Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ



жүктеу 2.93 Mb.
бет1/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

М.К. БАЙБАТШАНОВ, Р. ҚАДЫКЕН, А. АСЫЛБЕКОВА,

Г. БАЛАБИЕВА

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

4-ТОМ

Алматы - 2012


Мазмұны


КІРІСПЕ

6

Тұқы балықтарына жалпы сипаттама

7

    1. Тұқы балықтарының тұқымдық балықтарын дайындау

11

    1. Тұқы балықтарының уылдырықтары мен шәуетін алу

13

    1. Тұқы балықтарының уылдырықтарын қолдан ұрықтандыру

14

    1. Уылдырықтарды инкуациялау

15

    1. Дернәсілдер мен шабақтарды өсіру

16

ІІ. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІГІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ

17


    1. Зерттеу материалдары

17

    1. Зерттеу әдістемелері

17

    1. Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығына жалпы сипаттама

26


ІІІ. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

28

    1. Тұқы балықтарынан уылдырықтар мен шәуетін алу және сапасын анықтау

28


    1. Тұқы балықтарының уылдырықтарын ұрықтандыру, инкубациялау және даму кезеңдері

30


    1. Дернәсідері мен шабақтарын тоғандарда өсіру

41

    1. Қапшағай су қоймасына шабақтарды тасымалдау

43

ҚОРЫТЫНДЫ

45


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


46



КІРІСПЕ
Қазақстанда тоған балық шаруашылығы соңғы жылдар ішінде құрамын кең жая бастады. Қәзіргі кезде су қоймасының көлемі 6000 га, оларда негізінен тұқы тұқымдас балықтар өсіріледі.

Ішкі су көздерінен ауланатын балықтар жоғарғы сапалылығынан құнды. Оларда адам ағзасына аса пайдалы ақуызды заттар көп болды. Қортпа, бекіре, көксерке, сазан сияқты сапасы жоғары балықтар тек қана ішкі су көздерінен – тоған, су қоймалар, өзен-көл сияқты сулардан ауланады. Сондай-ақ бағалы қара уылдырық та ішкі су көздерінің байлығы.

Еліміздің азық-түлік мәселесіндегі тоған балық шаруашылығын интессивтендіру негізінде балық өсіретін шаруашылықтарда товарлы балық өсіру он жылда шамамен үш есе ұлғайтылды.

Менің жұмысымның мақсаты тұқы балығының- дамуын және дернәсілдік сатыларын анықтау, ерекшеліктерін зерттеу. Қойылған мақсаттарға сай менің міндетім төмендегі жұмыстардан тұрады:



  • Тұқы балығының жасанды ұрықтануы мен дамуын қарастыру;

  • Эмбриональды дамуының сатыларын анықтау;

  • Дернәсілдік дамуы сатыларын анықтау;

  • Уылдырықтың сапасы мен дамуының бұзылуын қарастыру .



1. Тұқы балықтарына жалпы сипаттама
Тип: Chordata - хордалылыр

Тип тармағы: Vertebrata (craniota)-омыртқалылар

Класс үсті: Cnathostomata - жақтылар

Класс: Osteichthyes - сүйекті балықтар

Класс тармағы: Actinopterygii - сәулеқанатты балықтар

Отряд үсті: Cyprinmorpha - ципринадттар

Отряд: Cypriniformes - тұқытәрізділер

Отряд тармағы: Cyprinoidei - тұқытектестер

Тұқымдас: Cyprinidae - тұқылар

Туыс: Ctenopharyngodon

Түр: Ctenopharyngodon idella Val
Тұқы тұқымдасына тұщы сулық және жартылай өткінші балықтар жатады. Олардың жақтарында тістері жоқ, бірақ жұтқыншақ тістері болады. Арқа қанаты біреу. Тұқы тұқымдас балықтардың ішіндегі ең саны көп түр: әлемде 1000 түрі болса, оның 118 түрі ТМД суларында тіршілік етеді.

Тұқылардың бас сүйектерінің сүйектенуі жақсы дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады. Ішкі құлақтың жарғақты иірімдері мен торсылдақтың алдыңғы бөлімін жалғастырып тұратын сүйектер систематикасы веберов аппараты болады. Бұларда жақ сүйектерінде тістері болмайды, жұтқыншақ тістері деп аталатын тістері артқы желбезек доғаларында орналасады.

Тұқы балығы өте бағалы, зор кәсіпшілік маңызы бар балық. Оның еті дәмді және қоректік сапасы жағынан басқа көптеген балықтардан жоғары тұрады. Етінің майлылығы 4,1%, ақуызы -16,5 %.

Тұқы Қазақстан мен Орта Азия респуликаларының барлық су қоймаларына тараған. Оның таралу шегі соңғы уақыт ішінде солтүстікке қарай алыстап, алтай өлксінің су қоймаларына да ойдағыдай жерсіндірілді. Тұқы судың температурасына, ондағы оттегі мен азықтық қордың мөлшеріне талғамсыз. Жүрген жерінде түрлі жәндіктер мен өсімдіктер арасынан өзіне қажетті азықты оңай тауып алады. Личинкаларды, құрттар мен ұсақ шаяндарды, маллюскаларды, дән, бұршақ, картопты қорек етеді.

Тұқы үш-төрт жасында жыныстық жағынан жетіледі. Судың температурасы 18-230 С болғанда мамыр айынан шілденің аяғына дейін уылдырық салады. Уылдырық шашу үшін ол жайылма суларға шығады, уылдырығын су асты өсімдіктерінің үстіне, сирек өскен қамыс-қоғаның арасына төгеді. Алдымен ұсақ тұқылар, содан кейін орташа, ақырында ірі тұқылар уылдырықтайды. Уылдырық шашқан кезде тұқы қоректенбейді. Судың емпературасы 1-2 градусқа төмендегенде қыстау үшін терең апандарға кетеді. Олар қыстағанда үлкен үйі болып, шоғырланып жатады.

Қазақстанның су қоймаларында тұқы жақсы өседі. Мысалы, Арал теңізінде төрт жастағы тұқының ұзындығы 36 сантиметр, Балхаш көліне 40 сантиметрге дейін барады. Сондай-ақ ұзындығы бір жарым метр, салмағы 20 киллограмм сазанды да кездесіруге болады, бірақ бұл өте сирек ұшырайын жағдай. Жас тұқылар жағадан тез кетіп қалады да, оны аулау қиынға түседі, ірі тұқылар көктемде ауланады. Тұқының басым бөлігі маусымның ортасына таман уылдырық салып болады да, өріске кетеді, бірақ уылдырық шашу үшін жағаға келген тұқының жеке үйірлері әлі де ұшырайды. Оның жаулары-жайын, шортан, алабұға, көксерке, ақмарқа сияқты жыртқыш балықтар және қара үйректер.

Әуесқой балықшылар ұсақ шаянды, нанды, бұршақты, дәндерді жем жасап, тұқыны қармақпен аулайды. Оны таңертеңнен түске дейінгі мезгілде мол аулауға болады. Ал, балықшылар тұқыны кең көз сүзекті, ау, қабадан, катештермен аулайды.

Тұқы тұқымдас балықтарына ақ амур, ақ дөңмаңдай және шұбар дөңмаңдай жатады. Бұлардың бәрі тұқы тұқымдастарына жатады. Олардың атамекені Орталық және Оңтүстік Қытайдың жазық өзендері.

Оларды өсірудегі қажетті гидрохимиялық режимдер тұқылардағыдай. Өсімдік қоректі балықтарды негізгі өсірудегі абиотикалық фактор температура болып табылады. өсімдік қоректі балықтар тұқыға қарағанда біршама жылу сүйгіш: оңтүстік аймақтарда өсуінен одан кем түспейді, ал орталық ендікте одан баяу өседі. Сонымен қатар олардың барлығы орталық және оңтүстік батыс аймақта қысты жақсы өткереді.

Қоректенуінде өсімдік қоректі балықтар бірінші жылында оларды бірге өсіргенде екі типті қоректену айқын байқалады. Бастапқы осы жылдықтардың қоректенуі ұсақ және зоопланктонмен қоректенуге негізделген. Бұл уақытта олардың арасында қоректік конкуренция туындалуы мүмкін. Ақырғы кезең – вегетативті кезеңнің қалған бөлігі арнайы немесе мамандалған қорекке көшу уақыты.

Бұл кезеңде ақ дөңмаңдай полициклді микроскопиялық балдырлармен – фитопланктонмен, ал судың «көктеуі» туындамаған кезде детриттік қорекке көшеді. Қоректенуінде балықтарды басқа түрлермен бәсекелестікке мүлде түспейді. Ақ дөңмаңдай фитопланктонның майда түрлерін 20-45 мк сүзгілей алады. Сонымен қатар, желбезек жапырақшалары өскіндері аралықтары арасы олардың салмағының 4-7000 г дейін артуымен тіпті түк өзгермейді және 20-25 мк аралығында болады.

Шұбар дөңмаңдай – жартылай өсімдік қоректі. Оның жақсы көретін қорегі – зоопланктон және детрит – оны алмастыратын қорек болып табылады. Шұбар дөңмаңдайдың өсуіне қарай желбезек өскіндері арақашықтығы арасында біршама ұлғаю 20-75 мк жүреді. Соның нәтижесінде тұнылатын фитопланктонның сапасы өзгереді.

Ақ амур жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен қоректенеді және жоғары эффективті биологиялық мелиораторлық қызмет атқарады. Ақ амурды тоғанда пайдаланғанда көңіл бөлетін жағдай олардың тоғанда алатын орны. Өсімдік текті қорек жетіспегенде ақ амур жасанды қоспаға көшіп тұқыға бәсеке тудыруы мүмкін және қоректің «пұлы» тиімділігі тұқыға қарағанда әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Табиғи сулардағы және комплекстік бекітілген сулардағы өсімдіктердің жетіспеушілігі ақ амурда ауру және өлім туғызады, бұндай жағдай Қапшағай су қоймасында орын алған болатын.

Жыныстық жеілуі амур бассейінінде ұзындығы 68-75 см жеткенде, 9-10 жасында, ал ақ дөңмаңдай ұзындығы 60-62 см, 7-8 жасында.

Орталық Қытайда олар 4-5, ал оңтүстігінде 3-4 ақ амур немесе ақ дөңмаңдай 2-3 жылдығында жыныстық жетіледі. Шұбар дөңмаңдай ақ дөңмаңдайға қарағанда бір жыл кейін жетіледі. Барлық түрлердің аталығы әдетте аналығына қарағанда бір жыл ерте өтеді.

Ақ амур мен дөңмаңдайдың өрістенуі тасқын кезінде, су температурасы 20-250С және жоғары, онша терең немесе қайраңда түбі тасты өзеннің арасында жүреді. Өсімдік қоректі балықтардың эффективті көбеюі суқоймаларда, тоғандарда шындыққа сай емес. Сондықтан тауарлық өсірудегі осы балықтарды өсірудің жалғыз әдісі – уылдырық алу әдісі болып табылады.

Ақ амур және дөңмаңдайдың уылдырық шашуы үлестеп шашады. Көпшілік оқымыстылар солай деп есептейді, бірақ бұл пікірге қайшы көзқарастар да бар.

Қазақстанға өсімдік қоректі балықтардың қиыршығыстық комплексі Қызылавгосрыбводпен Қытайдан Алма-Ата тоған шаруашылығына 1958 жылы әкелінген. Алма-Ата тоған шаруашылығына жіберген кездегі олардың салмағы 88 мг, ұзындығы 33 мм жеткен болатын.

Өсімдік қоректі балықтарды әкелгеннен бастап тоған шаруашылығында минералдық тыңайтқыштар қолданыла бастады.

Өсімдік қоректі балықтарды зауыттық жолмен өндіру Қазақстанда 1964 жылы басталды. Жұмыс Алма-Ата тоған шаруашылығында және бұл тәжірибелік мақсатта жүргізілді. 1964 жылы өсімдік қоректі балықтардың барлығы 327 мың дернәсілі алынды.

Кейінгі жылдары республикада өсімдік қоректі балықтарды өсірудің көлемі ұлғайды. Табиғи сулар мен комплекстік негізделген сулардағы өсімдік қоректі балықтарды өсіру Қазақстанда толығымен қолданылмайды.
1.1 Тұқылардың тұқымдық балықтарын дайындау

Жыныс өнімдерін алу үшін гипофизарлық инекция жасау әдісі қолданылады. Оңтүстік аймақтарда аналықтары өрістеуге мамыр айында дайын болады. Ұрпақ алу жұмысын судың температурасы тұрақты орташа 19-200С болғанда жүргізеді. 4 стадиядағы пісіп-жеткен аналықтары ғана гонадатроптық гармонға нәтиже береді. Тұқымдардың пісіп-жетілуі режимін және мерзімін анықтайтын дифференциялық әдіс жолға қойылған. Ең алдымен өндіру үшін өрістеуге даяр жақсы пісіп жетілген және қоңдылығы жоғарғы аналықтарды тоғанның терең қорегі аз түрінде ұстайды. Ал гонаданың жетілуінен артта қалып жатқан аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы жоғары тоғандарға жібереді, бұл олардың пісіпжетілуін жылдамдатады.

Балықтардың өрістеуін олардың дернәсілдерін өсіруге тоғанға ерте отырғызу керек екенін еске ала отырып, қысқа мерзім аралығында өткізу керек. Бір жағынан тұқымдықтарды тоғанда өрістеу температурасында және өрістік жағдайсыз ұзақ уақыт ұстау уылдырықтарды резервацияға ұшыратады.

Балықтарға гипофиздік ерітіндіні салғаннан кейін олар бірден өрістік жағдайдың болуына қарамастан өрістік күйге түседі.

Дұрыс пісіп жетілу үшін – оттегінің қолайлы режим мөлшері және судың температурасы 19-200С төмен болмауы керек. Оттегі мөлшері 2 мг/л кем болса, аналықтар пісіп-жетілмейді. Температураның төмендеуі де олардың пісіп-жетілуіне қарсы әсер етеді.

Тәжірибеде екі қайыра инъекциялау қолданылады. Ондағы бірінші және екінші инъекциялар арасындағы қатынас 1:10, арасындағы интервал 12-24 сағат болады. Алдын-ала жүргізілген инъекция ядроның поляризациясын қамтамасыз етеді және овуляцияны қолдайтын мейозға даярлайды. Сөйтіп, осындай жолмен овуляция алдылық процесстер даярлығы бір реттік овуляция кезінде туындайтын кезекті қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік береді. Тұқымдардың пісіп жетілуін жылдамдатуға сазанның, тыранның, жайынның, мөңкенің гипофизі қолданылады.

Инъекцияға қажетті гипофиздің мөлшерін балықтың салмағы мен денесінің орамдық өлшемі бойынша анықтайды. Есептеуде панограмма бойынша, яғни балықтың дене салмағы оның орамдық мөлшерін еске ала отырып гипофиздің көлеміне көбейтеді. Екінші қайтара инъекциялауда аналыққа 3-5 мг препарат әр бір килограмм салмағына есебінен енгізеді. Аталықтарына гипофиздік препаратты 0,8-1,2 мг/кг есебінде алады. Инъекциядан кейінгі жыныстық өнімнің пісіп жетілуі 20-220С 10-12 сағаттан кейін басталады.
1.2 Тұқылардың уылдырықтары мен шәуетін алу
Балық уылдырығын зауыдтық әдіспен алып оны инкубациялау, уылдырық шашу науқанын тұрақты уақытта және ауа-райының өзгеруіне тәуелсіз табиғи тұрғыдан жүргізілетін кіші тоғандарда тұқының уылдырық шашуынан артықшылығы көп болып табылады.

Тұқымның личинкасын алуда осы зауыдтық әдіс интенсивтендіру шараларының алдыңғы қатарында тұр. Бұл әдіспен алынған балықтың өсу маусымы 15-20 күнге ұзарады және осының нәтижесінде жаздық шабақтың салмағы 8-10 граммға дейін қосымша өсіп салмақ қоса алады және тоғанның гекторының балық өсімін беру мүмкіншіліктері 4-5 центнерге қосымша артады.

Зауыдтық әдіспен личинка алу технологиялық процесі негізінде мынадай бөліктерден тұрады:


  • аталық және аналық балықтарды гипофиз ерітіндісімен инъекция бергенге дейін тоғанда ұстау жағдайы;

  • оларға гипофизбен инъекция жасау;

  • инъекциядан кейін ұстау жағдайы;

  • жыныстық заттарын алу;

  • уылдырықты ұрықтандыру және оның жабысқақтығынан айыру;

  • уылдырықты арнаулы аппараттарда инкубациялау;

  • балық личинкасын өздігінен қоректенуге көшкенге дейін ұстау;

  • балық личинкасын тасып оларды тоғандарда отырғызу.

Балықтың жыныс заттарын керек уақытында алу мақсатымен аталық және аналық балыққа гипофиздің ерітіндісін егу профессор Н.Л.Гербильскийдің әдісімен жүргізіледі. Ол үшін тұқы, сазан, табан, мөңке балықтарының ацетонда кептірілген гипофизі пайдаланылады.

Жетілген жыныс өнімдерін балықтың құрсағын сығу арқылы алады. Ол үшін өнімдерін алар алдында өндірушілердің денесін 3% хлорамин ерітіндісімен сүртіп тазартады. әр аналық пен аталықтың жыныс өнімдерін бөлек-бөлек ыдысқа сығып алады.


1.3 Тұқылардың уылдырықтарын қолдан ұрықтандыру
Су жылылығының мөлшеріне байланысты тұқының жыныс заттары 17-180 С 20-24 сағатта, 19-200С 19-20 сағатта жетіледі. Балық уылдырығы және шәует қолмен сығылып алынады. Уылдырықтың әр литріне 3-5 мл шәует төгіледі де, үстіне 100-150 мл таза су құйылады. Осыдан кейін 30-40 секунд уақыт өткен соң оны құс қауырсынымен араластырып ұрықтандырылады. Одан кейін оның жабысқақтығынан айыру үшін 1 литр сүтке 5 немесе 8 есе су құйылып суытылады да, осы сүт ерітіндісіндегі уылдырық инкубация аппаратына салынып компрессормен берілетін ауаның қысымы арқылы үрленіп араласып тұрады. Бұл процесс 30 минуттай жүргізіледі де, аппараттағы жабысқақтықтан айырылған уылдырыққа таза ағын су жіберіледі.

1.5. Уылдырықты инкубациялау
Ұрықтанған уылдырықты инкубациялық ВНИИПРХ немесе Дөңмаңдай аппараттарына орналастырады. Личинканы жетілдіруді ИВЛ-2 аппаратында жүргізеді. Аппаратқа 1 литр көлемге 5-7 мың уылдырық есебінде салады. Уылдырықтың инкубациясы кезіндегі ең басты факторлар судың температурасы мен оттегінің мөлшері. Уылдырықты салғаннан кейін судың ағындылығын 4-8 литр/минутына етіп қояды, ал оптимальды температура 22-250С және оттегінің мөлшері 4 мг/л төмен болмауы керек. Уылдырықтың инкубациясы көрсетілген режимде 23-30 сағатқа жетеді. Ал егер температураны 27-290С дейін көтерсе инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықты жарып шығуы 1-3 сағатқа созылады. Егер жарып шығу уақыты кешіксе, онда яғни суды жіберуді 3-5 рет әр 7-20 минут сайын тоқтатып, оны қолдан ағызады.

Инкубациялық цехтың соңғы өнімі – аралас қорекке көшкен дернәсіл. Осы этаптағы дернәсілдер алыс жолдық тасымалдауға төзімді келеді. Тоғандарды балықтандыруға салмағы 25-30 мг және одан жоғары зоопланктондық қорекке көшкен дернәсілдерді қолдану ұсынылады.

Өсімдік қоректі балықтарды өндірудің зауыдтық әдісі кезіндегі ең көңіл аударатын сәттерінің бірі, тұқымдық балықтардың бірі, өрістік топтарды ұстау және олардан жыныс өнімдерін алу уақытындағы әр түрлі жарақаттар алуы, сол сияқты өрістеуге физиологиялық пісіп жетілмеген немесе пісу уақыты асып кетуі де себеп болады. Осыған байланысты оларды міндетті түрде гипофиздік инъекциядан кейін пісіп жетілмеген аналықтарды қолданбау және азда болса олардың өлімін азайту үшін, қысқа мерзім аралығында бонитировкалау қажет. Инъекциядан кейінгі ауруға ұшырамас үшін, олардың тұқымдықтарына эффективті зат ретінде пиницилин қолдану ұсынылады.

Инкубациялау арнаулы шыныдан жасалған 6-8 литрлік ыдыстарда жүргізіледі. Аппаратта су айналымы тоқтаусыз жүріп тұрады да, судың ағып шығуы 2-3 литр. Бір аппаратқа 400-600 мың дана уылдырықты салуға болады. Өлген уылдырықтарды алып тастап отырады.

Сырттан қоректенуге көшуіне сәйкес балық личинкалары арнаулы қатайтып өсіру тоғандарына ауыстырылады.
1.4 Дернәсілдер мен шабақтарды өсіру
Дернәсілдерді тиімді өсіру үшін олардың биологиясын, қоректенуін, сыртқы орта факторларына негізгі талаптарын білу керек.

Дернәсілдік даму торсылдақтың ауамен толу мезетінен сырттай қоректенуге көшу уақытына дейін созылады. Осы периодтың басында дернәсілдерді сарыуыз қапшығының қалдығы болады. Сондықтан, олар біраз уақыт аралас қорекпен қоректенеді. Ересек ағзаның сипаттарын алғаннан кейін бұл период аяқталады.




II- ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІГІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ
2.1 Зерттеу матриалдары

Жұмысқа қолданып отырған материалды дипломдық жұмыс тәжірбиесі кезінде 2009 жылы Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығындағы жұмысшылармен бірге өткіздім және қосымша зерттеу жұмысына материал жинадым. Тұқы балықтарының эмбриональдық даму сатысын бақылау жұмыстарын жүргізу процессіне қатынасып зерттеу жұмыстарын жүргіздім.


2.2 Зерттеу әдістемелері

Балықтарды қолдан өндіріп-өсірудің барлық процестері оны таңдап алынған әдістемелерге сай, техникалық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай бірнеше бөліктерге бөлуге болады:



  • жетілген тұқымдықтар алу;

  • уылдырық және шәует жинау;

  • уылдырықтарды ұрықтандыру;

  • уылдырықты инкубацияға дайындау;

  • уылдырықты инкубациялау;

  • тірі уылдырықты тасымалдау;

  • дернәсілдерді жетілдіру мен шабақтарды өсіру;

  • шабақтарды суларға жіберу.

Жыныстық өнімінің пісіп жетілуін жылдамдату үшін гипофизарлы инъекция әдісі қолданылады.

Гипофиздік суспензия жіберілгеннен кейін балықтар уылдырық шашу жағдайына бірден өтеді, өрістеу жағдайының болу-болмасына қарамастан. Олардың пісіп-жетілуіне қалыпты оттегілік режим (4 мг/л) және судың 19-200С төмен керек.

Гипофиздік инъекцияны екі қайтара енгізу қолданылады. Бірінші және екінші инъекция аралығы 12-24 сағат мөлшері 1:10 қатынасы. Алдын-ала жіберілген инъекция ядроның поляризациясын қамтамасыз етеді және мейозға даярлайды, овуляция процесі жүреді. Бұл жол бір реттілік инъекция кезіндегі овуляция алдылық процестің бұзылуынан сақтайды.

Гипофиздік инъекция мөлшері аналық балықтың салмағы мен дене орамы өлшемі бойынша алынады.

1 кесте - Инъекциядан кейінгі өндірушілердің пісіп-жетілу уақыты


Судың температурасы, 0С

Пісіп жетілу уақыты, сағат

17-18

20-24

19-20

18-20

20-22

14-18

Нанограмма бойынша есептейді, балықтың салмағын берілген орамы мөлшерінде гипофиздің (мг/кг) мөлшеріне көбейтеді.

Екінші инъекция 3-5 мг препарат әрбір килограммға есебінен салады. Аталықтарына 0,8-1,2 мг/кг препарат енгізіледі, жыныс клеткаларының өнімі инъекциядан 200С температурада 10-12 сағат өткенде пісіп жетіледі.

Пісіп жетілген уылдырықты ыдысқа сауып, үстіне шәует құйып 2-3 минут қауырсынымен араластырылады, одан кейін оны сумен бірнеше қайтара шайады.



Үлгі балықтың ұрпақтануы және уылдырықтың инкубациясы көзінен әрбір сағат сайын жиналып отырды. Материал 4 пайыз формалин ерітіндісінде фиксацияланды. Барлығы 29 проба жиналды. Үлгілердің фиксациялануы уақыты және эмбриондардың саны кеседе көрсетілген (кесте-2).
2 кесте - Жиналған үлгілердің уақыты мен жалпы саны

Уақыты

t0

Уылдырықтың жэалпы және дамыған , дамымағандар саны

Уылдырықтың жалпы саны

Дамыған уылдырықтар саны

Дамымаған уылдырықтар саны

1230

22

30

29

1

1330

22

8

4

4

1430

22

14

12

2

1530

22

20

14

6

1630

22

6

0

6

1730

22

52

39

13

1830

22

14

9

5

1930

22

9

3

6

2030

21

13

5

8

2130

21

16

7

9

2230

20

24

8

16

2330

20

49

21

28

2430

20

71

24

47

130

20

75

37

38

230

20

74

42

32

330

20

73

29

44

430

20

27

10

17

530

20

108

40

68

630

20

98

51

47

730

20

31

7

24

830

20

86

22

64

930

20

82

24

58

1030

20

112

47

65

1130

20

61

31

30

1230

20

33

23

10

1330

20

61

29

32

1430

20

53

22

31

1530

21

33

16

17

1630

21

30

17

13

Зерттеу жұмыстары барысында әрбір үлгідегі уылдырық саны саналып дамыған уылдырықтың қабығын алып тастап эмриональдық және дернәсілдік сатысын МБС 10 бинокулярмен қарап шығып сызба нұсқасын жасадым, сол арқылы олардың даму барысын балықтардың даму сатысын әдебиеттермен салыстыра отырып даму сатыларын анықтадық.



Тұқы балығының даму кезеңдері бірнеше даму сатыларынан тұрады:

А-эмриональдық даму кезеңі сатылары

Б- дернәсілдік кезеңінің даму сатысы

В- шабақтық кезеңнің даму сатылары


А-Эмбриональдық даму кезеңі сатылары

І-саты – жұмыртқа клеткасы мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық төмпешік-бластодисканың пайда болу кезеңі.

10 минут өткеннен кейін. Жұмыртқа қабықшасы сарыуыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациясы жүреді. Судың 22-260С температурасындағы ұрықтандыру басталған кезеңнен бастап, оның жасы барлық жағдайда көрсетіледі. 40 минут өткеннен кейін плазма айқын сызықты төмпешікке-бластодискаға айналады. Осы уақытта перевительдік қуыстың сұйықтыққа толуы негізіне аяқталады. Бірақ, ол әлі де болса жалғаса береді. Дәл осы кезеңде уылдырықтың диаметрі 3,8-4,0 мм жетті.

Мұндай перевительдік кеңістіктің болуы уылдырықтың өзіндік салмағын азайтады да, оның су қабатындағы жүзгіштігін аттырады, ағынсыз суда уылдырық су түбіне батып кетеді.

ІІ саты. Бластодисканың бөлшектенуі екі бластомерден бластулаға дейін жүреді.

1 сағат өткеннен кейін бластодиска екі бластомерге бөлшектенеді.

1 сағат 20 минут өткеннен кейін төрт бластомерге бөлшектенеді.

1 сағат 40 минуттан кейін сегіз блстомерге бөлшектенеді. Ерте морула (ірі клеткалы) 2 сағат 30 минуттан кейін басталады. Кейінгі (көп клеткалы) морула 4 сағат 50 минуттан кейін басталады.

Сонымен бірге, перевительдік полюстің салынуы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталады.

Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32 -5,32 мм, ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3 мм болып қалады. 6 сағаттық жасында бластула стадиясы басталады.

ІІІ саты. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы.

7 сағат 10 минуттық жасында. Бластодерма сарыуыз қапшығының үстіне қарай уылдырықтың төменгі вегетативті бөлігіне ұлғайды, сонымен бірге бластодерманың шеткі аймақтарындағы бір бөлікте клеткалар қалыңдап, түйін түзеді. Клеткалар қарқынды бөлінеді және бластодерма ұлғаюы барысында ішке қарай айналады. Ұрықтық жапырақшалары экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынады. Бластодерманың өсуіне қарай сарыуыз қапшығындағы ұрық қалыңдайды және ұзарады.

Гаструлация 12 сағат 10 минуттық жасында сарыуыздық қақпақ бластопордың бітелуі мен тұйықталды. Ұрық бастамасы денесі жұмырланып, валик тәрізді форма алады. Оның кеңейген бас бөлімі анимальды полюстен басталады, тарылған бөлімі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталады.

ІV-саты. Ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференциялануы.

15 сағаттық жасында көз көпіршігі түзелді, хорда бастамасы салынды, мезодерма сигменттеле бастады (екі самит пайда болды), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми көпіршігі) салына бастады. Осыдан 6 сағат өткеннен кейін көзінде хрусталиктер пайда болды, есту көпіршіктері түзіле бастады.

Денесі көптеген бұлшық еттік сигменттерге, митомдарға сигменттелген. Хорда айқындала бастады. Денесі өте сирек иіледі.

V саты. Сарыуыз қапшығының құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы.

1 тәулік 5 сағаттық жасында. Құйрық бөлімінің сарыуыз қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастайды. Ол бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасай бастады.

Бұл первитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басында және жүрегі аймағында көптеген майда көпіршіктер пайда болды, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақытына қарай, жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.

VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақыты бір тәуліктік жасында басталып бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөлшерінде жарып шығу жылдамырақ жүрді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдің сапасының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болды.

Предличинка деп аталатын жарып шыққан ұрықтың ұзындығы 5,0-5,2 мм құрайды.

Денесі түзу, пигментсіз. Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің бастамасы байқалады. Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Предличинка бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкубациялық аппаратты жүйелі түрде қыймыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен қарай басымен төмендейді.

VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қан айналудың бастамасы уақыты. Предличинка ұзындығы 6,5 мм, жасы екі тәулік сағат барлық тамырлары қанның формалық элементтерімен толған. Сарыуыз қапшығының ең алдыңғы бөлігінде кең кювер жолы орналасады, ал аналь қанаты қатпаршағы бөлігінде кеңейген құйрық венасы бар.

VІІІ саты. Қозғалмалы – желбезек жақ аппаратының және оның қызметінің басы.

Предличинка ұзындығы 7,5мм, жасы 3 тәулік 4 сағат. Ауызы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Тері желбезек қақпағы желбезектің біршама бөлігін жауып тұрады. Желбезектеріндегі қан тамырлары бүкіл желбезек жапырақшаларына тармақталған, желбезектік тыныс алу басталады.

Көзі толығымен пигменттелген, денесінде мелоноффорлар және диффузды сары пигмент пайда болды. Торсылдағының бастамасы пайда болды. Предличинка дәл осы сатыда қозғалады.


Б-дернәсілдік кезеңінің даму сатылары

І саты. Дернәсілдің аралас қоректенуі.

Дернәсіл ұзындығы 7,5 мм, біраз үлкенірек, жасы 4,5 тәулік. Торсылғады ауаға толы, эмбрионның тыныс алу органы редукцияланған, тыныс алу тек желбезек арқылы жүреді. Су қабатында жүзіп жүреді. Денесі біршама пигменттелген, ішегінің алдыңғы бөлігінде бауыр бастамасы салынады.

Осы стадиядан бастап оларды алыс жерлерге тасымалдауға және тоғандарға жіберуге болады.

ІІ саты. Дернәсілдің тек сыртқы қорекке көшуі.

Жасы 7 тәулік. Сарыуыз қапшығы толығымен резорбацияланған. Жалпы қанаттық қатпаршақтарынан тақ қанаттары арқа, құйрық, аналь қанатарының қалақшалары жекелене бастады. Хордасы түзу аяқталады, құйрық қалақшасы дөңгеленіп келеді. Ауызы соңғы, жақ-желбезек аппараты қозғалмалы. Тоғанда дернәсілдер жағалауды бойлай миграция жасайды.

ІІІ саты. Тақ қанаттарының қалыптаусы.

Ұзындығы 8 мм шамасында, жасы 9 тәулік. Құйрық қанатының астыңғы қалақшасынан қанаттың сәулелері түзіледі. 16 тәуліктік жасында 9 мм ұзындықта барлық тақ қанаттарының арқа, аналь, құйрық қанаттары айқын жекеленген және оларда қанаттарының сәулелері пайда болған. Хордасының соңғы ұшы жоғары қарай иілген. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінде ось пайда болады. Біршама кейін жақсы жетілген торсылдақ көпіршігінің артқы бөлігі мен оның алдыңғы бөлігі түзіледі. Құйрық қанаттары салына бастады. Осы сатыдан бастап дернәсіл одан әрі шабақ судың жағалаулық бөлігінде жүреді, сол жерде қоректенеді.

ІV саты. Жұп қанаттарының қалыптасуы.

Дернәсіл ұзындығы 11,5 мм, жасы 20 тәулік, тақ қанаттары жақсы жетілген. Қанат қатпаршақтары арасындағы қоспалары редукцияланған. Кеуде және құрсақ жұп қанаттарында қанат сәулелері пайда болды. Құйрық қанаты терең ойысты. Торсылдағының екі бөлімі де жақсы жетілген.


В-Шабақтық кезеңнің даму сатылары.

І саты. Қабыршақтың бастамасының салынуы.

Шабақтың ұзындығы 2,0 см. Жасы 1 ай. Денесінің ортаңғы жолағы бойында қабыршақ пайда болады. Құрсағында құрсақ қанатының соңында аналь қанаты алды қатпаршағы аздап сақталған. Аузы соңғы үшкір, жақтары бір деңгейде жабылады, құйрығы айыр тәрізді. Жұп қанаттары жақсы жетелген. Кеуде қанаттары құйрық қанаттарының негізіне әлі жетпеген.

ІІ саты. Қабыршағы жетелген шабақ.

Денесінің ұзындығы 4-5 см. Жасы 1,5 ай. Аналь алды қатпаршағы толығымен жойылған, барлық денесі қабыршақпен жазылған, оның ортаңғы бөлігінде бүйір сызығының каналдары тесіктері көрініп тұр.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет