Армысыздар,ќўрметті ата-аналар,бїлдіршіндер жјне ќадірменді балабаќша ўжымы



жүктеу 47.96 Kb.
Дата19.12.2017
өлшемі47.96 Kb.

Тәуелсіздіктің - ақ таңы.

Балалар музыка әуенімен сап түзеп жүреді.



Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар,балалар және әріптестер! Бүгінгі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздіктің ақ таңы » атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қуан халқым қуанатын күн бүгін, Серпіп тастап мұнда жүрген түндігім

Шарықтайық , шаттанайық , тынбайық .Тәуелсіздік күнін бірге тойлайық .

Жүргізуші: Ән ұраным- жан ұраным , Айтар әнім, сөйлер сөзім Мәңгі бақи шырқалады , Республика әнұраны

Бүгінгі ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Гимнімен бастаймыз.


Жүргізуші : Тәуелсіздік тарихы туралы сөз .

Слайд көрсетіледі: «Лазерный шоу»

Жыр-шумақтар.

Арай . Дарина

Ел тарихын саралар Шарықтатып шат әнін

Ұлы мейрам саналар Тіккен дербес отауын,

Бүгін бізде қандай күн ? Айтып берер кім енді?

Кім айтады балалар. Республика атауын.

Аруна . Қ. Архат

Қуаныштан жанған күн Отан- сенің ата - анаң

Бүгін бізде ұлы той Отан -сенің бауырың

Егемендік алған күн Отан -өлкең астанаң

Тәуелсіздік күні ғой Отан -туған ауылың

Мағжан Нұсезім

Тіріліп ата салтымыз , Шертер бізге сан аңыз

Шаттанса бейбіт халқымыз Отан байтақ даламыз.

Өз алдына ел болып Отан сөзін аялап

Әлемге жетті даңқымыз Қастер тұтқан бабамыз
Ән: «Ел қорғауға әзірміз »орындайтын ұлдар тобы.
Ойын: «Шаңырақ»
Көрініс : «Үш би»

Жүргізуші:Тарих парақтарына көз жүгіртетін болсақ,еліміздің бірлігін сақтаған,үш кемеңгер дүлділдер өткен өмірден.Олар-қазақта қара қылды қақ бөлген Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би. Ендеше осы билеріміздің аталы нақыл сөздерін тыңдайық .

Күй әуенімен үш би келеді.

Қазыбек би: / Ақылжан / Біз қазақ мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,-найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Әйтеке би: / Мерей / О,Ұлы халқым!

Биікке шықсаң жолың ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң,көзің ашылады.

Менің балаларға айтпағым: Ашу деген ағын суалдан ашсаң арқырар,

Ақыл деген дария,алдын тоссаң тоқырар.

Төле би: / Ғибрат/ Уа,халқым,сөз қадірін білесің,

Жаңбыр жаумаса- жер жетім,

Басшы болмаса-Ел жетім

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

Жүргізуші:Билесе тал шыбықтай мың бұралған,

Ақылына көркі сай сай тауып талғам.

Өздері де сүйкімді жарасымды,

Өзіндік бір үйлесім тауып алған.


«Көңілді ленталар» орындайтын: қыздар тобы.
Күй әуенімен Алтын Адам келеді .
Жыр-шумақтар.
Арлан Ляйсан

Туған жерің ата - анаң Толтырған гүлге даланы

Отаным деп атаған. Жайнатқан ауыл қаланы

Отан- досың туысың Ардақты ата- мекенім

Отан -алтын босағаң Отаным -Қазақстаным .

Ділназ Санжар

Отан- туған өз елің Қуат алған өзіңнен

Айдын көлің өзенің. Туған елдің ұлымын.

Мирас еткен бабалар Бақытты етіп өсірген

Қорғап әрбір кезеңін . Отанымның гүлімін

Жанайым Нұрсұлтан М.

Ауасы дауа суы бал , Отан- тарих отан тіл

Аққан желдей жыры бар. Туған елің өз халқың .

Қазағымның тәуелсіз Отан- өлең отан жыр,

Елтаңбасы туы бар. Көтерген көкке ел даңқын.
Ән «Астана»
Ойын: «Кім жылдам?»
Жыр-шумақтар.

Алдияр Мирас

Тәуелсіздік жолында Надан болған бабаң деп,

Талай – талай тер тамған. Айта алмайды енді ешкім .

Билігім өз қолымда , Тәуелсіздік маған кеп

Еркіндігім елтаңбам. Қолын берген сөнбес күн.

Рамазан Дамир

Отан жерім отан суым Отан туған әніміз

Отан қуат нәр береді Сүйіп өскен жеріміз

Отан ұран отан туым Қасиетті отанның

Отан мәңгі гүлденеді Ұланымыз бәріміз

Нұралы:

Нұрсұлтан Гүлденсін елім гүлденсін

Бақыт елі бұл отан Танымастай түрге енсін

Бәріне де иемін Болашақтың төріне

Біздің отан ұлы отан Елу елмен бірге енсін

Ұлы отанды сүйемін
Би: «Жалауша»
«Алтын адам» қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші : Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Егеменді елдің ертеңгі иесі біздің бүлдіршіндер . Балалары бақытты елдің ертеңі жарқын.Олай болса,бүлдіршіндеріміздің орындауында

«Егемен ел-Қазақстан» атты әнін тыңдаңыздар .

Жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс

Тәуелсіздік жеткен бізге жылы ағыс

Егемендік ел бақыты ертеңі

О , халайық құтты болсын қуаныш .

Міне,осымен Қазақстанның Тәуелсіздік алған мерейлі күніне арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы »атты ертеңгілімізді аяқтаймыз. Әрқашан күн сөнбесін,аспанымыз ашық болсын,заманымыз тыныш болсын,тек Қазақстанда ғана емес,бүкіл әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын . Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет .

«Қызғалдақ» тобының мерекелік

бағдарламасы .
Есікке жауапты – Оспанова К.Т.

1. Марш

2. Құттықтау сөз

3. Гимн

4. Тәуелсіздік тарихы туралы сөз

5. Слайд

6. Тақпақ

7. Ән ұлдар «Ел қорғауға әзірміз»

8. Ойын балалармен

9. Көрініс үш би Қазбек , Әйтеке,Төле . /Дүбірбева Н.К./

10.Би «Лента» барлық қыздар билейді ./Күдерина А.Қ./

11.Алтын адам келеді / Бейсенова А.Т. /

12.Тақпақ

13.Ән «Астана» қыздар айтады

14.Ойын ата - аналармен

15.Тақпақ

16.Би «Жалауша » ұлдар

17.Алтын адам кетеді

18.Ән «Егемен ел » топпен .

19. Қоштасу сөзі .

Ақбота балабақшасы

«Тәуелсіздіктің ақ таңы »

мерекелік ертеңгілік

«Қызғалдақ» ортаңғы тобы .

Тәрбиешілер : Қайралапова Қ.Ш.



Мырзакеримова А.Н.

Арқалық қаласы
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қалалық көркемсурет лицейі – юнеско клубы «Графика және оның түрлері»
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Кинотеатрға барамыз. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> Сабақ№ Сыныбы Күні
lessons -> Сабаќ жоспары бекітемі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
lessons -> Ќайырбек Оразов атындаѓы
lessons -> «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
lessons -> Диктант 5 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет