«Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі



жүктеу 68.54 Kb.
Дата30.10.2017
өлшемі68.54 Kb.
түріСценарий

«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»

АТТЫ АТАЛАР МЕН ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫНЫҢ ӨТКІЩІЛУ СЦЕНАРИЙІ





Музыка ойналып тұрады.

Флеш-фильм көрсетіледі.

Жүргізуші:

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың Ұлы күні келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Наурыз – көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Тәжіктер мұны Гүлнавруз, татарлар Нардуган, өзбектер Новруз, гректер Патрих деп атаған. Шығыс күн парағы бойынша күн мен түн теңеледі де 22 наурызда Ұлыстың Ұлы күні басталады.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Осы наурыз мерекесіне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысына қош келдіңіздер.



Ән

Жүргізуші:

Сайысқа қатысуша қарияларымыздың бойындағы қасиеттері мен өнерлерін сайыс барысында байқайтын боламыз. Сондықтан да сайыскерлерді ортаға шақырсам:

Сағындықов Мұрат – Елемесова Алуа

Стукалов Петр – Горн Лидия

Адамбеков Жұмағазы – Кенжебаева Қуанышбек

Серикбаев Тоғайбай – Құсайынова Серікжан

Бажекеев Жұматай – Бажекеева кұлаш

Қаржанұлы Медеужан – Спанқызы Даркен


Жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар, - дегендей сайыстың әділ бағасын беретін қазылармен танысайық:



  1. Камбарова Бахыт Ариновна – ақылдастар алқасының төрайымы

  2. Ноғайбекұлы Мәден – зейнеткер

  3. Қызылбаева Гүлмара Қызылбайқызы - зейнеткер

Жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың негізгі шарттарымен таныстырып өтсем:

І. Таныстыру

ІІ. Салт-дәстүрден көрініс көрсету

ІІІ. Сандарға байланысты танымдық ойын

IV. Қолөнер сайысы


Жүргізуші:

Жұптар өз реттік саңдарыңызды таңдап алып, орындарыңызға жайғасып, дайындала беріңіздер




І. Таныстыру – 2 мин.

Жүргізуші:

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Ал енді ата менен апалар ортамызда,

Өздерін таныстырар осы жерде, - дей келе сайыскерлерге сөз кезегін ұсынамын (Реттік саңдарыңыз бойынша жұптар өздерін таныстырады)



Би

Әділқазылардың қойған бағасы

Жүргізуші:

ІІ кезең

Ата-салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым, - деп салт-дәстүрден көрініс тамашалауға шақырамыз. Бұл жерде алдын-ала таңдап алынған салт-дәстүрден көрініс көрсетіледі (5 мин.)





Отқа май құю – Қаржандар отбасы

Беташар – Телменбетовтар отбасы

Шашу – Горндар отбасы

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық


Жүргізуші:

Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей бесікке салу рәсіміне кезек берген дұрыс секілді (Серікбаевтар отбасы)

Баланы қырқынан шығару (Бажекеевтер отбасы)

Жүргізуші:

Біз атын қойған, қырқынан шығарған сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді. Соны тамашалайық (Сағындықовтар отбасы)

Жүргізуші:

Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер, - дегендей атамыз батасын берсін (Адамбектер отбасы)



Әділқазылар алқасына сөз беру

Ән

Жүргізуші:

ІІІ кезең

Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті сандарға байланысты танымдық ойынға берейік. Мына қоржыңда асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез-келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қойылады (1 мин.)



«3» саны

  • Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  • Үш жүзі атаңыздар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

  • Үш арыс (Сәкен, Бейімбет, Ілияс)

«4 саны»

  • Төрт қонақ түрі (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)

  • Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі – Ойсыл қара, жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, қой – Шопан ата, ешкі – Шекшек ата)

  • Төрт қымбат пе? (Алтың ұяң Отан қымбат,

Құт-береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)

«5» саны


  • Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  • Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  • Бес қаруға нелер жатады? (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

«6 саны»

  • Алты алаш деген кімдер? (Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан)

  • Алты қиынды атаңыздар

(Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың)

«7» саны


  • Жеті жұт (құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел)

  • Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі жұма, сенбі, жексенбі)

  • Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)

«8» саны

  • Киіз үйдің 8 құрамын ата (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық, тауырлық, басқұр, ши, түндік)

  • 8 зергерлік бұйымдарды атаңыздар (сақина, білезік, алқа, шолпы, сырға, балдақ, шашқап, қаптырма (камзол))

«10» саны

  • Он ата шежіресін таратып беріңіз (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жүрағат, жамағат)

  • Он түрлі сүт тағамдарын ата (уыз, айран, қатық, шалап, іркіт, қаймақ, құрт, ірімшік, сүзбе, май)

  • Он жан-жануардың төлдерін атаңыздар (түйе-бота, жылқы-құлын, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ, есек-қодық, киік-құралай, қоян-көжек, ит-күшік, доңыз-торай)

Әділқазылардың бағалары

Ән, би

Жүргізуші:

IV. Халқымның қолөнері аса көркем,

Қуанады, сүйсінеді оны көрген, -дей келе қолөнер сайсына да келіп жеттік. Бұл сайыста әжелеріміз оюдан композиция құрастырса, аталарымыз қамшы өреді. Берілген уақыт 5 мин.






Хлқымыздың тұрмыс тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді?! Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер сайысын қараңыздаршы, қандай керемет! Мұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрінісі емес пе?! Аталарымыз қамшы тоқыса, әжелеріміз оюдан құрақ құрауда.




Қамшы тоқу. Халқымыздың қолөнерінде ескіден келе жатқан әдемі де күрделі істредің бірі – қамшы өру. Оның да 3 таспа, 4 таспа, бестемше, 6 таспа, бұзау тіс, дырау, жылан бауыр, қос бұрым, сегіз қырлы егеуқұйрық, айыл жырым өрімі, қабырға, таңдай сияқты алуан-алуан түрлері бар. Ішіне өзек салып, алақанын тоқыма өрімімен жалпақтап келтірген дойыр, дырау, бұзау тіс, дембел қамшылар ұрған жерін кесіп түсетін өткір, сабы, алақаны, айдары алтын, күміс талшықтарымен бұралып, бунақталып өте сәнді келеді

Жүргізуші:

Сайыстың барысын қорытындылау үшін әділқазылар алқасын ақылдасуға шығарып салайық.

Ендігі кезекте жанкүйер көрермендерге берсем (қатысушы жұптардың балалары өнерлерін көрсетеді)



Жүргізуші:

Қорытынды

Сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз беріледі



ә/а сөйлеп, сыйлықтарды табыстайды

Жүргізуші:

Осымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысы өз мәресіне жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар!

Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba -> scenarii -> 24052016
24052016 -> Сценарий 1 жүргізуші: Қош келдіңіздер, қала қонақтары, балқаштықтар!
24052016 -> «сазгердің музыкалық МҰрасы»
24052016 -> Тіл тағдыры – ел тағдыры (әдеби ойын-сайысы)
24052016 -> Фариза оңҒарсыноваға арналған «поэзия падишасы» атты еске алу кешінің сценарийі
24052016 -> Көгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
24052016 -> «Өзекті өртер шындық» 31 мамыр саяси қУҒын-сүргін қҰрбандарын еске алу күніне орай өткізілген дөҢгелек үстелдің сценарийі
24052016 -> Деп туған мағрифа атты еске алу кешінің сценарийі Жүргізуші
24052016 -> «сазгердің музыкалық МҰрасы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет