Аќша- сатып алу-сатуда ќ±н µлшемі болып табылатын жєне тауарларды айырбастау кезінде жалпыѓа ортаќ балама рµлін атќаратын металл немесе ќаѓаз белгілер, ерекше тауар


Салық телеушінің электрондык құжаты



жүктеу 0.83 Mb.
бет5/5
Дата04.09.2018
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5

Салық телеушінің электрондык құжаты белгіленген электрондық форматта жасалған және берілген, шифрленген және электрондық қолтаңбамен куәландырылған, ол қабылданып, бірдейлігі расталғаннан кейін есептемелік күші бар құжат.

Салық толеушінің тіркеу нөмірі - салық төлеуші ретінде оны мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіміне ол туралы мәліметтерді енгізу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдердің барлық түрлері бой­ынша салық төлеушіге берілетін бірыңғай"нөмір.

Салық төлеуге кететін шығыстар (салық өтемінен түскен кіріс)-ағымдағы салыққа немесе кейінге қалдырылған салыққа қатысты кезең ішіндегі таза пайданы немесе залалды есептеуге қосылатын жиынтық көлем.

Салық төлеуден жалтару -Заң бойынша төлеуге жататын салықтарды, мысалы, жалған салық мағлұмдамасын тапсыру немесе оны мүлдем тапсырмау арқылы төлемеу. Сондықтан, салық төлеуден жалтару - заңсыз әрекет; ол әлдебір әрекеттерді салықтар төлеуге заңды негізде жатпайтындай түрде жүзеге асыруды білдіретін салықтан "қашудан" бөлек. Теорияда салық төлеуден жалтару мен салықтан "қашу" арасында түбегейлі айырмашылық болғанымен, іс жүзінде көптеген жағдайда операциялардың әрбір спецификалық жиынында қандай бухгалтерлік өткізбелер қолданылатынын айқындау үшін, салық салу жөніндегі бухгалтерлердің қымбат тұратын кәсіби кеңестері қажет болады.

Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Салық төлеушіиің электрондық қолтаңбасы электрондық құжаттардың түпнүсқалылығын, түтастығын және авторлығын қамтамасыз ететін арнаулы криптографиялық күрал.

Салық — белгіленген мөлшерлеме бойынша мемлекеттің жеке және заңды тұлғалардан алатын және тиісті деңгейде бюджетке есептелетін міндетті алым.

Салықпен реттеу — салық салудың жалпы деңгейін темендету неме­се кетеру есебінен бюджетке алу нармасын өзгерту арқылы өндірісті дамытуға мемлекеттщ жанама ықпал жасау шараларының жиынтығы.

Салықтар- мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарусыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтар төлеуден "қашу" -Заңды түрде салық төлемеу үшін белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыру. Сондықтан, салықтан "қашу" - әбден заңды әрекет әрі ол салық төлеуден жалтарудан (tax evasion) бөлек, онысы заң бойынша төлеу қажет салықтар төлеуден, мысал үшін, жалған салық мағлұмдамаларын жасау арқылы жалтару тәсілдерін іздестіруді білдіреді. Теорияда салықтан "қашудың" мәнін біршама нақты белгілеуге болғанымен де, практикада көптеген жағдайда трансакциялардың әрбір спецификалық жиынында қандай бухгалтерлік өткізбелер қолданылатынын айқындау үшін, салық салу саласындағы кәсіпқойлардың қымбат тұратын ұсыныстамалары қажет болады.

Салықтык, тексеру — салық службасының органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңнамасының орындалуын тек­серу. Ұйғарымда көрсетілген салық службасы органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салықтық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.

Салықтық бақылау - салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуъш бақылауы.

Салықтық емес түсімдер .- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық акгілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюд­жетке өтееусіз негізде берілетін ақша

Салықтық жеңілдіктер -Жеке тұлғаның немесе компанияның салық салынатын табысын азайту үшін салық туралы заңнамамен жалпы табыстан шегеруге рұқсат етілген шегерімдер. Бұл әділдік тұрғысынан (equity) орын алуы мүмкін, себебі жеңілдіктерді көздейтін баптар бойынша, мысалы, кепілхат бойынша төлемақыларға кететін шығындар дәл сондай жалпы табысы бар, бірақ осы сияқты міндеттемелері жоқ салық төлеушілермен салыстырғанда төлем қабілетін азайтады. Салықтық жеңілдіктер қызметтің белгілі бір түрлерін көтермелеу үшін берілуі мүмкін, мысалы, фирмаларға инвестициялық қызметті ынталандыру үшін салықтық шегерімдер беріледі, ал жеке тұлғалар мен компанияларға қайырымдылық құрмалдықтардың кейбір түрлеріне қатысты салықтық жеңілдік берілуі мүмкін. Әрбір салықтық шегерім салықтық базаны (tax base) азайтады, бұл жиынтықты салық түсімдерінің осы деңгейіне жету үшін қажетті салықтық мөлшерлемелердің ұлғаюына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде адамдарды өз салықтарына қосымша шегерімдер беруді талап етуге ынталандырады.

Салықтық міндеттеме - салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне түруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептемесін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Сату үшін қолда бар қаржы активтері-сату үшін қолда бар және несие және дебиторлық берешек ретінде де, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар ретінде де,пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша есепте көрсетілетін қаржы активтері ретінде де жіктелмеген ретінде айқындалған туынды емес қаржы активтерін білдіреді

Сату шығындары-қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды және пайдаға салынатын салық бойынша шығыстарды қоспағанда, активтің (немесе шығаруға арналған топтың) шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.

Сатуға жұмсалған шығындар шегерілген әділ құн-бұл жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасалған кезде, шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.

Сатушының опционы-Нью-Йорктың қор биржасындағы ерекше мәміле, ол сатушыға акцияларды немесе облигацияларды алдын ала келісілген кезеңнің ішінде (әдетте 2 - 60 жұмыс күні ішінде) кез келген уақытта жеткізу құқығын береді.

сатылады деп болжанады не ол сатуға немесе кәсіпорынның қалыпты операциялық айналымы барысында пайдалануға арналған;ол негізінен сауда мақсаттары үшін ұсталады;



Сатылатын ұйым-сатып алушы бизнес бірігуінде басқару құзыретіне ие болатын бизнес немесе бизнестер

Сатып алу күні-сатып алушы сатып алынатын ұйымды бақылауды алған күн.

Сатып алушы-сатылатын ұйымды басқару құзыретіне ие болатын ұйым

Сауда залының трейдері-Бағалы қағаздар сатып алу-сатуға тапсырыстарды тікелей орындайтын брокерлік фирманың жұмыскері.

Саудасаттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы. Бұл ұйымның акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ заңнамаға сөйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар заңи тұлғалар арасында орналастырылады. Қор биржасының әрбір акционерінің өзіне тиесілі акциялардың санына қарамастан оның акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауысы болады.

Сәйкестік бақылау жасау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау.

Секвестр — бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесіаде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.

Сенімгерлікпен басқару - мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (басқарудың құрылтайшысы) басқа тарапқа (сенімгерлікпен басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға табыстайды, ал басқа тарап бұл мүлікті басқаруды басқару құрылтайшысының немесе оның көрсеткен тұлғасының (пайда алушының) мүддесінде жүзеге асыруды міндетіне алады. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға табыстау оған меншік құқығының сенімгерлікпен басқарушыға өтуіне алып келмейді.

Сибсидия-мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.

Соңғылау қаржылық бақылау-қаржылық шараларды жүргізіп болғаннан кейін асырылады. Мақсат қаржылық құқық бұзушылықтың жасалуын және сапасыз қаржылық міндеттемелерді орындалу дәлелдерін анықтауда.

Субвенция-жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.

Сыйақы — кредиттер үшін; қаржы лизингі бойынша немесе сыйақы түрінде берілген (алынған) мүлік үшін; депозиттер бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып).

Сыйақының (мүдденің) тіркелмегеь (құбылмалы) мөлшерлемесі - рынок конъюктурасына байланысты өзгерістерге үшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі немесе сыйқамен (мұддемен) қоса бағалы қағаздар бойынша кіріс.

Сыртқы бақылау - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау женіндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.

Сыртқы бақылау-ұйымдастыру қарамағына жатпайтын объектілерге қатынасты жүргізіледі. Мысалы, Қаржы Минисртлігі басқа министрліктің (ведомствоның) қарамағындағы кәсіпорынды тексереді.

Сыртқы борыш – шет ел валютасы түрінде туындайтын міндеттемелер.

Сыртқы қарыз - карыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазакстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.

Сыртқы сауда — Қазақстан Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметі.

Сыртқы экономикалық қызметтщ тауар номенклатурасы тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгілеудің үйлестірілген жүйесіне негізделген тауар сыныптамасының кодтар жүйесі.
Т
Табысқа жататын субсидиялар-активтерге жатпайтын мемлекеттік субсидиялар.

Таза бюджеттік кредит беру - бюджеттік кредштердід және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма.

Таза активтердің құны (ТАҚ) - қор міндеттемелерінің құнына азайтылған қор активтерінің құны. Пайдың құнын есептеу үшін пайдаланылады.

Тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезендегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау.

Тарифтік квота — импорттың белгілі бір мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым томен мөлшерлемесін және импорпың осы шамасынан жоғары мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін белгілеу аркылы нақ сол тауар импортына кедендік баждар молшерлемелерінің әр түрлі екі деңгейін қолдануды көздейтін сыртқы сауда қызметін реттеудің құралы.

Тауар- айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі.

Тәуелсіз Аудитор - заңнаманың немесе реттеудің талаптарына сәйкес тәуелсіз аудиторлық тексерістер жүргізуге және қорытындылар беруге міндетті ұйым. «Монетный Двор» және «Золотой Век» қорының аудитін кәсіби аудиторлардың халықаралық төрттігіне кіретін «Делойт және Туш» компаниясы жүргізеді.

Тәуелсіз Тіркеуші (ТТ) - инвестициялық қордың пай иелерінің тізілімін құру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға.

Төтенше мемлекеттік бюджет — республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізілетін бюджет. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны-зейнеткерлікке шыққандарға және жұмыс істейтін қызметкерлерге олардың еңбек стажына қарай зейнетақы жоспары бойынша тиесілі күтілген төлемдердің дисконтталған құны.

Төлем балансы - төлем түріндегі ақшаның елден елге қозғалуын сипаттайтын кесте, тізімдеме. Төлем балансы елдің шетелде белгілі бір кезең бойына төлеген төлемдері мен осы кезең бойына елге түскен төлемдер сомасының арасалмағын сипаттайды. Сауда балансы төлем балансының бір бөлігі болып табылады. Шет елден түскен түсім шетелдегі шығындар мен төлемдерден асып тусетін төлем балансы активтік ба­ланс, ал қарама-қарсы жағдайда пассивтік баланс деп аталады.

Трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңи тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын тойемдер.

Туынды бағалы қағаздар — осы туынды бағалы қағаздардың базалык актиндне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туын­ды бағалы қағаздарға своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлік қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, ва­люта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкін.

Тұлға - жеке тұлға және заңи түлга; жеке тұлға — Қазақстан Рес-публикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтыгы жоқ адам; заңи тұлға — Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (шетелдік заңи тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сөйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым Салық кодексінің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекеттің заңи тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңи тұлға ретінде қарастырылады.

Түзетілген бюджет — тиісінше Қазақстан Републикасының Парламентінде немесе мөслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.

Түсімдер меи қаржыландырудын жиынтық жоспары - бюджет түсімдерінің бюджет сыныптамасы бойынша бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңестірілген жоспарын айқындайтын құжат.

Түсім-компанияның әдеттегі қызметі барысында, осындай ағын акционерлердің жарналары есебінен болатыннан өзге капиталдың ұлғаюына әкеліп соқтырғанда туындайтын кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.

Тікелей сақтандыру шарты-қайта сақтандыру шарты болып табылмайтын сақтандыру шарты



Тіркелген активтер - салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер.
Ұ
Ұзақ мерзімді актив-қысқа мерзімді активтің анықтамасына жауап бермейтін актив.

Ұлттық қор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің каржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері.

Ұсыну валютасы-қаржы есептілігі берілетін валюта

Ұсынылған үлестік құрал-үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде басқа тарапқа кәсіпорын ұсынған кәсіпорынның үлестік құралына құқық (шартты немесе шартсыз).

Ү
Үкіметтік борыш — Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген, сондай-ақ Қазақстан Ресігубликасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілі бір күнге борыштық міндеттемелерінің борышына жатқызылған мемлекеттік қарыздар сомасы.

Үкіметтік борыш лимиті — тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың тіркелген сомасы.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі-соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді.

Үлестік пайыздар-актив айырбасталуы немесе жақсы хабардар, осындай операцияны жасағысы келетін тәуелсіз тараптар арасында міндеттемелер орындалуы мүмкін сома.
Ф
Фискалдық саясат-ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорлардытолықтырумен байланысты.

 Функционалды қаржылық бақылау-қаржылық қызметі жалпылай және көбінесе қаржылық тек бағытындағы (функцияда) қызметін сол мемлекеттік органдармен жүргізетін бақылау.


Х
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС)-бұл халықаралық қаржы есебі стандарттары жөніндегі Кеңес (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар мен Түсіндірмелер. Олар мыналарды қамтиды:Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІFRS); Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІAS); және Халықаралық қаржы есептілігін түсіндіру жөніндегі комитет (IFRIC) немесе бұрынғы Түсіндіру жөніндегі тұрақты комитет шығарған түсіндірмелер. (SIC).

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына өту күні-кәсіпорын ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындаған өзінің қаржылық есептілігінде Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес толық салыстырмалы ақпарат ұсынатын ең ерте кезеңнің басы.



Халықтың қаржысы-халықтың өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым қатынас жасайтынқаржы жүйесінің ерекше бөлігі.

Хеджерлеу - коммерциялық және валюталық қатерден сақтандыру, оның мәні нақты тауарды ұқсас мерзімге сатумен бір мезгілде фьючерстік келісімшарттарды сатып алуда (сатуда) және тауарды нақты жеткізу мерзімі басталғаннан кейін кері операция жүргізуде. Хеджерлеуді пайдалана отырып, тауар иесі оның құнсыздануы салдарынан болатын шығасыдан сақтандырады, бірақ баға көтерілгенде ықтимал пайдадан бас таршайды.

Хеджирленетін бап-бұл актив, міндеттеме, нақты келісім, жоғары ықтималды болжанатын мәміле немесе шетелдік қызметке таза инвестиция, оларға байланысты ұйым әділ құн немесе болашақ ақша ағындары өзгерістерінің тәуекеліне ұшырайды және хеджирленетін ретінде айқындалады

Хеджирлеу құралы-бұл белгілі бір туынды қаржы құралы немесе (тек валюта айырбастау бағамдары өзгерістерінің тәуекелін хеджирлеуге қатысты) белгілі бір туынды емес қаржы активі немесе туынды емес қаржы міндеттемесі, ақша қаражатының әділ құны немесе ағындары, белгілі бір хеджирленетін баптың ақша қаражатының әділ құнын немесе ағындарын өтейтіні күтілетін

Хеджирлеудің тиімділігі-бұл хеджирленетін баптың әділ құнының немесе ақша ағындарының хеджирленетін тәуекелге жататын өзгерісі хеджирлеу құралының әділ құнының немесе ақша ағындарының өзгерістермен өтелетін дәреже

ХҚЕС бойынша бірінші есепті кезең-ХҚЕС бойынша кәсіпорынның бірінші қаржылық есептілігінде қамтылған соңғы есепті кезең

ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындалған қаржы есептілігі-халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (IFRS) сәйкес нақты және сөзсіз өтінішке сәйкес Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын (IFRS) қолданатын кәсіпорынның бірінші жылдық қаржылық есептілігі

ХҚЕС бірінші рет қолданған кәсіпорын-ХҚЕС бойынша бірінші рет дайындалған өз қаржы есептілігін ұсынған кәсіпорын
Ц
Цедент-қайта сақтандыру шарты бойынша полис ұстаушы
Ш
Шартты актив-бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды.

Шартты-қайтарылмайтын қарыздар-белгілі бір шарт талаптарын орындауы кезінде несиегер өтеуден бас тартатын қарыздар.



Шетелдік валюта-ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.

Шетелдік қызметке таза инвестициялар-осы қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.

Шетелдік қызмет-өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.

Шоғырландырылған қаржы есептілігі-топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған сияқты болып ұсынылатын қаржы есептілігі

Шығару шығындары-бұл қаржы шығындарын және, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.

Шығындарды қосу» шарты-белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ деңгейі, бағалардың болашақ индексі, пайыздың болашақ нарықтық ставкасы).
І
Ішкі бақылау-бақылаудың субъектісі мен объектісі бір ұйымшылдық жүйенің звеносы болып табылады. Мысалы, Министрлік өзінің қарамағындағы кәсіпорындардың қаржылық операцияларын тексереді.

Ішкі борыш – 1)ҚР-ң валютасы түрінде пайда болатын міндеттемелер;2)Мемлекеттің өз кәсіпорындарына, ұйымдарына және халқына берешегі,ал бюджет тапшылығы және оны өтеу үшін мемлекеттік қарыз облигацияларын шығару нәтижесінде пайда болады.

Ішкі қарыз - қарыз беруші Қазакстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз катынастары.

Ішкі құн-қарсы тараптың қол қоюға немесе алуға құқығы ар (шартты немесе шартсыз) акциялардың әділ құны және қарсы тарап осы акциялар үшін ақы төлеуі тиіс баға (егер осындай бар болса) арасындағы айырма. Мысалы, әділ құны 20 а.б. акция үшін орындау құны 15 а.б. үлестік құралдарға опционның ішкі құны 5 а.б.


Э

Экономикалық қызметінің мерзімі-бұл: бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;

Эмиссиялық бағалы қағаздар — бір шығарылым шегінде осы шы-ғарылым үшін бірдей жағдай негізінде орналастырылатын және айналымда болатын, біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар — заңнамалық актілерде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін бағалы қағаздар.

Эмитенттер — қолданылыл жүрген заңдарға сөйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғалар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:




  1. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы.оқулық. –Алматы. 2005

  2. Ильясов Қ.Қ., Мельников В.Д. Финансы. Учебник для экономической специальностей вузов.- Алматы, 2002.

  3. Өмирбаев С.М. финансы. Учебное пособие для вузов. –Астана , 2003.

  4. Құлпыбаев С.К. Баязитова Ш. Қаржы . – Алматы, 2000.

  5. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. Қаржы теорисы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001.

  6. Мельников В.Д. ,Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник.- Алматы: Институт развитие Казахстана, 2001.

  7. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие.-Москва, 2000.

  8. Финансы. Учебное пособие, под редакцией Ковалевой А.М. –Москва, 1997.

  9. Финансы. Учебник для вузов под редакцией М. В. Романовского. –Москва. 2000.

  10. Романовский М.В., Врублебская О.В. , Сабанти Б.М. Финансы. –Москва: 2002.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет