«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет8/56
Дата24.01.2023
өлшемі1.35 Mb.
#181868
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
«А ша, несие,банктер» п ні бойынша студенттерді

- Кепілденген чек - чек берушінің банкідегі шотындағы қаражаттың 
көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші 
банктің беретін кепілін көрсететін чек. 
- Кепілдендірілмеген чек чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген 
чек; 
- Камтамасыз етілген чек - банкке аддын ала салған депозитпен 
қамтамасыз етілген чек; 
- Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілген чек. 
Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара 
жасалган келісім-шарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті 
ұстаушыға төлеу туралы бұйрыгы. 
Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу 
үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада 
жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналган чектің түріне 
ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген 
формасында 2003 жылдьтң 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банкгер 
өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялык 
банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктеп 
алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке 
чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. 
Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде он күнді 
құрайды. 
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу 
жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп 
айырысу формасы. 
Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып 
алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне 
аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң 
және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді 
төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі. 
Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша 
қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте 
көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру 
үшін жабдықтаушының банкінде "Аккредитив" жеке баланстық шоты 
ашылады. 
Аккредитивтің мынадай түрлері болады: 
өтелген және өтелмеген; 
қайтарылатын және қайтарылмайтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет