«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата24.01.2023
өлшемі1.35 Mb.
#181868
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
«А ша, несие,банктер» п ні бойынша студенттерді

Есептер 
1 есеп 
Банктің міндетті резерв нормасы 20%-дан 30%-ға дейін өскен кезде
банктік жүйе 60 млн. ақша бірлігі көлемінде резерв жетіспеушілігі боліан. 
Егер резерв сомасын өсіру мүмкін болмаған жағдайда ақша массасын қалай 
қысқартуға болады? 
2 есеп 
Мерзімсіз салым нормасынан міндетті резерв нормасы 30% Банктік жүйе 
15 ақша бірлігі мөлшерінде артық резервке ие болған. Есептеңіздер банктік 
жүйе мерзімсіз салым сомасын қанша шамаға өсіре алады. 
3 есеп 
Операциялық күннің басында банк кассасының айналымында қолма-қол 
ақша — 32 млн. теңге. Операциялық кұн бойында филиал қызмет көрсететін 
кәсіпорындар мен кәсіпкерлерден 197,5 млн. теңге ақша түскен. Сол күні 
банк 184,9 млн. теңге қолма-қол ақша берген. Осы банктің касса 
айналымының қалдық лимиті - 40 млн. теңге. Операциялық күннің 
соңындағы касса айналымының қалдығын есептеңіздер. 
Банк қандай шара қолданады? 
4 есеп 
Автокөліктік кәсіпорын 5 сәуір күні АҚ «ТұранАлем» банкінің
аудандық бөлімшесіне автокөліктерді жөндеу үшін қосалқы бөлшектер 
алатын автомобиль зауытымен келісімшарт негізінде есеп—айырысу үшін 
аккредитив ашуға өтініш жасады. Келісімшарт бойынша аккредитив мерзімі 


15 күн. Оның сомасы 525 млн. теңге. Банктегі есеп айырысу шотында — 637 
млн теңге бар. Есеп айырысу акцептсіз жүргізіледі. Жабдықтаушының 
банкінен дебеттік авизо және осы аккредитивпен есеп айырысқан құжаттар 
10 сәуір күні-170 млн. теңгеге, 13 сәуір күні-230 млн теңгеге, 20 сәуір күні-
125 млн. теңгеге түсті. Автокөліктік кәсіпорын 25 сәуір күні автомобиль 
зауытының 20 сәуір күні - 125 млн. теңге аккредитивпен төлеген акцептінен 
бас тарту туралы өтініш жасады. Осы жағдайда банк позициясын 
анықтаңыздар. 
5 есеп 
Мына мәліметтердің негізінде Орталық Банктің баланстық есебін 
құрыңыздар, млрд теңге: алтын сертификат - 10; бағалы қағаздар - 100; 
айналымға шығарылған банкноталар - 90; коммсрциялық банктердің резерві- 
30; басқа да активтер- 10; қаржы министрлігі депозиті - 5; коммерциялық 
банктер ссудалары - 10. 
Меншік капиталы мен басқа да міндеттемелер шамасын анықтаңыздар. 
6 есеп 
Төмендегі көрсеткіштер (мың теңге) негізінде банк балансын құрыңыздар. 
1. Жарғылық қор – 2 227 305; 
2. Пайда - 8 154 894; 
3. Касса - 2 695 503; 
4. Басқа банктердегі шоттар (корресп. шот) - 8 625 924; 
5. ҚР ҰБ-гі қаражаттар - 7 681 650; 
6. Банктен берілген несиелер - 59 908 900; 
7. Басқа банктердің осы банк шотындағы ақша қаражаттары - 1 523 683; 
8. Басқа да пассивтер - 7 855 415; 
9. Басқа қорлар - 4 575 298; 
10. Салымдар мен депозиттер - 6 293 671; 
11. Шетел валютасы және валюталық операциялар бойынша есеп 
айырысулар (пассив) - 2 991 709; 
12. Бағалы қағаздарды сатып алу - 1 262 603; 
13. Басқа да активтер - 14 649 731; 
14. Шетел валютасы және валюталық операциялар бойынша есеп 
айырысулар (акгив)- 3 691 699, 
15. Негізгі құралдар және ғимараттар - 768 121; 
16. Бірлескен қызметтсрге қатысу - 110 458; 
17. Баска банктерден алынған несиелер - 30 013 078; 
18. Ағымдағы және есеп - айырысу шотындағы қалдықтар -35759 631. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет