«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) Акционерлік қоғамының



Дата14.03.2018
өлшемі39.82 Kb.
#20861

«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) Акционерлік қоғамының


Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының

№ 49 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

Атқару органының орналасқан жері: 050000, Алматы қ., Әл- Фараби даңғ. 17/1 8 т/е.ж.


Жиналыстың өткізілген күні – 2016 жылғы 21 желтоқсан

Жиналыстың басталған уақыты – Алматы қ., Әл- Фараби даңғ. 17/1 8 т/е.ж. («НұрлыТау» БО 5Б блогы, 3 қабат, В секторы, №4 конференц зал)


Жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталған уақыт – Алматы уақыты бойынша 09 сағат 00 минут 

“AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Банк акционерлерінің тізімі 18.11.2016 ж. жағдай бойынша жасалды



Орналастырылған акциялардың жалпы саны: 16 904 064 жай акция

Акционерлердің жалпы саны: 2 (Екі) акционер

Тіркелген акционерлер: 1 (Бір) акционер

КВОРУМ

Корпоративтік хатшы Ш.Кобдабаева “AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу аяқталған сәтке жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқылы акционер тізіміне енгізілген, Банктің жалпы дауыс беруші акциясының 99,9956895% құрайтын, Банктің 16 888 265 дауыс беруші акциясына ие 1 (Бір) акционер (оның өкілі) тіркелгенін хабарлады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 45 бабына және Банк Жарғысына сәйкес, Банк Акционерлерінің кезектен жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі мәтін бойынша «Жалпы жиналыс») қайта өткізілген және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімді қарастырып, қабылдауға өкілетті деп тануға қажетті кворум бар. Хатшы Ш.Кобдабаева Жалпы жиналысты ашық деп жариялады.



ТӨРАҒА МЕН ХАТШЫ

Акционерлер жалпы жиналысының төрағасы ретінде – акционер Сұлтан Нұрбола Сарыбайұлының атынан 2016 жылғы «12» желтоқсандағы № 1-4778 Сенімхат негізінде әрекет ететін Еркебаев Мурат Сагидуллаевич мырза хатшыға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру кезіндегі дауыс санын есептеу міндеті мен жалпы жиналыс хаттамасы мен Дауыс беру қорытындысы туралы хаттамасын дайындау жауапкершілігін жүктей отырып, Банк акционерлері жалпы жиналысының хатшысы ретінде Ш.Қобдабаеваны сайлауға ұсыныс түсіп, көрсетілген мәселе дауысқа салынды.

Корпоративтік хатшы Ш.Кобдабаева дауыс беру басталғанға дейін (жалпы дауыс саны) 16 888,265 дауысқа ие 1 (бір) акционердің қатысып отырғаны туралы, яғни кворумның барын белгіледі. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 48-бабына сәйкес акционерлер жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру барысында әрбір акционер бір дауысқа ие болады, ал шешім қатысушылар санының қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданады.

Еркебаев Мурат Сагидуллаевич мырза – жалпы жиналыстың төрағасы («Төраға») болып және Шолпан Гинаятовна Кобдабаева – күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру кезіндегі дауыс санын есептеу міндеті мен Жалпы жиналыс хаттамасы мен Дауыс беру қорытындысы туралы хаттамасын дайындау жауапкершілігі жүктелген хатшы болып сайланды.


ДАУЫС БЕРУ ТҮРІ

Төраға ашық сайлау өткізу түрін таңдауды, күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша Банктің дауысқа түсетін акциясының жалпы санының білікті көпшілігімен «бір акция – бір дауыс» принципі негізінде шешім қабылдауды ұсынды.

Хатшы жалпы жиналыс басталғанға дейін (жалпы дауыс саны) 16 888,265 дауысқа ие 1 (бір) акционердің қатысып отырғанын, яғни кворумның болуын көрсетіп өтті.

Қатысып отырғандар бір ауыздан ашық дауыс беру түрі мен күн тәртібіндегі мәселе бойынша Банктің дауысқа түсетін жалпы акциясы санының қарапайым көпшілігімен «бір акция – бір дауыс» принципі негізінде шешім қабылдауды бекітті.




КҮН ТӘРТІБІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы «07» қарашадағы шығ. № 13-3-10/1930 Жазбаша ұйғарымының талабына сәйкес Жалпы жиналыс Төрағасына жалпы жиналыстың күн тәртібін «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» №3 өзгерістерді» бекіту туралы мәселемен толықтыру ұсынылды.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі:

1) Акционерлер жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлеріне 2016 жылғы «07» қарашадағы шығ. № 13-3-10/1930 ұйғарым әрекет ететін кезеңде дивиденд төлемеуге қатысты;

3) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2016 жылғы «07» қарашадағы шығ. № 13-3-10/1930 ұйғарым әрекет ететін кезеңде сыйақы мөлшерін арттырмауға қатысты;

4) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» №3 Өзгертулерді» бекіту.

ШЕШІМ:

1. Жалпы жиналыстың күн тәртібі бекітілсін:

1) Жалпы жиналыстың күн тәртібі бекітілсін;

2) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлеріне 2016 жылғы «07» қарашадағы шығ. № 13-3-10/1930 ұйғарым әрекет ететін кезеңде дивиденд төлемеуге қатысты;

3) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2016 жылғы «07» қарашадағы шығ. № 13-3-10/1930 ұйғарым әрекет ететін кезеңде сыйақы мөлшерін арттырмауға қатысты;

4) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» №3 Өзгертулерді» бекіту.

2. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлеріне 2016 жылғы «07» қарашадағы шығ. № 13-3-10/1930 ұйғарым әрекет ететін кезеңде дивиденд төленбесін.

3. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2016 жылғы «07» қарашадағы шығ. № 13-3-10/1930 ұйғарым әрекет ететін кезеңде сыйақы мөлшері арттырылмасын.



4. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» №3 Өзгертулерді» бекітілсін.

Үзінді көшірме дұрыс:

«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) АҚ

Басқармасының төрағасы Б. Нугыманов

Корпоративтік хатшы Ш. Кобдабаева


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет