Үкімет отырысынан кейінгі брифингте су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов көлік жуу орындары үшін су тарифі еселеп көтерілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Фото: pexels.com

"Қазақстанда жалпы су ресурстары көлемінің небәрі 1,3%-ы ғана ауыз суға пайдаланылады. Яғни, бұл 1,3 шаршы шақырым су деген сөз. Сараптама жасаған кезімізде шамамен 200 миллион шаршы шақырым суды техникалық қызмет көрсету стансаларының автокөліктерді жууға шығындайтынын анықтадық", – деді министр.

Министрдің айтуынша, ауыз суды басқа қажетіне пайдаланатындарға тариф көтеріледі.

  • "Орталық Азияда су үшін соғыс басталуы мүмкін": Депутат дабыл қақты

  • "40% су ысырап болуда": Смайылов суды ұқыпты пайдалануға шақырды

"Қазір біз Су кодексінде қандай да бір аралық норма қарастырғымыз келеді. Әзірге нақтылаған жоқпыз, талқылап жатырмыз. Техникалық қызмет көрсету стансаларында ауыз суды пайдаланатын кәсіпкерлер белгілі бір уақыт аралығында автомобиль жууға қолданған суды тазалайтын жабдық орнатуға тиіс. Суды қайтадан пайдалануы қажет. Екінші мәселе – тариф бойынша шешеміз. Демек, ауыз суды басқа қажеттілікке пайдаланатындарға тариф әлдеқайда жоғары болады", – деді Нұржан Нұржігітов.
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.