Аќша- сатып алу-сатуда ќ±н µлшемі болып табылатын жєне тауарларды айырбастау кезінде жалпыѓа ортаќ балама рµлін атќаратын металл немесе ќаѓаз белгілер, ерекше тауар



жүктеу 0.83 Mb.
бет2/5
Дата04.09.2018
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5

Бюджет қаражатын нысанасыз пайдалану — бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламаның паспортында және бюджеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген іс-шараларға пайдалану.

Бюджет тапшылығы – үкіметтен келген және мемлекеттік бюджеттен бұрын берілген кредитті өтеу сомасынан басқа, мемлекеттік борыштың негізгі сомасын қоспағанда бюджеттегі төлем көлемінің артуы.

Бюджеттік есепке алу - бюджеттік операциялар туралы ақша түріндегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың олардың үздіксіз құжаттық ессбін жүргізу арқылы реггелген жүйесі.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган — жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті каржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарущы орган.

Бюджеттік жоспарлау жөніңдегі орталык уәкілетті орган - орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыра­тын орталық атқарушы орган.

Бюджеттік инвестициялар — экономикалық пайда табу немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету мақсатымен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға, адами ресурстарды дамытуға және та-биғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру.

Бюджеттік инвестициялық бағдарлама — сипаты техникалық-экономикалық негіздеу сатысында қол жеткізу мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтін бірыңғай инвестициялық мақсатты квздейтін іс-шаралар жиынтығы.

Бюджеттік камтамасыз етілу — мемлекеттік басқару оргаңдары тиісті бюджет қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік кызмегтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы чаттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету құны.

Бюджеттік комиссия - бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия. Республикалық бюджеттік комиссия жене облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудаішың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік ко-миссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Бюджеттік кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бөлінетін ақша.

Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған кызмет көрсету және оны етеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс.

Бюджеттік қатынастар — бюджет процесінде туындайтын қатынастар.

Бюджеттік құқық-бұл бюджеттік құрылымды ұйымдастыру кезеңінде пайда болған, сонымен қатар орталандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды қалыптасуда, бөлу және ұйымдастыруда пайда болған қатынастарды реттейтін қаржылық құқығының ерекше бөлігінің бөлімі.

Бюджеттік құқықтық қатынастар-бұл бюджетті құқық мөлшерімен реттелген және мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

Бюджеттік операциялар - бюджетті басқару цроцесінде жүзеге асы­рылатын операциялар.

Бюджеттік өтінім - бюджетті әзІрлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың қажеттігін негіздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшін алдағы қаржы жылына жене үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жыл сайын жасап, табыс ететін құжаттар жиынтығы.

Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жоніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемесін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген қызмет.

Бюджеттін шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу.

Бюджеттің атқарылуы - бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталады. Бюджет Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді.Бюджетті атқару жоніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет корсетуді жүзеге асырады.

Бюджеттің бірқалыпты атқарылу қағидасы - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты белу.

Бюджеттің кірістері — салық және басқа да міндетті төлемдер, рее-ми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Қазақстан республийасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша.

Бюджеттің түсімдері — кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар.

Бюджеттің шығыңдары — қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюд­жет қаражаты.
В
Валюта бағамы-бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті

Валюта рыногы – шетел валюталарын сатып алу-сату және шетел валютасындағы төлем құжаттары операцияларына байланысты тұрақты экономикалық және ұйымдық қатынастардың жүйесі.

Валюталық бақылау – елде шетел валютасын айырбастауға үкімет тарапынан жасалатын бақылау жүйесі.

Валюталық басқыншылық — орталық (ұлттық) банктің шетелдік валютаны сатып алусату арқылы ұлттық валюта бағамына ықпал ету мақсатымен валюта рыногындағы операцияларға араласуы; валюталық саясаттың бір түрі.

Валюталық тәуекел-қаржы құралына байланысты болашақ ақша қаражаты тасқындарының әділ құны валюта-айырбас бағамдарының өзгерістеріне орай айырбаста болатын тәуекел.

Валюталық тусім-ақша — тауарлар мен қызметтер экспортынан, сондай-ақ халықаралық кредиттерден түскен шетел валютасы.

Г
Грант — мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаральск, және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық си-патта болатъш және Қазақстан Республикасының Конститутциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, заңи тұлғаларға, сондай- ақ жеке адамдарға; шетелдіктер мен азаматіығы жоқ адамдар — Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) жету үтттін өтеусіз негізде беретін мүлік; донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін етеусіз қаржылық немесе техникалық кемегі.

Грант туралы келісім — мемлекеттік орган мен донор арасындағы Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек беруді көздейтін шарт.

Гудвилл (іскерлік бедел)- жеке бірегейлендіруге және бөлек тануға жатпайтын активтерден болашақ экономикалық пайда.
Д
Демеу қаржы-меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.

Депозиттік құрам-шарттың 39 IАS сәйкес туынды құрал ретінде есепке алынбайтын және, егер бөлек құрал болса, 39 IАS қолдану аясына кірмейтін құрамы

Диверсификация — зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сөйкес қаржы құралдарына орналастыру.

дисконтталған құны-ағымдағы немесе өткен кезеңдерде көрсетілген қызметкерлердің қызметіне байланысты шығатын міндеттемені орындау үшін қажетті күтіліп отырған болашақ төлемдердің дисконтталған құны (жоспар активтерін есептеп шығарғанға дейін).

Диспозитивтік әдіс-Экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың құқықтың реттеулері үшін қолданылады (мемлекеттік қарыздандырулар қатынастары мен бюджеттік несиелеу қатынастар).
Е
Елдің біртұтас қаржы жүйесі- тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.

Еркін экономикалық аймақ — шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін ерекше жеңілдікті экономикалық жағдай қолданылатын ерікті эконо-микалық аймақ.

Ерікті зейнетакы жарналары - Қазақстан Республикасының зандарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тэртіппен салымшылардың оз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

Есептеу эдісі — салық есебінің әдісі, оған сөйкес табыстар мен шығыстарды толеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды откізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу кезінен бастап есептеледі.

Есептік бағалаудағы өзгеріс-бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.
Ж
Жабу бағамы-валюталардың баланс күнгі ағымдағы айырбас бағамы.

Жай акцияларды сату опциондары-мұндай опционды ұстаушыға жай акцияларды белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде сату құқығын беретін келісім-шарттар.

Жай акция-үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал.

Жалгерлік ақы — жалгерлік тәртібімен берілген мүлік үшін заттай, ақша не аралас нысандарында төленетін ақы.

жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалгер немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.



Жалдамалы қызметкерлер және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалар-өздерінің қызметтерін кәсіпорынға ұсынатын және заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын, кәсіпорынға оның басшылығымен заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын тұлғалар сияқты жұмыс істейтін, немесе көрсететін қызметтері қызметкерлер көрсететін қызметтерге ұқсайтын жеке тұлғалар. Мысалы, осы анықтамаға барлық басшы қызметкерлер, яғни кәсіпорынның атқарушы тұлғалары болып табылмайтын директорларды қоса алғанда, кәсіпорынның қызметін жоспарлау, басқару және бақылау үшін өкілеттігі бар және жауапкершілік атқаратын адамдар кіреді.

Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы-қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде ең төмен жалдау төлемдері және кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны жалданған активтің әділ құнына және жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.



Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар- жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын ең аз жалдау төлемдерінің, және жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.

Жалдауға салынған таза инвестиция-жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді.

Жалпы мемлекеттік қаржылар - жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).

Жалпы сырткы борыш — алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ ел резиденттерітң оз резиденттері емеспен келісімшарттары бойынша борышкорлық міңдеттемелерінін белгілі бір күнгі сомасы.

Жалпы табыс — кәсіпорынның, фирманың өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім-ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жалпы толық табыс-иелермен, иелер ретінде жасалған операциялар нәтижесінде болатын өзгерістерден басқа, кезең ішінде операциялар және басқа оқиғалар нәтижесінде болатын үлестегі өзгеріс. Жалпы толық табыс «пайда немесе шығынның» және «басқа толық табыстың» барлық құрамдас бөліктерінен тұрады.

Жалпы ұлттық өнім — кеңінен таралған макрэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҮӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҮӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.

Жалпы ұлттық өнім- кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі өнімнің рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ- қосылған құндарды жинақтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.

Жалпы ішкі өнім — аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (онімнің тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.

Жеке зейнетакы шоты — салымшының (алушының) жинақтаушы зей­нетакы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетакы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді.

Жеке кәсіпкер — заңи тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент және резидент емес жеке тұлға.

Жеке қаржы есептілігі-бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомасы.

Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Жергілікті бюджеттер-әкімшілік - аймақтың  ұйымдастырушылықтардың керектерін қаржыландыруға тағайындалған. Солардың арқасында жергілікті өкілді және мемлекет үкіметінің атқару органдары, жергілікті деңгейде қаржыландыру қызметін жүргізушілер, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы, үй бағдарламасы, жергілікті деңгейдегі өндіріс, объектілер құрылысының бағдарламасы және тағы басқалар іске асырылады.

Жергілікті қаржылар-жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Жинақтаушы зейнетакы қоры — зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері женшдегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Респу-бликасының зандарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.

Жоспар активіне кіріс-жоспарының активтері бойынша іске асырылған және іске асырылмаған пайда және шығындармен бірге, осы активтерді басқаруға арналған кез-келген шығындар(белгіленген сыйақы міндеттемелерін бағалауға қолданылған актуарлық алғышартқа қосылғандардан басқасы) шегерілген және осы жоспарға қатысты төленетін салықтар шегерілген зейнетақы жоспарының активтерінен туындайтын пайыздар, дивидендтер және өзге де түсім.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар-қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

З
Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы- жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.

Займдар бойынша кредиторлық берешек- Займдар бойынша кредиторлық берешек, кредиттеудің қалыпты жағдайлары кезіндегі негізгі қызмет бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектен басқа, қаржылық міндеттемелер болып табылады.

Зейнетақы жоспарлары- қызмет аяқталарда немесе ол аяқталғаннан кейін компания өз қызметкерлеріне солар бойынша зейнетақы беретін (не жылдық табыс түрінде, не біржолғы төлем түрінде) келісімдер, бұл ретте мұндай зейнетақылар жұмыс берушінің олардағы жарналар сияқты ұсынылған құжаттар бойынша да, сол сияқты компанияда қабылданған практика негізінде де зейнеткерлікке шыққанға дейін күні бұрын белгіленуі немесе есептелуі мүмкін.

Зейнетақы жоспарының таза активтері-тиесілі зейнетақылардың актуарлық келтірілген құнынан өзге міндеттемелер шегерілген зейнетақы жоспарының активтері.

Зейнетақы қорына аударым-зейнетақы төлемі бойынша болашақ міндеттемелерді өтеу үшін компанияның басқа тәуелсіз ұйымның (қордың) есебіне активтер аударуы.
И
Императивтік әдіс-Мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде әдіс ең айқын көрінеді.

Инвестициялық жоба — жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар кездейтін іс-шаралар кешені.

Инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнет-ақы активтерін инвестициялау нөтижесінде алынатын ақша.

Инвестициялық Қор - ұжымдық инвестициялаудың нысаны. Инвесторлардың қаражаты басқарушы компанияның сенімгерлікпен басқаруына табысталады, ал ол өз кезегінде оларды ең сенімді қаржы құралдарына (акцияларға, облигацияларға және т.с.) салады және осы орайда олардың барынша табыстылығын қамтамасыз етуге ұмтылады.
РОЛТИ
Инвестициялық қоржын - бағалы қағаздардың және өзге активтердің мақсатты бағытталып құрастырылған жиынтығы, олар бірге инвестициялық қордың активтерін құрайды.

Инвестициялық қызмет — жеке және заңи тұлғалардың коммерциялык ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі.

Инвестициялық қызмет-ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.

Инвестициялық преференциялар — Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңи тұлғаларына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар.

Инвестициялық табыс - инвестициялардан шыққан кезде бекітілетін, инвестициялардың іске асырылған қаржылық нәтижесі. Инвестициялар құралының сату (шығу) бағасының және инвестициялар құралының сатып алу (кіру) бағасының арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады.
Интервалды қор - қордың Ережелеріне сәйкес инвестициялау үшін пайгерлердің ақшасын біріктіру мақсатымен құрылатын инвестициялық қор. Пайгерлердің ақшасын біріктіру оларға Қордың пайларын сату жолымен жүзеге асырылады, оларды пайгерлер уақыт итервалдарында, бірақ жылына кем дегенде бір рет Қорға сатып алуға ұсына алады. «Монетный Двор» қорының интервалдары жылдың төрт тоқсаны бойынша бөлінген.

К
Капитал – қосымша құн тудыратын құн.

Капиталдандыру – түскен табысты қайта инвестициялау.

Кастодиан — бағалы қағаздар рьгаогының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы женіңце өзіне міңцеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыра­тын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті зандарға және шартқа сәйкес кастодиандык қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету женіңцегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.

Кастодиан-банк — бағалы қағаздар жоніңцегі құқыктарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк.

Кәсіпкер-бірлескен қызмет туралы шарт бойынша сол қызметке бақылау жасаушы тарап.

Кәсіпорын компоненті-операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның қалған бөлігінен айқын оңашалауға болатын ақша қаражатының қызметі және ағыны

Кәсіпорындарды біріктіру туралы келісімнің күні-бірігетін тараптардың арасында елеулі келісімге қол жететін күн болып табылады, және, жария листингісі бар ұйымдар болған ретте, жұртшылықтың назарына жеткізіледі, дұшпандық жұтылу жағдайында біріккен тараптардың арасында елеулі келісім жасалатын күн сатып алынатына ұйым иелерінің жеткілікті саны осы сатып алынатын ұйымға бақылау орнату туралы сатып алушы-ұйым ұсыныс қабылдаған күн болып табылады.

Кейінге қалдырылған салық активтері- алдағы кезеңдерде өтелуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Ол мыналарға байланысты: есептелген уақытша айырмашылықтарға: пайдаланылмаған салық залалдарын алдағы кезеңге көшіруге; және пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңге көшіруге.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері-салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы

Кепілдік берілген жою құны-бұл: жалгер үшін: жалгер немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын ең көп сомаға тең); және

Кепілдік берілген зейнетақылар-оларды алу құқығы қызметкерлердің әрі қарайғы жұмысына тәуелді емес зейнетақылар.

Кепілдік берілген төлемдер-белгілі бір полис ұстаушыдағы немесе инвестордағы төлемдер немесе өзге пайдалардың шарт бойынша эмитенттің қалауы бойынша сөзсіз құқығы бар.

Кепілдік берілген төлемдердің элементі-шартта көзделген, қалауы бойынша қатысу мүмкіндігі бар кепілдік берілген төлемдер жасау міндеттемесі.

Кепілдік берілмеген жою құны-жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет