Қарттар күні мен ұстаздар күні



Дата27.03.2019
өлшемі74.5 Kb.
#74998

Тақырыбы: «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА»

І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар!

ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,

III жүрг: Қажымас қайрат,

ІV жүрг: Шығармашылық табыс,

Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

ІI жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
І жүрг: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей.

Әр баланың жүрегінен жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
ІІ жүрг: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Е л баласын оқытады,ой Алла-ай.
III жүрг: Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректегі көретұғын көзім бар.
ІҮ жүрг: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен,түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.
І жүрг: «Ұстаз»ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

ІІ жүрг: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектеп директоры Жақсымбетова Сәуле Әділбайқызын шақырамыз.
III жүрг: биші қыздарыңыз Алтынайдың орындауындағы «Қазақ»биін қабыл алыңыздар!
ІҮ жүрг: Ия, ұрпаққа айтар ақылы,көрсетер өнегесі бар,аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері,мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.Сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы-ұлы жол.Ендеше сөз кезегі өздеріңізде.---------------------Зейнеткер ұстаздар:-------------------------------------------------------------------

Апай кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?

Сіздерге көп рахмет.аяулы да мейірбан ұстаздар.Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.
І жүрг:Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам.Ұстаз жайлы айтылар сыр да,жыр да көп.Ұстаз сенімін ақтау адамгершіліктің белгісі.Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін:жауаптылық,қажырлылық,білімділік,жүректілік,сүйіспеншілік,сабырлылық керек екен.
II жүрг: Сіздердің құрметтеріңізге Әділет пен Дананың орындауындағы «Мереке»әнін қабыл алыңыздар!
ІІІ жүрг:

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
ІV жүрг: Әзіл қалжың отауы. Ұстаздар өмірінен

Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс,жазушы,сот,бастық,сылақшы,майлаушы немесе еден сыпырушы болуды армандамайды.Өйткені:
Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі отыратын жұмыс үстелі қарамағында 30-40 оқушысы бар кішігірім бастық емес пе, ашса алақанында жұмса жұдырығында дегендей ұрыс төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауында бір өзі шешіп отырады.
Әр мұғалім өз сабағының шебері яки режисері көбінесе басты рольде де өзі ойнайды.Әртіс демей көр кәне.Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
Бір тыным жоқ.Кабинет тазалығы да өз мойнында.Демек майлаушы да сылаушы да өзі.Безендіруші де өзі.
Жазушыларға келер болса тіпті кейбір жазушыларымыз да,мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
Соңғы кезде бухгалтер мен кассир да өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса екі-үш айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
І жүрг: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз,жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында
Сіздердің құрметтеріңізге 10 «А»сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым»әнін қабыл алыңыздар!
ІІ жүрг: «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.

Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,

Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп

Зердемізге құятын,

Бар ізгілік бойларына сыятын.

Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,

Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.
Сіздердің құрметтеріңізге Жұманияздың орындауындағы Ф.Оңғарсынованың өлеңі «Ұстаз»қабыл алыңыздар!
ІII жүрг: Қиындыққа кезіксең көп асу да,

Қанша терің төгіліп жол ашуға.

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Түсіндірме сөздік:

Каникул—жылдың ең қысқа күндері
Күнделік-үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика—мен түгіл әкемнің тісі бата бермейтін «жаңғақ»
Дос—бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз я ұл.
Сабақ—үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут
Спорт секциясы—әжеме айтатын басты сылтауым.
«Апайға айтам»--қыздардың негізгі қаруы.
ІV жүрг: Менің балғын қиялымды тербеткен,

Құшағымды алыстарға серметкен.

Айта аламын жұрт алдында қысылмай,

О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.
Сіздердің құрметтеріңізге Сұлтанның орындауындағы «Әке»әнін қабыл алыңыздар!
І жүрг: «Ұста»з ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәлім-тәрбие беріп жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.

Құттықтау үшін сөз кезегін мектебіміздің жас мұғалімдерін шақырамыз.

Олар: Айгүл,Жакупова Әсем,Кешубаева Рауан,Еркінбек Ақмарал.Катпиева Жанар апай.
Айгүл апай сізге бір сұрақ қойсақ,Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?Жүрек қалауымен бе,әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
Әсем апай, «Ұстаз болу жүректің батырлығы»дейді,осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
ІІ жүрг: Сіздердің құрметтеріңізге 10 «А»сынып оқушыларының орындауында «Жаса ұстаз»әнін қабыл алыңыздар!
III жүрг: биші қыздарыңыз Алтынайдың орындауындағы «Үнді»биін қабыл алыңыздар!

Сіздерің алдарынызда мектебіміздің 10 а сынып улдарынан кұралған АЛАШ Ордасы тобын Ұстазым әнімен алдарынызға шақырамыз.
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Аралатқан ғалымдардың мол бағын,

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

Көрген сайын жанарыңнан оқимын,

Ізгілік пен парасаттың жолдарын.

Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –

Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
Махабатты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:

Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

:

... Кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары.

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,

Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Жаксымбетова Сәуле Әділбайкызына беріледі:

І жүрг: «Ұстазға»
IVжүрг: Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға

II жүрг:Түменбаева Қымбаттың орындауында « »әні

Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек».Байқайсыздар ма, бұл сөзден біз Қарылға апайдын бейнесін көреміз.

IV жург; Қарылға апай – мектепте орны бөлек,

Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.

Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Жел жағымда тұратын сен бәйтерек.

Сіздердің құрметтерінізге мектебіміздің әншілері Түменбаева Қымбаттың және Рысбек Сұлтанның орындауында

« » әнің сіздерге арнаймыз.
ІII жүрг: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәлімгерлерімізге біздің қонақтарымызға бас иеміз.

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. –

І жүрг: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім», - деген екен Ғ.Мүсірепов. Сондай ұстазымыз Әсем апай және Ғалия апай.
Нұр көңілін балаға төккен ұстаз,

Төбемізді жеткізеді көкке біздің.

Қимастықпен қарайды Ғалия апай,

Ұмытқандай бұрынғы өкпелерін.
Арамызда ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Әсем апай бізбен жүрсе,

Батырларша батылданам
Төлегенова Алтынайдын орындауында үнді биі
IV жүрг: Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,

Білімдік – бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
«Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін», - деп математика пәнінің ұстаздарын зор ілтипатпен төрге шақырамыз.__________________________________________________________________________________________________

(Музыка ойнап тұрады, қол шапалақтап қарсы алады, жаңа келген мұғалімдер сахынаға шығып, құттықтау лебіздерін жолдайды, өздердән таныстырады).

КВН «10 а сынып оқушылардының орындауында »
ІII жүрг: Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы ісімді мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Өнерімен шаттардынған,-дей отырып құрметті _____________________________________ортаға созге шақырамыз
ІV жүрг:

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері өз еңбектеріңідің жемісін тамашалаңыздар.Жұмаділов Жұманияздын орындауы барша ұстаздарға арналады

III жург:Мектебіміздің білім жөніндегі орынбасары Апирова Бақыт Ешеевнаға сөз беріледі

І жүрг: Биік сенің ұстаздық қасиетің,

Мінезің жоқ қиынға бас иетін.

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,

Жадымызда сақталар өсиетің, -дей отырып, келесі орындалар би сіздер үшін.

Төлегенова Алтынайдын орындауында би_________________

II жург:Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «ҰСТАЗЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ» атты мерекелік кешіміздің аяулы ұстазы Аюпова Гульнар Садыковнаға соз беріледі

ІІ жүрг:Мектебіміздің вокалды ансамбілі сақынаға шақырамыз.

І жүрг: Сәуле апай – мектепте орны бөлек,

Сүйеді шәкіртіңіз сізді ерек.

Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Әрқашан аман болып жүрсін дер-ек
III жург: Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

II жүрг:Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың

IV жүрг: «Ұстазға»

Менің балғын қиялымды тербеткен,

Құшағымды алыстарға серметкен.

Айта аламын жұрт алдында қысылмай,

О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Аралатқан ғалымдардың мол бағын,

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

Көрген сайын жанарыңнан оқимын,

Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
ІII жүрг: Мерекелік құттықтау сөз «Рахым Сәрсенбин»атындағы мектептің зейнеткер ұстазы _________________________ беріледі

ІVжүрг: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

. II жүрг. Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын, тойларыңа тарту ете.

Шәкірттердің сәлемін қабылдаңдар

IV жүрг: РЫСБЕК СҰЛТАННЫҢ орындауында « »әні

I жүрг: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп

Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

«Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін», - деп биылғы оқу жылында ортамызға жаңа келген ұстаздарымызды зор ілтипатпен төрге шақырамыз.Олар_____________________________________________________________________________________________________ (Музыка ойнап тұрады, қол шапалақтап қарсы алады, жаңа келген мұғалімдер сахынаға шығып, құттықтау лебіздерін жолдайды, өздердән таныстырады).

ІII жүрг: Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,

Білімдік – бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
ІV жүрг: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!

Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
І жүрг: Ұстазым – саф алтын, діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін.

Бүгінгі мереке күніне

Сәл ғана құрметім бұл менің.

III жүрг: Төлегенова Алтынайдын орындауында үнді биі

ІІ жүрг:Аяулы да ардақты,

І жүрг: байсалды да салмақты,біздің сүйікті ұстаздарымыз

ІІ жүрг: . Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін!

І жүрг:Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін.

ІІ жүрг: «ҰСТАЗЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ» атты мерекелік кешіміз аяқталуға жақын
АЗИЗОВ РАФИЗАНЫҢ ОРЫНДАУЫНДА ұстаз өлең жлдарын қабылалыңыздар.


IV Жүрг: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың
Бірге : Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет