TikTok әлеуметтік желісінде қазақ тілін білетін Майло есімді иттің видеосы көптің талқысына түсті. Майлоның қожайыны оны орыс тілінде тамаққа шақарады. Алайда үй жануары иесі қазақша сөйлегенде ғана шақыртуын қабыл алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

“Сені ұзақ күтейін бе? Жүр, тамақ ішеміз. Мен сенің сүйікті асыңды дайындап қойдым. Жүрсеңші, Майло. Енді қайтсем екен”, – дейді итін көндіре алмай әлек болған қожайын орыс тілінде.

Кейін ол ресим түрде қазақ тілінде Майлоны тамаққа шақырды. Бір қызығы бұл жолы үй жануары қожайынын көп күттірген жоқ.

“Құрметті, Майло. Жүріңіз, тамақ ішейік”, – деді ол ресми үнмен.

Осылайша Майло желі қолданушыларын таңғалдырды.

“Майло сөйлей алатын болса, қожайынына “қазақша сөйле” деп айтар еді”, “Қазақстанда бәрі мемлекеттік тілде сөйлеуге және оны түсінуге міндетті. Тіпті үй жануарлары да”, “Нағыз патриот ит екен”, “Майло біздің шенеуніктерден де жақсы екен”, “Өте ақылды, қазақ тілін құрметтейді”, – деп пікір қалдырды желідегілер. 

@kasper_usa #казахстан#собака#еда#казакша#казахскийязык#язык#қазақстан#қазақша#қазақтілі#тіл#ит#тамақ#kazakhstan#🇰🇿#рек#рекомендации ♬ оригинальный звук — KASPER


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.