Тұрмысқа шығып жатқан бойжеткен қалыңдық гүлін лақтыру дәстүрін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Life порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Фото: https://www.tiktok.com/@a.togzhana/

Тоғжан есімді ару ұзату тойында құрбыларына гүлдің орнына сөмке лақтырды. 

“Қалыңдықтың гүлі өте қарапайым деп ойладым. Ал сөмке – тұрмысқа шықпаған қыздар үшін жақсы, қажет әрі есте қаларлық сыйлық. Мен бұл туралы олардың ешқайсысына айтпадым, сондықтан сөмке тосынсый болды", – деп жазды қалыңдық. 

Желі қолданушыларының сөзінше, құрбылары мұндай сыйлықты күтпеген, бірақ қатты қуанған. Олар болашақ тойларда гүлден гөрі пайдалы тұтынатын зат лақтыруды әдетке айналдыру керек екенін де айтып жатыр. Тоғжан 2005 жылы шыққан Prada Re-Edition-ді таңдаған. Ол бірнеше жылдан бері сәннен түспей келеді. Мұндай аксессуардың құны – 625 мың теңге. 

@a.togzhana

🙈

♬ оригинальный звук — a.togzhana


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.