын, ақшаның құнсыздауы. Инфляция кезінде қоғамдық ұдайы өндіріс процесі мен артық ақшаның шығуы арасындағы диспропорцияға байла-нысты ақша айналыс заңы бұзылады. Ақшаның құнсыздануына ықпал ететін фак-торлар: айналысқа артық ақшаның шығуы; үкіметке сенімнің болмауы.

Инфляция қаржы мәселелерімен байланысты, себебі инфляции құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді: белгілі салық формалары мен әдістерін қолдану; мемлекеттік бюджет арқылы инфляциялық сипаттағы шараларды қар-жыландыру көлемі; мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу тәсілдері; мемлекет-тік қарыз мөлшері. Инфляция сипаты мен оның әрекеті 10-суретте көрсетілген.

Қаржы және инфляция өзара байланысты: қаржы инфляциялық процес-терді жеделдетсе, инфляция қаржылық қатынастарға ықпал етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның өсуі бюджет шығындарын өсіріп, мемлекеттің нақ-ты табысын азайтады, салықтың ауыртпалығын күшейту қажеттілігін тудыра-ды, мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты мемлекеттік қарызды өсіре-ді. Инфляция қарқынының жоғары болуы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен займалар белгілі уақыт өт-кенде түседі. Сондықтан құнсызданады. Сәйкесінше мемлекеттік қарыз мәселе-сі шиелене түседі. Өйткені мемлекет қарыз тарту үшін өз бағалы қағаздарының түсімділігін ссудалық пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр. Осыған бай-ланысты мемлекеттік қарыздың номинал құны өседі.




Инфляция себептері:
Қоғамдық өндіріс диспропорциясы

Экономиканы монополияландыру

Айналымға артық ақша шығару

Мемлекеттік бюджет тапшылығы

Үкіметке сенбеу

Көріну формалары
Ақшаның құнсыздануы

Ұлттық валюта курсының құлдырауы

Төлем дағдарысы

Алтынның нарықтық баға-сының өсуі



Салдары
Халықтың, шаруашылық субъектлерінің, мемлекеттің нақты табыстарының қысқаруы

Инвестицияның қысқаруы

Ғылыми-техникалық прогрестің тұйықталуы

Экономиканы басқарудың нашарлауы



Инфляция түрлері
Тұрақты

Галопирленген

Гиперинфляция

Теңестірілген

Күтілмеген

Импортталған

Экспортталған

Сатылық


Жасырын

Басым


Инфляция типтері
Сұраныс (тұтынушылар) инфляциясы

Шығын (өндірушілер) инфляциясы водителей)


Сурет 10 – Инфляция сипаттамасы және оның әрекеті




Инфляция баға индексімен, яғни тұтынатын тауарлар мен қызметтер жиын-тығының сомасы мен базалық кезеңдегі сондай жиынтықтың сомасы қатынасы-мен анықталады (салыстыру үшін тауарлардың ұқсас жиынтығын таңдап алуға болады). Инфляция түрлері: бағаның өсу қарқыны бойынша (тұрақты, галопир-ленген, гиперинфляция); баға өсімін теңестіру дәрежесі бойыша (теңестірілме-ген, теңестірілмеген); шыққан орны бойынша (импортталатын, экспорттала-тын); болжау дәрежесі бойынша (күтілген және күтілмеген инфляция).

Инфляция типтері: сұраныс инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) жә-не шығын инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

Инфляцияның көріну формасы – ақшаның құнсыздануы сәйкесінше өнім, тауар мен қызмет бағасының өсуімен өрнектелген, олардың сатып алу құнының құлдырауы.

Инфляцияға қарсы саясат: бейімдеу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімдеу (табысты, жалақыны, пайыздық ставкаларды, инвестициян индекстеу шараларын қолдану); компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімді жобаларды іс-ке асырады, жеке тұлғалар қосымша табыс көздерін іздестіреді, т.б.; инфляция-ны азайту немесе басу бойынша инфляцияға қарсы шаралар өткізу.

Инфляцияға қарсы фискальдық саясат салықты көбейту, мемлекет шығын-дарын азайту, соның негізінде мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету жолымен жүріледі.

Салық саясаты инфляция жағдайында өзара байланысты, бірақ қарама-қай-шы екі мәселені шешеді: біріншіден, мемлекеттік бюджетті теңестіруге және тапшылықты жоюға қол жеткізу үшін оның табысының деңгейін көтеру; екін-шіден, өндіріс және айырбас сферасында экономиканың алдыңғы қатарлы зве-ноларының экономикалық белсенділігін жандандыру.

Салықтық инфляцияға қарсы саясат жанама салық салуды қысқартуды біл-діреді. Жанама салықтар инфляциялық сипатта болады, себебі бағаны артты-рып, сұранысты азайтады. Жоғары салыққа ықпал етудің екінші аспектісі олар-дың өндіріске көрсеткен қысымы болып табылады, өйткені ұсынысты шектей-ді. Үшіншіден, айтарлықтай салықтық ауыртпалық әдетте, салық жүйесін күр-делендіретін көп түрлі салықтың әрекетімен байланыстырылады, ол салықтан қашуға әкеп соғады. Сондықтан инфляция жағдайында тұтынуға салық салуға бағытталған жеңілдік шарттарымен қиындатылмаған қарапайым және сенімді салық жүйесі болғаны жөн. Бұл талаптарға мүлік құнына байланысты жоғары дәрежеде дифференцияланған ставкасы бар табысқа салынатын салық және мү-ліктік салық сәйкес келеді.

Мемлекеттік шығындарды қысқарту ол процестің бюджеттік сфераға да, мемлекеттік шаруашылық субъектлерге қатысты материалдық өндіріс сферасы-на да қолданылады. Мұнда соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфля-цияның екінші құраушыларына – шығын немесе өндірушілердің инфляциясына қатысты болып келеді. Сондықтан олардың ықпалы жеке-жеке қарастырылады. Мұнда инфляцияның екі түрі мен себептері мен қарама-қарсы әрекеттің кешенді тәсілдерінің өзара байланысы байқалады.

Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі бюджеттік шығындардағы негізгі бағыт – барлық статьялар бойынша оларды ең жоғары мөлшерге дейін қысқарту. Әрине, зейнеткерлерді, оқушыларды, табысы шектеулі жұмыскерлер-ді қорғау бойынша өмірлік маңызы бар әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

Сыртқы экономикалық қызметті көрсететін төлем балансы тұрғысынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсарту, импорттық та-уарлар мен қызметтердің ішкі сұранысын отандықтарына ауыстыру есебінен сыртқы сұранысқа қатысты экспорттық өндіріс икемділігін арттыру. Бұған нақ-ты деңгейде валюталық курсты бедгілеу саясатын өткізу, инфляциялық белсен-ділік кезеңінде сауда және валюталық шектеудің рационалды үйлесім табуы, инфляция қарқынын азайтқан кезде сыртқы экономикалық қатынастарды либе-ралдандыру жолымен қол жеткізіледі.Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының өмендегенін көрсетеді. абысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы мен инфляцияның өзара байланысы қандай?

2. Инфляцияның қандай түрлері бар?

3. Инфляцияның типтеріне сипаттама беріңіз.

4. Мемлеке инфляцияға қарсы қандай саясат жүргізеді.

Студенттердің білімін тексеру үшін тест тапсырмалары.

1. Қаржы туралы алғашқы еңбектің авторы кім?

A) Ксенофонт

B) Ж. Боден


C) Аристотель

D) Вознесенский



E) Демокрит

2.Аристотельдiң қандай еңбегiнде қаржы облысы жөнiндегi оның көзқарасы қарастырылған?

A) Республика жөнiндегi алты кiтап

B) Афиндiк республиканың кiрiсi жөнiнде

C) Халық байлығының себебi жөнiнде

D) Афиндiк мемлекеттiк құрылыс

E) Капитал

3. Қаржының арнайы белгiсiне не жатады?

A) қор формасының бар болуы

B) құн қозғалысының эквивалентсiз сипаты

C) құн қозғалысының эквиваленттiк сипаты

D) қаржылық қатынастарда әрекет етудiң тәсiлi ретiндегi әдiстер, мiндеттi сипаттамаға ие болады

E) қаржылық қатыастар өзiнiң негiзiнде бөлiну болып табылады

4. Қандай экономикалық категория нәтижесінде ұдайы өндіріс процесіне қатысушылар-дың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ақшалай табыстары, жинақтары мен қорлары қалыптасып, қолданылатын қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесінде туындайтын, ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы ретінде сипатталады?

А) несие

В) таза табыс

С) салықтар

D) қаржы


Е) жалпы табыс

5. Кірістер мен жинақтардың қалыптасу, ақша қорларын құру және пайдалану процестері ненің объектісі болып табылады?

А) қаржылық бақылау

В) мемлекеттік несие

С) қаржылық жоспарлау

D) қаржылық болжау

Е) аудиторлық бақылау

6. Бөлу және қайта бөлу процесі арқылы қоғамдағы ақшалай қатынастардың айтарлықтай бөлігін қамтитын экономикалық категория не деп аталады?

А) ақша

B) несие


C) қаржы

D) бюджет

E) салық

7. Қаржылық жүйенің әр саласы өз міндеттерін иеленеді. Бұл қаржылық жүйенің қай қағидасы?

А) біртұтастық қағидасы

B) жалпы ұлттық қағидасы

C) дербестік қағидасы

D) ұйымдастыру қағидасы

E) дұрыс жауабы берілмеген

8. Қаржының негізгі қызметтерін көрсетіңіз.

А) бөлу, қайта бөлу

B) реттеу, жоспарлау

C) жоспарлау және болжау

D) бақылау, жоспарлау

E) бөлу және бақылау

9. Материалдық шығындарға не жатады?

A) амортизациялық төлемдер

B) таза табыс

C) халықтан алынатын салық

D) әлеуметтік салық

E) трансферттер

10. Қаржылық ресурстардың анықтамасын таңдаңыз.

A) жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлген және қайта бөлген кезде мемлекет, кәсіпорын, бірлестіктер қалыптастыратын ақшалай жинақтар

B) ұлттықтабысты бөлу және қайта бөлудің бірыңғай процесі

C) қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге бақылау жасау кезінде көрінеді

D) қаржылық қатынастарды басқару тәсілдерінің жиынтығы

E) ақша-қаражаттарының мақсатты қорлары қаржылық қатынастардың негізі болып табылады

11. Қаржының мәнін не анықтайды?

А) қаржылық механизм

B) қаржылық жүйе

С) елдегі саяси жағдай

D) оның қызметтері

Е) елдегі экономикалық саясат

12. Ақшаның негізгі қызметтерін көрсетіңіз

А) бөлу құралы, жинақтау құралы

B) экономикалық категория, табыс, еңбек ақы

C) құн өлшемі, дүниежүзілік ақша, төлем құралы

D) айналыс құралы

E) қаржылық есеп айырысу құралы, айналыс құралы

13. Қаржыны басқару, жоспарлау, ұйымдастыру әдiстерi, формалары мен түрлерiнің жүйе-сi не деп аталады?

A) қаржылық механизм

B) қаржылық жүйе

C) қаржылық бақылау

D) қаржылық қатынастар

E) қаржылық құрылым

14. Қаржылық жүйені ұйымдастырудың неше қағидасы бар?

A) 3

B) 2


C) 5

D) 8


E) 4

15. Белгілі мақсаттарға арналған ақша-қаражаттары

A) қаржылық қорлар

B) қаржылық резерв құру

C) коммерциялық ұйымдар

D) мемлекеттік бюджеттер

E) мемлекеттік ресурстар

16. Қаржылық жүйе дегеніміз...

A) қаржылық қатынастарға басқару формасын беретін өза-ра байланысты сфералар, ақша-қаражаттар қорлары мен басқару аппаратының жиынтығы

B) орталықтандырылған қаржылық органдар арқылы мемлекет жүргізетін бірыңғай саясат

C) бірыңғай құқықтық базаға негізделген құқықтық базалық әдістер

D) бірыңғай мақсат арқылы анықталатын жүйе

E) мемлекеттің аймақтық қаржылық қатынастарымен анықталатын жүйе

17. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі неде?

А) санмен көрсетілетіндігінде

B) мемлекетпен бақыланатынында

C) ақшалай формада жүзеге асырылатындығында

D) натуралды формада жүзеге асырылатындығында

E) жоспарлаусыз мүмкін еместігінде

18. Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны:

А) экономикалық заңдардың қызметі, экономика жағдайын, келешекті зерттеу негізінде елде қаржыны дамытудың ғылыми негізі бар тұжырымын жасау

B) экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне сай қаржылық саясат-тың стратегиялық және тактикалық шараларын қалыптастыру

С) экономикалық заңдар әрекетін ескере отырып, қоғамның даму міндеттеріне сай қаржыны жоспарлы түрде ұйымдастыру

D) экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне байланысты қаржылық механизм арқылы белгіленген әрекеттерді тәжірибеге енгізу

Е) салалардың, аудандардың және елдің даму келешегін анықтау

19. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың тепе-теңдігін, кіріс пен шығын байланысын не қамтамасыз етеді?

А) ұйымдастыру

B) қаржы


С) жоспарлау

D) жауапкершілік

Е) жою

20. Үй шаруашылығы бюджетін қандай ресурстар құрайды?



А) материалдық ресурстар

B) қаржылық ресурстар

С) табиғи ресурстар

D) еңбек ресурстары

Е) дұрыс жауабы берілмеген

21. Әлеуметтік трансфертті көрсетіңіз.

А) акция және басқадай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен ұтыстар

B) жеке шаруашылықтан алынған азық-түлік өнім-дерін сатудан, көрсетілген қызметтерден түскен табыс

С) алименттер

D) зейнетақы

Е) туыстар мен таныстардан түскен түсімдер

22. Салық салудың әділдік қағидасы деген не?

А) салық анық болуға тиіс

В) салық жүйесі ҚР барлық территориясындағы барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай болып табылады

С) нормативтік құқықтық актлерді ресми баспаларда міндетті түрде басу қажет

D) салық төлеуші бекітілген мерзімде толық көлемде салық міндеттемесін орындауға міндетті

Е) ҚР - дағы салық төлеу барлығына ортақ және міндетті болып табылады

23. Баж деген не?

А) салық

В) салық төлеушiлердiң садақасы

С) арнайы өкiлеттi органдар әрекет жасағаны үшiн алынатын ақшалай алымдар

D) басқа мемлекеттерге берiлетн iзгiлiк көмек

Е) салық жеңiлдiктерi

24. ҚҚС салу объектісі

А) қосылған құн

В) салық салынатын айналым және салық салынатын импорт

С) акциз салынған құнның бөлігі

D) көрсетілген қызметтер

Е) интеллектуальдық меншік объектілері

25. Мемлекеттік қаржы құрамына төмендегілердің қайсысы кірмейді?

А) мемлекеттік бюджет

B) бюджеттен тыс қорлар

С) мемлекеттік несие

D) кәсіпорын және ұйым қаржысы

Е) үй шаруашылығы қаржысы

26. Мемлекеттiк кiрiстер жүйесi не арқылы анықталады?

А) елiмiздiң халықтар саны

В) тауарлы-ақшалай қатынастардың даму деңгейi

С) кәсiпорын есебi

D) шаруашылық субъектiлер саны

Е) еңбекке қабiлеттi халықтар саны

27. Әр түрлі деңгейдегі бюджет орталығына жататын ұлттық кіріс бөлігі не деп аталады?

А) бюджет кірісі

В) кәсіпорын кірісі

С) үй шаруашылығының кірісі

D) бюджеттен тыс қорлар кірісі

Е) шаруашылық субъектілерінің кірісі

28. Бюджет кірісіне төмендегілердің қайсысы жатпайды?

А) салықтық түсім

В) салықтық емес түсім

С) арнайы алынған трасферттер

D) капиталмен жасалған операция кірісі

Е) үй шаруашылығының кірісі

29. Төменде аталғандардың қайсысы ҚР бюджет құрамына кірмейді?

А) республикалық бюджет

B) жергілікті бюджет

С) облыстық бюджет

D) аудандық бюджет

Е) муниципалдық бюджет

30. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры қандай қызметті орындайды?

А) жинақ және тұрақтандыру

В) ынталандыру және қайта өндіру

C) ынталандыру және бөлу
D) экспорттық және бөлу
E) ұйымдастырушылық және қайта өндіру

31. Белгілі ақы төлегені үшін уақытша пайдалануға тауар және ақша формасында берілетін, мемлекет аралық экономикалық қатынастар сферасындағы елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы не деп аталады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет