Ашық сабақ: Қазақстандық мереке- мейрамдардың күнтізбесі



жүктеу 57.02 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі57.02 Kb.
түріСабақ

Пән: қазақ тілі

Сынып:5

Өткізілген күні:



Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Ана тілі.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: Мемлекеттік тілді білу әр адамның парызы жайлы жайлы жалпы түсінік беріп, мәтіннің басты маңыздысын белгілеп, тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу, жаттығулар арқылы сөздік қорын байыту.

2) Дамытушылық: оқушылардың қазақша сауатты жазу, сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын молайту.

3) Тәрбиелілік: Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерімен ынтымақта болуға баулу.

Әдіс-тәсілдер: модульдік, ойын, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, әңгімелу, сұрақ-жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу, қайталау, аударма.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі, ән-күй.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, «Не артық», «Мен білгішпін» ойындары.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: аралас.

Сабақтың эпиграфы:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл, -

Өз тіліңді құрметте! (Қ. Мырзалиев)

І Ұйымдастыру

*Оқушылар өлең арқылы амандасады:

Білер қазақ баласы,

«Сәлем» сөздің анасы.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз!

*Оқушылармен амандасу:

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгінгі сабақта сендерді бағалау үшін жауаптарыңа, жұмыстарыңа түрлі төртбұрыштар беріледі. Үздік жауапқа-көгі, жақсыға-жасылы, қанағаттанарлық жауапқа-сарысы. Сендерге тек көк төртбұрыштар легеді деп ойлаймын. Сендер өздерін бір-бірінді бағалайсыңдар.

* «Ой шақыру»:

Балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою. «Мен білгішпін» ойыны





Салт-дәстүрлер:

1. Ұлттық ойындарды ата (Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, қыз қуу, асық, аударыспақ )

2. Қызға байланысты салт дәстүрлерді ата (беташар, келін түсіру, сүт ақы, атастыру )

3. Бала туғанда жасалатын той? (шілдехана)

4. Қырқынан шығару қашан жасалады? (бала туғанына қырық күн толғанда)

5. Тұсаукесер туралы айт. (Тұсаукесер-бала жүре бастағанда жасалатын салт)



Әдебиет:

1. Қазақтың бас ақыны? (А.Құнанбаев)

2. Төрт түлік малды ата.

3. Үш би ( Төле, Қазыбек, Әйтеке)

4. Қасиетті тағам (нан)

5. «Кел, балалар, оқулық !» өлеңнің авторы (Ы. Алтынсарин)



География

  1. Ең кішкентай құс? (колибри)

  2. Қазақстан астанасы (Астана қаласы)

  3. Қазақстанның астаналары (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

  4. Қазақстан облыстарының саны – 14

  5. Оңтүстік астанасы - (Алматы)

Қазақ тілі

  1. Қазақ тілінде неше буын бар? 3 (Ашық, тұйық, бітеу буын)

  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?2 (Дауысты, дауыссыз)

  3. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

  4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 (жуан, жіңішке)

  5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?3 (Ұяң, қатаң, үнді)

  6. ІІ Жаңа сабақ.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл, -

Өз тіліңді құрметте! (Қ. Мырзалиев) . Бұл сабағымыздың эпиграфы.

*«Миға шабуыл»:

-Біздің туған еліміз, туған жеріміз қалай аталады? (Қазақстан)

- Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

-Қазақстан-бұл не? (Қазақстан –біздің Отанымыз)

- Мемлекеттік тіл қандай? (Қазақ тілі)

- Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады?

- Саша, сенің ана тілін қай тіл?

-Қандай шетел тілдерін білесіңдер?

- Ана тілі туралы өлең, қанатты сөздер білесіңдер ме?

- Ал қазақ халқының ана тілі , бұл қай тіл?

-Сабағымыздың тақырыбы - «Қазақ тілі -мемлекеттік ті. Ана тілі.»

А) Жаңа сөздермен жұмыс:

Әрбір - каждому

Өмір талабы –требование жизни

Шешен тілмен – красноречие

Түркі тілдер тобына –к тюркской группе

Сөз құрылымы – структура слова

Жоғалады –потеряется

Сыйлау –уважать

Қадір тұтпасаң – если не будешь уважать

Антонимдер табу, синонимдер, сөйлем құрастыру.

Сыйлау – (антоним)сыйламау, (Синоним)қадірлеу

Жоғалады – табылады, құрып кетеді

Ә) Мәтінмен жұмыс: 6 қалпақ

Өмір талабы

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде 5000 тіл бар деп есептейді.

Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды.

Қазақтар : «Өнер алды-қызыл тіл», дейді. Өз ойын шешен тілмен жеткізе білдіргенді ерекше бағалайды.

Тілінен айырылған халық ұлттық қасиетінен айырылады. Ол халық ретінде жоғалады.

Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі – өте бай, көркем тіл.

Тіл үйренуші шәкірттер! Г.Гегельдің мына сөзін есте сақтай жүріңдер: «Білімділіктің ең басты факторы ана тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады». Өз ана тілінде қадір тұтпасаң, ата-анаңды, еліңді сүйе алмайсың.

1-2 топқа тапсырма, мәтіннен өз қалпағының түсіне лайықты сөйлемдерді тауып алу.

Ақ қалпақ – фактілерді табады

Сары қалпақ – позитив; жақсы жерін табу

Қара қалпақ – негатив, ұнамаған жері

Қызыл қалпақ – эмоция,қуану

Жасыл – шығармашылық, басқаша қалай болуы

Көк қалпақ – философия,қорытынды жасайды.


Б) Мақалды аяқта
Басқа пәле- тілден

Жақсы сөз – жақсы ырым

Өнер алды – қызыл тіл

Шешен сөз бастар – батыр қол бастар

Шешеннің тілі- ортақ

Отан отбасынан басталады



В) Әр топқа жеке тапсырма беремін. 1-2 топқа тапсырма – алдарыңыздағы мәтінді оқып, содан кейн осы мәтінге сәйкес нені елестетесіздер соны сурет арқылы ватманға суреттеп бересіздер. Бұл тапсырмаға 5 минут беріледі. Содан кейін екі топ салған суреттерді бір-біріне тапсырып, мағынасын ашып беру керек. Бұл суретпен олар не айтқысы келді? Суретті қорғауға 5 минут беріледі. Жұмысқа кірісе беріңіздер.

Қыз қуу

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы – қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады. Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Ігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.



Қазақтың дастарқаны

Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ, қарта, жал, жая жатады. Сүт тағамдары – ірімшік, құрт, май. Нан тағамдары – бауырсақ, шелпек.

Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.
Бекіту
Ғ) Сұрақтарға жауап беру

* Өзге тілді не үшін үйренесін?

А) өз келешегімді ойлаймын;

Ә) жан-жақты білімді болу үшін;

Б) ата-анамның талап етуімен.




  • Қай тілде еркін сөйлейсің?

А) ана тілімде

Ә)ағылшын тілінде

Б)орыс тілінде




  • Қандай тілдерде жазылған газет-журналдарды оқисың?

А) тек орыс тілінде

Ә) қазақ тілінде, орыс тілінде

Б) әр түрлі тілдерде


  • Сөйлемді аяқта

Қазіргі заманда көп тіл білу – ...........

А) қажет емес

Ә) керегі жоқ

Б) өмір талабы


Сонымен балалар қандай қорытынды жасаймыз?

  • Қазақ тілі – өте бай тіл.

  • Полиглот болу – өмір талабы.

  • Ана тіліңді сүй.

  • Тіл адамдарға қарым –қатынас үшін керек.


Үйге тапсырма: 1. Ана тілі туралы шағын эссе жазып келу.

2. Тіл туралы мақал-мәтелдер жаттау.


Рефлексия

Оқушылар өз пікірлерін қағазға жазып , алма ағашына іліп қояды
Каталог: uploads -> konspekt -> inyaz
inyaz -> Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру басқармасы
inyaz -> Бес арыс а. Байтұрсынов Ш.Құдайбердіұлы М. Жұмабаев Ж. Аймауытов М. Дулатов Бес арыс деген атпен ел есінде қалған ақын-жазуларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса
inyaz -> Ќазаќстан республикасы бiлiм жјне єылым министрлiгi
inyaz -> Сыныбы: 6 Сабақ тақырыбы
inyaz -> Данная рабочая тетрадь одновременно является кратким систематическим справочником по грамматическим формам глагола и сборником упражнений
inyaz -> The clever boys and girls ағылшын тілінен сабақтан тыс іс-шара
inyaz -> Ару қыздар байқауы
inyaz -> Әож 73. 17. Кбж 81. 2қаз -922 Қ 17 Пікір жазғандар


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет