5 наурызда түстен кейін № 22 автобуста ер адам жол ақысын төлеуді талап еткен жүргізушіге шабуыл жасады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Абырой болғанда көлік тоқтап тұрғандықтан қайғылы жағдай болған жоқ. 

"СмартАтырау" КММ директоры Арслан Ароновтың айтуынша, оқиға салдарынан ер адам бетінен жарақат алған.

"Жүргізушінің беті, иегі, бір көзі ісіген. Бұзақы қашып кеткенімен, полиция оны қолға түсірді. Шабуылдың себебі қарапайым, жүргізуші оған жол ақысын төлеуді талап еткен, ол ренжіп қапты. Өкінішке қарай, бізде тұрғындардың жартысы жол ақысын төлемейді. Сонымен қатар, ол валидаторды бұзды. Енді қалпына келтіруі керек", – деді Арслан Аронов.

Кеше Алматыда автобус әйел мен баласын қағып кеткенін жазған едік.

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.