Қашықтан оқыту кезінде оқушылардың коммуникативтік белсенділігін арттыру әдістері



Дата14.02.2022
өлшемі116.75 Kb.
#170768
Байланысты:
ПЕРНЕБАЕВА АЙНАШ
Егембергенова А

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы,

бастауыш сынып мұғалімі

ПЕРНЕБАЕВА АЙНАШ ЛЕСОВНА



Еліміздегі болған індетке байланысты мектептерде оқушыларды қашықтан оқуға жұмыстары жүргізілді. Қашықтан оқу арқылы оқушылардың өз беттерімен білім алу дағдылары артты. Әр түрлі платформаларда жұмыс жасау арқылы коммуникативтік белсенділігі күшейді. Қашықтан оқыту кезінде оқушылардың АКТ-ны қолдану арқылы сабақ оқу жандана түсті. Сабақ барысында қашықтан оқытудың синхромды оқыту және асинхромды оқыту әдістері жүзеге асты. Синхромды оқыту арқылы оқушылар бір топта бірлесіп сабақ оқу әрекеті ұйымдастырылды және өзара қарым-қатынаста оқу дағдысы дамыды, ынталанып бәсекелестік белсенділігі күшейді. Ал асинхронды оқытуда-оқу кестесі мен тәртібінің икемділігі, оқу бағдарламасын өзіне ыңғайлы қарқынмен меңгеру мүмкіндігі, оқу материалдарының кез келген уақытта қолжетімді болуы, өзін-өзі ұйымдастыру және өз бетінше оқу дағдыларын дамыту көрініс алды. Қашықтан оқыту кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

Қашықтан оқыту–компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы мұғалімдермен келісілген байланыс жасауына, оқушының мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды. Қашықтан оқытуды жүзеге асыра отырып сабақ беру барысында оқушылардың белсенділігін арттыратын, қоғамды тануды, адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыратын қарым-қатынастың бірі коммуниктивті технологияны өз сабағымда жүзеге асырып отырдым. Әсіресе әдебиеттік оқу, қазақ тілін оқытуда -коммуникативтік оқыту технологиясын қолданып сабақтар өткіземін. Бұл технология өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп, іс-тәжірибемнен орын алды. Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да, басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады. Қай сыныпта болмасын, оқытудың коммуникативтік мақсаты негізге алынады. Оқулық бағдарламасы оқушылардың өтілген тақырыптарға сәйкес ауызекі сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Коммуникативтік / қатысымдық / әдіс оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым–қатынасы арқылы жүзеге асады. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқытудың жалпы мақсаты – түрлі сөйлеу жағдаятында ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлғаны қалыптастыру. Коммуникативтік дағдыларды дамыту жұмыстары оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіреді, тілдік қорын байытады, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін арттырады, шығармашылық жұмыстарды (эссе,хат) сапалы жазуда көп көмек береді. Қазақ тілі сабағын жаңа деңгейлік жүйеге негізделген оқулықпен оқыту барысында оқытудың кешенді әдістері - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым өзара бірлікте қолданылатыны мәлім. Кез- келген тәжірибелі мұғалім өз сабақтарында осы әдістерді жүйелі қолданары сөзсіз. Бұл әдістерді жүзеге асыру барысында әр мұғалім жаңа технологияның түрін өз қалауынша таңдайды. Менің таңдауым- коммуникативтік оқыту технологиясы. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған қазақ тілі сабақтарында аталмыш пәнді топтық, жұптық және өз бетінше жеке жұмыс барысында өзім жүйелі түрде қолдана отырып, оның тиімділігіне көз жеткіздім және өз тәжірибеммен бөлісуді жөн санаймын. Жаңартылған білім беру аясындағы күнделікті сабақ барысында, бақылау жұмыстарында жиі кездесетін тапсырмалардың бірі- хат немесе эссе жазуға дайындық кезеңінде коммуникативтік технологияны оқытудың кешенді әдістерімен байланыстыра қолдануды жөн санаймын. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында тыңдалым әдісінің маңызы зор. Бұл арада мәтінмен жұмыс кезеңдерінің жүйесін сақтау шарт. Оқушымен мәтіналды жұмыс жүргізгеннен кейін, мәтінді тыңдату арқылы мазмұнын есте сақтау қабілетін арттырамыз.Топтық жұмыс барысында (айтылым) оқушылар өзара бір-бірімен тілдесе отырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтауда бірлесе әрекет етеді, оз ойларын ортаға салады. Тақырыпқа ұқсас мәтіндерді оқу (оқылым), талдауда мәтінге тақырып қою, бірлесе жоспар құру жұмыстары да оқушылардың қызығушылықтарын оятады. Суреттер бойынша ауызша әңгіме құру, жағдаяттарды шешу, оқиға себебін анықтау жұмыстары оқушылардың қиялын дамытып, ойларын сан – саққа жүгіртеді. Бұл жағдайда оқушылар айтар ойын өмірдегі кездесетін оқиғалармен баланыстырады, яғни коммуникативтік дағдыларымен қоса оқушылардың функционалдық сауаттылығын да қатар дамытамыз.

Осыдан ортақ ой түйіндегенде, жазылатын эссенің тақырыбы да айқындалып, жоспары құрылады. Тақырыпқа сәйкес қолданылатын зат есімдер, сын есімдер, етістіктерді т.б. сөздерді топтастыру мақсатында постер құрып, оны қорғау сайысы да шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Енді жекелеген оқушыға дайын жоспарды негізге алып, «Пирамида» әдісі бойынша тапсырма ұсынылады: берілген сөздерден ұнаған бір сөзді таңдау, сол сөзден сөз тіркесін жасау, осы сөз тіркесінен сөйлем құрастыру, соңында мәтін немесе эссе жазу(жазылым). Эссе жазуға дайындықта жаттығулармен жұмыс жасау, тәжірибелік дағдыларға үйрету, сұрақтар арқылы оқушыны әңгімеге тарту, қосымша дереккөздерімен өздігінен жұмыс жасату, баяндама, хабарландыру, жарнама жасату арқылы да оқушыларды өз деңгейлеріне тән жұмыс істеуге үйретуге болады.

Әрине әр мұғалім өз сабағының режиссері болғандықтан, бұл ұсынылған жұмыс түрлерін өз қалауынша таңдап, шартын өзгерте алады: ең бастысы оң нәтиже–оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Коммуникативтік дағдыны дамыту барысында оқушының жазу мәдениетін арттыруды да есте сақтаған абзал.

Мен осы жұмыстарды орындау барысында көптеген нәтижеге қол жеткіздім, ең бастылары:- оқушылардың сөйлеу қабілеттері жетілді;

-ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;

-өз беттерінше әртүрлі шешімдер қабылдауда жауапкершіліктері мен көшбасшылық қабілеттері артты;

- шығармашылық қабілеттері дамыды.

Қорыта келе, қашықтан оқыту кезінде табысты сабақ жоспарын құру арқылы оқу мақсаты мен сабақ мақсатын жүзеге асыруда оқушыларға оқу тапсырмаларын бере отырып тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың жаңа технология элементтерін және оқытудың кешенді әдістерін сабақ үрдісінде жүйелі пайдалану оқушының шығармашылық, қабілетінің артуына, коммуникативтік дағдыларының дамуына және өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұхамбетжанова С.Т. « Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі.» Алматы: 2019 ж.

2.12жылдық білім беру №3,2015ж.

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық , 2016ж.-41 бет



4.Білім жаңалықтар №4, 2012ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет